en
Feedback
Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Ермек Көкірекбаев ұстаз (ресми)

Open in Telegram

Пайдалы кеңестер

Show more
688
Subscribers
-124 hours
-17 days
-1030 days
Posts Archive
Адам ықыласымен, еңбегімен, ыждахатымен де жете алмаған мақсатына – тек дұғасы арқылы ғана жете алады. ©️Шейх Әл-Ғанзи

“Кісі мұсылман бауырының жәрдемінде болған сайын Алла тағала да ол құлына жәрдем етеді". (Муслим)

ӨМІРІҢДІ ӨЗГЕРТЕТІН 10 ӘДЕТ Таң намазын уақытында оқы. Күн сайын Құраннан 1 бет оқы. 100 рет истиғфар айт (кешірім сұра). Таңғы және кешкі зікірлерді айт. Күн сайын бір жақсылық жаса. Ғайбат пен өтіріктен аулақ бол. 2 рәкәт нәпіл намаз оқы. Отбасыңа жылы сөз айт. Күніңді есепке тартып, тәубе ет. «Алла үшін не істедім?» деп өзіңнен сұра.

Адамдардан әрдайым тек жақсылық ізде. Ал жамандығын өздері-ақ көрсете бастайды. ©️Әл-Ғәнзи

Кейбіреулер мақтау естігенді жақсы көреді, бірақ өзінің Алланың алдында масаның қанатындай да қадірі жоқ. Имам әл-Аузағи

Уа, Раббым! Ризық-несібемізді халал әрі берекелі ет.. Көп болса тәкаппар етпе, аз болса үмітсіз етпе. Харамнан сақта, күдіктіден алыстат.

Біліп қой: жамандық ұмытылмайды, жақсылық жоғалмайды. Сені қанағаттандырған аз нәрсе, көңіліңді алаңдататын көп нәрседен жақсырақ. Және жәбір көрген адамның дұғасынан сақтан. 📚Рисалатул мустаршидин

Той деп шашылды, ас деп шашылды, ар, білім деп дәулет шашарға қай қазақтың қайраты жетеді?! Ахмет Байтұрсынұлы

Абай хәкім "Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе" деп шарт қойып бастайтын өз-өзіңнен есеп алу-адамдық жолына қадам басқан адамның ең маңызды, ең ұлы істерінің бірі. Шын есеп қылған адам өзіне берілген мейірім, мүмкіндік, нығметтер мен сол мейірімге, сол жақсылықтар мен нығметтерге өз тарапынан берілген жауапты салыстырады. Өз-өзінен шын есеп алған, шынайы есеп қылған адам өзінің ешкім еместігін,адамдықтың қарызы үшін татымды ештеңе де істемегенін мойындайды. Ең алдымен адамдық қарызы үшін, туғаннан аялап өсірген ата-ананың қарызы үшін, әулет, ру, ұлт, адамдық қарызы үшін ештеңе істемегенін мойындайды. Мені құрметтемеді деп ешкімге ренжімейді. Берілмеген сыйлық, алынбаған атақ, бұйырмаған бақ үшін кіжінбейді. Есін жияды. Өзінің жасаған жақсылықтары мен жамандықтарын салыстырады. Бұның бәрін жасау үшін даналықтың нұры, шынайы білім, риясыз адалдық керек. Абай айтқан есептің бір мәні осы болса керек. Абай

Үлкен қарияның баласына айтқан өсиеті: Мына бес нәрсені орындасаң, ұзақ та бақытты өмір сүресің: 1.Арақ ішпе, арақ ішсең, иманың қашады. 2.Садақа беріп жүр, садақа бәлені жейді. 3.Тәубе қылып жүр, тәубе күнәні жейді. 4.Өтірік айтпа, өтірік айтсаң, рызқың кемиді. 5.Уайым ойлама, уайым ойласаң, өмірің қысқарады.

Бүгінде көптеген “ақыл айтқыш” психологтардың “жүрегіңді тыңда!” деп жүргені — “нәпсіңмен жүр!” дегені. Әр жүрекке құлақ түрілмейді! Жүректің екі түрі болады. Бірі — нұрлы жүрек, екінші — кірлі жүрек! Күнәнің кіріне былғанған жүректен не күтесің? Сосын нұрлы жүректің ымын, ымбалын ұғатын да “құлақ” керек! “Ымды білмеген, дымды білмейді” дейді қазақ нұрлы жүректің үніне құлақ түріп, ұға алмаған адамды. Ендеше, “жүрегіңді тыңда” деместен бұрын, “жүрегіңді тазала” дегеніміз абзал-ау!

"Әй досым рухыңды биiк ұста, Тән үшiн сүрген өмipдiң рахаты болмайды. Тән үшiн сүрген өмip aзап шектipeдi, Pуx үшiн өмip cүрген ғана рахатқа жеткiзедi" Лев Толстой

Сұлтанмахмұт Торайғыров Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең, Тәуекел, күреске түс, бар дағы жең. Дүниеде барлығыңды кім біледі, Үйіңде ынжықтанып отырсаң сен.

Ойлаймын да🤔. "Қиындыққа сабыр ет! Бəлки қиындықтан соң нəсібің артып саған бұйырар. Я болмаса қиындық сынақ болып, Алланың мейірімі бұйырар".

Ойлаймын да🤔... "Қандай да бір істі бастаудан қорықпаңыз! Сəтті шықса нендей керемет. Ал сəтсіз шықса сіз үшін тəжірибе болмақ".

Жамандық көрсең құмға жаз, Жел қуып өшірсін. Жақсылық көрсең тасқа жаз, Ғасырдан ғасыр көшірсін 💯✍️

Шал-жасына ғана сүйенеді. Қария-әулетіне сүйенеді. Ақсақал -ауылына сүйенеді. Абыз-ұлтына сүйенеді

*«Адамға өз еңбегінің ғана нәтижесі тиесілі»* ©️ _(«Нәжім» сүресі, 39-аят)_ 🌿

🌱 Еңбек адамның ризығын ғана емес, абыройын да арттырады. Адал еңбекпен табылған аз дүниенің өзі берекелі болады.

Мечеть это дом Аллаха. Часто ходите в мечеть. Будьте прекрасным гостем.

Ұят жүрген жерде Аброй төгілмейді. Аброй бар жерде ар шапаны сөгілмейді .