en
Feedback
Мұқағали

Мұқағали

Open in Telegram

Мұқағали Мақатаев

Show more
The country is not specifiedThe category is not specified
2 292
Subscribers
-224 hours
-17 days
-430 days
Posts Archive
photo content

Ойхой, қазақ даласы! He көрмедің?! Қанша қурап, қаншама көгермедің?! Қорқыттың қобызымен боздаттың ғой, Асанның шерге оранған өлеңдерін. Ойхой, қазақ даласы! He көрмедің?! Қорқыт, Асан тіріліп, қайта келсе, Сенің мына кейпіңе сенер ме еді? Мына бақты көргендер төбеңдегі Қуанғаннан көз жасын төгер ме еді? Қуаныштан кеудесі қарс айрылып, Кім біледі, қайтадан өлер ме еді?! Ойхой, қазақ даласы, Не көрмедің?! Өткеніңе үңіліп отыра алман, (Біздің қазақ өлмеген, оты жанған...) Еміс-еміс естимін сараң хабар, Тірідейін көмілген Отырардан. Айта жатар басқалар өткенімді, Қан мен жасты қайтіп мен төккенімді, Жаңа дәуір алдында,жөн көремін, Азаматтық борышты өткеруді. М.Мақатаев "Большевиктер" поэмасынан үзінді.

1-10 ға дейін бағалап кетіңіздер.

Каспи редтен ақша шешіп бере аламын. +7 700 202 0098

Каспи редтен ақша шешіп бере аламын +7 700 202 0098 Ерлан

Қайырлы күн құрметті жазылушылар! Өтініш, Айза қызымызды лайк басып қолдап жіберейік☺️❤️ https://www.instagram.com/p/CW_DpcKtSXY/?utm_medium=copy_link

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. Менің жаным ашиды мына өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға!

Сәлеметсіздер ме Мұқағали тобының оқырмандары! Сіздерге небәрі 200тг ге осындай мультиарт керек болса ватсапқа жазыңыздар +77082635603.

photo content
+5

Түн Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған, (Ұйықтасын сапарларын тамамдаған). Алдымда сапар жолы тарам-тарам, Ұйықтасам, барлығынан қаран қалам. Түн менің ұйқым үшін жаралмаған, Түн келсе, түйсік түсіп, алаң болам. Іздеймін жоқтарымды таба алмаған, Аңсаймын жерлерімді бара алмаған. Алдандырып, әлдилеп кеше-бүгін, Неше жылым өтті екен, неше күнім? Қаншама ойлар қалды екен қаза болып Жастығымның астында, төсегімнің? Түкілдірігі түсімнен сиқыр ашқан, Қаншама ойлар қалды екен ұйқы басқан? Қанша сәттер ғажайып Ғайып болды Оянғанда сүренсіз сиқы қашқан? Түн маған ұйықтау үшін берілмеген, Ұйқы тен шала-жансар өлімменен. Қанша менін өлді екен уақытым Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?!

Бұзылған үй Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында, Барып қайт салқын жайлау, малды ауылға. Бір жер бар «Қарасаз» деп аталатын, Көресің жолың түсіп барғаныңда. Көресің көк орманын, жылғаларын, Мөп-мөлдір қайнап шыққан тұнбаларын. Жылғаның жағасында бұзылған үй, Сен соған ей, жолаушым, бір қарағын. Кес-кестеп кісі жолын торымаған, Осында тірлік еткен момын адам. Қаншама тырбанса да шаруаның Дәулеті бір-біріне қорымаған. Өмірде өзін-өзі ол құл көріпті, (Киіпті ауыстырмай бір бөрікті...) Байғұстың барша жұрты тілек тілеп, Үйіне тұңғышы боп ұл келіпті. Той жасап, торқа төсеп шабылмаған, (Демек, тойдың жабдығы табылмаған.) Өмір дейтін өзгермес мекеменің Алдында әжем мені қабылдаған. Кейін әкем ел-жұртын басқарыпты, (Қашанғы жарғақ бөркі тасталыпты.) ...Жағасында жылғаның бұзылған там, Ғұмырым осы жерден басталыпты.

Алматының аспаны Тал түсте, Бозғыл деңгейде, Шуағын жерге төккен Күн. Жылымық қыста кей-кейде, Иісі келер көктемнің. Ұмыттырар ақпанды, Боз аспан, онан боз дала. Осынау ғажап шақтарды, Қозғама, тәңір, қозғама! Оралады өткен күз, Қыс келеді. Төсі қар. Ұзатылған көктем-қыз Қайта оралса, несі бар?! Ішке сыйған баламыз, Сыртымызға сыяды. Кең ғой біздің даламыз! Зиялы да ұялы. Қайдан келсін бірақ та, Мезгіл жетпей қыз-көктем. Қарашы анау қыратқа, Арқасына мұз шөккен. Алматының аспаны, Бізді әзірге тұр алдап. Қайың, терек бастары, Барады әне, қыраулап...

Жанарсыз адам Топсасы жұмыр тобылғы томсарып алып келеді, Толайым мына тірлікті тобылғы таяқ көреді. Толғанып жүрген бейбаққа, тобылғы таяқ тіл бітсе:- Алдыңда ор бар, аяулым, бері жүр бері! - дер еді. Көрінбей оған көктем тұр, көрінбей нұр тұр себелеп, Топ қыздар өтіп барады - топтанып ұшқан көбелек. Жанарсыз адам келеді аттай да алмай жақсылап, Тозығы жеткен асфальтті тобылғыменен шегелеп. Іздейді көзін басынан, іздейді көзін аяқтан, Іздейді көзін қолынан, іздейді көзін таяқтан. Жанарсыз адам келеді... жанарлы бейқам тірліктен, Жанарын даулап, дүниені таяқпен түртіп оятқан

Шаршадым білем, Жантая кеткім келеді. Миыңды жеген, құрысын бүйткен өлеңі! Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой, Аузымнан түссе адыра қала береді. Өлеңі құрсын, Таппадым одан ұятты, Жазбай-ақ қойдым, Жазғаным енді ұят-ты. Менсіз де мына ғаламат жырау-дүние, Өзінен-өзі жырланып жатқан сияқты. Өткізіп жылдар, Өткізіп айлар, Бекер күн, Болғансып ақын, Мұрнымды несін көтердім?! Өлмей-ақ жүр ғой, Өлең жазбаған адамдар, Өлеңсіз мен де, Өмірді бірдеңе етермін. Жанды да жансыз, Көрінген заттан сыр бағып, Өлетін болдым, Өзімнен-өзім ұрланып. Шаршадым білем, Жатпасам енді болмас-ты. Жұрт кетіп жатқан Қара теңізге бір барып...

Ойхой, қазақ даласы! He көрмедің?! Қанша қурап, қаншама көгермедің?! Қорқыттың қобызымен боздаттың ғой, Асанның шерге оранған өлеңдерін. Ойхой, қазақ даласы! He көрмедің?! Қорқыт, Асан тіріліп, қайта келсе, Сенің мына кейпіңе сенер ме еді? Мына бақты көргендер төбеңдегі Қуанғаннан көз жасын төгер ме еді? Қуаныштан кеудесі қарс айрылып, Кім біледі, қайтадан өлер ме еді?! Ойхой, қазақ даласы, Не көрмедің?! Өткеніңе үңіліп отыра алман, (Біздің қазақ өлмеген, оты жанған...) Еміс-еміс естимін сараң хабар, Тірідейін көмілген Отырардан. Айта жатар басқалар өткенімді, Қан мен жасты қайтіп мен төккенімді, Жаңа дәуір алдында,жөн көремін, Азаматтық борышты өткеруді.

Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың? Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым? Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға, Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың? Қарлығашым, бұ қалай, қайда кеткен серігің? Зияны жоқ зиялым, өкпелетті сені кім? ...Түсінікті, сүйіктім, түсінікті айтпа енді, Тұмар құсым кеткен-ау тырнағында перінің. (О жылы біз ауылда оңаша үйде түрғанбыз) Жаз да өтіп барады, қарлығашым жүр жалғыз, Көзді ашып-жұмғанша көсеуін ап қолына Жетіп келді бір күні жел үрлеген сырдан күз. Ғанибет қой, шіркін-ай, шуылдасаң ұлардай, Қиын екен жалғыздық қияда өскен шынардай, Жалғыз қайтты сол жылы, жалғыз қайтты жыл құсы, Жұмыртқа да таба алмай, балапан да шығармай. Қарауытып көз алдым, қарап тұрмын досыма, - Қарлығашым, қайта орал мекеніңе, шошыма. Әжем менің күйбеңдеп, күбірдеп жүр аулада, - О, бәтшағар өмір-ай, өмір дейтін осы да!..

WhatsApp-қа жазыңыздар +77002020098

Салем достар!😊 Кімге арт сурет керек? Не бәрі 300 тг ге?

photo content
+1