cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Margulan Aqan

Отбасы/Онкология туралы жазамын

Show more
Advertising posts
996
Subscribers
-124 hours
-47 days
-630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

⚡️Metsuki sutemi немесе қазақша “не бел кетеді, не белбеу кетеді” Күліп, өмірге жеңіл қарап жүре беретін әдетім бұрыннан бар. Табиғатымнан жалпы позитив адаммын, бірақ ЖАУАПКЕРШІЛІК деген жақтан сигнал келсе, жиналып қалатын бір кем дүнием тағы бар. 2 апта болды жауабын таба алмай кеткен сынақтың үстінде келем. Бұрын “көреміз” деп басып кете беретін ем, бұ жолы басқаша. Жеке отау болып өз алдымызға Астанаға келгенде де жетіскеннен желіп келмеп ем. Артымнан қуған қарыздың нүктесін қоям деп келдім де, 4-5 сағаттық ұйқымен жүріп, қақ маңдайынан қайырып тұрып оны жаптым. Енді бас көтере бастағанда, былтырғы жайды білесіздер. Стамбұлдан келгелі міне, 1 жылдан асса да әлі жұрт алдындағы қарыз дейтін ой өзегіме түсіп, әр түн сайын жегідей жеп келеді. “Құдайдан күш сұрайтын кезде есіңде болсын, ол сені ең әлсіз жеріңмен майданға аттандырады” дейтін бар еді, сынақтың сарала қамшысы бала күнімде жамбасыма сарт ете түскенде жылай салғаным болмаса, ес білгеннен кейінгі дәмі удай боларын кім білген. Дәл қазір боямасыз шындық біреу, Metsuki sutemi дейтін жапон тіліндегі тастай сөздің ұңғысында тұрмын. Артта қалған әке-шешемнің хәліне қарап, бәрін тастап үйге кету не тасбауыр тастан соғылған қаланың төрт қабырғасында отырып, 4-5 сағаттық ұйқымен аққан тер тілге тигенше тірнектеу. Ендігі сынақ - әкемде. Қос аяққа жасалатын операцияның салмағын сезінсе де, “құлын, бізге алаңдама!” деп телефон сөйлескен сайын жауап беретін әкенің сөзін тістеніп тұрып тыңдаймын. Қысқасы, не бел кетеді, не белбеу кетеді. Әке-шешем де отбасым, әйелім мен балам да отбасым. Қыл арқан үстіндегі жауапкершіліктің бір шеті бір жағына ауса, екі жақтың да терезесі шытынайды. Шағылмаған не қалып еді бірақ менде..! Иә, құдай! Күш бер. Ақыры пендеңнің әлсіз жерімен майданға жалаңаш жіберсең, оған да көндік. Сүрінер күн келгенше, “тексіз ұл екен”, “отбасына жарымаған әке екен” дегізбе! Қалғанын бұған дейін қалай жұдырығыма түйіп, дымын білдірмей келдім, солай алып шығам. Сүйек сынса да, маңдай жарылса да, адамзат алдындағы адамдық дейтін тамшы жарықпен күресуге дайынмын “Көрінбейсің” дейтін ағайынға жауап берген тілім хатым осы. Амандықта
Show all...
😢 4😐 4👍 3 3🔥 1
🫰Сіздерге сұрақ бар еді: Бізде ҰЛТТЫҚ БУРЖУАЗИЯ БАР МА?
Show all...
3
💲FORBES ҚАЗАҚСТАН - 2023 1. Владимир Ким - $ 4 600 000 000 2. Тимур Құлыбаев - $ 4 300 000 000 3. Динара Құлыбаева - $ 4 300 000 000 4. Вячеслав Ким - $ 3 600 000 000 5. Тимур Турлов - $3 100 000 000 6. Болат Өтемұратов - $ 2 700 000 000 7. Ибрагимовтер отбасы - $1 320 000 000 8. Сәрсенов отбасы - $950 000 000 9. Нұрлан Смағұлов - $810 000 000 10. Белович отбасы - $790 000 000 💰АПАТҚА АҚША АУДАРҒАНДАР 1. ДАНИЯР АБУЛҒАЗИН - 1,5 млрд теңге 2. БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ - 10 млрд теңге 3. ВЯЧЕСЛАВ КИМ 4. МИХАИЛ ЛОМТАДЗЕ - 20 млрд теңге 5. ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ - 30 млрд теңге 6. ВЛАДИМИР КИМ - 40 млрд теңге
Show all...
👍 2
ЖАҢА ЗАҢ: Әкімшілік жауапкершіліктен Қылмыстық кодексе ауысын қалай қабылдадыңыз?Anonymous voting
  • Дұрыс.
  • Дұрыс емес.
  • Не заң?
0 votes
👍 1
Сұрақ көп заңға қатысты. Басын ашып, түсіндіру керек жұртқа. Сол үшін бүгін 20:30-да QAZAQSTAN ұлттық арнасын қосып, Ашық алаңды көріңіздер🖐🏻 Келе жатқан спикерлердің тең жартысы сенатор һәм осы заңның басында жүрген мүйізі қарағайдай адамдар👀
Show all...
👍 6❤‍🔥 2
Содан кейін: енді кәмілет жасқа толмаған балаларды зорлағандар, өлтіргендер, қысқасы ойына келгенді істегендер "сотталам, сосын түрмеден шығам" дейтін әңгімеге иек арта алмайды. Факт бар ма, бітті, тұрған жеріңде өмір бойына түрмеде шірисің. 120-бап. Зорлау 120-баптың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады ❗️
Show all...
👍 16❤‍🔥 4 4
109-1 ЖАҢА БАП қосылды. Атауы - ҰРУ! Енді "әйелді ұру - норма" дейтін сөзге ілініп, ұрып жіберсеңдер, айыппұл төлей салу, әшейін әкімшілік жаза күтпейді, ағайын. Енді ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСПЕН мамалатады. Солай.
Show all...
🔥 17👍 5 3❤‍🔥 1
Жә, сомен Сенат мақұлады. Жігіттер, ендігі жерде қысып жүруге тура келеді 🙂 «Мақұлданған заңдарға сәйкес енді денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Өз кезегінде сот қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның тәртібіне қатысты ерекше талаптар белгілей алады. Сондай-ақ буллинг, кибербуллинг балаларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілік көзделіп отыр. Алдағы уақытта бұл заңдар әйелдер мен балалардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғауға тың серпін береді деп сенеміз», – деді Палата Спикері.
Show all...
👏 15 1
Аралбек секілді 100 адам керек дәл қазіргі мына жүйесі шіріп кеткен Қазақстанға: https://www.youtube.com/watch?v=lnIOV6gkMPk
Show all...
Қаладан ауылға. Мектеп директорының оқу жүйесін ауыстыру жолы / Аралбек Берікұлы / Narikbi LIVE #87

Осы подкасттың шығуына үлес қосқан Allur - Қазақстанның ең ірі автокөлік компаниясына алғысымызды білдіреміз

https://www.instagram.com/allur.kz

Бүгінгі подкаст қонағы математика пәні мұғалімі, Казнаковка орта мектебінің директоры, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері және 3 кітаптың авторы - Аралбек Берікұлы. Аралбек Астанадағы жоғары лауазымды қызметін тастап, ауыл білім берудің деңгейін көтеру мақсатында Абай облысы Құлынжол ауылына көшіп, жергілікті орта мектептің директоры атанған. Бұл подкастта Аралбек мырзаның ауыл мектептерінің шын жағдайын, білім берудегі қиыншылықтар мен мүмкіндіктер және ауыл мен қала оқушыларының армандары мен мақсаттарын талқыладық. Aralbek:

https://www.instagram.com/aralbek_berikuly

Narikbi:

https://www.instagram.com/narikbi

Instagram:

https://www.instagram.com/narikbi.live

Telegram:

https://t.me/narikbi_live

TikTok:

https://www.tiktok.com/@narikbi.live

Тайм код 00:00 Тизер 02:14 Аралбек мырза кім? 04:20 Матеметика пәніннің мұғалімі 06:40 Мектепте тегін сабақ беріп жүрдім 08:30 30 жылда 3000 баланы емтиханға дайындау туралы 14:30 Жүректен белгі келді 17:00 Өмір өзгертетін шешімдер 19:43 Жапониядан келген белгі 22:30 Шешім қабылданғаннан кейінгі ауылдағы өмір 27:00 Қала мен ауылдың білімі 33:30 Ауылдың атмосферасы 36:10 Қызықты оқиғалар 41:00 Бақылау жұмысын оқушыларға үйге беріп жіберуі 45:35 Сингапур практикасы 50:49 Директорлық жұмысы туралы 53:00 Ауылдағы ең бірінші проблема ол - арақ! 56:29 Мұғалімдердің официант болып кетуі 1:00:00 Газетке жазылудың проблемасы 1:02:28 Коррупцияның негізі мектептен басталады! 1:07:00 Сабақты ауа-райына қарамай жұмыс істеуі 1:11:35 Сайлау мәселесі мектепте қалай өтеді? 1:17:17 Құмырысқаның тамшысы 1:18:50 Әлем университеті және мұғалімдермен шартқа отыру туралы 1:24:00 Балаға баланың тілімен түсіндіру 1:33:00 Буллинг мәселесі 1:35:00 Күтпеген нәрсенің шыға беруі 1:39:00 Кітап үйірмесі 1:43:00 Команданы жинау туралы 1:47:15 Хиджаб мәселесі 1:52:30 Қазақ зиялылардың еңбегін алып таста! 1:58:20 Ол қоғамның азамат/азаматшасы! 2:00:00 Қала мен ауыл балаларының арманы 2:03:10 БЛИЦ!

7🕊 1
Теңізге қарап, суды ойлау Стамбұлдағы сапар басталды деген күні елде су тасқыны басталды. Телегей теңізге қарап тұрып рахаттана алмау дегенді сонда ұқтым. Қарайған халық малынан, үйінен, мүлкінен айырылып жатқанда “керемет көрініс” деп сұлу қаладан сұлу кадр сала беру де ішті жегідей жеді. Ең ақыры осылай ойлауым қалыпты, бірақ қалпысыз қылып тұрғанына тікелей әсер етуші - билік. Жыл сайын болатын нәрсені елемеген әкімдер, “халықты халық құтқарады” дейтін концепция жасап берген билік емес пе?! Байлар ақша берсін дейміз, айналып келгенде міндетті ме солар беруге? Халықтың салығынан түскен елдің ақшасы ше? Бөлінген қаржылар ше? Ең ақыры Бишімбаев пен суды дауластырып қойды. Болып жатқан сот бүкіл адамдық құқық мәселесіне қатысты. Су тасқыны табиғи апат болғанымен, алдын алу және жоспарлау “Жаңа Қазақстан” менеджерлерінің жұмысы. Екеуі де тең статустағы тақырып. Қысқасы, мен енді ескі не жаңа дегенді білмеймін, әйтеу бір Отаным - Қазақстан бар екенін ғана білем. Қалғаны саяситехнологияның жемісі ғана.
Show all...
💯 6❤‍🔥 2