cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Тіл кеспек жоқ

Либерал қазақ басылымы Жаңалық ұсыну @nazerkenb YouTube арнамыз: https://www.y Либерал қазақ басылымы Жаңалық ұсыну @nazerkenb YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq outube.com/@tilkespekjoq

Show more
Advertising posts
3 344
Subscribers
-624 hours
+17 days
+7930 days
Posts Archive
Атыраудан шығатын рейстерге билет бағасы 40 мың теңгеден аспайды – Азаматтық авиация комитеті 13-24 сәуір аралығында Атыраудан ұшатын Air Astana, Fly Arystan и SCAT авиакомпанияларының рейстеріне билет бағасы 40 мың теңгеден аспайтын болады, бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады. Қазірге кезде Атыраудан аптасына 73 рейс ұшады, оған қосымша Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларына 49 рейс қосылды.
Show all...
14👍 4
Қазақстанда тасқын басталғалы 99 869 адам қауіпсіз жерге көшірілген Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында 3563 үй мен 563 аула су астында қалған. 9 млн текшеметр қар суы сорылған, 1,6 миллион қап және 1,2 млн тонна инертті материал төселген. 98 мыңнан астам мал қауіпсіз жерге айдалған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
😱 10 1🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
Ғалымдарымызды Қазақстанға қайтару маңызды — Тоқаев Ақордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтті. Жиында шетелдік ғылыми орталықтарда табысты жұмыс істеп жүрген ғалымдарды Қазақстанға қайтару маңызды деген пікір айтылды.
Мемлекет өз тарапынан ғалымдарға ұйымдастырушылық тұрғыдан және қаржылай нақты көмек көрсетеді. Өте білімді адамдар, сұранысқа ие ғалымдар жақсы жалақы, зерттеуге қолайлы жағдай іздеп немесе жай ғана жаңа тәжірибе үшін басқа мемлекеттерге жиі қоныс аударады. Мықты ғалымдардың келуі еліміздің дамуына тың серпін береді әрі адами капиталдың сапасын айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді, — деді президент.
2023 жылы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қазақстан 30 мыңнан астам ғалымды жоғалттық» деген. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
🤡 12🐳 4👍 3
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді Сейсмобақылау институтының мәліметінше, жер сілкінісі 12 сәуірде сағат 13:13-те болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан — афтершок. Сездіңіз бе?👇🏻💬 Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
👍 4💔 1
01:01
Video unavailableShow in Telegram
«Соттың әділ болуын талап етемін» Алматыда белсенді Қырмызы Рүстембекова Салтанат Нүкенованың ісін әділ тергеуді талап етіп, жалғыз адамдық пикетке шықты. Видео: @vlastkz Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
🔥 12🐳 2
Төтенше жағдай жарияланған Атбасар ауданындағы жағдай 11 сәуірде Атбасар ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, өңірдегі Жабай өзенінде су деңгейі көтерілген. Фото: Власть | Тамара Валь, Кира Прейс Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
😨 10🤯 1
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75% деңгейінде қалдырды Базалық мөлшерлеме — елдегі орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит бергенде қолданады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
👍 3
Photo unavailableShow in Telegram
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында тасқын қаупіне байланысты екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланды Торғай өзенінің су деңгейі көтерілгеніне байланысты Мамыр ауылынан 74 адам, Нұра ауылынан 6 адам Ырғызға көшірілген. Мамыр — Ырғыз ауданындағы Нұра селолық округіне қарасты ауыл. Бұл ауыл облыс орталығы Ақтөбеден 590 шақырым жерде орналасқан. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
😭 11👀 2
Атырау облысындағы үш елді мекенге су басу қаупі төніп тұр Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев хабарлады.
Жайық өзені бізге солтүстіктен оңтүстікке қарай ағады. Қазір Бесікті, Алмалы, Береке елді мекендеріне су басу қаупі төніп тұр. Ол жерлерде қорғаныс тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр, — деді Жасұлан Бисембиев.
Ресми ақпаратқа қарағанда, Атырау мен оның маңында 58,5 шақырым бөгет тұрғызылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
😢 11
Ақтөбе өңірін қалпына келтіруге жергілікті бюджеттен 10 млрд теңге бөлінеді Әйтеке би, Қобда және Ойыл ауданындағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен 877 отбасыға 100АЕК көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілетіні айтылды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
5 3
Ресейдің Орынбор қаласында 7700 адам қауіпсіз жерге көшірілді Ресейдегі Жайық өзенінің суы тағы 44 сантиметрге көтеріліп, бір метрден асып кеткен. Осыған байланысты Орынбор қаласында тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Облыстағы 85 елдімекенде 12 мыңнан астам үйді су басқан. Әсіресе, Орск қаласындағы жағдай қиын — 6,5 мыңдай үй су астында қалды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
🔥 4🎉 2😨 2🤔 1🤝 1
Қайрат Сатыбалдыұлы бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтару жоспарлануда Бұл туралы антикор хабарлады. Еске салайық, осы уақытқа дейін экс-президенттің немере інісінен 732,8 млрд теңгенің активі қайтарылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
👍 13
Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты ашылмай қалды Назарбаевқа қатысты ресми ақпарат, халыққа үндеулері жарияланып тұратын nazarbayev.kz порталы елде мүлдем ашылмай тұр. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
👍 11🤮 9🔥 3👏 1
«Салтанат өлім мен өмірдің ортасында тұрғанын білмедім» — Байжанов Сотта Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов куәлік бере бастады. Ол Салтанат Нүкеноваға көмектесе алмағанына өкінетінін айтып, оның жақындарынан кешірім сұрады.
Таңертең гастроорталыққа келген кезде Бишімбаев түні бойы шу шығарып, ішімдік ішіп, Салтанатты кезекті рет ұрып тастағанын біліп келдім. Бұл туралы гастроорталыққа келер алдында хабардар болдым. Бірақ ол кезде ештеңе түсінбедім. Салтанатқа қауіп төніп тұрғанын, өлім мен өмірдің ортасында тұрғанын білмедім. Бұл ақталу емес. Мен тек шын мәнінде не болып жатқанын көре алмадым, — деді Байжанов.
Еске салайық, Байжановқа Қылмыстық кодекстің «Қылмысты жасырып қалу» (432-бап) және " «Қылмыс туралы хабарламау» (434-бап) баптары бойынша айып тағылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
4🤬 2🤔 1
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️Сенат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады Заң жобасы екінші оқылымда қаралады. Заң күшіне енуі үшін екінші оқылымда да мақұлданып, президент қол қоюы керек. Жаңа заңда не өзгереді? Біздің жазбадан оқыңыз. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
11❤‍🔥 2👍 2🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️⚡️Сенат зорлық-зомбылыққа қарсы заңды бірінші оқылымда қабылдады. Заң екінші оқылымнан өтіп, президент қол қойса қабылданады. Жаңа заңда не өзгереді? Біздің жазбадан оқыңыз.
Show all...
🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
Бишімбаев сотында не болып жатыр? Астанада «әйелін аса қатыгездікпен өлтірді» деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасты. Бүгін Бишімбаевтың адвокаттары судья Айжан Құлбаеваға сенімсіздік білдірді. Судья алқабилерден сот залын босатуды сұрады. Бірақ судьяны соттан шеттету туралы арыз қанағаттандырылмады. Процесс Қазақстан Жоғарғы сотының YouTube-арнасында тікелей эфирден көрсетіліп жатыр. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
👍 2
00:20
Video unavailableShow in Telegram
Атбасар ауданында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды Аудан әкімі Аманбек Қалжанов тұрғындарға үндеу тастап, төтенше жағдай жарияланғанын хабарлады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
😢 12🙏 1
‼️10 жылдан бері Қазақстанда жыл сайын жаңа су қоймаларын салу жоспарланып келеді. Былтырғы жоспар бойынша 20 жаңа су қоймасының құрылысы басталуы керек еді. Бірақ жоспар орындалмаған соң биыл Қазақстан қайта суға батып, қаншама үйлер мен ауылдар су астында қалды. Қоймаларға бөлінген қаржы қайда кетіп жатыр? Зорлыққа қарсы заңға тауғы қайтадан қауіп төніп тұр. Белгілі топтар әлеуметтік желілерде және оффлайн бұл заң бойынша баланы тартып алады, әкенің қадірін түсіреді деген сияқты фейк ақпараттарды тарата бастады. Ол қайдан шыққан топтар? Және осы екі проблеманың Ресейге қандай қатысы бар? Зерттеп білдік
Show all...
9🤬 4
Сездіңіз бе?Anonymous voting
  • Иә
  • Жоқ
  • Алматыда тұрмаймын
0 votes
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі сезілді
10 сәуірде 19-58-те Алматы қаласында 2 балл жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі мен баллдық нақтылануда, — деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
😢 7🔥 2🤡 1
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті Бұл туралы «Ақорда» хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты қолдау көрсеткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты, — делінген хабарламада.
Президенттер бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке де тілеген. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
🤮 15👍 4
Солтүстік Қазақстандағы Покровка, Николаевка, Петровка ауылдарын су басып жатыр Елдімекендегі тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
😢 15👍 1😱 1
00:52
Video unavailableShow in Telegram
Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмединаға жазған хаттарын оқыды Хатта Салтанат Бишімбаевтың өзін үнемі бақылауда ұстайтынын, телефонын ақтарып, қысым көрсетіп жатқанын жазған. Нүкенованың көмекшісі Анар Тасова Салтанатпен кездескенде, оның денесінен көгерген іздерді байқағанын, мойнынан жіптің ізін көргенін айтты. Сот процесі туралы осы жақтан оқысаңыз болады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
🤬 13😱 3👍 1
Қостанайда да Торғай өзенінің су деңгейі көтеріліп жатыр Торғай өзенінің көтерілуіне Жангелдин ауданының солтүстігіндегі Қоңыраулы өзенінің тасуы себеп болған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
😱 6😢 3
Жайықтағы су деңгейі «қауіпті межеден» асты Ресейдің Орынбор облысындағы Жайық өзенінің деңгейі 931 сантиметрге көтерілді. Бұл туралы облыс губернаторы Денис Паслер хабарлады. Ол жергілікті тұрғындарды су басқан аудандардан кетуге шақырды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
😱 13
Ресейде 37 өңір су тасқынынан зардап шекті Ресейде Орынбордың бірнеше ауданын су басты. Ол жақта 10 мыңнан астам үйді суда қалып, 1000-ға жуық адам эвакуацияланды. Ресейдің 37 өңірі көктемгі су тасқынымен күресіп жатыр. Орынбор облысынан бөлек, Самара, Түмен, Қорған облыстары және Алтай өңірінде жағдай күрделі. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
😱 3🥰 1
Photo unavailableShow in Telegram
Әйгерім Тілеужан аштық жариялады Әйгерім Тілеужан түрмедегі жағдайға және өз құқығының бұзылуына наразылық ретінде аштық жариялады. Бұл туралы өзі жазбаша түрде хабарлады. Журналист, саяси белсенді Әйгерім Тілеужан Қаңтар оқиғасы кезінде «Алматы әуежайын басып алуды ұйымдастырды» деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
😱 16😢 6 4🤬 4🤮 1💩 1🤡 1
Су тасқыны туралы мәлімет • Су тасқыны басталғалы бері 96472 адам құтқарылды; • Уақытша орналастыру пунктілерінде 7605 адам, оның ішінде 3474 бала бар; • 82559 мал қауіпсіз жерге көшірілді; • Зардап шеккен өңірлерге 167935 келі гуманитарлық көмек жеткізілді; • Авариялық-құтқару жұмыстарына 24295 адам және 2651 техника, 10 әуе кемесі тартылды; • Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 444 жеке тұрғын үй, 339 аула аумағы су астында қалды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
7😱 3
03:07
Video unavailableShow in Telegram
Судья Бишімбаев сотынан журналистерді шығарып жіберді Астанада «әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді» деп айыпталған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Бүгін сот отырысы басталғанда судья Айжан Көлбаева БАҚ пен әлеуметтік желіге 9 сәуірде алқабилердің суреті тарап кеткенін мәлімдеді. Ол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады. Іс Қазақстан Жоғарғы сотының YouTube-арнасында тікелей эфирден көрсетіледі. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
🤬 12 1💩 1🐳 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті Бұл туралы «Ақорда» хабарлады.
Президенттер шекара маңындағы өңірлерде орын алған су тасқыны жағдайын талқылап, екі ел үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайтуды тапсырды, — делінген хабарламада.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
🤮 41👎 5🤬 4👍 1 1
«Азаттық» радиосы туралы жазбаны бөліскен журналист Асхат Ниязов сотқа тартылды Бұл туралы ProTenge телеграм-арнасы хабарлады. Қазақстан сыртқы істер министрлігі «Азаттық» радиосының журналистеріне аккредитация беруден бас тартқанда ProTenge басылымы «Азаттық» радиосын қолдап, жазба жариялаған. Осы жазбаны журналист, «Обожаю» арнасының авторы Асхат Ниязов бөліскен. ProTenge жазуынша, мәдениет және ақпарат министрлігі осы жазбаға байланысты құқық қорғау органдарына арыз түсірген, бірақ олар «бұл істе қылмыс құрамы жоқ» деп, оны әкімшілік сотқа берген. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
👎 18🤬 10👍 1🤯 1
Photo unavailableShow in Telegram
Су тасқыны басталғалы елде 85 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген Оның 30 мыңға жуығы — бала. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері хабарлады. Уақытша орналастыру пунктерінде 8 мыңнан аса адам орналастырылған. Құтқару жұмыстарына 16 мыңнан астам адам мен 2 500 техника жұмылдырылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
😢 13 3
Сарапшы Нүкенова алкогольдің әсерінен құлап жарақат алуы мүмкін дегенді жоққа шығарды. Оның сөзінше, Нүкенованың ағзасындағы алкоголь көлемі аз ғана болған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Show all...
17💯 7👍 1🔥 1