en
Feedback
Nurbakhyt Aidosuly

Nurbakhyt Aidosuly

Open in Telegram

2017-2021 Нұр Мүбәрак университеті 🇰🇿 2022-2023 Дәрул Фунун Араб және Ислам ілімдері институты🇹🇷

Show more
3 648
Subscribers
-424 hours
-227 days
-6930 days
Posts Archive
Көздің жассыз, қатты болуы — жүректің қаттылығынан. Жүректің қаттылығы — күнәнің көптігінен. Күнәнің көптігі — өлімді ұмытудан. Өлімді ұмыту — Үміттің ұзақтығынан. Үміттің ұзақ болуы — дүниеге деген шектен тыс құштарлықтан. Дүниеге деген құштарлық — барлық қателіктің басы.

«Принциптер бөлінбейді» Егер бір адамның өз отбасына әдепті, көркем мінезді болып, ал басқа туыстарына, тіпті өзге адамдарға олай қарамайтынын көрсең, оны шын мәнінде көркем мінезді адам деп айта алмайсың. Ол — өзгелерге жақтастық танытатын адам. Егер бір адамның байлар мен беделді, мансапты адамдарға ғана сыпайы әрі әдепті болып, өзгелерге олай қарамайтынын көрсең, оны да көркем мінезді деп айта алмайсың. Ол — өз пайдасын көздейтін адам. Осылай жалғаса береді… Өйткені шынайы әдепті адам жағдайға қарай құбылмайды. Оның мінезі адамға, дәрежесіне немесе пайдасына қарай өзгермейді. Ол баршаға бірдей әдеппен қарым-қатынас жасайды.

Жасым келді Құранға тілім келмейді деген қария, ол кезінде пенсияға шыққан соң намаз оқимын деген жас бала.

Бір хәкім былай деген екен: 🌿 Даналық ол – қашан сөйлеу керектігін білу. 🌿 Көркем мінез ол – сөйлеп тұрған адамды тыңдай білу. 🌿 Әдеп ол – сөйлеушінің сөзін бөлмеу. 🌿 Ақылдылық ол – сөйлеген әр адамның сөзіне сене бермеу.

Бай тәкәппарланса - бір жұттық Батыр тәкәппарланса - бір оқтық

Әл-Фудайл ибн Ияд (Алла оны рақымына алсын) былай деген: Бақытсыздықтың бес белгісі бар: Жүректің қаттылығы; Көздің жас төкпеуі; Ұяттың аздығы; Дүниеге деген құштарлық; Үміттің ұзақтығы. Ал бақыттың бес белгісі бар: Жүректегі нық сенім; Діндегі тақуалық; Дүниеге деген заһидтік; Ұят; Білім. — «әз-Зуһд», Ибн Әбу әд-Дунья.

Үш нәрсе — дүниелік бақыттың негізгі тірегі: 1. Амандық пен қауіпсіздік 2. Деннің саулығы 3. Күнделікті қажеттілікке жетерлік ризық Осы үш нығметті Алла елшісі ﷺ мына бір хадисте түгел қамтып айтқан: «Кімде-кім таңертең өз үйінде қауіпсіз, дені сау және бір күндік азығы бар күйде оянса, оған бүкіл дүние берілгендей болады». 🌿 الحمد لله على نعمة الأمن والعافية والكفاف Амандық, саулық және жеткілікті ризық нығметі үшін Аллаға мадақ болсын!

“Таңертең көңілді оянғың келсе, түнде кіммен сөйлескеніңе мән бер”. Махмуд Даруиш

📖 Кім ғалымдармен бірге отырса — әдебі артады. 📖 Кім әйелдермен бірге отырса — шәһуаты артады. 📖 Кім байлармен бірге отырса — жүрегі қатады. 📖 Кім балалармен бірге отырса — ойын-күлкісі артады. 📖 Кім күнәһарлармен бірге отырса — жеңілтектігі артады. 📖 Кім ізгілермен бірге отырса — тақуалығы артады. 📖 Кім фақиһтармен бірге отырса — дәрежесі ұлық болады. ⸻ Пайғамбарымыз ﷺ айтты: «Адам өз досының дінінде болады. Сондықтан әрқайсың кіммен дос болып жүргеніне қарасын.»

Ибн әл-Қаййим (Алла оны рақымына алсын): «Сенің өмірің — өтіп кеткен шағың мен алда тұрған болашағыңның ортасындағы дәл қазіргі сәтің. Өткенді — шынайы тәубемен түзейсің, ал Болашақты — күнәдан тыйылумен, бекем жігер мен шынайы ниет арқылы түзейсің. Ал бұл екеуінде дене мүшелеріңе ешқандай ауыртпалық пен шаршау жүктелмейді».

Алла елшісі ﷺ бір хадисінде: «Кімде-кім бір жиында отырып, онда артық-ауыс сөздерді көп сөйлеп қойса, сол орнынан тұрмас бұрын: «Субханака Аллаһумма уа бихамдика, әшһаду ән ля иләһә иллә әнтә, астағфирука уа атубу иләйк» («Я, Аллаһ өзіңді пәктеймін және саған мақтаулар айтамын. Сенен өзге тәңір жоқ екеніне куәлік беремін. Өзіңнен кешірім сұрап, саған тәубе етемін») – десе, осы отырыста болған (қате-күнә) нәрселері кешіріледі». (Тирмизи риуаяты) Дұғаның арабша мәтіні мен транскрипциясы: سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، أَسْتَغْفِرُكَ وَأَتُوبُ إِلَيْكَ «Субханака Аллаһумма уа бихамдика, әшһаду ән ля иләһә иллә әнтә, астағфирука уа атубу иләйк»

Осман ибн Аффаннан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алланың елшісі ﷺ былай деген: «Кім құптан намазын жамағатпен оқыса,
Осман ибн Аффаннан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алланың елшісі ﷺ былай деген: «Кім құптан намазын жамағатпен оқыса, ол түннің жартысын құлшылықпен өткізгендей болады. Ал кім таң намазын жамағатпен оқыса, ол түнді толықтай намазбен өткізгендей болады». (Имам Муслим риуаяты)

«Егер сен өз мақсатың үшін әрекет етпесең, біреудің мақсатына жету үшін құралға айналасың…»
«Егер сен өз мақсатың үшін әрекет етпесең, біреудің мақсатына жету үшін құралға айналасың…»

Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасы Муғаз ибн Жәбәлға (Алла оған разы болсын) айтқан ең керемет өсиеті: “ қай жерде болсаңда Алладан қорық, жамандық жасасаң соны жойып жіберетіндей артынша бірден жақсылық жаса, әрі адамдармен көркем мінезбен мәміле қыл”.

«إن هذه القلوب أوعية فاشغلوها بالقرآن، ولا تشغلوها بغيره». سيدنا ابن مسعود -رضي الله عنه-. «Расында, бұл жүректер – ыдыстар секілді. Ендеше оларды Құранмен толтырыңдар, оны басқа нәрселермен толтырмаңдар». Абдулла ибн Масғуд (Алла оған разы болсын)

Өзіңнен сұрашы! Қазір ұйықтап, ертең оянбайсың десе қандай амал жасар едің?! Ендеше сол амалды жаса, ертең оянуымызға ешқандай кепіл жоқ!

Күнә жасаған пенде әлсіз емес, күнәсінә тәубе етпейтін пенде әлсіз.

Аллаға артылмаған үміттің барлығы үзіледі.

Құлшылығыңды тек Раббыңның разылығы үшін жаса. Ал Раббың сенің қалған барлық мәселелеріңе жеткілікті.

Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “ Ертең қияметте тозаққа алғаш болып кіретін 3 топ адамның бірі Алланың разылығынан өзге нәрсені мақсат етіп Құранды жаттаған қари адам” - деді.