cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

қара дәптер

Шыңды армандағанның ғана төбе болуға хақы бар.

Show more
Advertising posts
1 353
Subscribers
+624 hours
+347 days
+9630 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Шашымдағы қайызғақпен тойдағы екі-жастың төбесінен қар жаудыруға болады. Б-Бизнес…
Show all...
Бір жол бар – жақын, Жақын да болса – алыс. Бір жол бар – алыс, Алыс та болса – жақын.
Халық айтқан
Show all...
Аялдамада адам көп. Бір қыз такси шақырды да: бәрінің көзінше көлікке отырып, кетті де қалды. Енді таныса да, танымаса да мына қауым үшін одан қатыгез адам жоқ.
Show all...
Қуандық Бишімбаевтің әр сотын эфирден көрсеткендей түрмедегі хал-күйін де елге жиі көрсетіп тұрулары керек. Сонда әділірек болады. Ел аман, жұрт тыныш болса екен не де болса!
Show all...
Телеграмнан премиум ай сайын автоматты түрде алына беретін болыпты. Қалай өшіріп тастауға болады?
Show all...
4🕊 1
Жанымда құлаққап таққан жігіт тұр. Құлағындағы әнді бүкіл қауым боп тыңдап келе жатқанымызды білмейтін де сияқты. Не де болса талғамы жақсы екен, тұқымы көбейгірдің.
Show all...
🤣 18 8
Жеңісті жекешелендірмейікші. “Ұлы Отан соғысы” емес, “Екінші дүниежүзілік соғыс” деген ресми атауымен айтайықшы. Ата-бабамыз ұрпақтың, бала-шағаның амандығы үшін соғысты. Намысты, есті қазақтың ешқайсы Совет өкіметін “отаным” деп білген жоқ. Орыстың қас-қабағына қарап отырған соң кім де болса артта қалғандардың қамы үшін деп амалсыз, аяусыз жан алып, жан берді. Совет біздің отанымыз емес, болмаған да, болмайды да. Кешегі қан майданда Советтік сарбаз боп, көп ұлтпен бірге иық тіресе шайқасқан, керек кезде саптың алдында тұрған қазақтың ержүрек ұл-қыздарының ерлігін; елде қалған, тың мен тылдың азабын көріп, қара жұмыстан көз ашпаған, көкірегі үмітке, көзі жасқа толы қыз-келіншек, бала-шаға, кәрі-құтаңның азабын; майдан даласын қару-жарақ, киім-кешек, азық-түлікпен қамтамасыз еткен қазақ өнеркәсібінің алапат үлесін Совет мойындады ма? Советтен қалған тұқым соның бәрін көрді ме? Қазақтар отанын қорғады-ау деп кеткен шығынның орнын толтырып берді ме? Тоналған үстіне тоналып, қаналған үстіне қаналған жоқпыз ба! Ал біз әлі ондайды “Отан” деп атаймыз. Талас жоқ, ерлікке тағзым, ата-әжелерге мың алғыс! Ерлік өшпейді, бірақ саналар “Отан” деген байлаудан босап, тәуелділік жадымыздан өшуі керек. Осыны ескере жүрсек екен…
Show all...
13
Жан-жағымдағы адамның бәрі дамып жатыр. Біреуі жылына 40 кітап оқып жүрмін дейді, біреуі нешетүрлі курсқа қатысам дейді, біреуі діни сауатымды арттырып жатырмын дейді, біреуі қызметім көтерілді десе, біреуі ел аралап көрдім дейді. Дамудың үстіне дамып жатыр, талас жоқ. Тек… өзгеріп жатқан біреуі жоқ. Сол баяғы менменшілдік, тәкәппарлық, қулық, құлқынқұмарлық, көрсеқызарлық пен мақтансүйгіштік. Мінезінің, әдет-қылығының бәрі бәз баяғы қалпында. Адамы қандай, отаны да сондай.
Show all...
💔 24 6🕊 1🌚 1🤨 1
9 мамыр - Немістер үшін жеңіліс күні боп қана тарихта қалады. Ылғи да солай. #бавария
Show all...
🤣 18 2🌚 1