cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

about media in kazakh

медиа, билік, идеология, пропаганда және этика журналистикаға қатысты хабарландырулар нәсілшілдік, жаңа технология, феминизм, экология, т.б. тақырыптарда да жазамын. кейде жеке ой/өмір/сезімдерім жайлы. Кері байланыс үшін: @orazay

Show more
Advertising posts
392
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
-330 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Repost from PROTENGE
Photo unavailableShow in Telegram
😬 На 196,5 млн тенге будут продвигать бренд Алматы для туристов. Деньги потратят на рекламу и статьи в соцсетях и СМИ (расценки прилагаются 👆🏻). Согласно договору поставщик до конца года должен опубликовать 195 позитивных статей в 20 крупных СМИ Казахстана на 116,9 млн тенге, разместить 50 материалов в популярных пабликах на 30 млн тенге, провести 10 брифингов для журналистов и блогеров на 10 млн тенге. 🤔 Должны ли мы продвигать бренд Алматы? Безусловно. Но вот что нас настораживает: стоимость одной хвалебной статьи обойдется акимату в 632 046 тенге, независимо от того, в каком издании она будет опубликована (хотя прайс на рекламу в разных СМИ очень разный). В теории подрядчик может заплатить за одну статью 200 тысяч тенге, а от акимата получит за нее в три раза больше. И это не все👇🏻 Читатели информационных порталов не узнают, за какую конкретно статью заплатил акимат — Бюро по туризму Алматы запретило делать на рекламных материалах пометки «PR» или «На правах рекламы». Что, кстати, нарушает новый закон об онлайн-рекламе.
Show all...
"...Медиа «жеке көзқарастардың» қалыптасуында маңызды ықпалға ие. Ноэль-Нойманның пікірінше медианың күші – қоғамдағы көзқарас атмосферасын көрсетуінде жатыр. Өз ойларының медиада да ұсынылып жатқанын көрген адамдар, бұл көзқарастарын айтуға ынталанады. Ноэль-Нойман индивидтің жеке және қоғамдық алаңдағы айту/сөйлеу/әңгімелесу актісіне қатысуы немесе қатыспауына ерекше мән береді. Оның пікірінше, азшылықтағы адамдардың үнсіз қалуы олардың қоғамдағы көзге түсуін азайтады. Сондықтан да үнсіздік өз-өзін қайтадан өндіретін спиралға айналады", — деді Молдияр Ергебеков. Демек, медиа қоғамның үнсіз қалмауына елеулі үлес қоса отырып, үнсіздік спиралінің күшін әлсірете алады. Осы тұста «Не үшін жазасың?» деген сауал туындайды. Мұның төрт нұсқадан тұратын жауабы бар екен: - Өзің үшін жазасың. - Патриархал тілден басқа тілдің бар екенін көрсету үшін жазасың. - Үні өшкендердің немесе өшуге жақындардың үні болу үшін жазасың. - Үнсіз қалмау үшін жазасың. (Ұстазым Молдияр ағайдың "Әйелдер жайлы жазу" дәрісінен үзінді) толығырақ: https://newreporter.org/kz/2023/08/06/media-ajelder-zhajynda-qalaj-zhazuy-kerek-mediasarapshy-moldiyar-ergebekov-ysyngan-nysqaulyq/?fbclid=IwAR3kbUHbxhop3eJjkniI3ndt30CFjHs6Gj_wEASxjb1gDE8wwke3YbV3q9E)
Show all...
Латын әліпбиіне көшуге бір себеп:
Show all...
Repost from 42 секунды
РБК: Google понизил в поисковой выдаче СМИ на кириллице в Казахстане – Занижают кириллический контент и другие сервисы – Например, YouTube, Twitter и другие популярные сервисы – Речь также про их поисковые выдачи в Казахстане – Прежде всего из-за этого страдают медийные сайты – Google не ввел точечные запреты для СМИ из России – Он просто ограничил весь кириллический контент – Решение в том числе затронуло СМИ из Казахстана – Поэтому для части изданий трафик снизился в 3-5 раз @ftsec
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
ақпаратты әдемі ұсыныпты 🍦🍦🍦
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
"Казахстанская правда" газетінің 31 наурыз күнгі нөмірінен Павел Банниковтың мына "материалын" көріп таңырқап қалдым. Таңданысымның бірнеше себебі бар: Біріншіден, Павелдің бұл жазбасын оның facebook парақшасынан көрген едім. Бірақ мына жерде оның жазбасына сілтеме жасамаған, осылайша автор газетке арнайы жазғандай әсер қалдырыпты. Екіншіден, автор ақпараттық доктринаны теңдесі жоқ керемет құжат етіп көрсеткені маған біртүрлі көрінді. Осыған дейін Қазақстан билігінің ақпараттық саясатын жиі сынап жүрген автордың қалайша бұлай трансформация жасағаны қызық болды. Үшіншіден, автордың осыған дейінгі сыни ойларына қарамастан, "Казахстанская правда" оған пікір білдіруге мүмкіндік бергеніне таңырқадым. Әдетте мұндай кісілерді мемлекеттік медиа кәнсілдеп жатушы еді 😀 Сосын осы материал туралы Пашаның өзінен сұраған едім. Ол "бұдан былай Казахстанская правдаға" пікір білдірмеймін, жазбамды жариялауға рұқсат етпеймін" дейді. Өйткені газет оның жазбасын кесіп, тек ақпараттық доктринаны мақтаған тұстарын жариялапты 🥲 Жазбасының толық нұсқасы мына жерде. Оқып, салыстырып көріңіз 🙃
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
Қашан жазылғаным есімде жоқ, бүгін the Steppe сайтынан мынадай хат келді. Күнделікті өмірімізге қатысы бар маңызды тақырыпты, әлемдік тенденцияларды сүйікті қазақ тілімізде жазғанына риза болып отырмын. Әрі ойнақы жеңіл тілде жазуға талпынғаны байқалады. Әрине, кей тұстарда “бұдан да әдемі етіп калькасыз жазуға болар еді” деп отырдым, десек те осы бастамаға дән риза болдым. Қазақша email-хабарламалар жіберіп отыратын тағы қай басылым(дар)ды білесіз?
Show all...
00:23
Video unavailableShow in Telegram
Біраз бұрын ресейлік интернет кеңістікте осы сарындағы видеоны байқаған едім. Соны massaget.kz айна қатесіз көшіріп жариялапты. Бұл видеода бірқатар этикалық мәселе байқалады. Авторлар дереккөзге сілтеме жасамаған. Бейтарап хабарламай, керісінше, "ерлерден асып түсеміз деп", "өзіне көп алатын" сияқты оқиғаға жеке баға беретін сөздерді қолданған. Сонымен қатар, ақпаратты бұрмалап, манипуляция жасаған. Ең өкініштісі, мұның бәрі әйелдерге қарсы өшпенділік тілін өршітуге, феминист ой-көзқарасты қаралауға бағытталған. Бұл оқиға жайлы интернеттен іздеп көрген едім. Канаданың бірнеше консерватив бағыттағы медиасы хабарлаған екен. Олардың өзі "ерлерден асып түсеміз деп", "өзіне көп алатындар" демеген. Тек оқу-жаттығу кезінде жағдай бақылаудан шығып кеткенін жазады және олар жасаған ең үлкен критиканың өзі шектеулі — "өрт сөндірушілердің жынысы маңызды емес, әйел өрт сөндірушілер деп бөлудің қажеті жоқ" деген сарында. Олардың дәстүршіл ұстанымдағы медиасы мен біздің медианың хабарлауын салыстырып көріңіз 🤦‍♂️ Дереккөзге сілтеме көрсетпеген massaget.kz жалын 400 мың шақырымға жайылғанын айтады. Жалпы осы видеоны дайындаған автор 400 мың шақырым дегеннің көлемі қандай болатынын біле ме екен?) Осы жағдаят болған Канададағы ұлттық саябақ өрттің белгіленген аумақтан 3 гектар артық жерге жайылып кеткенін жазыпты. Бұл дегеніміз 400 мың шақырым емес, 30 мың шаршы метр. Оқиғаның қалай өрбігеніне келер болсақ, Канадада әйел өрт сөндірушілерге қолдау көрсету, инклюзияны арттыру, білігін шыңдау мақсатында бірнеше мемлекеттен келген әйел өрт сөндірушілер оқу-жаттығу жиынын өткізген. Жел күрт күшейіп кетіп, белгіленген аумақтағы қолдан жасалған өрт бақылаудан шығып кеткен. Қосымша тікұшақтар, өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндіре білген. Дамыған мемлекеттерде ғылым, жаңа технологияға қатысты күн сайын қаншама жаңалық болып жатыр. Бірақ оларды назарға ілместен, мынадай жағдаятты құштарлана хабарлап (мұны тіпті Канаданың медиасы бұлай хабарламаған), "әйелдердің қолынан іс келмейді" деген идеологиясын таратып әлек.
Show all...
Show all...
Azattyq - Азаттық

EcoKundelik подкасты. "Асылтұқымды" шыбын бағып, тағам қалдығын пайдаға жаратқан кәсіпкер Алғашқы эпизодта "асылтұқымды шыбын өсіріп жүрген ғалым және кәсіпкермен сөйлесеміз. "Қара сарбаз" шынымен де тағам қалдығы мәселесін шешіп, ғаламдық жылынуды тежеуге көмектесе ала ма? Оны қалай өсіреді? Үй жағдайында өсіруге бола ма? Адамға қауіпті емес пе? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік. мына жерден де тыңдауға болады t.me/azattyq

Қазақстандық қоғамдық даму институты харассментке төзбеу саясатын қабылдапты. Өте дұрыс бастама. Мұны басқа мекемелер де жалғастырса деген тілегім бар 🙌
Show all...

16 likes, 0 comments - Қазақстандық қоғамдық даму институты (@kipd.kz) on Instagram: "📂Казахстанский институт общественного развития пр�...