cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Біздің ОЙ

Құрметті менің бауырым! Каналда сізге пайдалы дүниелермен, қызықты оқиғалармен бөлісемін 🥰 Елге ақыл айтудан Құдай сақтасын 🙌🏼

Show more
Advertising posts
556
Subscribers
-124 hours
-97 days
-3330 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Су басқан аумақтардағы бауырларымызға көмек қолын созуға ниеттенбеген болсаңыз әлі де кеш емес. “Жомарт Жандар Қайырымдылық Қоры” Құлсарылық бауырларымызды қолдау мақсатында < Құлсары біз біргеміз > атты қайырымдылық керуенін бастады. Аз да болсын өз ниетіңізді білдіріп осы іске атсалысуға шақырамын. Реквизит: 4400430293246382 +77765858800 Марат К инста: @jomart_jandar_resmi Біздің арнадағы бауырларымның осы сауапты істен құр қалғанын қаламаймын🙌🏼
Show all...
6
Көп балалы бір үй өртеніп жатыпты. Әлгі өрттің үстінен ұшқан қарақұс: — «Ертеңгі күні балалары аман қалса, маған маза бермес. Ұямды бұзып, тұқымымды құртар, одан да тамтығы қалмай жанып кетсін», — деп тұмсығына қысқан бір тал шөпті әлгі өрттің үстіне тастайды. Қарақұстың соңынан айыр құйрық қарлығаш ұшып келе жатады. Лаулап жанған үйді көріп: — «Алла, айналайындар—ай, менің балапандарым секілді сары үрпек балалары шырылдап қалған екен. Балапандарым қанаттанып ұшқанша үйін жықпай, көшпей отыратын мейірімді жандар еді. Отты сөндірейін», — деп аузындағы бір тамшы суды тамызады. Қарақұстың тастаған бір тал шөбiнен ол үй одан әрі өртене түскен жоқ, қарлығаш тамызған бір тамшы судан əрине өше қалған жоқ. Әңгіме көңілде, пейілде, ниетте ғой... Матайқызы Ділдә Тасмағамбеткеліні
Show all...
7👏 4😍 4
Жұмадан шыққанда иығыңнан біреу қағып кеткеннің өзі бақыт қой, кешіріңіз, кешіріңіз деп асты үстіне түсіп өліп қалады. Кешірмейм десең, қалтаңа 20мың тг салып болсын кешірткізетін сияқты. Бұл сыпайылық мешіттің ауласынан ары аспайтыны өкінішті бірақ…
Show all...
👍 9😁 7 1🤗 1
Күнәнің барлық есігі ашық тұрған заманда, дос сатып, дұшпан жаншып тұрған заманда Алла қолдамай панасыз қалғаннан сақтасын! Дүниеге берілем деп, ақыретті ұмытып, дінге берілем деп тіршілікті тастап, ғылымсыз, еңбексіз санасыз болғаннан сақтасын! Баршаңызға екі дүниенің бақытын тілеймін! Қадір түніндегі бүкіл дұғаларыңыз қайырымен, берекесімен қабыл болғай!🤲🏼
Show all...
12
Қасиетті түнде сұрайтын нәрсеміз көп. Қадір түнінде “қабыл болса екен” деген тілегіміз көп…
Show all...
اللهم إنك عفو تحب العفو فاعف عنا “Аллаһумма иннәкә ғәфуун, тухиббул ғәфуа, фәғфу ғәннә”. Аллаһым, Сен кешірімдісің әрі кешіргенді жақсы көресің. Бізді кешіре гөр!
Show all...
2
Бізге әке-шешеміз әдемі есім қояды. Бірақ уақыт өте келе ол атқа лайық болмай шығуымыз мүмкін. Мысалы, бағана такси шақырсам, Сирожиддин деген жігіт қызыл Грантасымен келді. Парсы тілінен аударғанда Сирожиддин "Діннің нұрын шашу үшін туған" деген мағына береді. Яғни, ол дүниеге келгенде әке-шешесі "бұл бала ертең өскенде діннің нұрын шашады" деген үмітпен керемет ат қойды. Ал ол яндексте "келдім" деген функцияны 2 минут ерте басып, ожидания үшін 55 теңге артық алғанына мәз. #aldarstyle
Show all...
🤣 13 1
Не болды? Адамның назасы ма екен? Алланың жазасы ма екен? Жесірдің көз жасы ма екен? Жетімнің наласы ма екен? Арамның амалы ма екен? Зинаның залалы ма екен? Қасірет көбейіп кетті… Ақірет хабары ма екен? Су қойма бекеттен бе екен? Садақа зекеттен бе екен? Парқана жете алмай тұрмын Пайызбен парадан ба екен? Су неге аға береді? Кім қалай баға береді? Қолыңмен істегенің… Аяқтан шала береді… Әркімді әулие қылмасақ Әр күнді әуре қылмасақ Жамандық басылмас сірә Жалынып Аллаға ғана… Жабылып тәубе қылмасақ… Асылжан Жүсіпов✍🏼
Show all...
10😢 3👍 2👏 1💔 1
Repost from men❤️‍🩹
түніміз күнімізден жарық болу керек. түнді жарық, ұзақ ететін – Құран, дұға, ықылас. әр түн қадірлі. түн – уақыт. уақыт – біз. немен айналыссаң, төрт құбылаң дәл солай құбылмақ. уақыттың алмағы да, салмағы да кісінің санасына байланған. ғұлама Ғазалидің “бос отырған жігіттің жүрегін шайтан ұялайды” деген сөзі сөз! біз уақытты емес, уақыт бізді өткізіп жатыр-ау… #қадіртүні✨
Show all...
11
Әйел бақытты болса - әлем бақытты!!! Адам атаның (ғ.с) жер бетіндегі ең көзі қуанған, жүрегі жұбанған қуанышы - Хауа анамызбен жолыққан сәті…🌹 “Әлемнің мәні - әйелде” деп, Жүрсін ағамыз жырлағандай, расында, еркекті есейтетін, жолын ашатын, көңілін шаттыққа бөлейтін нәрсе - қызының “әке” дегені, анасының “ұлым” деп мәпелегені, жарының “ерім” деп еркелегені, әпкесінің әлпештеп, қарындасының “көкелегені”…🌹 Қыздарымыз-ең қымбаттымыз! Жарымыз-жанымыздың шуағы! Аналарымыз-жәннәттің есігі! Аман болыңыздар, ардақты нәзік жандар! Мерекелеріңізбеен💐🙌🏼❤
Show all...
16😘 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.