en
Feedback
Корей тілі / 한국어 / Корейский / Kulpynay_korea

Корей тілі / 한국어 / Корейский / Kulpynay_korea

Open in Telegram

Кулпынаймен бірге корей тілін оңай әрі тез үйрену Қазақ тілі мен корей тілінің грамматмкасы бір біріне қатты ұқсайтындықтан корей тілін тез үйрене аласыз 한국어를 같이 공부합시다 ▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼ https://www.youtube.com/channel/UCt9CIXUMXb9wGfS6K56P3Kg

Show more
8 689
Subscribers
No data24 hours
-47 days
-7530 days
Posts Archive
ҮШ ТІЛ БІЛСЕҢ, ОҚУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ "Ойбай Құлпынай, не деп жатсың?" деп шошымаңыз) Без паники✋Базалық білім керек. Елде қалам десеңіз, диплом үшін оқисыз, шындығы. Ел аралап, еркін өмір сүргіңіз келсе, тіл үйренесіз. Қосымша тіл білсеңіз, өзіңізге 100% сенімді және жан - жақты боласыз. Шет тілдер факультетінде оқыған студенттер өзгеше ойлайтын, креатившіл келеді. Байқадыңыз ба? Миында #шекара жоқ. Олар бір елден екінші елге асып жүре алатынын біледі. Қорқыныш жоқ. Болашағын өтеееее кең ауқымда елестетеді. Құлпынайдың өзінде "до и "после" деген екі өмірі бар))) Ол туралы ютуб каналымда айттым. Пост жаздым. Кәріс тілін үйренген соң, қорқақтығым, жалтақтап жүретінім, сенімсіздігім жойылды. Қаншама комплекстерден құтылдым. Бизнесім - телефонда. Бір офиске байланып, бір бастықтың қабағына қарап отырмаймын. Айлық күтпеймін. Ел аралап жүріп, онлайн сабақ өткізе беремін. Әрі табыс, әрі кайф. Дәл қазір тегін берсе де, диплом алмас едім😁Одан гөрі қысқа мерзімді курстар өтіп, бизнес бастаған тиімді. "Жұрттан ұят, әйтеуір бір дипломың болсын" деп кредит алып, баласын оқытқан ата - анаға жаным ашиды(((Қазақстанда Кореядағыдай неше түрлі мамандыққа оқытатын курстар бар - жоғын білмеймін. Ол болмаса шет тілін үйреніп алған тиімді. Аудармашы боп, шетелдік компанияға жұмысқа тұрасыз. Кәріс тілін үйреніп, кәріс мейрамханасына барсаңыз, қуана қабылдайды. Онлайн курстар өткізе аласыз. Шетелге шығып, гид боп ақша тауып жүрген жандар көп! Кореяда адал жұмыс істесең, еңбек ақыны ренжітпей төлейді. Бұны да постта көп жазамын. ➡️Сондықтан көп ойланбай, 23.01 күні басталатын авторлық курсыма жазылыңыз! 600-ге жуық шәкіртке корей тілін қазақша үйреттім. Алды Кореяда табысты еңбек етіп жүр. Оқуға түсті. Сіз де сондай жастың бірі болыңыз! Курс тақырыбы ауқымды болғанмен, жеңіл, оңай жолмен түсіндіремін. Курс 6 деңгейден тұрады. 1 - деңгейін 30 күнде меңгеріп шығасыз. Нәтижесінде корей әріптерін үйреніп, жаттап, өзіңізді еркін таныстырасыз. Бағасы 10,000 теңге. Күніне 333 теңге төлеп, болашағыңызға инвестиция құйыңыз. 21.01-нен бастап курс 12,000 теңгеге қымбаттайды. Курсқа жазылу, қосымша бойынша жекеге жазыңыз. Ал дайынсыздар ма?) #корейтілінүйрену#кәрістіліонлайн#корея https://www.instagram.com/p/CKLsFIZnbV_/?igshid=2solpki4lf6y

2021 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ КУРСЫНА ЖАЗЫЛЫҢЫЗ Су жаңа жылды оқумен бастаймыз. Өзім тыныш отырмайтын адаммын) Парақшамдағы оқырмандарыма маза берер түрім жоқ🤭Бұл жайбарақат оқитын контент емес) Жан - жақтан мотивация беріледі. Ақпараттар бірінен -бірі өтеді. Сұрақтарыңызды жауапсыз қалдырмауға тырысамын. Байқадыңыздар ма? Тек оқимын, өсемін деген жандарға арналған блог. Көрейінші деп келген оқырманның өзін қыздырып, қызықтырып жіберетін әдетім бар))) Карантинде курс бастағаннан 500-ден астам оқушы сабағымды оқыпты. Олардың алды топиктен қиналмай өтіп, оқуға түсіп, жұмысқа орналасты. Кореяда жүріп, тілден қиналған клиенттеріме көмектестім. Кәріс тілін ұзақ меңгеруге УАҚЫТЫ жоқ адамдарға арналған бағларлама жасқа да, кәріге де түсінікті. Тісі батады, игеріп алады. Өте қарапайым, жеңіл тілмен, өзім қолданған лайфхактармен түсіндіремін. Лайфхак демекші, көбіңіз сөздік жаттап, оны еске сақтауға қиналасыздар. Білемін. Былай жасаңыз: үйде холодильникті көп ашасыз, иә? Соның есігіне бүгін жаттайтын сөздерді жабыстырыңыз. Қарныңыз ашқан сайын оқисыз) Ас үйде жүрсеңіз, көзіңіз түсе береді. Таңертеңнен қарай берсеңіз, жатталмай көрсін🙂Кешке қағазға түсіріңіз. Екінші әдісі бар. Жол жүріп бара жатсаңыз, диктофонға жазып алып тыңдайсыз. Ол да есте қалады. Күні бойы тыңдаған соң, кешке дәптерге жазып көріңіз. Мен кәріс тілін осылай үйрендім. Күнделікті шаруаммен қатар алып жүру қиынға соқпады. Сіздерге де зор пайдасы болады. ✔9-қаңтар күні басталатын курста жасап көріңіздер. Айтпақшы, ресми түрде оқудың басталғанын хабарлаймын🔊Тіркелу ашық. Кәріс тілін 0-ден бастап 1 ай үйретемін. Сейсенбі 19:00де , сенбі 13:00 де Нұр-Сұлтан уақытымен тікелей эфирде кездесеміз. Тапсырма тексергенде қаталмын) Сабаққа байланысты сұрақтарыңызға 24/7 жауап аласыздар. ✔Авторлық курсымның ерекшелігі: үйренсең де, үйренбесең де өзің үшін деп 200-300 адам жинайтын марафон емес. Орын саны шектеулі. Әрқайсысыңыздың тіл үйреніп шығуыңызға мүдделімін. 📍Қатысу құны 06.01-не дейін 10,000 теңге 07.01-нен бастап 12,000 теңге (Салыстырмалы түрде бұл курстар 18,000 теңгеден басталады) Тиімді бағамен өзіңізге инвестиция құюға дайынсыз ба? #корейтілінүйрену#корейтілінқазақшаүйрену#кәрістіліонлайн# https://www.instagram.com/p/CJn-P9VHhLi/?igshid=17cv5wxcwmqz2

ЖАҢА 2021 ЖЫЛ АМАН-САУЛЫҚ ӘКЕЛСІН! 2020-ның "тізесі" әбден батқан соң, тек осылай дейтін болдық) Денсаулықтың, жақын адамның қадірін ұқтық. Амандыққа ештеңе жетпейді екен🙏 Кореяда Жаңа жыл екі рет тойланады. Барша Адамзаттың туған күні боп есептеледі. Бәрі бір жылға есейеді😊Тіпті Жаңа жыл қарсаңында туған сәби бірден 2 жасқа толады) Бүгін олар көшеге шығып, от шашу жасап, қатты тойламайды. Көбіне жастар жағы қыдырады. Әлемдік мәдениеттен қалыс қалмау үшін шығар?! Кореяның Жаңа жылы - Соллаль қаңтар айының соңы ақпанның басында кіреді. Ол туралы кейін жазармын. Ең бастысы, аман - есен 2021 жылға аяқ басайық. Жаңа жоспар, жаңа мақсат алға қойып үйренейік. Өкпе-реніш, жамандық,,ауру - сырқау, уайым - қайғы ескі жылда қалсын🙏Әлемде, Қазақстанда тек қана жақсылықтар болсын дегім келеді. Денсаулық зор болсын! Ата - анадан, үлкендерден тек бата - тілек естіңіз. Жолыңыз ашылсын. Корей тілін үйренем деген арманыңыз болса, 2021 жылы жүзеге ассын. Сәттілік серігіңіз боп, оқуға түсіңіз, жұмысқа тұрыңыз. Армандаудан қорықпаңыз💫Армандай білген адам ғана жетістікке жетеді! Менің өмірім - сізге мысал. Құлпынай шыққан биіктен асып түсіңіз! Отбасылы оқырмандарыма береке, ырыс, шаңырақ шаттығын тілеймін! Балапандарыңыз аман - есен өсе берсін! Үлкен аға - апаларға кемімес күш-қайрат, сарқылмас қуат тілеймін. Бала - шағамен бірге жылда Жаңа жыл тойлай беріңіздер. Елім аман, жұртым тыныш, жерім бүтін болсын! Сәбидің ұйқысы бұзылмасын! Дами берсін! Өркендей берсін! Мына жақта мен, ана жақта сіздер аман болыңыздар! Парақшама жаңа қосылған оқырмандар, қош келдіңіздер! Бәріңізге жыл құт - береке әкелсін🤗Айтсам тілек көп. Сыйғаны - осы. Жақсы көрем ғой сіздерді💖🙏😘 Ақ жүрекпен Құлпынай🍓 #жаңажылқұттыболсын#сиыржылыберекеліжылболсын#кореядансәлем#кулпынайданқұттықтау#кореядатұратынқазаққызы#кореядағықазақтар#кулпынайкорея#кореяқазақстан🇰🇿🇰🇷#корея2021# https://www.instagram.com/p/CJdSkU2HaoC/?igshid=rfijbo1mfz8c

Сұраққа сөйлем құрап жауап беріп көріңіздер
Сұраққа сөйлем құрап жауап беріп көріңіздер

Сәлем достар қалайсыздар? Етістіктерді грамматика бойынша өзгертіп жазып көріңіздер
Сәлем достар қалайсыздар? Етістіктерді грамматика бойынша өзгертіп жазып көріңіздер

Сәлем достар қалайсыздар? Менің телеграмдағы сабақтарымды рұқсатсыз инстаграмдарыңызға пост қылып салып қоймаңыздар ол авторлық құқық бұзушылық деп аталады ондай заң бар мен дәл қазір сондай көп жанды көрдім инстадан егер өшірмесеңіздер немесе сол постқа менің инстаграмымды белгілемесеңіздер заңмен қудаланады. Ол менің еңбегім👆

КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРМА, ҚАЗІР БАСТА! "Корейше білмеймін" деп айтуға асықпаңыз. 1 айда 1 деңгейін (барлығы 6 деңгей) үйреніп, ойыңызды еркін жеткізіңіз. Қатысушылар саны шектеулі. Маған сан емес, сапа маңызды. Әр қатысушының нәтижесін көруге асығамын. Әр адамның арман-мақсатына жеткенін қалаймын! Курс сізге энергия, позитив, мотивация, білім береді. "Құлпынаймен корей тілін қазақша үйрен" авторлық курсыма 8-9 жастағы оқушыдан 60-65 жастағы аға-апаларға дейін жазылады. Онлайн форматта өтеді. 📍Курсқа кімдер қатысады? ⠀ - Кореяға қоныс аударушылар - Уақытша жұмыс істеуге бара жатқандар - Оқуға түсетін/түскен студенттер - Саяхатты сүйетіндер - Аудармашылық не Кореямен посредниксіз бизнес жасайтындар - K-pop, дорамаларды сүйіп көретін фанаттар ⠀ 📍Курс қалай өтеді? ⠀ Сабақ жабық инстаграм парақшасында болады. Апта сайын 2 рет 2 видеосабақ беріледі. Кері байланыс телеграм чатында. Тақырыптарды тікелей эфирде талқылаймыз. 24/7 онлайнмын. Кез-келген сұрағыңызға жауап беремін. ⠀ 📍Курс 5- желтоқсан күні басталады Тікелей эфир әр сейсенбі сағат 18:00-де және әр сенбі 15:00 де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Есіңізде болсын: тілді өз бетіңізше үйрену ұзақ уақыт алады. Сөз бен сөйлемді жаттағанмен, грамматикаңыз әлсіз болады. Бір оқып, бір оқымай, немқұрайлылық танытасыз. Мақсатсыз үйрену жалықтырып жібереді. Топпен үйренудің артықшылығы көп. Әрі мұғалім шетелде өмір сүрсе, практикалық жағынан қолдау жоғары. Энергетикасы сіңімді. Әріптен бастап халықаралық экзаменге (топик) қатыса алатындай етіп үйретемін. Ешқайда бармай-ақ, қолыңыздағы телефонмен 6 айда корей тілін толық меңгеріп шығасыз. Сондықтан кейінге қалдырмай, қазір бастаңыз. 📍Курс бағасы: 30.11 дейін 10.000тг 01.12 бастап 12.000тг 📱Жазылу үшін жекеге шығып хабарласыңыз немесе пікірге "курсқа қатысқым келеді" деп жазыңыз Корей тілін үйренгілеріңіз келеді ме? Қандай себебі бар?😊 #корейшеқазақшаүйрену #корейтілікурс #курскорейскогоязыка🇰🇷🇰🇷🇰🇷 #корейтілі #құлпынайменкорейшеүйрен #koreanworld #құлпынайбайтуова #кулпынайменкәрісшеүйрен #дорамақазақшааудар #корейтіліаударма #переводчиккорейскогоязыка #корейтілінбіргеүйренейік #корейшетезүйрену #тезкорейшесөйлеу #кәрістілінүйрену #кәрістілі#кулпынайкорея#кәрістілі# https://www.instagram.com/p/CIIU6m3ng17/?igshid=tuol21il130a

Сәлем достар! Қалайсыздар? Мына сөздерді дұрыс тауып, сөзді дұрыстап аяқтап көріңіздер👍
+4
Сәлем достар! Қалайсыздар? Мына сөздерді дұрыс тауып, сөзді дұрыстап аяқтап көріңіздер👍

КОРЕЙ ТІЛІН ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ ҮЙРЕНІҢІЗ😇 Қазіргі таңда инстаграмда шет тілін үйрететін онлайн-марафон, курстар көбейді. "Қайсысын таңдасам тиімді, шынымен үйрене аламын ба" деген сұрақ туады. Шет тілін шетелде тұратын маманнан үйренген тиімді. Себебі оның аурасы, энергиясы сізді еліктіреді. "Егер Құлпынай кәрісше үйреніп, Кореяда тұрып жатса, неге менің қолымнан келмейді?" деген ой туады. Рас па?) Күнделікті инстаграм парақшам, ютуб каналым арқылы Корея жайлы жүздеген ақпарат берсем, шабыт аласыз. Сторизде оқушыларымның пікірлерін оқып қызығасыз. Кейінге қалдырмай, сіз де тіл үйренуді бастаңыз. Корей тілі - Кореяны сүйетін жандардың қолындағы сәтті билеті💫Шетелге қыдырып барған адамның тіл біліп және тіл білмей барған кездегі әсері жер мен көктей. Жарқын болашаққа мақсаттар құрып, оқуға түсесіз, карьера құрасыз. Болашағыңыз - өз қолыңызда. Мен де сіздің алғашқы деңгейден корейше сөйлеуіңізге барымды саламын. Ол үшін: ✔адам саны шектеулі мини-топ жинаймын ✔үй тапсырмасын кәріс мұғаліміне тексертемін ✔ақпараттың дозасы көп болмас үшін, аптасына 2 рет 2 видеосабақ беремін ✔сіз үшін ыңғайлы болсын деп, инстаграмның жабық парақшасында тікелей эфир өткіземін ✔сабақтарды талқылап, жеңіл тілмен түсіндіремін ✔кез-келген сұрағыңызды жауапсыз қалдырмаймын ✔телеграмда кері байланыс жасаймыз Сізден керегі: ➕тіл үйренуге құштарлық ➕жауапкершілік ➕интернет пен қағаз-қалам Сабақ 6 деңгейден тұрады. Әр деңгейіне өткен сайын корейше жетік меңгеріп шығасыз. Оған бар-жоғы 6 ай ғана уақыт қажет. 1 деңгейді 1 айда меңгеріп шығасыз. Осының бәрін үйден шықпай, жасауыңызға болады. 🏷Курс құны - 10,000 теңге 10-қарашадан бастап 12,000 теңгеге өседі. Күніне 400 теңге. Бұл айда өзіңізге аксессуар не киім алмай, ақшаны болашағыңызға жұмсаңыз. 1 айдан соң менімен корейше сөйлесуіңізге кепілдік беремін😉 📍"Құлпынаймен корей тілін қазақша үйрен" авторлық курсым 14.11.20ж басталады ⠀ Тікелей эфир әр сейсенбі сағат 19:00-де және әр сенбі 13:00де (Нұр-сұлтан уақытымен) Курстағы оқушыларым, сабақ ұнап жатыр ма? Үйден шықпай-ақ үйренуге болады ғой?) #корейшеқазақшаүйрену #корейтілікурс #курскорейскогоязыка🇰🇷🇰🇷🇰🇷 #корейтілі #құлпынайменкорейшеүйрен #koreanworld #құлпынайбайтуова# https://www.instagram.com/p/CHSQXo0nYxr/?igshid=jrmp7wn5lae1

Дауысты және дауыссыз дыбыстырға бір бір мысал. Ал сіздер қайталап жазып көрсеңіздер тез естеріңізде қалады, әрі сөздік жатта
+1
Дауысты және дауыссыз дыбыстырға бір бір мысал. Ал сіздер қайталап жазып көрсеңіздер тез естеріңізде қалады, әрі сөздік жаттайсыздар

Уақыттың аудармасын тауып сөйлем құрап көріңіздер💋
Уақыттың аудармасын тауып сөйлем құрап көріңіздер💋

Ал сағаттарды қалай айтуды білмесек осы бейнежазбадан қайталап көре аласыздар https://youtu.be/KXlzmeX7Q3g