Корей тілі / 한국어 / Корейский / Kulpynay_korea
Open in Telegram
Кулпынаймен бірге корей тілін оңай әрі тез үйрену Қазақ тілі мен корей тілінің грамматмкасы бір біріне қатты ұқсайтындықтан корей тілін тез үйрене аласыз 한국어를 같이 공부합시다 ▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼▽▼ https://www.youtube.com/channel/UCt9CIXUMXb9wGfS6K56P3Kg
Show more8 689
Subscribers
No data24 hours
-47 days
-7530 days
Posts Archive
Тіркелу үшін инстаграмға жекеге жазсаңыз болады @kulpynay_korea
КОРЕЯҒА КЕЛМЕЙ ЖАТЫП АЛДАНЫП, ПОДВАЛДА ЖАТҚАН ҚАЗАҚТАР КӨП🥲
Виза ашылғалы, мұнда жұмыспен, денсаулық мәселесімен, оқу жайымен, тіпті қыдырып келіп жатқан қазақ көп. Бірақ алданып жатқандары қаншама!
- саған тур маршрут жасап берем
- KETA толтырып берем
- отель брондап берем
- аэропорттан тез өткізіп жіберем
деп алдайтындар да көбейген. Кореяға ұщып келсе, қағаз-құжаты дұрыс емес, отель брондалмаған, өзі еще тіл білмейді. Сөйтіп жүріп, миллионға қарызға кіргізіп жіберген😠
Таңғы 5-6-да парақшамды тауып алып, дайрекке звондап, “подвалға түсіп қалдым, шығарып жіберіңізші” деп көмек сұрайды. Туристический маршруттары бір, ксерокопиядан өткізе салғандай. Оны көрген адамдар “қанша сұрасаң да дайынмын, осы елге кіруім керек” деп жатады.
Дәл осындай проблемаға ұрынбай, артық ақша төлемей, KETA-ны өзіңіз толтырып, аэропорттан аман өткіңіз келсе, кәрісшені базовый білудің өзі жетеді. Медициналық мақсатта былай тұрсын кез келген мақсатта келе жатқан пациенттің 90%-ы допросқа түседі. Амандасып, атыңызды айтып, не үшін келе жатқаныңызды түсіндірудің өзі қандай! Аспаннан түскендей болсаңыз, кім жақтырады?!
Мен айтпаймын, кәріс тілін білмесеңіз, Кореяда өмір сүру қиын деп. Қажеттілікпен қиналып жүріп үйренесіз. Бірақ Кореяға келмей тұрып, аузыекі сөйлесуден хабарыңыз болса, шаруаңыз тез бітеді.
Сол үшін сіздерді 13-ақпанда басталатын авторлық курсыма шақырамын.
1-деңгей Астана уақытымен 18:00-де инстаграмда жабық парақшада өтеді, эфир сақталады
2-деңгей зумда Астана уақытымен 17:00-де болады, видеозапись сақталады.
3-деңгей зумда Астана уақытымен 19:00-де өтеміз, видеозапись сақталады.
💥Курс бағасы:
1-деңгей 15,000 теңге(45,000вон)
2-деңгей 20,000 теңге (60,000 вон)
3-деңгей 25,000 теңге (80,000 вон)
Карантин кезінен сұранысы артпаса, түспеген курс. Кореяда еркін жүріп, мақсаттарыңызға жету үшін, кейінге қалдырмай білім алыңыз.
Тіркелу үшін сайтқа өтіңіз
#кәрістіліонлайн
#корейтілінқазақшаүйрену
#корейтілі
#кәрістілі
#корейскийязык
#кәрістілікурс
https://www.instagram.com/p/C3AS_62rMbB/?igsh=OWFkeng1Mnh2MGdl
“ШЫН ЕСІМІҢІЗ ҚҰЛПЫНАЙ МА?”
деп сұраған жаңа оқырмандарым, қош келдіңіздер!) Көптен бері таныстыру пост жазбаппын.
Азан шақырып қойған есімім - Құлпынай. Шымкенттің қызымын. Леңгір жақта туып - өстім. Осы жолы руымды айтайыншы: Дулатпын. Дулаттар, группа поддержки болыңдар десең, иә😅
Жасымды да айтпаушы едім. 1991 жылғымын. Алматыда оқу оқып, жұмыс істеп жүріп, кәріс азаматымен таныстым. Үйленгенімізге биыл 8 жыл.Бір ұлымыз бар. Жасы 5-те. Садикке барып жүр. Кәрісше-қазақша (аздап) сөйлейді. Кореяның Инчхон қаласында тұрғанымызға 9 жылдан асты. “Неге қазақ емес?” дейтіндерге: тағдырым сондай. Маңдайға жазғанды көреміз.
Соңғы 3 жылда блогымды жүргізіп, кәрісше сөйлеуді үйретіп, ютуб - каналыма жиі видеолар түсіремін. Кореяға қатысты гуглда жоқ ақпараттарды оқуға болады. Қазір ерінбей басынан бастап қараңыз. Әлі алда өз көзіммен көрген, шынайы оқиғаларды пост қып жазамын. Жылына 3-4 рет корейский бренд косметика сатумен де айналысамын. @kulpynay_korea_beautyshop деген дүкенім бар Шымкентте. Кореядан тікелей косметика жіберемін. Оны да айта салайын. Медицина мен заң саласында кәсіби аудармашымын. Мені бұл жақта полиция учаскесінен, соттан, больницадан кездестіруге болады))) Офисім - Инчхон және Каннамда.
Айтпақшы, құттықтап қойыңыздар🎈Жақында “Medi-K Korea” @medi_k_korea деген мемлекет реестрінде заңды тіркелген компаниямды ашып, Қазақстаннан емделуге келген отандастарға көмек беремін. Медициналық аудармашымын әрі виза, ем алу бойынша толық консультация жасаймын. Емделіп, тексеріліп болып, елге қайтқанша қасыңызда жүремін😁
Қарапайыммын, күлімдеп жүрген ұнайды. Бірақ мінезім жұмсақ деп ойлап қалмаңыздар:) Ешкімге тиіспеймін, тиіскенді аямаймын😅Осы жолы елге барып тұрып, оқырмандармен кездесе алмадым. Әбден әке-шешемнің қасында құрт-май, қазы-қартаға тойып қайттым. Жақын арада тағы бір жақсы себеппен барамын. Сонда кездесеміз.
Ал енді өзіңіз туралы айтсаңыз? Есіміңіз кім? Қай қаладансыз? Немен айналысасыз? Мені қайдан танисыз? Қалай таптыңыз?
#кореядатұратынқазаққызы#қазақшаблог#кореядағықазаққызыныңөмірі#танысупосты#кореяқазақстан#кореядаемделу#
https://www.instagram.com/p/Cfq9jYWLQ6W/?igsh=MW81c3UyaGQ4eDFoYQ==
2024 ЖЫЛҒА ҚАНДАЙ МАҚСАТ ҚҰРДЫҢЫЗ?
Жаңа жыл алдында өз басым қызыл блокнотымды құшақтап, жаңа жоспарлар жазып қойдым. Бұйырса орындалуына әрекет жасаймын!
Егер сіз де жоспар құрсаңыз, оның ішінде Кореяға келу, кәріс тілін оқу, универге оқуға түсу, жақсы жұмысқа тұру болса, көп ұзамай орындалатынына сенемін! Себебі дәл Жаңа жыл қарсаңы курсқа жаңа топ жинаймын😍
Неге именно кәріс тілін үйренуіңіз керек? Себебі Кореяға көшіп келгеніме, кәрісше сөйлеп жүргеніме 11 жыл болды! Осы уақыттың соңғы 4 жылы кәріс тілін үйрету курсын өткіземін. Әр потокта кемі 35-40 оқушы оқиды. Сұраныс жоғары. Себебі сабақтың сапасы жоғары болғанмен, бағасы қолжетімді. Кітаптың тілімен емес, күнделікті өмірде қолданатын сөздерді көбірек үйретемін. Сосын 15 мыңға 1 айда тіл үйрену мына заманда мүмкін бе, жоқ па?) Мейлінше көбірек адам тіл үйренсін деп, бағасын арзан ғып қойдым. Бір тіл - бір әлем.
Осы мүмкіндікті пайдаланамын десеңіздер, жаңа поток 9-қаңтар күні басталады.
1-деңгей әр сейсенбі және сенбі Астана уақытымен 18:00 де инстаграмда тікелей эфирде кездесеміз (эфир сақталады).
2-деңгей әр сейсенбі және әр сенбі Астана уақытымен 17:00 де зумда кездесеміз (видеозапись сақталады)
1-деңгей 4-қаңтарға дейін 13,000 теңге(40,000вон), 5-қаңтардан бастап 15,000 теңге(45,000вон). 2-деңгей 20,000 теңге(60,000вон)
2024 жылда өзіңізді Кореяда көргіңіз келсе, Құлпынаймен бірге кәрісше үйреніңіз! Менімен мақсатыңызға бір табан жақындаңыз. Жаңа жылды жаңа біліммен бастаңыз. Кәріс тілі сіз ойлағаннан да жеңіл, оңай.
Тіркелу үшін профильдегі сайтқа жазыңыз
#кәрістіліонлайн
#корейскийязык
#корейтілінқазақшаүйрену
#корейтілінүйрену
#한국어공부
https://www.instagram.com/p/C1mLK1zr1FW/?igsh=MW9kb2Fqa3diNHZyZg==
Сіздерге келіп жеткен 2024 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін!
Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін! Бұйыртса кәріс тілін оқудағы мақсаттарыңызға сүрінбей жетіп, Кореяда жақсылықта кездескенше❤️❤️❤️
