669
Subscribers
No data24 hours
-17 days
-930 days
Posts Archive
біреуді шартсыз сүйе аласың ба?
2-3 жыл алдын сүйе алатынмын. Есейген сайын анализ жасай бастайтын болыппын, білмейм енді
ертең үйленсеңде осылай бар сырың ішіңде бола ма?қиналып кетпейсің бе?
А, жоқ, үйленсем Құдайдың құтты күні әйелімді құшақтап жылайтын не түбін түсіріп өсек айтатын болам
кейбір елде жігіттер лифтіде қыз/әйел болса "сізбен бірге мінсем ок ма?"деп сұрайды(әлбетте тек тұрғын үйлерде)харассмент,зорлау оқиғасы жиі болатындықтан көп қыздар жабық кеңістікте бейтаныс еркекпен қалуға қорқады.осындай мәселелер сені алаңдата ма?мән бересің бе?
Тап лифтке байланысты оқиға ойландырмапты. Бірақ харассмент деген енді ауырлау тақырып, шынымен. Мемлекет бақылауына алуы үшін тым майда, елемей қою үшін - тым ірі қылмыс. Алаңдатад әрине. Бірақ қазірше ұсынар шешімім жоқ.
"мужественностьті "сен қалай түсінесің?
Басыңа проблема туғанда "Хуйня, бірнәрсесін қыламыз" дейтұғын мінез
адамда дос көп болуы мүмкін бе?шын досың қанша?
"Ресейдің екі ғана одақтасы бар: флот пен армиясы" деп орыстар айтпақшы, менің де ақыл мен жігерден басқа құлай сенетін ешкімім жоқ. Достарым бар, оларға сенбегендіктен емес; Жай, ешкімге ештеңе айтуға бейіл емеспін, бар сырым өз ішімде айналуы керек деп ойлаймын.
Қазақ әдебиетінен қандай шығармаларды оқыдыңыз? Сізге ұнағаны қайсысы?
Қазақ классиктері дегендердің бәрінің тым құрығанда бір кітабын болсын оқып көргем.
Бердібек Соқпақбаев, Есенберлин - ІІ дәрежелі топ деңгей;
Төлен Әбдік пен Оралхан Бөкей - І дәрежелі топ деңгей.
Мен үшін осы енді
Мына сұрақтармен жауаптардағы термин сөздердің бәрін гуглдан жеке-жеке ашып қарау арқылы біраз термин біліп үлгердім,рахмет
ұмытып кетпе, бастысы
Бүгін Қадір түні дейді. Мынау былтырғы постым. Осыларды ұмытпаңдар, иә?
Ниеттерің қабыл болсын ❤️
Жаңадан қосылған оқырманмын, жазбалармен қойылған сұрақтарға қарап өзіңізбен қоса оқырмандарыңыздыңда ойлау қабілетіне тамсандымда қалдым
Топсыңдар, жігіттер, қыздар 🥳
Мұнша термин сөздердің бәрін миға қалай сақтауға болады?
Оқи бер. Ми өзі разберётся.
cancel culture жайында пікірің?
Қазіргі жағдайда норм. Азаматтық қоғамның қалауы мен мінезі бар екенін бизнесмендерге бизнес тілінде түсіндірудің ең оң әдісі. Бірақ уақыт өте адамдарды болмашыға әлемі шайқалғыш, ынжық етіп қоймаса екен деп тілейсің
Өзі адам бола тұра адамзатты жек көретін,хайуанға теңейтіндердің дені сау деп ойлайсың ба?
Әбден дені сау. Себебі адам да - айуандардың бір түрі, табиғаттың ажырамас бөлшегі.
ұнайтын қазақ ертегілері бар ма?
Ертегілер - жоқ, мен үшін тым цветочки деуші ме ед
Аңыз әңгімелер, мифтер, енді о-ооо-ооо, дала экшні. Мыстан кемпір, жезтырнақ, жетіқарақшы туралы. Бұрын үйде Алтын Орда дәуірінің бе, аңыздар жинағы болатын
әңгімелескенде собеседниктің көзіне қарауды қалай үйренсе болад?қысыламын.зб уже😅
тауыпсың сұрайтын адамды. мен де сондаймын))
Сыйлық беру немесе алу?
Сыйлық беру жағымдырақ. Алу - біртүрлі кіріптарлыққа жақын сезім сыйлайд.
қымбат адамдарыңа жылы сөз,жақсы көретініңді айтып,еркелей аласың ба?сухой боп көріндің
Дұрыс көргенсің. Жылы, жақсы сөз айта алмайм шынымен
