en
Feedback
данышпан қарға

данышпан қарға

Open in Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Show more
669
Subscribers
No data24 hours
-17 days
-930 days
Posts Archive
Q-Eli дейтін скетч болушы еді «Жетінші Арнада» естеріңде ме? Көрмеген болсаңдар, ресейлік «Наша Russia» немесе британдық «Little Britain» шоуының қазақстандық аналогын елестетсеңдер болады. Жанры ситком болмаса да, мазмұны ситуациялық комедия еді шынымен. Парақор "жол перілері", ҰБТ туғызған паранойялар, инстаграмщина, ата-әжесі тәрбиелеген павлодарлық бала, тағысын тағылар. Бәрі шетінен жиза еді. Әсіресе орысша түсінбейтін павлодарлық бала туралы эпизодтар солтүстік қазақтарына кәдімгідей шынайы өмір шындығы екен. Қазақстанның екітілді лагерьіне ортақ контент ұсына алған ең бір сапалы өнімдердің бірі сол еді. Сосын, алматылық гламур Salem Social келді де барлық әлеуметтік сұранысқа жауап беретін контентті тегістеп тастады. Содан бері ешкім қазақстандықтар арасындағы қарым-қатынасты реабилитациялауға арналған жобалар азайып барады. Пафостан аяқ алып жүргісіз. Youtube'тағы бір юзер жазғандай: «эхх, были же времена!»

Неліктен Жасанды Интеллект нашар әзілдейді? Google DeepMind командасы 20'ға жуық стендаперды жинап жасанды интеллектті бір концерт қойып беруге жарайтын әзіл жазуға дайындапты. (Карлин атамның қазасынан кейін дені сау әзіл естімей кеткеннен туған рухани кризис деп ойлаймын) Бірақ, Сабуров сияқтылардың қуанышына орай, құлтемір жарытып әзіл айтпапты. Өйткені, дейді, зерттеушілер: Тіл модельдері - дипломатиялық дағдылар, толеранттылық пен политкорректность деген сияқты бәлелерге негізделіп жазылған, ендеше одан өткір әзіл естімейсіңдер депті. ЖИ'дің асқан тәрбиелілігінің арқасында адамзаттың о бастан біреудің драмасын күлкіге айналдырған хайуан екеніне көз жеткіздік әйтеуір. "Өмірді ұзартад" деп қояд тағы ((

Ғайбаттағанда былай ғой, менің орамалдағы құрбыма көшеде бір шал “үйіңде шампунь мен су жоқ па, басыңды жуатын? Әлде, жезөкшесің бе? Жезөкшелер ғана солай өздерін тығылып ұстайды” деген.
Бұған "Тақырбастар бауырластығы" не дер екен? Бәлкім оларда да осы су мен шампунь мәселесі шығар?

Мені бейшара деген
ТОП-4

Жалмауыз, өсек айтшы. 1 ай болды жұмыссыз жатқаныма, етім үйренбепті. Өсек аңсап жүрм Тыңда ендеше. Адамды бір жамандайын деп жамандамайсың ғой. Соңғы 2 аптаның ішінде екі танысым ішіп кеткеніне куә болдым өз басым. Бірінші досыма 5 жыл бойы жүрген қызы аяқ үстінен келіп "осы айдың соңында ұзатылам" деп кеп тұр дейді. Әй жоқ, шай жоқ, кофе жоқ. Әрі қарай қазбалаудың мәні жоқ екенін біліп wtf?? дедім де стақандас болдым да кеттім. Екінші досым... Оның да басында тап осындай проблема. Махаббат жоқ дегендерге соларды көрсетіп аузын жабушы ем. Мұнысы болмады. Неге өйтед?

Өзімнің “идеал” болғанымнан ба, әлде өзім солай санайтындықтан мүмкін осы күнге дейін өзім туралы басқалардың айтқан “ғайбаттарын” естімеппін. Бірақ өсек десе ішкен асын жерге қоятын “өсекқұмар” халқыма айтатын бір оқиға болды) Махаббат деген сезімнің жетегіне еріп, бұрында мектеп кезінде екі сыныптасым парочка болып кеткен еді. Мүлдем миға симайтын нәрсе болды себебі екеуі екі түрлі адам еді. Құдайдың құтты күні ұрсып жататын. Сөйтіп арада уақыт өткен соң екеуі ажырасып кетті😂(жігіт пен қыз ретінде әрине) содан қыз басқа бір “замена” деугеда турарлық емес, қалталы адамды тауып алды. Біздің тілімізше мутили. Гүлдерін алып жүрді. Бірақ ееееең қызығы басындағы екі парочка кері қосылады. Ал ана замена бала в сторонке курит болып калып койды. Скучный өмірден құтқарған индийский сериалымыз осы болды:) p.s бұл оқиғаның болғанына 2,3 жыл болып қалды. Қыз туралы да бала туралы да ештеңе естімедім
ТОП-3

Сіздей сері жігіттің жүрегіне қалай жол табуға болады? 2GIS'те бар: 101 роза берсең болад, Мұрат Әбділданың суреті бар носки сыйласаң болад, бірге отырып біреуді ғайбаттасақ та еріп кететін сияқтымын 🥰

Бонус ретінде: Маған поқу саған айтам Бейбіт тыңда. Жігітім бар(болған болып қалмаса). 3 ай бойы дерско махаббат болып жүрдік. Енді 3 күн бұрын оның далбаептығы үшін ұрсысып қалдық. Ол мал маған әлі ситуацияны түсіндіріп дұрыс жазбады. Блять жігіт деген не керек дейін десем бірге өткізген күндер есімнен кетпейді. Чотам жігітті тастайын ба? Вроде тастаудан басқа выбор жоқ сияқты. Сосын сенің басыңды айналдырып алам, абайла!
Ок 👍

1. быттиып кеткен жап жас боп алып, байда алмайтын шығар осыны👍 2. Алматыға оқуға түскенімде, туысымның«қаңғып қалды енді»дегені. Ааайдаладағы адамға айтқан ғой. Тізім жаңартылады (деп үміттенемін)

Жазылған ғайбаттардың ТОП-10'н құрасам?
Anonymous voting

Осы арнада ғайбат жайлы көп айтуымыз - әсте арсыздығымыздан емес болар: шынында өсек-аяң адамға ерекше ләззат сыйлайтындай. Есту де, айту да. Бір-екі ауыз сөз айтып жанап өтсең де. Өйткені әңгіме, әйтеуір, сен туралы емес. Мүмкін қоғамдық қатынастардың драйвері де, осы, ғайбат болар (?!) Ал өзің жайлы өсекті есту ше? Өзің жайлы айтылған қандай өсектерді білесің? Бізбен бөліс: https://t.me/anonim_mail_bot?start=318962607 Өйткені біздің ғайбатқа әрдайым есігіміз ашық

Пара алатын мәдениет қайраткерлерін де көрдік, адам ұратын діндарларды да көрдік. “Тоғызыңда қандай болсаң, тоқсаныңда сондай боласың” деген рас. Жалпы айтқанда адамның кішкентайында мінез-құлқы қалай қалыптасқаны, ата-анасынан не көргені, қандай тәрбие алғаны шешуші рөл ойнайды. Одан кейін оны мәдениет те, өнер де, дін де өзгерте алмайды. Адам табиғатынан қатал, қатыгез болса мейлі әлемнің ең үздік діни білімін алса да айтқан уағызында, ұстанымында, жүріс-тұрысында сол қаталдығы білініп қап жатады. Табиғатынан алаяқ адам қажылыққа барып келсе де ол әдетін тыймайды. (Әңгіме философиядағы жақсылық пен жамандық деген тақырыпқа ойысып барады. Ол енді бөлек тақырып) Керісінше табиғатынан биязы, арлы, адал адам қандай дінге кірсе де, дінге сенбесе де көп жағдайда (арнайы оқытылмаса) сол қалпын бұзбайды. Қайта ондай адам ұстанған дінінің мәртебесін көтереді. Адамдығы, адалдығы кейбір діндарлардан асып түсетін атеисттер де, агностиктер де, деистер де бар. Мен бұл жерде дінді, мәдениетті қаралап тұрғаным жоқ. Мәселе адам табиғатында болып тұр. Дінге кірген адам жамандықтан тыйылуы мүмкін. Егер Құдайдың жазасынан қорқып тыйылған болса онда ол толық өзгерген адамға жатпайды. Иә, адам өзгермейді емес өзгереді. Соғыс, махаббат, қаза, ғашық болу секілді ұлы оқиғалар көп жағдайда адамды қатты өзгертуі мүмкін. Ал басқа жағдайда адамның өзгеруі қиын. Сондықтан әділет, этика, заң, ереже, тәртіп, құқыққа біз қатты мұқтажбыз (адамзаттың ең үлкен жетістігі заң ойлап табуы) Үйімізді құлыптап уайымсыз кете бере алуымыз, бала-шағамызды сыртқа уайымсыз жібере алуымыз осы құндылықтар қоғамда қаншалықты жұмыс жасайтынына байланысты. Зұлымдыққа ұшырасам құқығым қорғалады деп ойлайтын болсақ, жақсылықтан күдер үзбеген болсақ, көшеде емін-еркін жүре алатын болсақ онда әлем қазіргідей әлем болуына өмірін арнаған, сол жолда құрбан болған, күрескен қаншама философтарға, интелектуалдарға, жазушыларға, ғалымдарға, қоғам қайраткерлеріне қарыздармыз. Әйтпесе мына тұрған дүкенге бару мұң болар еді. (c) Facebook, Roman Burkash

#РитаСкитер "Ером, жазып қойшы мынаны бір жерге" (с) Үшбу посттың астына - оңаша әңгіме кезінде, жеке чаттарда немесе азшылық орталарда өзің айтқан данышпан фразаларыңды жазып кетсең болады. Былай интернетте Черчилльдің цитаттарымен бірге тұратындай, «ох, мынаны зор айттым-ау» деген даналықтардан. Жергілікті қазақ фольклорынан ауыз тиейік.

Мынау шын балық емес, разведка жасауға арналған робот. Құстар туралы коснспирология есебіне +1 ұпай

#qazaqdepression Мектептегі итбіліппенешінші күн. Мектеп сияқты жарты орта білім беру ошақтарында академиялық шынайылыққа баспен кету қаншалықты орынды? Емтиханда көшірме! Сөйлеспе! Аспанға қарама! Жұлдызды санама! т.с.с. Уоу, көке, оқушы тап сол емтиханды тапсыра сала F-35'тің айдап кетейін деп отырған жоқ. Оның үстіне, ол өз еркімен келген жоқ мектепке, мемлекет оны "өмір сүруге жететін - оқи алатын, жаза алатын, көтке кіре алатын ең қарапайым дағдыларды үйретіп берсең жетеді" деп мәжбүрлеп жіберіп отыр. Білім культі, білім культі... Жақсы нәрсе сияқты. Бірақ біртүрлі бәрібір.

#күнхикметі Шашым бар кезде үйленіп алғаным дұрыс бопты (с) рандом көкенің даналығы

Күніге көрем

Repost from YerlanGo - 44+
Марко Поло көрдім деген ит басты адамдар қазір қайда? Түркістан жақта көрді деп ойлаймын. Меніңше, олар әлі бар.
Марко Поло көрдім деген ит басты адамдар қазір қайда? Түркістан жақта көрді деп ойлаймын. Меніңше, олар әлі бар.

И вечером никто не ждёт, И делать можно всё, что хочется. Но как ты это назовёшь: Свободой или одиночеством?

04:38 шшс... екі ауыз сөзбен айтатын әңгімені ((