669
Subscribers
No data24 hours
-17 days
-930 days
Posts Archive
Тойдың, жалпы, сұраныстың кесірінен ізінен тайған әншілер көп, иә? Төреғали лирикалық әндерді жақсы айтады да, бірақ дікс-дікс әндермен танымал болып, соған бет бұрып кеткен.
Жап-жақсы ақын бола тұра ұрлап айтуға да ұялмайды. Жоқ, ойымнан айнып қалдым, чорт екен ол да ((
"Адамзат ДНҚ-ны ойлап тапқанға дейін-ақ бабаларымыз гендік ауытқулар болатынын біліп 7 ата ұғымын енгізген. Біз 7 атамызды жатқа білеміз, сондықтан біздің қанымыз таза", - деп дала экзотикасымен мақтанып отқан бір қазаққа шетелдік келіп "шешелерің жақтан да аталараңды/апаларыңды білесіңдер ме?", - деп сұрапты.
Қаззақтарды келесі рет жерге кіргізе кетейін деген ойы болмаған деп топшыладым енді. Сонда да, сандыққа салып, қонақ келгенде ғана көрсетіп жүрген азын-аулақ мақтанымызды да оңдырмағанын көріп, кәдімгідей өзімді черт сезініп қалдым. Ферранте әпшем айтқандай, балдар кімнің генін алатынын ешқашан таппайсың. Ендеше біз бар болғаны «выживший» ұрпақпыз.
Мақтанатын басқа нәрсе табайық, жиги
Repost from Meyrkhanus+
Бүгін таңертең Тұңғыш Президент паркінде 2-3 сағат серуендеп қайттым. Негізі Назарбаев кезінде жағымпаздану бойынша мастер спорттардың бәрі жақсы өмір сүрді ғой. Бірақ президенттің алдына «Сіздің атыңыз берілетін парк ашайық» деп барған адамның қолын қысып, ризашылығымды білдіргім келеді. Бұл жағымпаздану арқылы да көпшілікке пайдасы тиетін әрі сауапты амал жасауға болатынын көрсетті. Алматыны осы парк үшін жақсы көруге болады.
Паркте ешқашан өмірімде көрмеген бірақ әлеуметтік желідегі достығымыз 10 жылдан асқан танысымды жолықтырдым. Фейзбуктегі суретіне қарап, оны үлкен адам деп жүрсем, шынайы өмірде жап-жас көрінеді екен. Мен оның орнында болса өзін суретте мұншалық кәрі көрсететін Apple компаниясын сотқа берер едім (қолындағы айфонына қарап, суретке сол смартфонымен түсетін шығар дедім).
Бірді айтып, бірге секіретін қазақпыз ғой. Айтайын дегенім, паркте жүріп уақыт туралы көп ойландым. Былай қарасақ, біз үнемі кешігіп жүретін адамдарды ұнатпаймыз. Ал егер сен салық инспекторы әлде жан алушы Әзірейіл періште болмасаң, қай жерге болса да ерте келгенің үшін ешкім саған ренжімейді екен.
Эрих Мария Ремарк деген жазушы «Біз үлкендердің алдауымен соғысқа барып, сонда уақытымыз бен жастық шағымызды тастап келдік» дейді. Ремаркпен толық келісем. Расымен де, әдетте біз біреуге алданған кезде ғана уақыт жоғалтамыз.
Мысалы, 17 жасымда Лена есімді көрші қыз "сен Джош Хартнетт деген актерге ұқсайтын сымбатты жігітсің" деп еді. Сол сөзге сеніп қалып, ақыры шындықты мойындау үшін (яғни, оған мүлдем ұқсамайтынымды түсінуге) ұзақ уақыт керек болды. Сөйтсем, Лена біздің үйдегі (ауылда интернеті бар жалғыз үй) интернетті тегін қолдану үшін солай айтқан екен және ол осы типтес "комплименттерді" басқа да жігіттерден бір нәрсе керек болғанда сәтті қолданып жүрген. Оны бірде ауыл шетінен бұзауын таппай, сандалып жүрген Том Крузды 95 жылғы мұрны сәл қисықтау Қанатты жолықтырғанда түсіндім. Яғни, бір адамның жай қалжыңы қаншама уақытымды босқа жіберді😖😄
Бүгін серуеннің қортындысы: уақыт - бізде бар ең маңызды актив. Біз жас кезде белгілі бір деңгейде «уақытша миллиардерміз» деп айтуға болады.
Өз басым «бір рет өмір сүреміз ғой» деп адам шошитын талай күнә жасаппын. Ал бүгін паркте ой қорытып жүргенде «біз бір рет өмір сүрмейміз. Керісінше, күн сайын өмір сүріп, бір рет ғана өлеміз» деген ойға тоқтадым.
#жайойлар
Қайран заман десейші. Ресей және «орыс әлемі» - халықтың билікке шағымы көбейгенде, Қазақстан үкіметінің қайта-қайта ұрып тұратын мешогы болды да қалды бүгінде. Алтын Ордада ханды сайлайтын кезде, сайлауалды бағдарламасы ретінде Тоқтамыс Мәскеуді барып өртеп келе беретін кездер болған дейді ғой. Ресейдің главный министірі Пютинді/саясатын біздікілер де қит етсе ұрғылай беретін болып алыпты. Ішкі мәселелерді сыртқы саясатпен компенсация жасауды кімнен үйренгенінін білетін сияқтымын 😁
«Әрбір басталған бәленің артында хайуан Ланнистерлердің біреуі тұрады», - (с) Төбет Клиган
"Тақтар ойыны" aka "Алау мен мұз жыры" - 21 ғасырдағы ең үздік романдардың бірі. Онда барлық өркениеттер: Орда, Көне Рим, Көне Грекия, Арабстан, ортағасыр, діндердің пайда болуы мен қайта тууы, ренессанс, фанатизм, сиқыр, тіпті альхимия да бар-ей, жүгермектер. Тек НВО экрандаймын деп порнхабқа айналдырып жібергені қиын болған ((
Біреуді дұшпан санау да - нығмет болар, иә? Антогонизмге толы үнді фильмдерін көріп өспеген болсаң, қарапайым адам не от басып жүріп дұшпан арттырып алатынын түсіндіріп бере аласыңдар ма? Бұндай түсінік 100-150 жыл алдын құрып тынуы керек еді ғой.
Repost from N/a
Доктор Пек «Неліктен бұл өмірде жамандық бар?» - деп таныстарым жиі сұрайды. Бірақ ешкім: «Неліктен бұл өмірде жақсылық бар?» - деп сұрамайды. Олардың ойынша бұл дүние жамандықтан пәк, мөп-мөлдір әлем сияқты. Сол пәк әлемді оңбаған біреу келіп, жамандықпен былғап кеткендей.
Мысалы, адамның өзін-өзі тәрбиелеп, темірдей тәртіпке көндіруі таңғаларлық құбылыс. Есесіне еріншектік барлық адамға тән ортақ мінез. Еріншек болуды арнайы оқытатын курс жоқ. Есесіне сені дисциплинаға баулитын неше түрлі мектептер мен оқулықтар бар. Олай болса бұл дүние, керсінше, әуелден жақсылықтан ада, қараңғы әлем болатын. Ғайыптан тайып осы әлемге ізгіліктің дәні түскен.
©️Скотт Пектен
Байқадыңдар ма, халықтар неғұрлым оңтүстік жарты шарға жақын болса - соншалықты кедей
Жиі байқайтын бір нәрсем бар. Мысалы, Қуаныш Бейсек сияқты қоғамның зайырлы бөлігі мен консерватив бөлігіне ортақ идея ұсынам дейтін туындыларда мына кейсті жиі кезіктіруге болады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын көтеру үшін көп нәрсені ашып көрсету керек, соның бірі - әйелдер мизогиниясы. Анандиді тұрмысқа бержверген яки өгей жұртта қинаған - тек әйелдер болатын, мысалы. Қазақта да сол, табалдырыққа көсіліп жатвалатын, "біз де осылай келгенбіз" дейтін де - әйелдер. Қысқасы, әйелдің жауы - әйел түсінігі. Ол, шынымен бар нәрсе, қайда барып өле қалсаң да.
Енді осы нәрсені фильмде ашып көрсетсе фемилер "мизогинсің, бәріне әйелдерді кінәлі етіп қойдың" деп шығады. Көрсетпесең... Көрсетпесең, не? Өзің көргің келген нәрсені көресің де қоясың. Розовые очки шешілмей қала береді, ал анау тенденция жалғаса береді.
Фильм адамдарға жақсы бала болуды уағыздау керек пе әлде фактті - факт деп тіркеу керек пе, осы құрыған дилемма тұр алдымызда енді.
"Дәстүрге" барып келдім. Әсерім - кванттық суперпозиция сияқты яки шамамен былай: біреудің жамандап жатқанын естісем - фактілер айтып, керісінше, мақтап шығам, тиісінше, бірақ мақтап жатса - ғайбаттаудан алдыма жан салмайм.
Repost from my liberation notes
Есейе келе, жігітке "мен осы адамнан балалы болғым келе ме?" деп қарайтын боласың.
Бүгін бір үлкен кісіден естіген ақылымды айтайын.
Егер сендер біреумен келіспей қалсаңдар, - дейді: бірге бір шығып төбелесіп алыңдар. Әлі жассыңдар, күштерің бар. Жарияға жар салып, анда бір айтып, мында бір айтып бір-бірлеріңді ғайбаттап абыройларыңды түсіргеннен гөрі.. ешкім көрмейтін жердегі екеуара төбелеске не жетсін?!
Әттең, Исабеков пен Мағауиннің қарт болып тұрғаны 😁
