en
Feedback

Don't get caught by a cheater! Telemetrio finds and tags such channels 👉 If you want to see the tag, subscribe 👈

данышпан қарға

данышпан қарға

Open in Telegram

уикипедияға ұқсайтын бала

Show more
669
Subscribers
No data24 hours
-17 days
-930 days
Posts Archive
Қазақ әдебиеті ғана емес, халықтың 60-70 пайызы расымен Ресейден құтқарушы көрді. Еркiн қазақ 16-17 ғасырда Жоңғармен соғысып титықтап, Өзбектерге кiрiптар боп, сарттана бастағанда, таптық қайшылық өршiп кеткен еді. Байлар, дінбасылар, ишандар мен ұсталардың ғана дәурені жүріп, бас басына би болыс боп, ез халқын өзі қанаған империалистер көбейгені өтірік емес. Ауропа империализмiне тамсанған Алашорда мен Петрбордағы кадеттердің идеологиясы қарны аш қара халыққа түк қызықсыз болды. Кiм болса ол болсын, мына семірген қақпастар, парақорлар биліктен кетсе болды - деген ойда болды халық. Кедейден шыққанның интеллигент болуы неғайбiл кездер еді. Халық байларды жек көретін феодалдық құрылымда. Тек амалы құрып жүретін. Совет өкіметі орнамай тұрып та мамыражай болған жоқ. Хаос болды. Централизация жок жерде, есеп беру жоқ жерде, әр ауыл басы бас басына би болып, білгенін iстейд. Сондықтан, КСРО'дан жарқын үміт күткендер аз болған жоқ. Қара халқы, жұмысшылары патшаны құлатты дегенде, қазіргі Украина, Грузия, Қырғызға тамсанғандай, орыстың өр рухты қара халқының айбынына тамсанбаған тек бай қазақтар еді. Қалғаны бізге қашан байларды қан сидiретiн кез келер екен деп алақан ысып отырды. Ин факт, совет идеясының жұқпалылығы соншалық, одан Батыс капиталистері бұтына жіберетін. Халық Ресейге еріп, жүйені төңкерiп тастай ма деп, қорыққанынан өз халықтарына біраз жеңілдіктер, реформалар жасап, шығыны көп жобалардан бас тартып, капиталистік империалистік амбицияларының біразы ақталмай, үлкен елдер құлдырап жатты, аман қалғаны өз халқының жоғын түгендей бастады. Бұл пропаганда ғана емес, сол кездегі рухани атмосфера көрсеткіші. (с) Оскар Гаста

И так уйдут за годом год, так и жизнь пройдет, И в сотый раз маслом вниз упадет бутерброд. Но может будет хоть день, Может будет хоть час, когда нам повезет. (с) Виктор Цой. "Лето"

Жириновский өлгесін, Ресей оның орнын басатын басқа пропагандондар іздеп жатқан сияқты: бірде Зюганов, бірде қыртыған депутаттар, енді бірде Кеосаян Бірақ Жириновский сияқтыны енді табу қайдааа оларға? Ондай маестролар екі тумаайдыыы...

Еліктің лақтары
Еліктің лақтары

Біріккен Араб Әмірлігінің Президенті Халифа бен Зайд дүниеден өтті. Ең ірі мұнай магнаттараның қатарында еді. Енді фейсбуктег
Біріккен Араб Әмірлігінің Президенті Халифа бен Зайд дүниеден өтті. Ең ірі мұнай магнаттараның қатарында еді. Енді фейсбуктегі мынандай хабарламаларды шын сеніп оқитын болам-ау 😁

Repost from ArshatGo
Мынау тек Конгода кездесетін бонобо деген маймыл түрінің өкілі. Аты Канзи. 1980 жылғы бұл жігіт ағылшын тіліндегі 3000 сөзді
+5
Мынау тек Конгода кездесетін бонобо деген маймыл түрінің өкілі. Аты Канзи. 1980 жылғы бұл жігіт ағылшын тіліндегі 3000 сөзді түсінеді екен (Ұялыңдар, қазақтар). Суреттер арқылы сөйлеседі екен. Өз бетімен отын жинап, от жаға алады. Тамақ пісіруді де үйреніп алған. Болғасын бәрін жинап тастайды екен. Конго аңыздары бойынша, боноболар бұрын адамдармен бірге тұрған, кейін өздері бөлек кетіп қалыпты

#эпизодтар #көрші Қызық, иә? Интеллигент көршілерің болады. Интеллигент болғанда - жалпылама емес, нағыз қазақ интеллегенті. Байтұрсын көзілдірік, Бөкейхан пальто киген. Әсіресе, лифт алды талас болғандағы ізетті айтсаңыз! "Жүгіңіз көп сияқты, мен кейін мінермін" "Ғафу етіңіз, сыясыз, кіріңіз!" "Жоқ, айта көрмеңіз, күткеннен кішірейіп қалмаймын, Сіз мініңіз!". Түһ! Сондай бір қазақтар бар деп, өзіңше масаттанып жүргенде, бір күні, дәлірегі бір түні олардың... сондай сүйкімсіз дауыспен бүкіл подъезге даусы жетіп жаңғыртып ән айтып жатқанын естисің... Е, бұлар да біз сияқты - ауылдан кеткенмен, әлі қалаға жетпеген пенде екен ғой деп, аппақ бұлттан жасап алған образдарыңды умаждап, көңіл шелегіне лақтырасың баяғы...

#эпсилон #тарихмарих Медиа арқылы жасалатын манипуляцияға сенбеу туралы: 1991 жыл, тамыз: ГКЧП'ның 8 генералы: Михаил Горбачев айықпас ауруға шалдыққан. Оның енді аз ғана өмірі қалды. 2022 жыл, мамыр: ГКЧП'ның 8 генералы әлдеқашан о дүниеде. Ал Михаил Сергеевич әлі тірі.

Ысырапты "исраф" деп айтқаннан автомат түрде иманды болып кететін болсаң ше. "Саған - тағы бір ұпай!" десе періште микрофонмен. Әдемі қыздар "+1" деген плакатпен айналып шықса сосын. (с)

Repost from saturn
Әлем сұр емес, біз дальтоник боп барамыз! Мали дело говорит x2

Келесі күні маршал И.Ко­невке келдім. Көрі­ніп тұр: бүгін көңіл күйі жақсы емес. – Оқы, – деп бұрқ етті де, кең кабинетте тынымсыз жүре бастады. Шамасы, күйіп тұрған бір мәселе қинайтын секілді. Шікірейіп алып, мақтау естуден үмітті кейіпте өр деммен бастадым. «Жеңіс – бұл ұлы мереке. Бүкілха­лық­тық салтанат пен шаттық күні. Бұл...» – Жетеді! – Маршал зірк етіп бөліп тастады. – Шаттанып болдық қой! Естудің өзі жиіркенішті. Сен мынаны айтшы одан да, туғандарыңның бәрі соғыстан оралды ма? Аман-сау қайтты ма бәрі? – Жоқ. Тоғызымыз кем шықты, оның бесеуі хабар-ошарсыз кетті, – деп міңгірледім, оның неге бастап бара жатқанын ұқсам бұйырмасын. – Тағы үшеуі балдаққа сүйеніп келді. – Қанша адам жетім қалды? – деді қанағаттанбай. – Жиырма бес жас бала және алты қаусаған шал-кемпір. – Ал солар қалай өмір сүрді? Мемлекет қамтамасыз етті ме? – Өмір сүрген жоқ, әйтеуір, өлмес­тің күнін кешті, – деп шынымды айт­тым. – Қазір де оңып тұрған жоқ. Хабар-ошарсыз кеткендердің отба­сына ақша қарастырылмаған... Шеше­лері мен жесірлері жылай-жылай көзі бұлаудай болды, бәрі аяқасты біреуі бол­са да, оралып қала ма деп үміт­тенеді. Әбден титықтап бітті... – Онда туған-туысың қайғырып жатқанда сен неменеңе жетісіп шаттанып жүрсің? Отыз миллион қаза болғандар, қырық миллион мүгедек пен тәлкекке ұшыраған солдаттың отбасы қуана ала ма? Олар азаптанады, мемлекеттен бақыр тиын ғана алатын мүгедектермен бірге қина­лады... * * * «Совершенно секретно» деген таң­басы бар қағаз цифрдан көрін­бейді. Қаншалық ішіне кірген сайын, соншалық жүрегім шымырлап кетті: «...46 миллион 250 мың адам жара­ланды. Үйіне оралған 775 мың майдангердің бас сүйегі жарылған. Бір көзі жоқтар – 115 мың, соқырлар 54 мың. Бет-аузы бұзылғаны – 501 342. Мойын омыртқасы қисайғаны – 157 565. Қарны жарылғандар – 444 046. Омыртқасына зақым келгені – 143 241. Жамбас жағынан жараланғандар – 630 259. Жыныс мүшесі жұлынғандар – 28 648. Бір қолы жоқтар – 3 миллион 147. Екі қолы да жоқтар – 1 миллион 10 мың. Бір аяғы жоқтар – 3 миллион 255 мың. Екі аяғы жоқтар – 1 миллион 121 мың. Қол-аяғының бір бөлігі жұлынғандар – 418 905. «Самаурын» аталып кеткен, қол-аяқсыз тұл қалғандар – 85 942». * * * Соғыстан кейін мүгедек жауынгерлерге Сталин басқарған үкімет көк тиындық құны жоқ жәрдемақы тағайындап, ең бір бейшара кейіпте күн кешуге мәжбүрледі. Сонымен тоқтамай, мемлекет мүлкін үнемдеу мақсатында мүгедектерді жүйелі түрде ВТЭК-терде қайта куәландыру (мүгедек еке­нін растау – ауд.) арқылы қорлық­қа салды: бұл сорлының жұлынған аяғы немесе қолы қайта өсіп кетпеді ме, тексерейік дегендей. Онсыз да қайыр­шылық күйде жүрген, жәбір­ленген Отан қорғаушысының жәрдем­ақысын қысқарту үшін ғана мүгедектіктің басқа сатысына ауыстыруға ұмтылды. Кедейлік пен кембағал тіршілік қабаттасып, мүлде құрып біткен денсаулық тығырыққа тіреп, ішімдікке салыну, азапқа түскен әйел­дерінің жазғыра бастағаны, от басы ошақ қасындағы айқай-шу адам төзгісіз жағдайға алып кел­гені жайлы айтты. Бұл жағдай ақы­рында физикалық жағынан кем­дік­ке түскен жауынгерлерді үйден көшеге алып шықты, олар алаңдар­да, вокзалдар мен базарларда көбіне­се қайыршылықпен күнелтті, беті­мен кетті. Әбден құрып біткен қаһар­мандар бірте-бірте құрдымға кетіп жатты, бірақ ол үшін кінәлі олар емес болатын. * * * 1949-дың жазында Мәскеу аса құр­метті көсемнің мерейтойын тойлауға дайын­дала бастайды. Астана шетелдерден қонақтар күтіп отыр: жуынды, тазарды. Ал мынау жауынгерлер – балдаққа сүйенген, арбаға мінген, жер бауырлаған, қаптаған әлгі «тасбақалардың» «басынғаны» сонша – дәл Кремльдің алдында на­ра­зылық білдірді. Бұл халықтар көсемін сұмдық ашуландырды. Содан ол: «Мәскеуді «қоқыстан» тазар­тыңдар!» – деп айқай салды. Өзі әрең шыдап жүрген биліктің күткені де сол еді. Әбден тойдырып біткен, «астананың көркін кетіріп тұрған» мүгедектерді жаппай ұстау басталды.

Фейк...! Подделка...(((
Фейк...! Подделка...(((

#эпизодтар #СатыбалдыStyle - Тұр-ай, жетпегір, тұр! - Мама, бүгін демалыс емес пе, шамалы ұйықтайыншы! - Қайдағы демалыс ептібайымайд! Біздер негр емеспіз бе?

#эпсилон #пролетариат "Интеллигенция" деген - таза советтік тап қой, иә? Ағылшынтілді ортадан осы сөздің баламасын кездестірмедім. Адамды оқыған-оқымаған деп бөліп, біреулерді "ауыр" ойлары үшін трактористен жақсы деген ұғым тек бізде сірә. Композитор неменеге трактористен жақсы өмір сүруі керек?

Путин... әлгі... Украина халқын Жеңіс күнімен құттықтапты ахахах
Путин... әлгі... Украина халқын Жеңіс күнімен құттықтапты ахахах

Соңғы кездері Хитлер мен Үшінші Рейхті тек антисемиттік саясаты үшін жек көретін сияқты әсер қалдырып жатыр, барлық нәрседе. Батыс пропагандасы Екінші Дүниежүзілік Соғысты тек еврейлердің проблематикасына айналдырып жіберіп жатқандай. Посткеңестік кеңістікте ІІ ДЖС-қа деген жеңімпаздық, ура-патриотизм рухы қандай болса, батыс тек Холокостты дәріптеумен шектеліп келе жатқан сияқты. Кино/шығармалар/медиа-пропагандадан алған әсерім. Жаңа буын ІІ ДЖС'тың бүкіл адамзаттық трагедия екенін ұмытып бара жатқандай. Имхо, әрине.

Төлегеннен «2 адам болса да, 1000 адам болса да, "мерекелеріңмен" емес, "мереке құтты болсын" болады» деген пост күтіп отырм

Жылда осы күні арым қиналад ше...

"Аталатсаң да, боталатпа", – депті қазақ деген кісі. Көпті көрген адам болған-ау соған қарағанда

Тыңдай біліңдер 🙂