669
Subscribers
No data24 hours
-17 days
-930 days
Posts Archive
Қорқыңдар, қорқыңдар, я пенделер, тупо қорқа беріңдер: бәлкім - Жұмаққа барып қалармыз???
Ол фашист болып жұмыс істейді. Оның мамандығы сондай.
(с) Валерия Новодворская - Дугин туралы.
Әйгілі Эркьюл Пуаро мен мисс Марпл сияқты персонаждарды өмірге әкелген криминалистік әдебиеттің нар тұлғасы Агата Кристиден «адамдарды өлтірудің осындай аяусыз, қатігез сонымен қоймай өте мұқият жоспары миыңызға қалай келеді?» деп сұрағанда, әруағыңнан айналайын жарықтық Агата әжей «бұл сценарийдің басым бөлігін мен ыдыс жуып жатқанда ойлап табам» деген екен...
Осы қарындасымды әке-шешесі бекер маған қарауға тастап кететін. Қалай ғана маған тартып кетті бұл? ((
Repost from ArshatGo
Жапонияда алкогольды насихаттау бойынша конкурс болып жатыр. Жапон жастары ішпейтін болып кетіпті. Нәтижесінде ел 357 млрд доллар көлемінде салықтан да айрылып отыр екен.
Уақытша Жапонияға бара тұрсақ па екен? Шамалы тиын істеп қайтатын...
Қаззақ нацилерді Германияға апарып тастаса, бір жылдан кейін немістердің – Данцигті сұрап - поляктармен; Судетті сұрап - чехтермен; Эльзас пен Лотаренгияны сұрап - француздармен қырылып жатқанын көруге болар еді.
Әй, йоптвайматтар, көзді қанатып қазақшаны сауатсыз жазғандағы үнемдеген уақыттарыңды қайда жұмсайсыңдар?
Астанада күз.
Жай, соны мен айтпасам жүре беретін сияқты сезім жанымды мазалағасын жазып қояйын деп
Аздаған кеңесім болсын: Вебер, Ницше я Спенсер сияқты жердің астын-үстіне төңкеріп өмірдің мәнін іздеген философтарды оқығанда барынша кітапты түпнұсқа тілде оқыған дұрыс. Егер аудармасын оқысаң, кітапты емес, аудармашыны бағалаған жөн. Бальзак, Жан-Поль Сартр сияқтыларды да желательно орижинал оқу керек сияқты.
Түсімде тендерге қатысып жатыр екенмін. Бірінші рет түсіме мамандығымның не екені пайда берген сияқты: физик-инженер. Пентагон - уатсаппта жазбаша сауалға дауыспен жауап беретіндерді іздеп ұшатын зымыранға тапсырыс беріпті. Менің дайындаған жобам сол тендерді жеңіп шығып, енді тойлайын деп жатқанда, кенет шыққан дыбыстан оянып кеттім... Уатсаптан аудиохабарлама келіп тұр (((
Сүйіктім,
Кейде менің ғаламшарым,
Өшіріп бүкіл шамдарын
Алыстайды Күн жүйесінен
Жылжып қараңғылыққа...
Бірде, қартайған шағында ел аралап жүрген Төлеген шешең көшеде ойнап жүрген балалардан бөлек отырған бір жасөспірімді көріп қалып:
- Әй, балам, қай елдің баласы болдың?, - деп сұрапты
- Найманмын, ата
- Ә-ә-ә, жақсы; мен саған бір сұрақ қояйын. Жауабың көңілімнен шықса мына қолымдағы қамшыны өзіңе сыйға тартам.
- Қамшыңыз қымбат тұрушы ма еді, ата?
- А?
- А-а, жо-жоқ, ештеңе. Сұрағыңызды қоя беріңіз.
- Маған мынаны айтшы, балам: бұл жалғанның бірінен бірі өткен 3 азабы не?
- Фәнидегі ең жаманы, ата, бұл - жұмысқа бару. Одан да жаманы - жұмысқа бару үшін ояну. Бұлардан да өткен сорақысы - жұмысқа баруға ояну үшін түнде ертерек ұйқыға жату.
- ....
- Қалай, ата, жауабыма қанағаттандыңыз ба? Ау, ата?...
...Бірақ қарияның ендігі бұл сұрақты елең қылар хәлі қалмап еді. Жас бала көз алдында - көз-жасын әбден жуып кеткен бетін екі алақанымен басып, солқ-солқ жылап отырған Төлеген шешеңді көрді...
«Доктор расхохотался:
нет таких аптек.
Вам не нужны лекарства,
Вам нужен человек»
(с) Ах Астахова
«...Петрович бастаған барлаушылар жау тылына тіл әкелуге кетіп бара жатады. Бір кезде олар қалың орманның ішінен кішірек бір бұланды көріп қалады.
– Бұдан артық не керек, – дейді біреуі.
– Адамдікі тәттірек болады, – дейді Петрович
– Немене?!. – дейді үшіншісі. – Татып көріп пе едің?..
– Сондай болған....
– Ол қандай болған? Ашаршылықта ма?
– Сонда болса, сонда шығар.
– Иә, Петрович, сенімен зерікпейсің. Қалай адам етін жеуге болады?
Осы тұста әңгімеге тағы бір бұзақы араласады.
– Қалай дейтін түгі жоқ. Үш адам келе жатады. Біреуін «өгіз» болуға көндіреді. Қалған тамақтың бәрін соған береді.
– Не үшін?
– Қоңды болу үшін. Өздері ашыққанда сол «өгізді» сойып жейді. Дұрыс түсіндірдім бе, Петрович?
– Дұрыс!
Сол кезде және біреуі күтпеген жерден киліге кетеді.
– Сендер адам емессіңдер! Сендер аңнан да жамансыңдар.
Петрович қалт тоқтап, оған жалт бұрылады.
– Естуімше, сен Воронеж губерниясындағы коллективтендіруді басқарған жоқсың ба?
– Иә, мен онда Орталық Комитеттің өкілі болдым, – дейді анау да тайсалмай.
– Сонда сендер бір қадақ астық қалдырмай тартып әкеткен жоқсыңдар ма? Шіріген картопты да қоймадыңдар ғой.
– Біз оны партияның тапсырмасымен кулактарды тап ретінде жою үшін істедік.
– Ал менің шешем үлкен үшеумізді аман алып қалу үшін кіші баласын құрбандыққа шалды. Мен өзімнің інімнің етін жеген адаммын. Сендер ол кезде бізден тартып алған нан мен майды былшылдатып соғып отырдыңдар. Мұны мен ешқашан ұмытпаймын!»
(с) 30'шы жылдардағы Воронеждегі аштық тақырыбына арнап түсірілген "Штрафбат" сериалынан үзінді.
Қарамағындағы әйелдерді жұмыстан шығарып жіберген бір есерсоқ туралы оқыдым. Осы арнайы операциядан соң кеңсесінде 22 адамнан 5 қана еркек қалған екен. Осы қоғамның ішінен шыққан адам екені рас болса, ЦОН'да, банктерде, базарлар мен оқу орындарындағы көпшілік жұмыс күші - әйелдер екенін көрер еді. Соған қарағанда, басқа жақтан келген болды-ау.
Осы тақырыптағы тағы бір қызықты материал оқып қалып ем, өткенде. Әйелдердің жұмыстан тыс, ақысыз жасалатын жұмысының құнын өлшеп көрген алғашқы ел - Канада екен. Ыдыс жуу, тамақ істеу, үй жинау сияқты еленбейтін жұмыстың бәрін экономика көрсеткіштерімен есептеп шыққанда, әйелдердің сол жұмыстары Канада ЖІӨ-ң 41-42% пайызын құрайтыны анықталыпты. Айталық, Канаданың былтырғы ЖІӨ'і 2 трлн доллар болса, әйелдер шамамен 860 млрд долларға тең тегін жұмыс істейді деген сөз.
