669
Subscribers
No data24 hours
-17 days
-930 days
Posts Archive
Тарихты Марвел әлемі ғып алып, соған қолпытып жүретіндердің малын шығаратын осындай факттерді естісем рахаттанып қалам. Тіпті фейк болса да сенуге әзер тұратыным-ай!!!
17 жасымда "Парасат Майданына" тойып алып әлем әдебиеті жауһарларына бас салып кеттім.
Хэменгуейдің "Шал мен теңізін", жарты жылдан соң Бальзактың "Шегірен былғарысын", не керек...
Біріншісін оқып біткесін Есенберлинмен салыстырып, түк қызық емес деп шештім, екіншісін аяқтауға да шамам жетпеді.
Бетховеннің музыкасын ұнатпайтын бір танысым бар еді. Бір жолы одан себебін сұрағанда, ол "оны ұнатуға деңгейім әлі жетпейді" (я не дорос до этого) деді.
Бүгін, сыйға алған Муракамидың бір шығармасын оқып бітірдім де, артынша дым түсінбегенімді түсіндім. Кейде осындай тылсымға итеріп қоя салу ыңғайлы, бірақ кейде жазушылар да болмағыр нәрселерді жазып оқырманға ұсына салатын жаман әдеті барын да білем.
Елестетші, сауат аша сала Маркстің еңбектерін оқисың да, ондағы бар түсінетінің "Дін - апиын" деген тіркес қана болады. Уақыт өте келе (егер дамуың тежеліп қалмаса) оның да мағынасын дұрыс түсінбеген боп шыққаныңды ұғасың.
Шамасы, иә, кітап оқығанда да көтке қарау керек сияқты. Жалпы, барлық кезде қарап жүрген жөн.
Repost from YerlanGo - 44+
#Пси
...Жолда келе жатып, аяқ жазып, шылым шегіп алуға тоқтағанда аспанға қарап толғанасың.
Галактикамыз зымырап айналып жатыр. Ойлашы: бір жұлдыз "үйбай, ішім!" деп кенет тоқтай қалса? Бүдіжж! – сол мезетте жоқпыз! Перғауындардың хаттары, 2030 жылға дейінгі ауылшаруашылық стратегиясы, Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген мүлік, Балтабектің өлеңдері, Каспи аударым, Спортмастерде ұнаған кроссовкалар – фук! – енді жоқ!
Сондай көлемді де ауыр оймен машинаға қайта мінгенде, шопыр:
– Дизельге тағы үш теңге қосылған ба? – деп, қанатыңды қиып алады.
Бірде, бірге ішіп ірі-ірі әңгімелер айтуға Астанада физик оқытушылардың қауымымен араласқам. Сүйтсем, жиналып алса айтатындары – Хирша индексі, скопус пен студент қыздар екен. Оқу өтіп, милары ағып кеткен түгі де жоқ: олардың дүниеқоңыздығы анау-мынау шенеуніктен бетер болар.
Жоқ, не істейсіңдер, не істейсіңдер ал, айтыңдаршы: бір жұлдыз "жалығып кеттім, енді мен былай қарай айналам!" десе? Референдумдарың қайда қалар еді сонда, тойымсыздар?!...
Денис Тенді әлі күнге дейін әспеттеу - алматылық "Алтын Шаршының" шеттен келгендерге деген протесті ғана: Міне біздің алтын балақайымыз бар еді, өзіміз секілді қазақстандық (қазақ емес, нацилер!), спортшы, ал оны өлтіргендер - панаехавшие, Алматушечкамыздың сәнін кетіріп жүрген келімсектер.
Жұрттар сияқты мен де Денис Тенге - құрмет пен Жұмақ, ал қылмыскерлерге - жаза мен түрме тілейм, алайда әлеуметтік портретіміз осылай боп тұр енді.
Мәнерлеп сырғанаудың фанаты едім демеңдерш тек
Бір танысың "саған ұқсайтын, жүріс-тұрысы сенен аумайтын адам кезіктірдім" десе
Repost from Аристократтың күнделігі)
Ертең ұлдарым болса, ешқайсысына қазақ хандарының атын қоймас ем. Жас қызды періп, өрісте дақұя мың жылқысы жайылып жүргеніне мәз боп кеткен далбайоптар сияқты кілең. Солардың шашырап жүрген қазақ этносының болашағына алаңдағанына күмәнім бар.
- Баланың атын Себастьян қойғансыңдар ма?
- Иә, не бопты?
- Ертең сыныптастары мектепте қалай кекететінін ойладыңдар ма сендер?
- Қалай?
- Себаст... Себастьяяяян... Білмейм, әйтеуір анау боқмұрындар бәрібір бірдеңе шығарып алады
(с) Рожков, "Уральские пельмени"
БҰҰ құқық қорғаушыларының уәждері бойынша тұтқынды оқшау камерада 15 тәуліктен артық ұстау - азаптау санатына жатады. Жаңылыспасам ондай жарғы жоқ, конвенция да қабылданбаған. Тек ұсыныс ретінде айтылып жүр.
Кім тексеріп көргісі келед? 😁
Қызық сезім өзі.
Ешкімнен ештеңе күтпей тек өзіңе өзің тұйықталып өмір сүре бастағанда, кенеттен өміріңдегі адамдардың бәрінің жадында өз орның бар екенін түсінесің. Туған күнде, айтулы күндерде құттықтағаны, мысалы.
Мазақ етіп отқан жоқ па екен деп те ойлайсың.
Жүріп-жүріп сондай нәрселерді сезінген қызық кәдімгідей. Бір сәт өзіңді пайғамбар сезініп, адамзаттың бәрін бауырым деп сүйіп кеткің келед.
Ертесіне әдеттегі құрыған өмір салты басталады
Repost from Пездуза
⚡️Пользователей, которые в ответ на текстовые сообщения записывают голосовые, поместят в одну камеру с Дуровым
Нағыз еркіндік деген - өзіңнің абсолют кринж екеніңді біле тұра еш қысылмай өз өміріңді сүре беру
Сендерде болды ма солай? Құдайдың құтты күнінде бірдей уақыт интервалында жарық сөндіретін әдет?
Біздің ауылда жиі-жиі болатын. Оруэлл әлемінің шет жағасын сол кезде сезгендеймін былай қарасам. Сонда да жұрттар сапасыз трансформаторға жауып қойып отыра беретін бірақ 😁
