en
Feedback
aruqyz 💌

aruqyz 💌

Open in Telegram
777
Subscribers
No data24 hours
-37 days
-930 days
Posts Archive
Senen kein (acoustic).mp34.30 MB

Бұл әннің тарихын естіп барып әнді тыңдаған мүлде бөлек…

Сүйіктім келер ме япырмау?🕊️

Ал, көптен күткен ән шықты❤️‍🔥

Ernar Amandyq - Сенен кейін….mp37.62 MB

бір құшақтап алғым келсе де бізді тағдыр жақындатпайды.

Таңғы 7:00. Тәтті ұйқыңнан тұрып, беті қолды жууға ваннаға бара жатқан жолда, ас бөлмеде, газге анам қойған, қайнап тұрған шайдың сыбдыры мен қарсы бөлмедегі теледидардан қосылып тұрған Таңшолпан бағдарламасының жүргізушілерінің дауысы. Шашымды екіге өріп беріп жатқандағы анамның нәзік қолдары. Далада мені мектепке апарып тастау үшін оталып тұрған әкемнің көлігі. Сөмкемді асылып, бүгін қандай қызық болады екен деп жалт-жұлт еткен көздер… Мектепке жеткен соң, 5 минуттық линейкада Әнұранымызды айтып, формамызды тексеріп барып сабаққа кіргізетін завуч Бақыт ағай… Сабаққа кіре салып, құрбыңның қасына отырып алғандағы тоқтамайтын әңгімелер… Әр қоңырау сайын, буфеттің тағамдары… Бір-біріне ұяла қараған көздер, алғашқы махаббат… Эх… Ең тәтті кезең. Мен оқушы кезімде осы оқиғаның бәрі болған… Қысқасы, 1 қыркүйек - Білім күні құтты болсын. Сабақтарыңды жақсы оқыңдар.❤️

маған да бәрібір)

Ernar Amandyq- Baribir .mp38.59 MB

«Біз екеуміз екі бөлек, басқа әлем. Қателестік кетіп қалып басқамен…» - деп 2019 жылы жазған авторлық әнім. Әні, сөзі өзімдікі. Дауыс 2019да жазылған, тауып алдым😁

cover

мына ән маған қатты ұнайды💔 қайырлы түн…

өлеңіммен айтқым келген нәрсе, былай ғой; «бос сөйлейтіндер мен көп сөйлейтіндер біздің тағдырымызды шешпейді.» Сондықтан, алған бетімізден таймайық. Ойға алған арман-мақсатымызға адал болғанымыз абзал!🙏🏻🤍

Өзіңе сыр ақтардым. Сыр айтып жылап қалдым. Жауабын қалай табам Жауапсыз сұрақтардың? Сүрініп құлап қалдым. Осылай сынап та алдың. Көздерін қалай ашам Жабылған бұлақтардың? Өсектеп кейде сырттан Көңілді лезде құртқан. Сүрінсем күле тұғын, Не қалды осы жұрттан? Тағдырға бағынамын. Көзімде тағы да мұң. Өткенді еске алып Кей-кезде сағынамын. Осылай жалығамын. Әйнектей шағыламын. Я Алла, адамдықтан Бездірме жалынамын. Санасам әр күнімді Сыйлаймын барлығыңды. Бос сөйлеп жүретіндер Шешпейді тағдырымды. 📝Аружан Алмахан🙂

Ернар Амандық атты алтын группаласымның әні. Сөзін де, әуенін де жазған өзі. Маған ұнайтын әндерінің бірі😍 Ал менен әнге кішігірім кавер🫶🏻

Kun qaida asygady?.m4a3.15 MB

«Көрмейін десем көзім бар Сүймейін десем сезім бар…❤️‍🩹» P/s: соңғы кездері бұрынғы кездердің әніне кавер жазған ұнап жүр. Бұл әннің куплеттері басқа болған, мен жәй өз нұсқамды жаздым, ал қайырмасы әннің өзінікі.😅

Мэлс Өзбековтың әні. Шығу тарихын естіп бұл әнге ғашық болғанмын. Бір жағынан жүрегім ауырды…💔 «Автор Алматыда Консерваторияда оқып жүрген кезінде, Мед.институтта оқитын Айымзада есімді қызға қатты ғашық болады. Екеуі тіл табысып, қыз бен жігіт болып бірге жүріп талай керемет күндерді бастан өткізеді. Сонымен, бірде жаз басталып, екеуі екі бөлек каникулға, өз ауылдарына кетеді. Сонда да екі ғашық күнде хат жазысып тұратын болған екен. Бір күні Айымзададан хат келуін тоқтатады… Уақыт өте, каникул аяқталып, оқу жылы басталады. Алматыға асығып, сағынып жеткен Мэлс бірден Айымзада оқитын мед.институтқа барса ол әлі келмепті. Алаңдай бастаған жігіт күтіп отырған жерінде, онымен бірге оқыған құрбысы келіп Айымзаданың жазда көлге батып қайтыс болғанын жеткізеді… Содан кейін автор 1 айдай жатақханасынан шықпай, сабағына бармай қатты құса болып қиналған екен… Содан автордың достары бұл жағдайын көріп, “Айымзадаға арнап ән шығар. Ішіңдегі дерттің бәрін сол әнмен шығар.” деп осы ән шыққан екен… Осы әнге кавер жазуыма қолым енді жетті. Тыңдап көріңіздер❤️‍🩹

Kelshi Aiym .m4a4.61 MB

Көрермен ықыласы❤️🙏🏻 Мен үшін өте бағалы. Бүгін «Мұқағали. Музаға» көрерменімен қоштасады.💔 Қателеспесем, 19-ыншы рет неме
+2
Көрермен ықыласы❤️🙏🏻 Мен үшін өте бағалы. Бүгін «Мұқағали. Музаға» көрерменімен қоштасады.💔 Қателеспесем, 19-ыншы рет немесе 20-ншы рет соңғы рет ойнайды екенбіз…