cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Atameken Business - Жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна. Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз. Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Show more
Advertising posts
25 347
Subscribers
-2624 hours
+1127 days
+84530 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан мен Армения арасындағы Алматыда өтетін келіссөздер процесіне қатысты мәлімдемесі ▪️Қазақстан тарапының ұсынысы бойынша Әзербайжан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы бейбіт келісімге дайындық жүргізу мақсатында екі елдің сыртқы істер министрлерінің келіссөзін өткізу туралы өзара келісімге келгенін құптаймын. ▪️Бұл маңызды шараның Алматыда ұйымдастырылуының символдық мәні бар. Өйткені 1991 жылы желтоқсан айында ТМД елдерінің тәуелсіз дамуына негіз қалаған және мемлекетаралық шекараны анықтау қағидаларын бекіткен тарихи құжатқа – Алматы декларациясына қол қойылған еді. ▪️Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Show all...
👍 46 3👏 1
Қазақстан әлемге өзін "Алтын Орда" мұрагері ретінде дәріптеуге кіріседі Сарапшылар 2024 жылғы 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президенттің "Жошы ханның" есімін тура 7 рет ауызға алғанына назар аударыпты. Ендігі басты мақсат – Қазақстанның Алтын Орданың мұрагері екенін әлемге лайықты паш ете білу. Бұл – Үкіметтің қолына келе ме? Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың осы сауалына жауап берді. Оның айтуынша, биыл Жошы ұлысының 800 жылдығын өткізу жөніндегі республикалық жоспар бекітілді. Жоспар 30 іс-шарадан тұрады. Онда Жошы туралы толық метражды көркем фильм және "Алтын Орда" тарихи сериалын түсіру жоспарланған. Толығырақ Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Show all...
👍 108😁 6❤‍🔥 4 3😎 3👎 2🤪 1
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы: «Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке. Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл – әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы. Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді. Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!». Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Show all...
24👍 16👎 1🤗 1😘 1
Қыз зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының экс-бастығы Марат Күштібаев 11 жылға сотталды Күштібаевқа қатысты қылмыстық іс қызметтік міндеттерін атқару кезінде жәбірленушіге күш қолданып зорлау фактісі бойынша (ҚК 120-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы) қаралды. Айыптау актісіне сәйкес, 2023 жылдың 12 қарашасында К. Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы бола тұра полиция бөлімінің ғимаратында, атап айтқанда, өз кабинетінде зорлау, яғни жәбірленушіге күш көрсету арқылы жыныстық қатынасқа түскен. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Show all...
👍 89🙏 2
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Show all...
👏 72😢 22🎉 7👍 6🤔 5 2👎 1😎 1
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 7 Қазақстан азаматы және 1 шетелдікке қатысты діни-экстремистік ұйымының қызметін ұйымдстыру және оған қатысу, терроризмді насихаттау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. ⠀ ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушылар жанындағыларға идеологияны таратып, зайырлы өмір салтына және конституциялық құрылымға жек көрініштік тудырған. ⠀ Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында айтарлықтай көлемде діни-экстремистік әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. ⠀ Сотталушы адамдардың үшеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. ⠀ «Ақмола гарнизондық әскери сотымен олар 1 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға жазаланған. 2024 жылғы 2 сәуірде үкім заңды күшіне енді»,- делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Show all...
👍 33 4👎 1
Бір сағаттан кейін «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафоны басталады👇 https://www.youtube.com/live/PcbYizc0Tf8?si=fB6PKQnhqtxrj9rW
Show all...
Общенациональный телемарафон «Біз біргеміз» | Live | 30.04.2024

Впервые в преддверии в прямом эфире 10-ти республиканских телеканалов пройдет общенациональный телемарафон «Біз біргеміз».🇰🇿 Главные герои телемарафона – простые казахстанцы, проявившие в трудные дни мужество и отвагу. Рискуя собственным здоровьем и жизнью, они с честью выполнили свой служебный и гражданский долг. «Atameken Business», «Qazaqstan», «Хабар», «Jibek Joly», «Первый канал Евразия», «КТК», «31 арна»,, «Astana TV», «Almaty TV» и «7 канал» будет посвящен реальным историям людей: душещипательным рассказам очевидцев, комментариям непосредственных участников событий, пострадавших от паводков, и репортажам журналистов. Рассказы очевидцев будут дополнены отчетами официальных лиц о ликвидации последствий паводков и восстановительных работах в регионах. ⏰Время эфира: 30 апреля, с 17:00 до 22:00 ч. ‼️Онлайн трансляция будет вестись на официальных сайтах телеканалов, страницах в сети Facebook и YouTube, а также на Telegram-канале t.me/bizbirgemiz_marathon. Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness Telegram Sport - t.me/atamekenbusiness_sport Telegram Auto - t.me/atamekenbusiness_auto Telegram Silk Way - t.me/atamekenbusiness_silkway Instagram -

https://instagram.com/atameken.business/

Instagram -

https://www.instagram.com/inbusinesskz/

Facebook -

https://www.facebook.com/atamekentv.kz

Facebook -

https://www.facebook.com/inbusiness.kz

Tik-Tok -

https://www.tiktok.com/@atamekenbusiness

«Atameken Business» online:

https://inbusiness.kz/ru/tv

Cайт -

https://inbusiness.kz

Atameken Business Programs -

https://www.youtube.com/channel/UCQpzmeBWqEYS8O2XaUzRytA

#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана #бізбіргеміз

👍 7👨‍💻 4
Президент Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады ✔️Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады. ✔️Кездесу барысында Президент кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмыстарын жандандыру қажет екенін айтты. ❗️Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қатысты әкімшілік кедергілерді анықтауға және оларды жою шараларын әзірлеуге, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Show all...
👍 26👎 1
G7 елдері 2035 жылға қарай көмірден бас тарту туралы келісімге келді "Үлкен жетілік" (G7) елдерінің энергетика министрлері 2030 жылдардың бірінші жартысында электр энергиясын өндіруде көмірді пайдаланудан бас тарту туралы түбегейлі келісімге келді, деп жазады Inbusiness.kz сайты. Соңғы келісімге 30 сәуір, сейсенбіде қол қойылуы керек. Онда экономиканы декарбонизациялаудың егжей-тегжейлі жоспары жарияланады. G7 елдері 2023 жылы көмір электр станцияларынан бас тартуға келіскенімен, ортақ бір мерзімге қатысты бір шешімге келе алмаған еді.  Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Show all...
👍 47🤔 1😎 1
💰Сингапур Қазақстан экономикасына 1,4 миллиард доллар инвестиция құйған Мемлекет басшысы Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пенді қабылдады.  Президент бүгінде Қазақстанда 140 сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін, олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асқанын атап өтті. Сеа Киань Пен қонақжайлық танытқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, екі елдің ынтымақтастығын тереңдету үшін мол әлеует бар екенін айтты. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
Show all...
👍 26 12 5😎 2🤷 2👎 1