en
Feedback
Хадис жазбалары

Хадис жазбалары

Open in Telegram
1 072
Subscribers
-124 hours
-27 days
-1230 days
Posts Archive
#сбор Ассаляму алейкум ва рахматуллахи ва баракатух! Да не убавится наша щедрость и не ослабнет сопереживание единоверцам, амин. Обращаюсь к вам с просьбой помочь нашей сестре Асель, оказавшейся вместе с детьми в сложной жизненной ситуации. Недавно я уже делал для нее сбор здесь (ссылка). Но тогда основная часть средств пришла через Инстаграм другой сестры – всего больше 100 000 тенге. Собранные средства были потрачены на самое необходимое: перевозку вещей, оплату услуг грузчиков, приобретение сантехники и стройматериалов. Часть денег была потрачена на лекарства для детей. Пусть Аллах воздаст благом каждому, кто принял участие. А недавно сестра вместе с пятью детьми вынуждена была переехать в другой дом (г. Ерейментау). Нынешний дом ей предоставили безвозмездно, однако он требует серьезного ухода (видео). Альхамдулиллях, сестра зарабатывает своими руками – шьет и печет торты на заказ – и не привыкла полагаться на чужую помощь, ма шаа Аллах. Однако после переезда она уже больше недели фактически лишена возможности работать ввиду серьезных проблем с электрикой (из-за этого невозможно нормально подключить швейное оборудование и кухню, чтобы готовить торты). Местная мечеть помогла ей приобрести необходимые материалы для замены электрики, но остается открытым вопрос с оплатой работы мастера. Кроме того, в доме неисправна печь и требуется ремонт системы отопления. Сами понимаете, откладывать этот вопрос нельзя, на дворе почти сентябрь. Собственных средств у сестры сейчас на это нет по вышеуказанным причинам. 📚📚📚📚 Поэтому объявляю сбор для сестры Асель. Минимальная сумма – 100 000 тенге. Помогите любой суммой ради довольства Аллаха. Если кто-то не может помочь материально, пусть распространит этот пост среди друзей и знакомых. С сестрой лично знакома моя супруга. Более того, она давняя читательница моих проектов. Пусть Аллах воздаст благом каждому, кто поможет деньгами, распространением или ду'а, увеличит ваш удел и сделает эту помощь тяжелой на чаше ваших благих дел в Судный день. Амин. ⚡️⚡️⚡️ Реквизиты для помощи: +77054432264 (Каспи ее сына Султана) https://t.me/intifada_OM

Саубаннан, Аллах оған разы болсын, жеткен хадисте Пайғамбар ﷺ былай дейді: وإن العبد ليحرم الرزق بالذنب يصيبه «Шын мәнінде, құл жасаған күнәсіне байланысты ризықтан айырылады». Ахмад пен Ибн Мәджа риуаят еткен. Ибн Хиббан және әл-Хаким оны сенімді деп атаған.

— “Өйткені ол маған Мұхаммедтің ﷺ дүниеге келгені туралы сүйінші хабар жеткізген кезде Сувайбаны азат еткен едім және ол Пайғамбарды ﷺ емізген болатын”». Егер Құранда айыпталған кәпір Әбу Ләһаб Мұхаммедтің ﷺ дүниеге келген түніне қуанғаны үшін, яғни Мәулидке байланысты, Тозақта белгілі бір дәрежеде сыйға ие болып жатса, онда Мұхаммед ﷺ үмбетінің оның дүниеге келгеніне қуанып, оған деген сүйіспеншілігі үшін қолынан келгенін жұмсайтын мұсылманның жағдайы қандай болмақ? Менің жаным қолында болған Алламен ант етемін, оның Жомарт Раббысының сыйы — Өз рақымымен оны нығмет бақтарына кіргізуден басқа нәрсе емес. Әбу Ләһабтың Сувайбаны азат еткені және осыған байланысты болған оқиға әл-Бұхари, әл-Исмаили және Абдурраззақ тарапынан риуаят етілген. «Сахих әл-Бұхариде» Уруа былай деген: «Сувайба Әбу Ләһабтың азат етілген күңі еді. Әбу Ләһаб оны азат еткен болатын және ол Пайғамбарды ﷺ емізген. Әбу Ләһаб қайтыс болғаннан кейін оның отбасы мүшелерінің бірі оны түсінде өте ауыр жағдайда көріп, одан: “Басыңа не түсті?” — деп сұрады. Әбу Ләһаб: “Сенен кейін ешқандай жайлылық көрмедім”, — деп жауап берді». Ал әл-Исмаилидің риуаятында да: «Сенен кейін ешқандай жайлылық көрмедім», — делінеді. Абдурраззақ → Мағмар → әз-Зуһри арқылы жеткен риуаятта: «Сенен кейін ешқандай тыныштық көрмедім, тек мына жерден су берілді», — деп, Абдурраззақтың риуаятындағыдай, бас бармақтың астындағы ойықты көрсетті. Ал әл-Исмаилидің риуаятында ол бас бармақ пен оған жақын саусақтың арасындағы ойықты көрсеткен. «Сувайбаны азат еткенім үшін», яғни: «Сувайбаны азат еткенім себепті маған сусын берілді», — деген мағынада. Хафиз Ибн Хажар «Фатх әл-Бари» атты еңбегінде былай дейді: «Әс-Сухайли әл-Аббас (Алла оған разы болсын) былай дегенін жеткізген: “Әбу Ләһаб қайтыс болғаннан кейін бір жылдан соң оны түсімде өте ауыр жағдайда көрдім. Әбу Ләһаб: ‘Сенен кейін ешқандай тыныштық таппадым, тек әр дүйсенбі сайын азабым жеңілдетіледі’, — деді”. Ол, яғни әл-Аббас: “Мұның себебі — Пайғамбар ﷺ дүйсенбі күні дүниеге келген еді. Ал Сувайба Әбу Ләһабқа оның ﷺ дүниеге келгені туралы сүйінші хабар жеткізген. Сол себепті ол Сувайбаны азат еткен”, — деді». Алла Тағала бәрін жақсырақ біледі Пайғамбарымыздың ﷺ дүниеге келуіне қуану және оны еске алу Шейх Абдуллаһ Сираджуддин

Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Алланың атымен. Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Елшілердің Сардары ﷺ Мұхаммедке, оның әулеті мен сахабаларына салауат пен сәлем болсын. Құдіретті әрі Дана Алладан басқа ешбір күш те, қуат та жоқ. Ақыл иесі Пайғамбарымыздың ﷺ дүниеге келген күнінде (мәулидінде) қуанып, бүкіл әлемге нұр, тура жол және ілім тараған осы күнде шаттық пен қуаныш сезінуі әбден орынды. Өйткені дәл осы күні бүкіл жаратылысқа рақым ретінде жіберілген Елші ﷺ, күллі адамзатқа тура жол мен нұр әкелген Пайғамбар ﷺ, пайғамбарлар мен елшілердің көшбасшысы дүниеге келді. Қандай ұлы әрі қадірлі күн! Қандай берекелі әрі қуанышты мереке! Оның ﷺ берекелі дүниеге келу оқиғасын баяндау үшін жиналу — шын мәнінде, рақымның, берекенің, игіліктің және ізгіліктің көптеген түрін қамтитын жиын. Өйткені қасиетті Мәулид баянында мыналар қамтылады: Қасиетті Құран аяттарын оқу; Алланың Өз Елшісін ﷺ құрметтегені және оған ерекше қамқорлық жасағаны туралы айту; Алланың оны ﷺ Өз қамқорлығына алып, қорғағаны туралы баяндау; Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ көркем сыртқы және ішкі сипаттарын баяндау; Пайғамбарға ﷺ салауат пен сәлем айту; Алла Елшісіне ﷺ ұнамды болған пайғамбарлық жырлар мен мадақ өлеңдерін оқу; Ұлы әрі аса жоғары Аллаға дұға жасап, жалбарыну. Бұл амалдардың әрқайсысы өз алдына шариғатта рұқсат етілген әрі құпталған, Аллаға жақындауға себеп болатын сүйікті ғибадат түрлерінен. Шариғат мұндай амалдарды құптап, олардың сауабы мен артықшылығына деген ынтаны арттырады. Іс жүзіндегі ғалымдар мен тақуалықты ұстанған ізгі құлдардың жолы да осылай болған. Хафиз әс-Сахауи былай деген: «Ислам жұртшылығы оның ﷺ дүниеге келген айында барлық өлкелер мен ірі қалаларда биік әрі қуанышты амалдарды қамтитын көркем дастархандар әзірлеп, атап өтуді жалғастырып келеді. Олар оның түндерінде садақаның әртүрлі түрлерін береді, қуаныштарын білдіреді, ізгі амалдарын көбейтеді, оның ардақты Мәулидін оқуға ерекше көңіл бөледі. Сол себепті бұл шараның берекесі оларға мол игіліктің әртүрлі түрінде айқын көрінеді». Бұл сөздер имам Мұхаммед ибн Юсуф әш-Шәмидің «әс-Сира ән-Набауия» атты еңбегінде келтірілген. Сондай-ақ, осы «Сира» кітабының авторы әш-Шәми имам Әбу әл-Хайр Ибн әл-Жәзәридің (Алла оны рақымына алсын) былай дегенін жеткізеді: «Оның (Мәулидтің) ерекше қасиеттерінің бірі — сол жыл ішінде қауіпсіздікке себеп болуы және адамның қалаған нәрсесіне әрі мақсатына жететіні туралы дереу сүйінші хабар болуы». Хафиз Ибн Кәсир (Алла оны рақымына алсын) өзінің «Тарих» атты еңбегінде былай дейді: «Патша әл-Музаффар Әбу Сағид Рабиғ әл-Әууәл айында ардақты Мәулидті өткізіп, оны аса үлкен мерекемен атап өтетін. Ол жомарт мінезді, батыл, ержүрек, ақылды әрі әділ еді. Алла оны рақымына алсын. Шейх Әбу әл-Хаттаб Ибн Дихя (Алла оны рақымына алсын) ол үшін Мәулид туралы «әт-Танвир фи Мәулид әл-Башир ән-Нәзир» атты кітап жазды. Патша оған осы еңбегі үшін мың динар сыйлады». Сибт Ибн әл-Жаузи (Алла оны рақымына алсын) «Мир’ат әз-Заман» атты еңбегінде әл-Музаффардың Мәулид мерекелерінің біріндегі дастарханына қатысқан адамның сөзін келтіреді. Ол жерде еттің өте көп түрі мен тәттілердің сан алуан түрлері болғанын егжей-тегжейлі баяндағаннан кейін былай дейді: «Ол Мәулидке үш жүз мың динар жұмсайтын». Имам Мұхаммед ибн Юсуф әш-Шәми өзінің «Сира» кітабында шейх Әбу Абдуллаһ ибн Әби Мұхаммед ән-Нуғманнан мына сөзді жеткізеді. Ол былай деген: «Шейх Әбу Мұса әз-Зархунудың былай дегенін естідім: Мен түсімде Пайғамбарды ﷺ көрдім. Оған Мәулидке арнап дастархан әзірлеу туралы айтылатын сөздерді жеткіздім. Сонда ол ﷺ оған: “Бізге қуанышты болған адамға, біз де қуаныштымыз”, — деді». Құран қырағатшыларының беделді шейхы, хафиз Әбу әл-Хайр Ибн әл-Жәзәри (Алла оны рақымына алсын) былай деді: «Әбу Ләһаб қайтыс болғаннан кейін түсінде көрінді. Одан: “Жағдайың қалай?” — деп сұралды. Ол: “Мен Тозақтамын. Алайда әр дүйсенбі түні азабым жеңілдетіледі. Осы екі саусағымның арасынан осынша мөлшерде су ішемін”, — деп саусақтарының ұштарын көрсетті.

Сириялық шейха, зерттеушілердің ұстаз әйел, Халебтік Сукина әш-Шиһабия (Алла оны рақымына бөлесін). Ол Шейх әл-Ислам, имам Әб
Сириялық шейха, зерттеушілердің ұстаз әйел, Халебтік Сукина әш-Шиһабия (Алла оны рақымына бөлесін). Ол Шейх әл-Ислам, имам Әбу әл-Қасым Ибн Асакир әд-Димашқи әш-Шафиғидің (Алла оны рақымына бөлесін) «Тариху Димашқ» («Дамаск тарихы») атты еңбегін ғылыми тұрғыдан зерттеп, тексеріп жариялаған ғалым еді. Бұл еңбек 80 томнан тұрады және Ислам тарихында жазылған ең көлемді кітаптардың бірі саналады. Хафиз Ибн Асакир һижраның 571 жылы қайтыс болған. Ал Сукина әш-Шиһабия (Алла оны рақымына бөлесін) тұрмысқа шықпай дүниеден өтті. Ол: «Алладан мені Жәннатта Ибн Асакирдің жұбайы етуін сұраймын», — деп айтатын.

Мисуәк қолданудың сүннет тәсілі 1. Мисуәкті дұрыс ұстау Мисуәкті ұстағанда бас бармақ пен шынашақты мисуәктің астына, ал қалған саусақтарды оның үстіңгі жағына орналастырған жөн. 2. Мисуәкті оң қолмен ұстап, тістерді оң жақтан тазалау Мисуәкті оң қолмен ұстап, тістерді тазалауды оң жақтан бастаған жөн. 3. Тістерді көлденең, ал тілді тігінен тазалау Тістерді мисуәкпен көлденең бағытта, ал тілді тігінен тазалаған жөн. عن أبي موسى رضي الله عنه قال: «دخلت على رسول الله صلى الله عليه وسلم وهو يستاك، وطرف السواك على لسانه وهو يسنته إلى فوق.» (Муснад Ахмад, №19737) Хазірет Әбу Мұса (р.а.) былай дейді: «Мен Алла Елшісінің ﷺ құзырына кіргенімде, оның мисуәк қолданып отырғанын көрдім. Ол мисуәктің ұшын тіліне қойып, тілін төменнен жоғары қарай тігінен тазалап жатты.» Ал Хазірет Ата ибн Әбу Рабах (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деген: «Су ішкен кезде оны жұтып жібермей, ұрттап ішіңдер. Ал мисуәк қолданғанда тістеріңді көлденең бағытта тазалаңдар.» (әт-Талхис әл-Хабир, 1/96) 4. Мисуәк қолданғаннан кейін оны жуу және тік қойып сақтау Мисуәк қолданғаннан кейін оны жуып, әрі тік күйінде сақтаған жөн. 5. Мисуәк болмаған жағдайда саусақты қолдануға болады Егер мисуәк табылмаса, оның орнына саусақты қолдануға болады. عن أنس رضي الله عنه قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: «يجزئ من السواك الأصابع.» (әт-Талхис әл-Хабир, 1/104) Хазірет Әнас (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді: «Мисуәк болмаған жағдайда саусақтар оның орнын баса алады.»

МИСУӘК Мисуәк қолданудың артықшылықтары 1. Мисуәк қолдану намаздың сауабын жетпіс есеге арттырады عن عائشة رضي الله عنها قالت قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: «فضل الصلاة التي يستاك لها على الصلاة التي لا يستاك لها سبعين ضعفًا.» (әл-Мустадрак 'алә әс-Сахихайн, әл-Хаким, №515) Хазірет Айша (р.а.) риуаят етеді: «Мисуәк қолданып оқылған намаз, мисуәк қолданбай оқылған намаздан жетпіс есе артық әрі абзал.» 2. Мисуәк ауызды тазартады және Алланың разылығына жеткізеді عن عائشة رضي الله عنها قالت قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: «السواك مطهرة للفم مرضاة للرب.» (Сахих әл-Бұхари, му‘аллақан, 1/259) Хазірет Айша (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді: «Мисуәк – ауызды тазартатын және Раббының разылығына жеткізетін құрал.» 3. Мисуәк қолдану – барлық пайғамбарлардың сүннеттерінің бірі عن أبي أيوب رضي الله عنه قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: «أربع من سنن المرسلين: الحياء، والتعطر، والسواك، والنكاح.» (Сүнән әт-Тирмизи, №1080) Хазірет Әбу Айюб әл-Ансари (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді: «Төрт нәрсе – барлық пайғамбарлардың сүннеттерінен: ұятты әрі әдепті болу, хош иіс жағу, мисуәк қолдану және некелесу.» 4. Мисуәк Алланың разылығын табуға себеп болып қана қоймай, періштелердің де қуанышына себеп болады және денсаулыққа көптеген пайдасы бар عن ابن عباس رضي الله عنهما قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: «عليكم بالسواك، فإنه مطهرة للفم، مرضاة للرب، مفرحة للملائكة، يزيد في الحسنات، وهو من السنة، ويجلو البصر، ويذهب الحفر، ويشد اللثة، ويذهب البلغم، ويطيب الفم.» (Шу‘аб әл-Иман, әл-Бәйһақи, №2521) Хазірет Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді: «Мисуәк қолданыңдар! Өйткені ол ауызды тазартады, Раббының разылығына жеткізеді, періштелерді қуантады, ізгі амалдардың сауабын арттырады. Ол – сүннеттердің бірі. Сонымен қатар көруді жақсартады, қызыл иек ауруларын кетіруге көмектеседі, қызыл иекті нығайтады, қақырықты азайтады және ауызға жағымды иіс береді.» Кейбір риуаяттарда мисуәк қолданудың асқазанға пайдалы екені және ас қорытуды жақсартатыны да айтылған. #sunan #Дәретсүннет

Мүмін ер адам мүмін әйелді жек көрмесін. Егер оның бір мінезін ұнатпаса, басқа бір мінезіне разы болады. Муслим (1469)

📖 Құран жаттауға арналған «ерекше дұға» — хадис тұрғысынан қаншалықты сенімді? Құран жаттауға қатысты халық арасында кең тараған бір риуаят бар. Онда Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) Пайғамбарымыз ﷺ-ға Құранды жаттауда қиналып жүргенін айтып, өзіне көмектесетін бір дұға үйретуін сұрайды. Пайғамбарымыз ﷺ оған арнайы дұға үйретеді. Бұл риуаятты имам әт-Тирмизи өзінің Сунанында келтіреді. Алайда мәселе мұнымен аяқталмайды. 🔎 Бұл хадистің иснады қаншалықты мықты? 🔎 Имам әт-Тирмизи бұл риуаятқа қандай баға берген? 🔎 Кейінгі хадис ғалымдары оның сенімділігі туралы не айтқан? 🔎 Риуаяттың мәтінінде қандай мәселелер бар? 🔎 Оны Құран жаттауға қатысты дәлел ретінде қолдануға бола ма? Бұл мақалада риуаятты тек кең таралғаны үшін қабылдамай, хадис ғылымының өлшемдері арқылы сыни тұрғыдан талдауға тырысамыз. Мақсат — риуаятты жоққа шығару немесе дәріптеу емес, оның нақты хадистік мәртебесін анықтау. 📚 Бір риуаяттың танымал болуы — оның автоматты түрде сахих болғанын білдірмейді. Сондықтан Құран жаттауға қатысты бұл риуаятқа ғылыми тұрғыдан қайта үңілу маңызды

خيركم خيركم لأهله وأنا خيركم لأهلي وإذا مات صاحبكم فدعوه Сендердің ең жақсыларың — өз отбасына ең жақсы қарым-қатынас жасайтындарың. Мен де сендердің отбасыларыңа ең жақсы қарым-қатынас жасайтындарыңмын. Ал егер сендердің бір серіктерің қайтыс болса, оны жайына қалдырыңдар. سنن الترمذي ٣٨٩٥

«Шыншыл әрі аманатқа берік бизнесмен пайғамбарлармен, шыншылдармен және шәһидтермен бірге болады». (Тирмизи риуаят еткен.)

Әнас ибн Мәликтен (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі: Бір әйел Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Менің сізге айтар бір қажетім бар», – деді. Сонда Пайғамбарымыз ﷺ: «Мәдина жолдарының қайсысында қаласаң, сол жерде отырып мені күт. Мен де сол жерде сенімен бірге отырамын», – деді. Дерек: Әш-Шәмәил әл-Мұхаммадия, №332

Зәйд ибн Сәбиттен (Алла оған разы болсын) риуаят етіледі: Бір топ адам Зәйд ибн Сәбитке келіп: «Бізге Алла елшісінің ﷺ хадистерінен айтып беріңіз», – деді. Сонда ол: «Сендерге не айтып берейін? Мен оның ﷺ көршісі едім. Ол кісіге уахи түскен кезде, мені шақырып, уахиды жаздыратынмын. Біз дүние туралы сөз етсек, ол да бізбен бірге дүние жайында сөз қозғайтын. Ақырет туралы сөз етсек, ол да бізбен бірге ақырет жайында сөз ететін. Тамақ туралы сөз етсек, ол да бізбен бірге тамақ жайында сөз ететін. Міне, осының бәрін сендерге Алла елшісінен ﷺ жеткізіп отырмын», – деді.

Пайғамбарымыз ﷺ-дың өмірбаянына (Сира) қатысты әдебиетке әйел ғалымдардың қосқан үлестерінің бірі — «Әл-Мәурид әл-Әһна фи әл-
Пайғамбарымыз ﷺ-дың өмірбаянына (Сира) қатысты әдебиетке әйел ғалымдардың қосқан үлестерінің бірі — «Әл-Мәурид әл-Әһна фи әл-Мәулид әл-Әсна» атты еңбек. Оның авторы — Сәйида Айша бинт Юсуф әл-Бәғунния (922 һ.ж. қайтыс болған). Ол — Сахих әл-Бұхариға жазылған түсіндірменің авторы әрі Пайғамбарымыз ﷺ-дың Сирасы, қасиеттері мен артықшылықтары жайындағы ең танымал еңбектердің бірі болған «Әл-Мәуәһиб әл-Ләдүнния» кітабының авторы Шиһабуддин әл-Қасталләнидің (923 һ.ж. қайтыс болған) жұбайы. Бұл еңбек алғаш рет 1301 һижри жылы Дамаскіде басылып шыққан. Кейін 2018 жылы Мансура қаласындағы «Мәктәбат ар-Рахма әл-Мухда» баспасынан қайта жарық көрген.

Әл-Қасталләни (923 һ.ж. қайтыс болған) «әл-Мәуәһиб әл-Ләдүнния фи әл-Минах әл-Мұхаммадия» атты еңбегін жазған болса, оның жұбайы «әл-Фатх әл-Мубин фи Мадхи әл-Әмин» атты қасиданы жазған. Олардың шаңырағы Пайғамбарымызға ﷺ деген сүйіспеншілікке және Оның ﷺ мақтауын жырлауға деген ортақ ынта-жігерге толы еді. Алла Тағала бізге ізгі де білімді жарлар нәсіп етіп, шаңырақтарымызды біліммен, иманмен және Оның Елшісіне ﷺ деген сүйіспеншілікпен толтырсын. Әмин.

Ең абзалы — Пайғамбарымызды ﷺ еске алуды бір ғана аймен шектемей, жылдың әр айында, әр күнінде Оның ﷺ өмірін, өнегесін және сүннетін еске алып жүру ин шәә Аллаһул-'Әзиз

ҒҰСЫЛ Ғұсыл алудың сүннет тәсілі 1. Ғұсыл кезінде құбылаға қарамау Ғұсыл алып жатқан кезде құбылаға қарамаған жөн. 2. Ғұсылды ешкім көрмейтін жерде алу Ғұсылды адамды ешкім көрмейтін жерде алған жөн. Мүмкіндік болса, әурет жерлерін жауып тұрып ғұсыл алған абзал. Алайда адам жабық жерде, мысалы, ваннада болса және әурет жерін жаппай ғұсыл алса, бұған рұқсат етіледі. عن يعلى أن رسول الله صلى الله عليه وسلم رأى رجلاً يغتسل بالبراز بلا إزار فصعد المنبر فحمد الله وأثنى عليه ثم قال: «إن الله عز وجل حيي يستحيي، يحب الحياء والستر، فإذا اغتسل أحدكم فليستتر.» (Сүнән Әбу Дәуд, №4012) Хазірет Яғла (р.а.) былай риуаят етеді: Бірде Алла Елшісі ﷺ ашық жерде төменгі киімсіз, яғни әурет жерлері ашық күйде ғұсыл алып жатқан бір адамды көрді. Кейін Пайғамбар ﷺ мінберге көтеріліп, Алланы мадақтап, Оны ұлықтады. Содан соң былай деді: «Расында, Алла Тағала өте ұятты (яғни құлдарына өте жоғары дәрежеде әдеп пен құрметпен қарайды) және жасырын. Ол ұят пен әуретті жабуды жақсы көреді. Сондықтан сендердің бірің ғұсыл алса, денесін жапсын.» 3. Мүмкіндігінше шелекпен ғұсыл алу Ғұсыл алған кезде мүмкіндігінше шелекпен су алып жуынған абзал. 4. Душпен ғұсыл алғанда суды ысырап етпеу Егер душ арқылы ғұсыл алсаңыз, суды ысырап етпеуге ерекше мән беру керек. Су ағып тұрған кезде сабынданып тұру, қажетсіз түктерді алып тастау және соған ұқсас істермен айналыспаған жөн. Мұндай жағдайда суды қажетсіз ағызу ауыр ысырап болып табылады және үлкен күнәға себеп болуы мүмкін. #sunan #Ғұсылсүннет

Аллаға шүкір "Дәрет сүннеттері" осымен тәмәм болды.

27. Дәреттен кейін қалған суды ішу Егер дәрет ыдыстан алынса, дәрет аяқталғаннан кейін ыдыста су қалса, оны түрегеп тұрып ішу – мұстахаб. Мұның хадисте негізі бар. عن أبي حية قال: «رأيت عليًا رضي الله عنه توضأ فغسل كفيه حتى أنقاهما، ثم مضمض ثلاثًا واستنشق ثلاثًا، وغسل وجهه ثلاثًا وذراعيه ثلاثًا، ومسح برأسه مرة، ثم غسل قدميه إلى الكعبين، ثم قام فأخذ فضل طهوره فشربه وهو قائم، ثم قال: أحببت أن أريكم كيف كان طهور رسول الله صلى الله عليه وسلم.» (Сүнән әт-Тирмизи, №48) Әбу Хайя (р.а.) былай дейді: Мен Хазірет Әлидің (р.а.) дәрет алғанын көрдім. Ол екі қолын мұқият жуды, кейін аузын үш рет шайып, мұрнына үш рет су тартты. Бетін үш рет, екі қолын шынтақтарымен қоса үш рет жуды. Басына бір рет мәсіх жасады. Содан кейін екі аяғын тобықтарымен қоса жуды. Кейін орнынан тұрып, дәреттен артылған суды алып, оны түрегеп тұрып ішті де: «Сендерге Алла Елшісінің ﷺ қалай дәрет алғанын көрсеткім келді», – деді. 28. Дәреттен кейін мүшелерді сүлгімен құрғатуға болады Егер дәреттен кейін дене мүшелерін сүлгімен құрғату қажет болса, бұған рұқсат етіледі. Хадистерде Алла Елшісінің ﷺ кейде сүлгі қолданғаны, ал кейде қолданбағаны баяндалған. عن ابن عباس رضي الله عنهما عن خالته ميمونة رضي الله عنها قالت: «وضعت للنبي صلى الله عليه وسلم غسلاً يغتسل من الجنابة ... فناولته المنديل فلم يأخذه وجعل ينفض الماء عن جسده.» (Сүнән Әбу Дәуд, №245) Хазірет Ибн Аббас (р.а.) өзінің нағашысы Хазірет Мәймунадан (р.а.) риуаят етеді: Мен Пайғамбар ﷺ үшін ғұсыл алуға су дайындадым. Ол ғұсыл алды. Мен оған сүлгі ұсындым, бірақ ол оны алмады. Оның орнына денесіндегі суды қолымен қағып түсірді. Бұл хадис кей жағдайда сүлгі қолданбағанын көрсетеді; ал басқа риуаяттарда оның ﷺ сүлгі қолданғаны да келген. Хазірет Салман әл-Фариси (р.а.) риуаят етеді: «Алла Елшісі ﷺ дәрет алды. Үстінде болған жүннен тоқылған жәббаны (сырт киімді) теріс айналдырып, онымен бетін сүртті.» (Сүнән Ибн Мәжа, №468) 29. Дәретпен жүруге тырысу Егер дәретті сақтап жүруге мүмкіндік болса, әрдайым дәретті күйде болуға тырысқан абзал. Дәретті сақтауға тұрақты түрде мән беру – иманның белгілерінің бірі. عن عبد الله بن عمرو رضي الله عنهما قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: «استقيموا ولن تحصوا، واعلموا أن من أفضل أعمالكم الصلاة، ولا يحافظ على الوضوء إلا مؤمن.» (Сүнән Ибн Мәжа, №278) Хазірет Абдуллаһ ибн Амр (р.а.) риуаят етеді. Алла Елшісі ﷺ былай деді: «Туралықты ұстаныңдар. Сендер мұны толық орындай алмайсыңдар. Біліңдер, амалдарыңның ең абзалының бірі – намаз. Ал дәретті үнемі сақтауға тек мүмін ғана мән береді.» 30. Дәреттен кейін екі ракағат «Тахиятул-уду» намазын оқу Дәрет алғаннан кейін екі ракағат Тахиятул-уду намазын оқу – мұстахаб. Дәреттен кейін екі ракағат намаз оқудың үлкен сауабы бар. عن أبي هريرة رضي الله عنه قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم لبلال عند صلاة الغداة: «يا بلال، حدثني بأرجى عمل عملته عندك في الإسلام منفعة، فإني سمعت الليلة خشف نعليك بين يدي في الجنة.» قال بلال: «ما عملت عملاً في الإسلام أرجى عندي منفعة من أني لا أتطهر طهورًا تامًا في ساعة من ليل ولا نهار إلا صليت بذلك الطهور ما كتب الله لي أن أصلي.» (Сахих Мүслім, №2458) Хазірет Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: Алла Елшісі ﷺ таң намазы кезінде Билалға (р.а.): «Уа, Билал! Исламда өзің үшін ең үмітті әрі пайдалы деп санайтын қандай амалды істегеніңді айтып берші. Өйткені бүгін түнде Жәннатта сенің аяқ киіміңнің дыбысын алдымнан естідім», – деді. Билал (р.а.): «Мен үшін Исламдағы ең үмітті амал – түнде немесе күндіз қай уақытта да толық дәрет алсам, сол дәретпен Алла маған намаз оқуды нәсіп еткен мөлшерде намаз оқитынмын», – деп жауап берді. Бұл риуаят дәреттен кейін намаз оқудың артықшылығын көрсетеді. #sunan #Дәретсүннет