ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕР
Open in Telegram
📚 Ғибратты сөздер мен Рухани жазбаларға толы парақша📝
Show more1 707
Subscribers
No data24 hours
-57 days
+4230 days
Posts Archive
1 707
Repost from Нұрсұлтан Рысмағанбет
Алла елшісі ﷺ былай деген:
"Кім үнемі Алладан кешірім тілеп жүрсе, Алла ол үшін барлық қайғы-мұңнан (арылтып) қуаныш сыйлайды. Барлық күйзелістен шығар жол жаратады. Және де, күтпеген жерден ризықтандырып қояды"
Ибн Мәжә
1 707
«Ол бірнәрсе сұрап келген адамға сұрағанын беретін немесе жақсы сөзін айтып шығарып салатын».
Тирмизи
(Басқаларға еске салу үшін басыңыз)
https://get.sajda.app
1 707
Repost from N/a
Қаржылық сауаттылық
Бес конверт ережесі
💵 Бес конверт ережесі дегеніміз — табысты 5 негізгі мақсатқа бөліп, ақшаңды тиімді басқару тәсілі. Бұл әдіс артық шығыннан сақтап, жинақтауға көмектеседі.
1. Міндетті шығындар – 55%
Ай сайынғы табыстың жартысынан көбі өмір сүруге қажетті негізгі заттарға жұмсалады:
• жалдамалы пәтерақы немесе ипотека
• азық-түлік
• коммуналдық қызметтер
• жол ақы, көлік
• балабақша, мектеп шығындары
2. Қауіпсіздік қоры – 10%
• Күтпеген жағдайларға (мысалы, сырқат, жұмыссыздық, жөндеу жұмыстары) арнап ақша жинайсың.
Бұл — сенің "қаржылық жастығың", қажет кезде көмектеседі.
3. Өзін-өзі дамыту – 10%
Білімге, дағдыға жұмсайсың:
• тіл үйрену
• курстар, семинарлар
• пайдалы кітаптар
Бұл болашақта табысыңды арттыруға сеп болады.
4. Көңіл көтеру – 10%
Өзіңді марапаттауға:
• кино, кафе
• достармен бас қосу
саяхат, хобби
Өмірден ләззат алу үшін де ақша қажет.
5. Ірі мақсаттарға жинақ – 15%
Үлкен жоспарлар үшін ақша жинайсың:
• үй, көлік сатып алу
• бизнес бастау
• отбасылық демалыс
Бұл бөлім – болашаққа бағытталған инвестиция.
📌 Мысал: Егер айлығың 200 000 теңге болса:
110 000 тг — күнделікті шығындарға
20 000 тг — қауіпсіздік қорына
20 000 тг — дамытуға
20 000 тг — демалысқа
30 000 тг — ірі мақсаттарға
Бұл әдіс табысыңа қарамай бәріне қолайлы. Ең бастысы — тәртіппен ұстану.
1 707
Repost from Нұрсұлтан Рысмағанбет
“Барлық адам қателеседі.
Қателесушілердің ең жақсылары - тәубе етушілер”
Хадис. Тирмизи
