en
Feedback
Abai tv

Abai tv

Open in Telegram

«Abai tv» телеарнасы

Show more
400
Subscribers
No data24 hours
-17 days
-330 days
Posts Archive
Ақын Дәулеткерей Кәпұлының кітапханасында 7000-ға жуық кітап бар «Менің кітапханам» бағдарламасында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Алжир» мемориалды-музей кешенінің директоры Дәулеткерей Кәпұлымен сұхбат жүргізілді. Ақынның жеке кітапханасында 7 мыңға жуық кітап бар. Қордың басым бөлігін қазақ әдебиетінің жауһарлары мен көптомдық шығармалар жинағы құрайды. Олардың қатарында М.Мағауиннің 26 томдық шығармалар жинағы, «Бабалар сөзі» сериясының 100 томдығы және басқа да құнды басылымдар бар. 📌 Эфир уақыты: 16 қыркүйек, 19:00-де. Бағдарлама жүргізушісі – Салтанат Шерхан.

«Вечные ценности» – познавательный проект телеканала Abai TV о людях, которые формируют духовное и культурное пространство Казахстана. В доверительных интервью деятели культуры, искусства, науки и общественные личности размышляют о преемственности поколений, духовности, традициях и культурном наследии.

Ми жұмысын қалай жақсартуға болады? «Ашық академия» бағдарламасының жаңа шығарылымында нейробиолог, Назарбаев университетінің профессоры Тұрсынжан Тоқай адам миының жұмыс істеу ерекшеліктері туралы сөз қозғады. Ми қаншалықты зерттелген? Жады қалай қалыптасады? Эмоциялар қайдан пайда болады? Адам жаңа ақпаратты қалай меңгереді? Ұйқы кезінде ми ақпаратты қалай өңдейді? Маман осы және өзге де өзекті сұрақтарға жауап берді. Толық нұсқасы Abai TV YouTube арнасынан көріңіз!

Көрермен фильм таңдағанда неге мән беруі керек? «Сарасөз» бағдарламасында киноның қоғамдағы орны мен өзекті мәселелері талқыланды. Бағдарлама қонағы – кино және деректі фильм режиссері, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, халықаралық кинофестивальдердің жеңімпазы Айдос Сейітжан Сұхбат барысында маман жақсы фильм мен сапасыз туындыны ажырату, сондай-ақ фильмге баға беру кезінде көрермен назар аударуы тиіс негізгі өлшемдер туралы пікір білдірді. Толық нұсқасы Abai TV YouTube арнасында.

Almaty Museum of Arts-та Қазақстан мүсін өнеріне арналған көрме өтті Экспозицияға Хәкімжан Наурызбаев, Исаак Иткинд, Еркін Мергенов, Рысбек Ахметов, Молдақұл Нарымбетов және Аида Әділбектің еңбектері қойылды. Көрме төрт бөлімнен тұрып, Қазақстан мүсін өнерінің кеңестік кезеңнен қазіргі заманға дейінгі даму эволюциясын қамтыды. «Сарыарқа» залында 50-ден астам туынды ұсынылды. 📌 Көрме 2027 жылдың мамыр айына дейін жалғасады

«Үркер» бағдарламасының жаңа шығарылымында абайтанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Толық адам» зерттеу еңбегі талданады. Эфир уақыты: 13 қыркүйек, 17:00-де. Бағдарлама жүргізушісі – Жүсіпбек Қорғасбек.

Әкім Тарази: «Қиялымның ұшқырлығы мені болашақта жазушы болуға жетеледі» Бүгін асыл сөздің шебері, ұлт мақтанышы, заңғар жазушы әрі көрнекті қайраткер Әкім Таразидің туғанына 93 жыл толып отыр. Уақыт алмасып, дәуір өзгерсе де, мұндай дара тұлғалар халқының рухани жадында мәңгі жасай береді. «Тәж» арнайы жобасында зиялы қауым өкілдерінің қаламгердің шығармашылығы мен тұлғасына қатысты ой-пікірлері топтастырылған. 📌 Бүгін 21:00-де Abai TV арнасынан «Тәж» арнайы жобасын көріңіздер!

Бүгін – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург және сценарист Әкім Таразидің туған күні Әкім Тарази 1933 жылы Ал
Бүгін – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, драматург және сценарист Әкім Таразидің туған күні Әкім Тарази 1933 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Шын аты-жөні – Әкім Үртайұлы Әшімов. Ол әдебиетке 1960-жылдары келіп, «Құйрықты жұлдыз» повесімен танылды. Қаламгердің «Тасжарған», «Қорқау жұлдыз», «Шер», «Қиянат» секілді шығармалары қазақ прозасына елеулі үлес қосты. Әкім Тарази драматургия және кино саласымен де айналысып, бірқатар пьесалар мен фильм сценарийлерін жазды. Шығармалары бірнеше шетел тіліне аударылды. 📌 Бүгін 21:00-де Abai TV арнасы Әкім Таразидің өмір жолына арналған «Тәж» арнайы жобасын ұсынады

Қайырлы таң, қымбатты көрермен! Күндеріңіз берекелі болсын! Бүгін эфирден көретіндеріңіз: 8:10 Тағдырлы туынды 8:35 Ғимарат 9
Қайырлы таң, қымбатты көрермен! Күндеріңіз берекелі болсын! Бүгін эфирден көретіндеріңіз: 8:10 Тағдырлы туынды 8:35 Ғимарат 9:35 Оркестровая партитура 10:05 Арнау 11:10 Мазмұндама 11:30 Ғылым мен ғалам 12:00 Театр 12:30 Арт профессии 13:00 Сарасөз 15:10 Жәдігер 15:35 Zaman-art 16:30 Ашық академия 16:55 Ақын әлемі 17:25 «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» балеті 19:00 «Менің кітапханам 19:30 Сырлы саз 20:00 САРАСӨЗ 21:00 «Тәж» арнайы жобасы 21:30 Әндіground 23:00 Алтын қақпа

Қайырлы таң, қымбатты көрермен! Күндеріңіз берекелі болсын! Бүгін эфирден көретіндеріңіз: 8:10 Тағдырлы туынды 8:35 Ғимарат 9
Қайырлы таң, қымбатты көрермен! Күндеріңіз берекелі болсын! Бүгін эфирден көретіндеріңіз: 8:10 Тағдырлы туынды 8:35 Ғимарат 9:35 Оркестровая партитура 10:05 Арнау 11:10 Мазмұндама 11:30 Ғылым мен ғалам 12:00 Театр 12:30 Арт профессии 13:00 Сарасөз 15:10 Жәдігер 15:35 Zaman-art 16:30 Ашық академия 16:55 Ақын әлемі 17:25 «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» балеті 19:00 «Менің кітапханам 19:30 Сырлы саз 20:00 САРАСӨЗ 21:00 «Тәж» арнайы жобасы 21:30 Әндіground 23:00 Алтын қақпа

Repost from Qazaqstan.tv
☺️Аяғымен тігін тігетін шебер көпті таңғалдырды Шебер Астанада өткен Qazaq Creative Hub алаңында шеберлік сағатын өткізді. Туғаннан қос қолы жоқ Анар Бексұлтан тігін тігуді 35 жасында бастаған. Ол аяғымен тігін тігіп, Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесіне мүше болған алғашқы кәсіпкер атанған. Шебер алғашында балаларына, кейін көрші-қолаңға тапсырыспен киім тіккен. Қазір оның қолынан шыққан қыз жасауы айналаға танымал бола бас¬тады. 📌Айта кетейік, демалыс күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Жамбыл облысының «Асқақ рухты Әулиеата» креатив жәрмеңкесі өтті.

В программе «Открытая академия» будет обсуждаться тема «Антибиотикорезистентность. Когда бактерии становятся сильнее лекарств». Эфир состоится 12 сентября в 17:00.

Қазақ киносындағы тақырып пен режиссура қалай өзгерді? Шәкен Айманов бастаған қазақ киносының классиктері қалыптастырған дәстүрді кейінгі буын режиссерлер жалғастырып, ұлттық киноны жаңа деңгейге көтерді. Рашид Нұғманов, Ақан Сатаев, Ермек Тұрсынов сынды режиссерлер қазақ киносын халықаралық деңгейде таныта білді. Қазіргі қазақ киносында қандай жаңа тақырыптар мен тың ізденістер бар? Бұл туралы «Сарасөз» бағдарламасында режиссер, халықаралық кинофестивальдер жеңімпазы Айдос Сейітжан жауап берді. Толық нұсқасы Abai TV YouTube арнасында.

«Abai TV» телеарнасы қазақ киносының жауһары – «Қыз Жібек» көркем фильмін ұсынады Бұл туынды – халқымыздың мәңгілік махаббат, адалдық пен салт-дәстүрді арқау еткен классикалық шығармаларының бірі. Фильм арқылы көрермен ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды тереңірек сезіне алады. Эфир уақыты: 11 қыркүйек, 21:30-да.

«Өрнек» бағдарламасының кезекті қонағы – қолөнер шебері, дизайнер Гүлнәз Жұмажанқызы. Эфирде: 13 қыркүйек, 18:00-де.

Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал ашылды Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған
Кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал ашылды Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz сайтын іске қосты. Порталда кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік материалдар, білім беру ресурстары, салалық басылымдар мен отандық баспалар туралы ақпарат жинақталған. Сондай-ақ жаңалықтар, іс-шаралар, оқыту материалдары жарияланып, мамандардың пікір алмасуына арналған форум жұмыс істейді. Портал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Пайдаланушылар іздеу және тақырыптық сүзгі арқылы қажетті ақпаратты оңай таба алады.

Биыл – Өзбекәлі Жәнібектің туғанына 95 жыл Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібек қазақтың ұлттық мәдениеті мен тари
+9
Биыл – Өзбекәлі Жәнібектің туғанына 95 жыл Мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібек қазақтың ұлттық мәдениеті мен тарихи мұрасын сақтап, жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосты. Ұлттың жоғын түгендеп, ұмыт болғанын жаңғыртты. Оның есімі Наурыздың қайта жаңғыруы, Тайқазанның Түркістанға оралуы, тарихи ескерткіштерді сақтау, ұлттық өнер мен қолөнерді дамыту сынды маңызды бастамалармен тығыз байланысты. 📌 Өзбекәлі Жәнібектің өмірі мен еңбегіне қатысты 10 маңызды деректі ұсынамыз

Қазақстанда кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал ашылды Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандары
Қазақстанда кітапхана мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал ашылды Қазақстан Кітапханалар Одағы кітапхана ісі мамандарына арналған жаңа ақпараттық портал – kitaphanalarodagy.kz сайтын іске қосты. Порталда кітапхана саласына қатысты заңнамалық және нормативтік құжаттар, әдістемелік материалдар, білім беру ресурстары, салалық басылымдар мен отандық баспалар туралы ақпарат жинақталған. Портал қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Пайдаланушылар іздеу және тақырыптық сүзгі арқылы қажетті ақпаратты оңай таба алады.

«Ұмытпаймыз» бағдарламасының жаңа шығарылымында 1986 жылы түсірілген «Ақын» телефильмі талданады Фильм Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған. Хабарға қатысқан телефильм редакторы Ғайнижамал Әбілдина, жазушы Нұрдәулет Ақыш және журналист Серік Жұмабекұлы ақын туралы естеліктерін бөліседі. Эфирде: 12 қыркүйек, 18:00.

Қайырлы таң, қымбатты көрермен! Күндеріңіз берекелі болсын! Бүгін эфирден көретіндеріңіз: 7:40 Күй-керуен 8:30 Архивтегі аман
Қайырлы таң, қымбатты көрермен! Күндеріңіз берекелі болсын! Бүгін эфирден көретіндеріңіз: 7:40 Күй-керуен 8:30 Архивтегі аманат 9:00 Ғылым тілімен 9:30 Эпос 10:00 Үркер 11:10 Зинһар 11:55 Музыка Великой степи 12:25 Менің кітапханам 12:55 Сарасөз 14:40 Жәдігер 15:10 Пайым 16:10 «Мұрагерлер» спектаклі 18:00 Ұмытпаймыз 19:00 Өрнек 19:30 «Сен де бір кірпіш дүниеге...» 20:00 Сарасөз 21:00 Время науки 21:30 Бір туынды 23:00 Інжу-маржан