cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Жаңалықтар - Stan.kz

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

Show more
Advertising posts
13 793
Subscribers
+2 90924 hours
+3 5917 days
+3 74130 days
Posting time distributions

Data loading in progress...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Publication analysis
PostsViews
Shares
Views dynamics
01
❓ Неліктен қазақстандық әйелдер ерлерге қарағанда көп шығындалады Америкалық желі қолданушылары өнімдердің құрамы мен сапасы бірдей бола тұра, тек әйелдерге арналған болғаны үшін тауардың қымбатырақ екенін байқап, мәселені көтерді. Гигиеналық, базалық қажеттіліктер үшін әйелдердің көбірек ақша жұмсауға мәжбүр болатынын көпшілік әділетсіз деп атады. Қазақстандық желі қолданушысы да гигиеналық тауар бағасында айырмашылық барын сынап, желіге пост жүктеген. Stan.kz тілшісі елімізде не себепті және қаншалықты әйелдер ерлерге қарағанда көбірек шығындалатынын зерттеп көрді. Мәселен антиперспирант және дезодорант бойынша әйелдердікі 999 теңгеден басталып, 1479, 1779 теңгеге дейін барады. Ал ерлердің дезодоранты 905 теңгеден 1175, 1215, 1459 теңгеге дейін. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз! t.me/stankznews
2930Loading...
02
‼ 11-сынып оқушысы профессорды өлтірді деген күдікке ілінді 15 мамырда Шымкентте Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры Б.У-ды ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады. Профессор ауруханаға жеткізіліп, 5 күннен соң көз жұмды. Полиция қызметкерлері өлімге әкеп соқтырған дене жарақатын келтірді деген күдікпен 17 жастағы жігітті ұстады. Тергеушілердің айтуынша, мұғалім мен оның арасында жанжал болған. Енді жігіт 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. t.me/stankznews
6843Loading...
03
🧕 Хиджаб киюге тыйым: Жеке мектептер ескертусіз тексеріледі Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінше, дін білім саласынан бөлек тұруы керек. Өскелең ұрпақтан табысты тұлғаны қалыптастыруға тырысуымыз қажет дейді. “Кәсіпкерлік кодексі бойынша бізде алдын ала ескертусіз жеке мектептерді тексеретін құзырет болған жоқ. Тіпті болған күннің өзінще прокуратураның рұқсатымен тексерілетін. Қазір бұл бағытта үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Енді біз барлық білім беру ұйымдарының заңдылықтың орындалуын тексерумен сәйкестендіру үшін кез келген білім беру ұйымдарына ескертусіз кіруге мүмкіндік аламыз”, – деді министр. t.me/stankznews
1 1383Loading...
04
💬 "Көп шығыннан емес, аз табыстан қорқу керек" Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың айтуынша, ел өндіріс пен кірісті ұлғайтуы керек. Министрдің сөзінше, халық көп жұмыс істеп, көп ақша табуға тырысу керек. Ал азық-түлік себеті мен тұтынушылық тауарлардың бағасы құбылмалы дейді. t.me/stankznews
1 4073Loading...
05
АҚШ елшілігі қазақстандықтарды "шәй күнімен" ерекше құттықтады Видеоролик елші Дэниел Розенблюмнің Астанада шетелдік қонақты қарсы алу сәтінен басталады. Іскерлік кездесуден кейін елші қазақтардың: "ал енді өзіміз отырып, шәй ішейік" деген дәстүрлі сөзін айтады. Айта кетейік, бүгін бүкіл әлем "халықаралық шәй күнін" атап өтіп жатыр. 💬 Ал дәстүрлі мерекеміз құтты болсын 🫖 t.me/stankznews
1 2862Loading...
06
Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, жоғарғы оқу орнына қабылдау тесті SAT стандартталған тест форматына көшеді. 2021 жылдан бастап Дүниежүзілік банктің қолдауымен кафедра ҰБТ форматын қайта құруға және техникалық қызмет көрсетуді қайта құруға арналған жобаны іске қосты. Енді министрлік екі бағытта жұмыс істейді: Тестологтарды дайындау жұмысы өткен аптада аяқталды. 350 қазақстандық маманды әйгілі француз компаниясы дайындап шықты. Ал ҰБТ-ға техникалық қызмет көрсетумен фин компаниялар тобы жұмыс істейді. Енді тестологтар SAT-ке жақын жаңа әдіс бойынша сұрақтар дайындайды (АҚШ университеттеріне қабылдау үшін стандартталған тест). "Форматтың өзі де өзгереді. Үміткерлер ҰБТ-ны бес рет тапсырады: екі сынақ, екі негізгі және біреуі ақылы білім алуға арналған. Енді үміткер сайтқа тіркеліп, тест тапсырады, содан кейін университетке түсу туралы сертификат алады", - деді министр. Үкімет дайындықты биыл бастап, келесі жылы іске қосылады екен. t.me/stankznews
1 5974Loading...
07
Айка Love 6,5 жылға сотталды Атышулы Айка тізімі қоғамда біраз шу тудырған еді. Сотталушы мефедронды заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдаған, сондай-ақ жеңгетайлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2020-2023 жылдар аралығында сыбайласымен бірге қыздарды клиенттермен таныстырып, интимдік қызмет көрсеткен. Айка Мырзахметова 6 жыл 5 айға, ал оның сыбайласы 3 жыл 8 айға сотталды. t.me/stankznews
2 1577Loading...
08
✍ Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінше, олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады. Айта кетейік, биыл 3,8 млн оқушы кезекті оқу жылын аяқтайды. 9 және 11-сынып бітірушілер үшін қорытынды емтихан 29 мамыр-11 маусым аралығында өтеді. t.me/stankznews
2 0161Loading...
09
💬 "Қалдықтарды сақтап, қайтадан балаларға береді" Ақмола облысы Зеренді ауылындағы №1 орта мектептегі асхана аспазы тамақтардың сапасын сынады. Бұрын сол білім ордасында аспаз боп жұмыс істеген Меруерт Құлағнанованың айтуынша, оған тамақ қалдықтарын мұздатқышта сақтап, екінші ауысымдағы балаларға берсін деп нұсқау берген. Әрі асхананы жалға алғандар стафилококк табылғанын жасыру үшін жалған анықтама жасатты дейді. Аспаздар стақандағы қалған сүтті шелекке құйып, оны екінші ауысымдағыларға берген, сүтке су араластырған көрінеді. Оларға 5 литр сүтке 10 литр су қоссын деп нұсқаған екен. Айтуынша, мәзірде шырын берілуі керек деп тұрады. Бірақ оның орнына қара шай немесе компот қайнатсын дейді екен. Йогурттың орнына айран әкеліп, қант пен су қосып, 50-60 граммнан береді дейді. Ол жағдайды прокуратураға хабарлағанымен, ешқандай шара қолданбаған. Сондай-ақ кәсіпкер аспазға жалақысын төлемеген, зейнетақысы да есепшотына түспеген. Алайда мектеп әкімшілігі бұл айыптауларды жоққа шығарды. t.me/stankznews
2 1410Loading...
10
🩺 Енді медбикелер де диагноз қоя алады Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл жаңашылдық дәрігерлердің жүктемесін азайтып, пациенттердің уақытын үнемдейді. Сондай-ақ медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Емханаларда дәрігер мен мейіргердің міндетін қайта бөліп, орта медициналық қызметкерлерге науқастарды өз бетінше қабылдау құқығы беріледі. Ол үшін орта медициналық қызметкерлер арнайы бағдарлама бойынша білім алады. t.me/stankznews
2 1693Loading...
11
📢 Алматыда сирена-дыбыстық қондырғылар іске қосылды Дәл қазір, сағат 10-нан бастап сейсмикалық оқу-жаттығу өтіп жатыр. t.me/stankznews
2 3931Loading...
12
📢 Алматыда сирена-дыбыстық қондырғылар іске қосылды Дәл қазір, сағат 10-нан бастап сейсмикалық оқу-жаттығу өтіп жатыр. t.me/stankznews
10Loading...
13
Атырау облысында белгісіз үлкен шұңқыр пайда болды Шұңқыр Махамбет ауданында жазық далада пайда болған. Тұрғындардың айтуынша, оның ені 10 метрден асады, ал тереңдігі белгісіз. Әкімдіктің хабарлауынша, жер жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестікке тиесілі. Шұңқыр өздігінен пайда болды дейді. Жер бөлімінің мамандары оқиға орнына арнайы барып тексереді екен. t.me/stankznews
2 4747Loading...
14
Семейде жігіт сүйіктісін көлікпен басып өлтірді
5 5139Loading...
15
Катарлықтар Қазақстандағы банкті сатып алған: Келісім-шарт бағасы белгілі болды Катарлықтар Bereke Bank-ті сатып алды. Lesha Bank жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Бәйтерек" АҚ-мен Қазақстандағы Bereke банкінің барлық жарғылық капиталын сатып алу үшін сатып алу-сату шартын жасады. Мәміле сомасы 65 миллиард теңгені құрады, бұл 532,4 миллион катар риалына тең.
3 8253Loading...
16
Алматыда науқастары ВИЧ жұқтырғаны үшін жұмыстан босатылған бас дәрігер "Ақсай" балалар ауруханасының басшылығына келді Нариман Табынбаев жанжалға байланысты Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметінен кеткен болатын. Ол осы қызметте жүргенде үш науқастың АИТВ инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Табынбаев Денсаулық сақтау министрлігінің тексеруінен кейін жұмыстан шеттетілген еді. 20 мамырда Нариман Табынбаевтың Ақсай республикалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып тағайындалғаны белгілі болды. Тағайындауды аурухана әкімшілігінің қызметкерлері растады.
3 5593Loading...
17
‼ Автобус жүргізушісі мас ер адамды салоннан лақтырып жіберген Оқиға Алматыдағы №2 автобуста орын алған. Кадрлардан ер адамның мас күйінде жерде аунап жатқанын байқауға болады. Жол жиегінде жағдайды бақылап тұрған куәгерлер де бар. Әзірге ресми түсініктеме жоқ. t.me/stankznews
3 3836Loading...
18
💬 "Ғарышты бағындыруда Қазақстанның үлесі зор": Қоғам белсенділері Алматыдағы Гагарин көшесінің атауын өзгертуге қарсы шықты Алматы мәслихаты Гагарин көшесінің атын Ермек Серкебаев деп атау жөнінде бастама көтерген еді. Юрий Гагарин даңғылының – Тимирязев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігі өзгеріп, көшенің тарихи бөлігі еш өзгеріссіз қалады деген ұсыныс айтылды. Дегенмен әлеуметтік желіде бұл ұсынысты даттайтындар да жақтайтындар да табылды. Осыған орай Stan.kz тілшісі қоғам белсенділері мен саясаттанушылардан бұл бастамаға қатысты ойын сұрап көрді. Журналист Гүлнар Бажкенованың айтуынша, адамзат ғарышты бағындырғандағы тарихи оқиға мен жетістікте Қазақстанның да үлесі зор. Мұны ұмытпау үшін Юрий Гагарин атындағы көшенің өзгеріссіз қалуы маңызды. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз! t.me/stankznews
3 1941Loading...
19
Алматыда құрылысы аяқталмаған ғимарат сүрілді Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, меншік иесі Шұғыла шағынауданында 1350 шаршы метрден астам ғимаратты рұқсат құжаттамасыз шаруашылық тәсілмен салған. Әкімдік меншік иесіне шара қолданып, заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарған. Алайда меншік иесі оны орындамаған. 2023 жылы 20 маусымда басқарма сотқа бұзу туралы талап арыз бердген. Өткен жылы 9 қазанда сот талқылауларының нәтижелері бойынша талап арыз қанағаттандырылған. Меншік иесі нысанды бұзуды 20 мамырда бастады. t.me/stankznews
3 5251Loading...
20
Үш жасар Асылымның денесі жер қойнына тапсырылды Түркістан облысы Сарыағаш ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 3 жасар бүлдіршіннің мәйіті көршісінің әжетханасынан 19 мамырда табылған еді. Шымкенттік медициналық-сараптама “қыз денесі таза, еш бүлінбеген. Зорлық белгілері жоқ” деп қорытты. Айтуларынша, бүлдіршін сол күні аулаға ойнап барған. Ол үйдің байлаусыз иті бар екен. Сол қуды ма екен, қорқып қашып әжетханаға кірсе керек. Қолында тас қылып құшақтаған кішкентай әмияны бар, денесі таза, беті сәл сырылған дейді. t.me/stankznews
3 4243Loading...
21
Қытай Қазақстанда электромобильдер шығармақ Олар елімізге электромобильдер өндірісін құру туралы ұсыныс жасады. Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның озық технологияларды, инновацияларды дамытуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу әлеуетін жетілдіруге мүдделі екенін жеткізді. Айтуынша қазақ тарап бұл ұсынысты толық қолдайды. t.me/stankznews
3 2481Loading...
22
Шымкентте 24 жастағы келіншек үшем дүниеге әкелді Осылайша Айгүл Бақытжанқызы 5 баланың анасы атанды. Олардың бірінің салмағы - 1580 грамм болса, екіншісі − 1640, үшіншісінікі - 1610 грамм. Отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед деген есімдер берді. Алдымен жансақтау бөліміне жатқызылған балалар дәрігерлердің ем-домынан кейін палатаға ауыстырылды. Үшем ұлдар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында дүниеге келді. t.me/stankznews
3 5834Loading...
23
Вайнер Мейіржан Төребаев колониядан "қысқа мерзімді демалысқа" шығарылды Желіде қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін бес жылға сотталған Мейіржан Төребаевтың отбасымен кезіккен видеосы тарады. Кадрлардан оның балаларымен өз үйінде емен-жарқын отырғанын байқауға болады. Павлодар облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, вайнер 2024 жылы 17 мамырдан бастап 27 мамырға дейін Алматыда 11 күнтізбелік күнге анасының ауруына байланысты қысқа мерзімді демалысқа шықты. t.me/stankznews
3 8932Loading...
24
🧕 Конституциялық сот мектепте хиджаб киюге тыйым салуға қарсы мәлімдемені қараудан бас тартты Сотқа ата-аналардаг мектептерде орамал тағуға тыйым салуды "Конституцияға қайшы" деп тану туралы өтініш түскен. Олар балаларының ақ орамалдың кесірінен сабаққа кіргізілмейтініне наразы. Алайда сот бұл арызды қараудан бас тартқан. Бұл шешім соттардың немесе басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын жағдайларда мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден бас тартумен негізделген. Әкімшілік сот "бұйрық шығарған мемлекеттік органның орналасқан жерін немесе оның жариялану көзін көрсетпегенін" хабарлаған. t.me/stankznews
4 2563Loading...
25
🇰🇿🥇 Қазақстандық гимнастшы Азия чемпионатында топ жарды Милад Карими Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінің чемпионы атанды. Гимнаст кермедегі жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, 15.033 ұпаймен жарыс жеңімпазы атанды. Ал күміс пен қола медальді қытайлықтар Хао Тянь (14.300) мен Цзяолэй Ляо (13.800) иеленді. Бұл – Миладтың Ташкент төрінде жеңіп алған үшінші медалі. t.me/stankznews
4 2942Loading...
26
Қазақ тіліндегі онлайн-диктант: Қалай қатысамыз? 24 мамырда dictant.stan.kz парақшасында мәтінді оқитын спикердің видеосы жарияланады. Таңғы сағат 09:00-ден бастап сайтқа кіріп, мәтінді тыңдап, диктант жаза аласыз. Ол үшін спикердің айтқанын мұқият тыңдап, мәтінді теру керек. Жазба жұмысына кешкі 21:00-ге дейін қатысуға болады. Жазба жұмысын орындауға берілетін уақыт шектеулі. Жазбаны бірнеше рет тыңдауға шектеу қойылады. Ескерту: Ұтысқа шынайы аты-жөнін жазғандар ғана қатысады. Бұған қоса диктантты бірнеше рет жазған қатысушылар ұтыс ойынына жіберілмейді. Диктанттың басталу уақытын қалт жіберіп алмас үшін біздің Stan.kz Play Market және AppStore-дан жүктеп алуға кеңес береміз. Диктантты қатесіз жазған қатысушылардың арасында қаржылай сыйлықтар ойнатылады. Қандай сыйлықтар ойнатылатынын мына жерден оқи аласыз. t.me/stankznews
3 65261Loading...
27
⚖ Шымкент қаласы әкімінің экс-орынбасары 8,5 жылға сотталды Мақсұт Исахов өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істей құқығынан да айырылды. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде ҰҚК басшы орынбасарына 200 мың доллор пара бермек болды деген айыппен ұсталған еді. Содан бері тергеу абақтысында жатқан бұрынғы шенеунік сот барысында өзіне жала жабылғанын мәлімдеген болатын. Сөзінше, керісінше ҰҚК-ның Шымкент бойынша департамент басшысының орынбасары Исаховтан ақша бопсалаған. t.me/stankznews
3 1785Loading...
28
📢 Алматылықтар назарына! 21 мамырда сағат 10.00-де Алматы қаласында жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Сирена-дыбыстық қондырғылар іске қосылған кезде білім беру ұйымдарында, адам көп шоғырланатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау арқылы, нысандық сейсмикалық дайындық жүргізіледі. t.me/stankznews
2 7515Loading...
29
‼ Зейнеткер пәтер кіреберісінде дәрет сындырған Оқиға 17 мамырда Ақтауда 5-шағын аудандағы №1 тұрғын үйде болған. Ер адам подъезді жөндеуге керек кафельдің үстіне нәжісін қалдырып кеткен. Полиция ер адамды ұстап, 18 460 теңге айыппұл салған. Ол 66 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. t.me/stankznews
2 9965Loading...
30
Иран президенті мінген тікұшақ апатқа ұшырап, салдарынан толығымен жанып кеткен Бортта болған шенеуніктердің барлығы көз жұмды, бұл жөнінде Reuters басылымы хабарлады. Тікұшақта Иран президенті Эбрахим Раиси, сыртқы істер министрі Хосейн Абдоллахиан, Тебриз мешітінің имамы мен тағы үш адам болған. t.me/stankznews
2 7415Loading...
31
Түркістан облысында үш күн бойы іздестірілген үш жасар қыздың денесі табылды. Деректерге сай оқиға шағын Сіргелі ауылында орын алған. Бүлдіршін таңғы асты ішіп болған соң үлкендер әрлі-берлі жиналғанша із-түссіз жоқ болған. Кейін қызды ауыл болып үш күні іздеген. Ауылдағы барлық құдық, дәретхана, құбырлар сорғызылып қаралған. Алайда үш күннен соң бүлдіршіннің денесі қарама-қарсы көрші үйдің дәретханасынан табылды. “Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Қайғы жұтқан Асылымның ата-анасына, туыстарына, барша қазақ еліне көңіл айтамын. Жатқан жерің пейіш болсын, періште. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, халайық”,- деді Гүлмира Әбіқай өз парақшасында.
2 8601Loading...
32
Желіде Таразда ер адамның тұрғын үй ауласында әйелді аяусыз ұрып жатқан видеосы таратды.
3 9183Loading...
33
Пәкістан Бішкектегі тәртіпсіздіктерден кейін студенттерін Қырғызстаннан отанына қайтаруда. Пәкістан премьер-министрі Қырғызстан елшілігінен пәкістандық студенттерді отанына қайтару үшін қажет нәрсенің бәрін жасауды тапсырды. Арнайы борт 19 мамыр күні кешке Бішкектен 130 адамды алып кетеді. Бішкекте жергілікті тұрғындар шетелдіктерді соққыға жыққан соң жаппай тәртіпсіздік болғанын хабарлаған едік. Кейін пәкістандық азаматтар елшілік алдында наразылыққа жиналды. 21 мамырда Қырғызстан мен Пәкістан СІМ басшылары Астанада кездеспек.
2 5860Loading...
34
Желіде Испания мен Португалияда байқалған ерекше құбылыстың видеосы пайда болды. Кадрларда түнгі аспан көк түсте жарқырай аққан жұлдыз бейнеленген.  X әлеуметтік желісі жариялаған видеоларда метеоридтің аспаннан қалай өткені көрсетілген. Алайда метеорид Жерге түспей із-түссіз жоғалған
3 3464Loading...
35
"Әйел көп еркекпен қосылса, инфекция таратады": Желіде блогердің пікір айтқан видеосы қоғамда дау тудырды Блогер Жанәділ Райымбековтың жыныстық инфекцияның таралуы туралы пікірі қызу талқыланып жатыр. Ол әйел адам бірнеше еркекпен қосылса, міндетті түрде инфекция пайда болатынын, ал көп әйелі бар еркек өзінің әйелдерімен қосылса, ол инфекция таратпайтынын айтады. Алайда оның пікіріне оқырмандар қарсы шығып, наразылық білдірді. «Шариғатта ажырасқан әйел төрт ай ажырасатын күйеуімен бірге тұруы керек, аяғы ауыр болып қалса, баланың кімнен екенін білу үшін және әйел бірінші күйеуімен қарым-қатынасынан тазару үшін", – дейді ол. t.me/stankznews
3 9595Loading...
❓ Неліктен қазақстандық әйелдер ерлерге қарағанда көп шығындалады Америкалық желі қолданушылары өнімдердің құрамы мен сапасы бірдей бола тұра, тек әйелдерге арналған болғаны үшін тауардың қымбатырақ екенін байқап, мәселені көтерді. Гигиеналық, базалық қажеттіліктер үшін әйелдердің көбірек ақша жұмсауға мәжбүр болатынын көпшілік әділетсіз деп атады. Қазақстандық желі қолданушысы да гигиеналық тауар бағасында айырмашылық барын сынап, желіге пост жүктеген. Stan.kz тілшісі елімізде не себепті және қаншалықты әйелдер ерлерге қарағанда көбірек шығындалатынын зерттеп көрді. Мәселен антиперспирант және дезодорант бойынша әйелдердікі 999 теңгеден басталып, 1479, 1779 теңгеге дейін барады. Ал ерлердің дезодоранты 905 теңгеден 1175, 1215, 1459 теңгеге дейін. Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз! t.me/stankznews
Show all...
"Қызғылт салық": Неліктен қазақстандық әйелдер ерлерге қарағанда көп шығынданады

👍 2🤔 2
‼ 11-сынып оқушысы профессорды өлтірді деген күдікке ілінді 15 мамырда Шымкентте Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының профессоры Б.У-ды ұрып-соққаны туралы ақпарат тарады. Профессор ауруханаға жеткізіліп, 5 күннен соң көз жұмды. Полиция қызметкерлері өлімге әкеп соқтырған дене жарақатын келтірді деген күдікпен 17 жастағы жігітті ұстады. Тергеушілердің айтуынша, мұғалім мен оның арасында жанжал болған. Енді жігіт 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. t.me/stankznews
Show all...
😱 11👍 1
🧕 Хиджаб киюге тыйым: Жеке мектептер ескертусіз тексеріледі Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінше, дін білім саласынан бөлек тұруы керек. Өскелең ұрпақтан табысты тұлғаны қалыптастыруға тырысуымыз қажет дейді.
“Кәсіпкерлік кодексі бойынша бізде алдын ала ескертусіз жеке мектептерді тексеретін құзырет болған жоқ. Тіпті болған күннің өзінще прокуратураның рұқсатымен тексерілетін. Қазір бұл бағытта үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Енді біз барлық білім беру ұйымдарының заңдылықтың орындалуын тексерумен сәйкестендіру үшін кез келген білім беру ұйымдарына ескертусіз кіруге мүмкіндік аламыз”, – деді министр.
t.me/stankznews
Show all...
Жаңалықтар - Stan.kz

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankznews_bot

👍 20👎 14🤯 2🤨 2
01:08
Video unavailableShow in Telegram
💬 "Көп шығыннан емес, аз табыстан қорқу керек" Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың айтуынша, ел өндіріс пен кірісті ұлғайтуы керек. Министрдің сөзінше, халық көп жұмыс істеп, көп ақша табуға тырысу керек. Ал азық-түлік себеті мен тұтынушылық тауарлардың бағасы құбылмалы дейді. t.me/stankznews
Show all...
👎 8 2🤡 2🗿 1
01:02
Video unavailableShow in Telegram
АҚШ елшілігі қазақстандықтарды "шәй күнімен" ерекше құттықтады Видеоролик елші Дэниел Розенблюмнің Астанада шетелдік қонақты қарсы алу сәтінен басталады. Іскерлік кездесуден кейін елші қазақтардың: "ал енді өзіміз отырып, шәй ішейік" деген дәстүрлі сөзін айтады. Айта кетейік, бүгін бүкіл әлем "халықаралық шәй күнін" атап өтіп жатыр. 💬 Ал дәстүрлі мерекеміз құтты болсын 🫖 t.me/stankznews
Show all...
7💩 2👍 1🔥 1
Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөзінше, жоғарғы оқу орнына қабылдау тесті SAT стандартталған тест форматына көшеді. 2021 жылдан бастап Дүниежүзілік банктің қолдауымен кафедра ҰБТ форматын қайта құруға және техникалық қызмет көрсетуді қайта құруға арналған жобаны іске қосты. Енді министрлік екі бағытта жұмыс істейді: Тестологтарды дайындау жұмысы өткен аптада аяқталды. 350 қазақстандық маманды әйгілі француз компаниясы дайындап шықты. Ал ҰБТ-ға техникалық қызмет көрсетумен фин компаниялар тобы жұмыс істейді. Енді тестологтар SAT-ке жақын жаңа әдіс бойынша сұрақтар дайындайды (АҚШ университеттеріне қабылдау үшін стандартталған тест).
"Форматтың өзі де өзгереді. Үміткерлер ҰБТ-ны бес рет тапсырады: екі сынақ, екі негізгі және біреуі ақылы білім алуға арналған. Енді үміткер сайтқа тіркеліп, тест тапсырады, содан кейін университетке түсу туралы сертификат алады", - деді министр.
Үкімет дайындықты биыл бастап, келесі жылы іске қосылады екен. t.me/stankznews
Show all...
👍 5 2
Photo unavailableShow in Telegram
Айка Love 6,5 жылға сотталды Атышулы Айка тізімі қоғамда біраз шу тудырған еді. Сотталушы мефедронды заңсыз иемденген, сақтаған және тасымалдаған, сондай-ақ жеңгетайлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 2020-2023 жылдар аралығында сыбайласымен бірге қыздарды клиенттермен таныстырып, интимдік қызмет көрсеткен. Айка Мырзахметова 6 жыл 5 айға, ал оның сыбайласы 3 жыл 8 айға сотталды. t.me/stankznews
Show all...
👍 19😱 5 2😁 2
✍ Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі 3,5 мыңнан астам оқушы аралық және қорытынды емтихан тапсырмайды Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінше, олардың қатарында Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім алушылары бар. Оқушылардың қорытынды бағасы жылдық бағалары негізінде шығарылады. Айта кетейік, биыл 3,8 млн оқушы кезекті оқу жылын аяқтайды. 9 және 11-сынып бітірушілер үшін қорытынды емтихан 29 мамыр-11 маусым аралығында өтеді. t.me/stankznews
Show all...
01:33
Video unavailableShow in Telegram
💬 "Қалдықтарды сақтап, қайтадан балаларға береді" Ақмола облысы Зеренді ауылындағы №1 орта мектептегі асхана аспазы тамақтардың сапасын сынады. Бұрын сол білім ордасында аспаз боп жұмыс істеген Меруерт Құлағнанованың айтуынша, оған тамақ қалдықтарын мұздатқышта сақтап, екінші ауысымдағы балаларға берсін деп нұсқау берген. Әрі асхананы жалға алғандар стафилококк табылғанын жасыру үшін жалған анықтама жасатты дейді. Аспаздар стақандағы қалған сүтті шелекке құйып, оны екінші ауысымдағыларға берген, сүтке су араластырған көрінеді. Оларға 5 литр сүтке 10 литр су қоссын деп нұсқаған екен. Айтуынша, мәзірде шырын берілуі керек деп тұрады. Бірақ оның орнына қара шай немесе компот қайнатсын дейді екен. Йогурттың орнына айран әкеліп, қант пен су қосып, 50-60 граммнан береді дейді. Ол жағдайды прокуратураға хабарлағанымен, ешқандай шара қолданбаған. Сондай-ақ кәсіпкер аспазға жалақысын төлемеген, зейнетақысы да есепшотына түспеген. Алайда мектеп әкімшілігі бұл айыптауларды жоққа шығарды. t.me/stankznews
Show all...
👍 12🤬 7👎 6 1🔥 1
🩺 Енді медбикелер де диагноз қоя алады Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл жаңашылдық дәрігерлердің жүктемесін азайтып, пациенттердің уақытын үнемдейді. Сондай-ақ медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Емханаларда дәрігер мен мейіргердің міндетін қайта бөліп, орта медициналық қызметкерлерге науқастарды өз бетінше қабылдау құқығы беріледі. Ол үшін орта медициналық қызметкерлер арнайы бағдарлама бойынша білім алады. t.me/stankznews
Show all...
🤬 12🔥 8👎 3👍 1 1