ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Open in Telegram
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Show more9 238
Subscribers
-1524 hours
+47 days
+10530 days
Posts Archive
🎖Медалью «Ерен еңбегі үшін» награждены:
➤ Узакбаева Айкумис Самархановна — повар столовой общественного питания ТОО «KMG EP-Catering»;
➤ Етмышбаева Карлыгаш Халмурзаевна — повар столовой общественного питания ТОО «KMG EP-Catering»;
➤ Утесинова Акбиби Джалкишовна — повар столовой общественного питания ТОО «KMG EP-Catering»;
➤ Казиева Раушан Узакбаевна — директор департамента по управлению и развитию персонала АО «Озенмунайгаз»;
➤ Абдуалиева Сандугаш Кабдоллаевна — ветеран нефтегазовой отрасли;
➤ Дарибаев Юлдашбай Абуевич — ветеран нефтегазовой отрасли;
➤ Ходжахметова Райса Кожамбердиевна — машинист цеха поддержания пластового давления АО «Озенмунайгаз»;
➤ Куаншекенов Нуржан Гайноллинович — начальник цеха по подземному ремонту скважин производственного управления «Каламкас-Сервис» ТОО «Oil Services Company»;
➤ Оразов Галымжан Жусипкалиевич — начальник участка Жетыбайской электростанции ТОО «Мангистауэнергомунай»;
➤ Кулназаров Ерназар Жалгасбаевич — директор по проекту ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.»;
➤ Акжанов Бекзат Серикбаевич — начальник управления добывающими и нефтесервисными активами АО НК «КазМунайГаз»;
➤ Кайдагулов Олжас Темиртасович — начальник управления нефтепереработки АО НК «КазМунайГаз»;
➤ Уалиева Алтынай Тулегеновна — бизнес-партнер ТОО «KMG Systems & Services»;
➤ Ешкеев Мурат Женусович — ведущий специалист АО НК «КазМунайГаз»;
➤ Чен Юлия Анатольевна — начальник управления казначейства АО НК «КазМунайГаз»;
➤ Сембаев Равиль Алдабергенович — водитель автомобиля Мангистауского управления технологического транспорта ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн»;
➤ Азаматов Алимхан Эльдаргаджиевич — машинист подъемника ТОО «Озенмунайсервис»;
➤ Сранов Мухтар Сулейменович — ведущий инженер группы автоматизации систем управления технологическими процессами ТОО «Мунайтелеком»;
➤ Кутмамбетов Мажет Сакенович — заместитель директора департамента добычи нефти и газа ТОО «СП «Казгермунай»;
➤ Жолбасаров Жаңалық Таңғалиұлы — начальник Мангистауского управления технологического транспорта ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн»;
➤ Төретаев Асхат Жалғасұлы — заместитель начальника производственного управления «Жетыбай-Сервис» ТОО «Oil Services Company»;
➤ Агатаев Айжарык Орысбаевич — заместитель начальника производственно-технического отдела ТОО «Oil Construction Company».
▪️В целом, государственных и ведомственных наград удостоились 590 работников группы компаний КМГ.
📱 ҚазМұнайГаз
+8
От имени Президента в преддверии Дня Республики вручены государственные награды работникам и ветеранам нефтегазовой отрасли
🇰🇿В канун Дня Республики в АО НК «КазМунайГаз» состоялась торжественная церемония награждения работников и ветеранов государственными и ведомственными наградами.
🗣Председатель Правления КМГ Асхат Хасенов поздравил коллег с предстоящим национальным праздником и отметил стратегическую роль нефтегазового сектора в экономическом развитии страны.
— День Республики символизирует суверенитет Казахстана, стремление к дальнейшему процветанию и единство нашего народа. Работники группы компаний «КазМунайГаз» своим самоотверженным трудом вносят весомый вклад в укрепление энергетической безопасности и социально-экономического потенциала страны. Сегодня вам вручены государственные награды, присужденные Указом Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева. Это высокая оценка вашего профессионализма, ответственности и преданности делу, — подчеркнул А.Хасенов.🎖Орденом «Құрмет» награждены: ➤ Кузембаев Береке Жумагулович — машинист подъемника АО «Озенмунайгаз»; ➤ Медеуов Дюсен Абильбаевич — генеральный директор ТОО «Управление по добыче и транспортировке воды»; ➤ Оразбеков Марлен Армиевич — управляющий директор по поддержке бизнеса ЧКОО «КМГ Кашаган Б.В.»; ➤ Есбергенова Айгуль Сагнаевна — главный бухгалтер АО НК «КазМунайГаз». 🎖Ордена «Еңбек Даңқы» ІІІ степени удостоен: ➤ Омаров Абдижамал Рзабекович — руководитель проекта Каламкасской строительно-монтажной службы ТОО «Oil Construction Company».
🎖«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:
➤ Ұзақбаева Айкүміс Самарханқызы — «KMG EP-Catering» ЖШС қоғамдық тамақтандыру асханасының аспазы;
➤ Етмышбаева Қарлығаш Халмырзақызы — «KMG EP-Catering» ЖШС қоғамдық тамақтандыру асханасының аспазы;
➤ Өтесінова Ақбибі Жалқышқызы — «KMG EP-Catering» ЖШС қоғамдық тамақтандыру асханасының аспазы;
➤ Қазиева Раушан Ұзақбайқызы — «Өзенмұнайгаз» АҚ персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры;
➤ Абдуалиева Сандуғаш Қабдоллақызы — мұнай-газ саласының ардагері;
➤ Дарибаев Юлдашбай Абуұлы — мұнай-газ саласының ардагері;
➤ Ходжахметова Райса Қожамбердіқызы — «Өзенмұнайгаз» АҚ қабат қысымын сақтау цехының машинисі;
➤ Қуаншекенов Нұржан Ғайноллинұлы — «Oil Services Company» ЖШС «Қаламқас-Сервис» өндірістік басқармасының ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының бастығы;
➤ Оразов Ғалымжан Жүсіпқалиұлы — «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС Жетібай электр станциясының учаске бастығы;
➤ Құлназаров Ерназар Жалғасбайұлы — «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС жоба директоры;
➤ Ақжанов Бекзат Серікбайұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндіруші және мұнай сервистік активтерді басқару басқармасының бастығы;
➤ Қайдагұлов Олжас Теміртасұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу басқармасының бастығы;
➤ Уалиева Алтынай Төлегенқызы — «KMG Systems & Services» ЖШС бизнес серіктесі;
➤ Ешкеев Мұрат Жеңісұлы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жетекші маманы;
➤ Чен Юлия Анатольевна — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қазынашылық басқармасының бастығы;
➤ Сембаев Равиль Алдабергенұлы — «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының көлік жүргізушісі;
➤ Азаматов Әлімхан Эльдаргаджиұлы — «Өзенмұнайсервис» ЖШС көтергіш қондырғы машинисі;
➤ Сранов Мұхтар Сүлейменұлы — «Мұнайтелеком» ЖШС технологиялық процестерді басқару жүйелерін автоматтандыру тобының жетекші инженері;
➤ Құтмамбетов Мажет Сәкенұлы — «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнай және газ өндіру департаменті директорының орынбасары;
➤ Жолбасаров Жаңалық Таңғалиұлы — «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС Маңғыстау технологиялық көлік басқармасының бастығы;
➤ Төретаев Асхат Жалғасұлы — «Oil Services Company» ЖШС «Жетібай-Сервис» өндірістік басқармасы бастығының орынбасары;
➤ Агатаев Айжарық Орысбайұлы — «Oil Construction Company» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығының орынбасары.
▪️Жалпы, ҚМГ компаниялар тобының 590 қызметкері мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
📱 ҚазМұнайГаз
+8
Президент атынан Республика күні қарсаңында мұнай-газ саласының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды
🇰🇿Республика күні қарсаңында ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар салтанатты түрде табысталды.
🗣ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов әріптестерін ұлттық мерекемен құттықтап, еліміздің экономикалық дамуындағы мұнай-газ секторының стратегиялық рөлін атап өтті.
— Республика күні Қазақстанның егемендігін, еліміздің одан әрі өркендеуге деген ұмтылысын және халқымыздың бірлігін білдіреді. ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлері өздерінің адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Бүгін сіздерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградалар табысталды. Бұл - сіздердің мұнай-газ саласын дамыту жолында атқарған көп жылғы адал еңбектеріңізге берілген жоғары баға, - деді А.Хасенов.🎖«Құрмет» орденімен: ➤ Күзембаев Береке Жұмағұлұлы — «Өзенмұнайгаз» АҚ көтергіш қондырғы машинисі; ➤ Медеуов Дүйсен Әбілбайұлы — «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» ЖШС бас директоры; ➤ Оразбеков Марлен Армияұлы — ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК бизнесті қолдау жөніндегі басқарушы директоры; ➤ Есбергенова Айгүл Сағынайқызы — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас бухгалтері марапатталды. 🎖ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен: ➤ Омаров Әбдіжамал Рызабекұлы — «Oil Construction Company» ЖШС Қаламқас құрылыс-монтаждау қызметінің жоба жетекшісі марапатталды.
+3
CASPI BITUM и ПНХЗ с 1 ноября переходят на выпуск дорожного битума с учётом климатических условий регионов
🏭Актауский завод CASPI BITUM и Павлодарский нефтехимический завод (ПНХЗ), входящие в группу АО НК «КазМунайГаз», с 1 ноября 2026 года прекращают производство дорожного битума марки БНД 100/130 и переходят на марки, подобранные под климат регионов: БНД 70/100 — для северных и центральных, БНД 50/70 — для южных.
▪️Решение принято в рамках поручений, поставленных Правительством РК.
▪️Отметим, что оба завода вносят значимый вклад в развитие дорожно-строительной отрасли, стабильно обеспечивая внутренний рынок отечественным высококачественным битумом. Их совокупные мощности — 750 тыс. тонн в Актау и порядка 500 тыс. тонн в Павлодаре — закрывают потребность страны в дорожном битуме, которая оценивается в 1,2 млн тонн в год.
Справочно: Аббревиатура БНД расшифровывается как «битум нефтяной дорожный», а цифры в обозначении марки означают допустимый диапазон пенетрации — глубины проникновения иглы в битум при температуре 25 °C под нагрузкой 100 г в течение 5 секунд. Показатель измеряется в десятых долях миллиметра. Например, чем меньше цифры, тем битум тверже: у БНД 50/70 игла входит на 5,1–7 мм, у БНД 100/130 — на 10,1–13 мм.📱 ҚазМұнайГаз
+3
CASPI BITUM мен Павлодар мұнай-химия зауыты 1 қарашадан бастап өңірлердің климаттық жағдайына бейімделген жол битумын шығара бастайды
🏭«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобына кіретін Ақтаудағы CASPI BITUM зауыты және Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) биыл 1 қарашадан бастап БНД 100/130 маркалы жол битумын өндіруді тоқтатып, өңірлердің климаттық жағдайына бейімделген маркаларды өндіруге көшеді. Атап айтқанда, солтүстік және орталық өңірлер үшін БНД 70/100 маркалы және оңтүстік өңірлер үшін БНД 50/70 маркалы жол битумын өндіре бастайды.
▪️Бұл шешім Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау аясында қабылданды.
▪️Айта кетейік, екі зауыт жол-құрылыс саласын дамытуға елеулі үлес қосып, ішкі нарықты отандық жоғары сапалы битуммен тұрақты қамтамасыз етіп келеді. Олардың жиынтық өндірістік қуаты Ақтауда – 750 мың тоннаны, ал Павлодарда шамамен 500 мың тоннаны құрайды. Жалпы, екі кәсіпорын жылына 1,2 млн тонна битум шығарып, елдің жол битумына деген қажеттілігін толық жауып отыр.
Анықтама: БНД - «жол құрылысына пайдаланылатын мұнай битумы» дегенді білдіреді. Марка белгісіндегі цифрлар 25°C температурада 100 г жүктеме әсерімен 5 секунд ішінде иненің битумға ену тереңдігінің рұқсат етілген диапазонын көрсетеді. Көрсеткіш миллиметрдің оннан бір бөлігімен өлшенеді. Мысалы, цифрлар неғұрлым кіші болған сайын, битум соғұрлым қатты болады: БНД 50/70 маркасында ине 5,1–7 мм, ал БНД 100/130 маркасында 10,1–13 мм тереңдікке енеді.📱 ҚазМұнайГаз
+4
В Атырауской области началось строительство магистральных трубопроводов (этан, пропан)
🗣22 октября дан старт проекту «Строительство магистральных трубопроводов (этан, пропан) в едином коридоре в Атырауской области».
🏭Реализуемый KMG PetroChem (дочерняя компания АО НК «КазМунайГаз») проект обеспечит надежную, безопасную и бесперебойную транспортировку сжиженных этана и пропана от Газосепарационного комплекса на месторождении Тенгиз до газохимических предприятий по производству полиэтилена и полипропилена на территории СЭЗ «НИНТ» Карабатан. Вместе эти объекты создадут основу для глубокой переработки углеводородов и выпуска продукции с высокой добавленной стоимостью.
🎺 Таким образом, впервые в нашей стране будут построены магистральные трубопроводы (этан, пропан). Протяженность каждого составит порядка 210 км. Пропускная способность этанопровода достигнет 1,6 млн тонн в год, пропанопровода — 1,1 млн тонн в год.
▪️Ранее в Казахстане был утвержден первый в СНГ технический регламент для магистральных этано- и пропанопроводов, разработанный с учетом особенностей проекта.
▪️В ходе реализации проекта особое внимание будет уделено увеличению доли казахстанского содержания путем привлечения отечественных поставщиков оборудования и материалов, подрядных и сервисных организаций, а также квалифицированных кадров. Это откроет дополнительные возможности для местного бизнеса и развития производственной кооперации.
⚙️Производство труб для пропанопровода уже началось, предусмотрены бесшовные трубы из углеродистой и легированной стали, соответствующие требованиям эксплуатации при низких температурах.
✅Для обеспечения безопасности трубопроводов каждые 5–10 км предусмотрены линейные крановые узлы с автоматизированной запорной арматурой, а также система обнаружения утечек и газоанализаторы.
✅Проект также имеет значимый социально-экономический эффект: на пике строительства планируется создать до 1 300 рабочих мест. При трудоустройстве приоритет будет отдаваться жителям Атырауской области. Это предусмотрено трехсторонним меморандумом о сотрудничестве, подписанным Управлением координации занятости и социальных программ Атырауской области, ТОО «KMG PetroChem» и подрядной организацией — ТОО «ЧППИ (Казахстан)». На этапе эксплуатации трубопроводов будет создано порядка 170 постоянных рабочих мест.
✅Ввод объектов в эксплуатацию намечен на конец 2028 года. Новая инфраструктура станет основой для устойчивой работы нефтегазохимических заводов и дальнейшего развития отрасли в целом.
Справочно: Проект реализуется ТОО «KMG PetroChem» в партнерстве с международным консорциумом во главе с China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd. при участии CITIC Construction Co., Ltd. и ТОО «ЧППИ Казахстан».📱 ҚазМұнайГаз
+5
Атырау облысында магистралды этан және пропан құбырларының құрылысы басталды
🗣22 қазан күні «Атырау облысындағы бірыңғай торапта магистралды құбырларды (этан, пропан) салу» жобасы басталды.
🏭KMG PetroChem («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы) жүзеге асыратын жоба сұйытылған этан мен пропанды Теңіз кен орнындағы Газ сепарациялау кешенінен Қарабатан «ҰИМТ» АЭА аумағындағы полиэтилен мен полипропилен өндіретін газ-химия кәсіпорындарына дейін сенімді, қауіпсіз әрі үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етеді. Бұл объектілер көмірсутекті терең өңдеп, қосылған құны жоғары өнім шығаруға негіз болады.
🎺 Айта кетейік, бұл еліміздегі этан мен пропанды тасымалдайтын алғашқы магистралды құбыр болмақ. Әрқайсысының ұзындығы шамамен 210 км болады. Этан құбырының өткізу қабілеті жылына — 1,6 млн. тоннға, пропан құбырының өткізу қабілеті жылына — 1,1 млн. тоннаға жетеді.
▪️Бұған дейін Қазақстанда іске асырылып жатқан жобаның ерекшеліктерін ескере отырып, магистралды этан және пропан құбырлары үшін әзірленген ТМД-дағы алғашқы техникалық регламент бекітілді.
▪️Жобаны іске асыру барысында отандық жабдықтар мен материалдарды жеткізушілерді, мердігерлік және сервистік ұйымдарды, сондай-ақ білікті кадрларды тарту арқылы қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуға ерекше назар аударылатын болады. Бұл жергілікті бизнеске және өндірістік кооперацияны дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.
⚙️Қазіргі уақытта пропан құбырына арналған құбырлар өндірісі басталып кетті. Төмен температурада пайдалану талаптарына сәйкес келетін көміртекті және қоспаланған болаттан жасалған жіксіз құбырлар қарастырылған.
✅Құбырлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әрбір 5-10 км сайын автоматтандырылған бекіту арматурасы бар желілік кран тораптары, сонымен қатар ағып кетуді анықтау жүйесі мен газ анализаторлары қарастырылған.
✅Жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі де айтарлықтай: құрылыс жұмыстары кезінде 1 300-ге дейін жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жұмысқа қабылдау кезінде Атырау облысының тұрғындарына басымдық беріледі. Бұл Атырау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «KMG PetroChem» ЖШС және мердігер ұйым - «ЧППИ (Қазақстан)» ЖШС арасында қол қойылған үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумда көзделген. Құбырларды пайдалану кезеңінде шамамен 170 тұрақты жұмыс орны ашылатын болады.
✅Объектілерді пайдалануға беру 2028 жылдың соңына жоспарланған. Жаңа инфрақұрылым мұнай-газ химиясы зауыттарының тұрақты жұмыс істеуіне және саланың одан әрі дамуына негіз болады.
Анықтама: Жобаны «KMG PetroChem» ЖШС CITIC Construction Co., Ltd. және «ЧППИ (Қазақстан)» ЖШС қатысуымен China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd. басқаратын халықаралық консорциуммен серіктестікте жүзеге асырады.📱 ҚазМұнайГаз
+2
КазМунайГаз и CNPC рассмотрели ход реализации совместных проектов
▪️В Астане состоялась встреча председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхата Хасенова с президентом China National Petroleum Corporation (CNPC) Чжоу Синьхуаем.
🗣Стороны обсудили вопросы сотрудничества в добыче, переработке и транспортировке углеводородов, а также перспективы расширения взаимодействия в геологоразведке. В частности, рассмотрен ход совместных проектов, реализуемых во исполнение поручений Главы государства по модернизации действующих НПЗ, обеспечению максимальной загрузки существующих перерабатывающих мощностей и ускоренному освоению новых газовых месторождений.
🏭Проект расширения производственной мощности Шымкентского НПЗ с 6 до 12 млн тонн в 2030 году имеет стратегическое значение для обеспечения энергетической безопасности страны в условиях постоянного увеличения внутреннего потребления топлива. На текущий момент завершается разработка ТЭО и ведутся процедуры по переходу к подготовке FEED/ПСД. Глава КМГ обозначил необходимость своевременной реализации всех запланированных этапов проекта.
🎺 Также в ходе встречи затронута тема расширения нефтепроводов Казахстан-Китай. Планируется увеличить пропускную способность трубопроводов Кенкияк – Атырау до 15 млн тонн и Кенкияк – Кумколь до 20 млн тонн в год в целях обеспечения сырьем Шымкентского НПЗ с учетом модернизации. КМГ и CNPC приняли решения по разработке проектной документации по расширению данных нефтепроводов.
⚡️В рамках проекта «Урихтау» в Актюбинской области на первом этапе до конца текущего года ожидается выход на производительность до 200 млн м³ сырого газа в год. Параллельно реализуется второй этап, завершение которого намечено на конец 2027 года. С выходом проекта на полную мощность добыча составит до 1 млрд м³ газа ежегодно. Как уже сообщалось, переработка сырого газа с месторождения будет осуществляться на мощностях Жанажольского нефтегазоперерабатывающего комплекса, оператором которого является АО «СНПС-Актобемунайгаз». Запасы газоконденсатной части месторождения Центральный Урихтау составляют 29 млрд м³.
▪️Кроме того, обсуждены меры по восполнению ресурсной базы и обеспечению устойчивой деятельности компаний «Казгермунай» (КГМ) и «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» (ПККР) в условиях естественного истощения запасов разрабатываемых ими зрелых месторождений в Кызылординской области. С учетом проведенной ранее КМГ комплексной оценки по разведке и доразведке активов КГМ и ПККР требуется активизация геологических исследований, в том числе за счет вовлечения новых перспективных участков недр.
▪️Также стороны рассмотрели возможности поставок сырого газа с месторождений группы компаний «ПетроКазахстан» на перерабатывающие мощности КГМ в объеме до 100 млн м³ в год.
📱 ҚазМұнайГаз
ҚазМұнайГаз бен CNPC бірлескен жобалардың іске асырылу барысын қарастырды
▪️Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен Қытайдың China National Petroleum Corporation (CNPC) мұнай-газ корпорациясының президенті Чжоу Синьхуаймен кездесті.
🗣Тараптар көмірсутекті өндіру, өңдеу және тасымалдау салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ геологиялық барлау бағытындағы серіктестікті кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, өндірістік қуаттарды барынша тиімді пайдалану және жаңа газ кен орындарын игеруді жеделдету жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалардың орындалу барысы қаралды.
🏭Жанармайға сұраныс тұрақты өсіп отырған жағдайда Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын 2030 жылға қарай 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру жобасы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу аяқталуға жақын. Сонымен қатар FEED/жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезеңіне өту бойынша тиісті рәсімдер жүргізілуде. ҚМГ басшысы жобаның барлық жоспарланған кезеңдерін уақытылы іске асыру қажеттігін атап өтті.
🎺 Кездесу барысында Қазақстан – Қытай мұнай құбырларының өткізу қабілетін арттыру мәселесі де қозғалды. Шымкент мұнай өңдеу зауытының жаңғыртылуын ескере отырып, оны шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында Кеңқияқ – Атырау мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млн тоннаға, ал Кеңқияқ – Құмкөл құбырының қуатын 20 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. ҚМГ мен CNPC аталған мұнай құбырларын кеңейтуге арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу жөнінде шешім қабылдады.
⚡️Ақтөбе облысындағы «Өріктау» жобасы аясында бірінші кезеңде, яғни биыл жыл соңына дейін шикі газдың өнімділік деңгейін жылына 200 млн текше метрге дейін жеткізу көзделіп отыр. Бұған қоса жобаның екінші кезеңі іске асырылып жатыр. Оны 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жоба толық қуатына шыққан кезде жыл сайын 1 млрд м³ дейін газ өндіріледі. Бұған дейін хабарланғандай, кен орнында өндірілетін шикі газ Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінде өңделеді. Бұл кешеннің операторы – «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ. Орталық Өріктау кен орнының газ конденсатты бөлігінің қор көлемі 29 млрд м³ құрайды.
▪️Бұдан бөлек, Қызылорда облысындағы игеріліп жатқан кен орындарының табиғи сарқылуы жағдайында «Қазгермұнай» (ҚГМ) және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» (ПҚҚР) компанияларының ресурстық базасын толықтыру және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету шаралары талқыланды. ҚМГ бұған дейін ҚГМ мен ПҚҚР активтерінде барлау және қосымша барлау бойынша кешенді бағалау жүргізген болатын. Соның нәтижелерін ескере отырып, жаңа перспективті жер қойнауы учаскелерін игеруге тарту арқылы геологиялық зерттеулерді жандандыру қажет.
▪️Сондай-ақ тараптар «ПетроҚазақстан» компаниялар тобының кен орындарынан ҚГМ-ның өңдеу қуаттарына жылына 100 млн м³ дейінгі көлемде шикі газ жеткізу мүмкіндіктерін қарастырды.
📱 ҚазМұнайГаз
▫️Одной из центральных тем семинара стала Стратегия КМГ по повышению коэффициента извлечения нефти. Специалисты компании «КМГ Инжиниринг» представили результаты комплексной оценки 12 приоритетных месторождений и 32 объектов разработки, для которых сформирован портфель современных технологий повышения нефтеотдачи. Он предусматривает оптимизацию систем поддержания пластового давления, горизонтальное бурение, гидроразрыв пласта, химические и тепловые методы воздействия на пласт.
◾️Согласно прогнозным расчётам, дополнительная добыча нефти составит 10 млн тонн нефти в течение пяти лет. При этом предусмотрены поэтапные научные исследования, опытно-промышленные испытания и применение наиболее эффективных решений на производстве.
▪️Отдельное внимание в ходе мероприятия уделено расширению применения полимерного заводнения. На месторождении Каламкас в Мангистауской области данная технология применяется на шести участках.
▪️В свою очередь китайская нефтегазовая корпорация поделилась опытом в области технологий закачки газа для повышения нефтеотдачи пластов, практикой разработки залежей высоковязкой нефти на Синьцзянском нефтяном месторождении и применения высокоэффективных технологий бурения и добычи.
▪️В целом, проведение технического семинара Казахстан - CNPC способствует укреплению долгосрочного партнерства, обмену передовыми инженерными компетенциями и развитию технологических решений, направленных на обеспечение устойчивой добычи нефти и восполнение ресурсной базы Казахстана.
— Партнерство КазМунайГаза и CNPC на протяжении десятилетий является ярким примером успешной межгосударственной кооперации в нефтегазовом секторе. Мы реализовали масштабные проекты в добыче, транспортировке и переработке углеводородов. Убежден, что объединение геолого-технического опыта специалистов КМГ и технологических возможностей наших китайских партнеров позволит преодолеть все новые вызовы для отрасли с акцентом на инновации и усиление научно-технического потенциала, — заключил А.Хасенов.📱 ҚазМұнайГаз
+8
КМГ и CNPC расширяют технологическое взаимодействие в геологоразведке и нефтедобыче
📍В Астане начал работу IV Технический семинар Казахстан-CNPC по геологии и разработке месторождений нефти и газа. В мероприятии принимают участие председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов, вице-министр энергетики РК Ерлан Акбаров, президент китайской нефтегазовой корпорации CNPC Чжоу Синьхуай, представители геологоразведочных и инжиниринговых компаний группы КМГ, а также ветераны и ведущие эксперты отрасли.
🗣Как отметил в своем выступлении А.Хасенов, восполнение ресурсной базы является одним из ключевых факторов обеспечения стратегической устойчивости нефтегазовой отрасли, особенно на фоне естественного истощения месторождений. В этой связи, КазМунайГаз ведет активную работу по доразведке действующих месторождений, в том числе на совместных с CNPC добывающих активах в Мангистауской и Кызылординской областях.
⬇️ В ходе семинара компания «Казгермунай» представила результаты применения современных методов переинтерпретации сейсмических данных на месторождениях Акшабулак, Аксай и Нуралы в Кызылординской области. В 2021–2026 годах пробурено семь оценочных скважин, шесть из которых дали приток нефти. Подтверждённый прирост начальных извлекаемых запасов превысил 1 млн тонн. На 2027–2029 годы предусмотрено бурение ещё четырёх оценочных скважин с ожидаемым приростом запасов около 500 тыс. тонн.
▪️В то же время КМГ как самостоятельно, так и в партнерстве с международными компаниями последовательно расширяет географию геологических исследований, уделяя особое внимание новым перспективным территориям и глубокозалегающим нефтегазоносным комплексам.
▪️На семинаре рассмотрены результаты и перспективы проводимого КазМунайГазом изучения палеозойских отложений и сланцевой нефти Южно-Тургайского бассейна, малоизученных территорий Шу-Сарысуйского бассейна, а также палеозойских комплексов Мангышлакского и Прикаспийского бассейнов.
🔎 В свою очередь АО «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» поделилось опытом геологоразведочных работ в Южно-Тургайском бассейне. С 2005 года компанией открыто 20 нефтегазоносных участков, обеспечивших прирост извлекаемых запасов нефти почти на 52 млн тонн. В дальнейшем рассматривается бурение 13 поисковых и оценочных скважин на месторождениях Западный Тузколь, Арыскум и Кызылкия для уточнения геологического строения залежей, оценки дополнительных запасов и создания условий для увеличения добычи.
▪️В целом, среди потенциальных областей сотрудничества КМГ и CNPC в геологоразведке определены внедрение передовых технологий и инновационных подходов, включая современные методы сейсмических исследований и обработки данных, бурение и испытание глубоких скважин, а также применение технологий искусственного интеллекта для комплексного анализа и интерпретации большого массива геолого-геофизической информации.
▫️Семинардың негізгі тақырыптарының бірі ҚМГ-ның мұнай алу коэффициентін ұлғайту стратегиясы болды. Жиында «ҚМГ Инжиниринг» мамандары басымдық берілген 12 кен орны мен 32 игеру нысанына жүргізілген кешенді бағалау нәтижелерін ұсынды. Осы орайда мұнай алу көлемін арттыруға бағытталған заманауи технологиялар портфелі қалыптастырылды. Ол қабат қысымын ұстап тұру жүйелерін оңтайландыруды, көлденең ұңғымаларды бұрғылауды, қабатты гидравликалық жаруды, сондай-ақ қабатқа әсер етудің химиялық және жылу алмастыру әдістерін қолдануды көздейді.
◾️Болжамды есептеулерге сәйкес, аталған шаралар бес жыл ішінде қосымша 10 млн тонна мұнай көлемін өндіруге мүмкіндік береді. Бұл ретте ғылыми зерттеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізу және тиімділігі жоғары шешімдерді өндіріске енгізу жоспарланған.
▪️Іс-шара барысында полимерлі су айдау технологиясын қолдануды кеңейтуге де ерекше назар аударылды. Бұл технология Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнының алты учаскесінде қолданылуда.
▪️Өз кезегінде Қытайдың мұнай-газ корпорациясы қабаттардың мұнай беру көлемін арттыру үшін газ айдау технологияларын қолдану, Шыңжаң мұнай кен орнындағы тұтқырлығы жоғары мұнай шоғырларын игеру, сондай-ақ бұрғылау мен өндіру саласында тиімділігі жоғары технологияларды пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
▪️Жалпы, Қазақстан – CNPC техникалық семинары ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға, озық инженерлік тәжірибелермен алмасуға және Қазақстанның ресурстық базасын толықтыру мен мұнай өндірудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған технологиялық шешімдерді дамытуға ықпал етеді.
— ҚазМұнайГаз бен CNPC арасындағы ұзақмерзімді әріптестік – мұнай-газ саласындағы табысты мемлекетаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі. Біз көмірсутекті өндіру, тасымалдау және өңдеу бағытында көптеген ауқымды жобаны жүзеге асырдық. ҚМГ мамандарының геологиялық-техникалық тәжірибесі мен қытайлық серіктестеріміздің озық технологияларын ұштастыру саладағы жаңа сын-қатерлерді еңсеруге, инновацияларды енгізуге және ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін, — деп түйіндеді А.Хасенов.📱 ҚазМұнайГаз
+5
ҚМГ мен CNPC геологиялық барлау және мұнай өндіру саласындағы технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде
📍Астанада геология және мұнай-газ кен орындарын игеру мәселелеріне арналған IV Қазақстан – CNPC техникалық семинары басталды. Іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров, Қытайдың CNPC мұнай-газ корпорациясының президенті Чжоу Синьхуай, ҚМГ тобына кіретін геологиялық барлау және инжинирингтік компаниялардың өкілдері, сондай-ақ сала ардагерлері және жетекші сарапшылар қатысуда.
🗣А.Хасенов өз сөзінде кен орындарда қордың табиғи түрде сарқылуы жағдайында ресурстық базаны толықтыру мұнай-газ саласының стратегиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі екенін атап өтті. Бұл бағытта ҚазМұнайГаз қолданыстағы кен орындарында, соның ішінде Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы CNPC-мен бірлескен өндіруші активтерде қосымша барлау жұмыстарын белсенді жүргізуде.
⬇️ Семинар барысында «Қазгермұнай» компаниясы Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ, Ақсай және Нұралы кен орындарында сейсмикалық деректерді қайта интерпретациялаудың заманауи әдістерін қолдану нәтижелерін таныстырды. 2021–2026 жылдары жеті бағалау ұңғымасы бұрғыланып, оның алтауы мұнай ағынын берді. Нәтижесінде бастапқы алынатын мұнай қорының расталған көлемі 1 млн тоннадан асады. 2027–2029 жылдары тағы төрт бағалау ұңғымасын бұрғылау жоспарланған. Бұл қор көлемін шамамен 500 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
▪️Сонымен қатар ҚМГ өз күшімен және халықаралық компаниялармен серіктестесе отырып, геологиялық зерттеулердің ауқымын жүйелі түрде кеңейтіп келеді. Бұл ретте жаңа перспективті аумақтар мен тереңде жатқан мұнай-газ кешендерін зерттеуге ерекше назар аударылуда.
▪️Семинарда ҚазМұнайГаз жүргізіп жатқан Оңтүстік Торғай бассейнінің палеозой шөгінділері мен тақтатас мұнайы, Шу-Сарысу бассейнінің аз зерттелген аумақтарын, сондай-ақ Маңғышлақ және Каспий маңы бассейндерінің палеозой кешендерін зерттеу нәтижелері мен перспективалары қаралды.
🔎 Өз кезегінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Оңтүстік Торғай бассейніндегі геологиялық барлау жұмыстары бойынша тәжірибесімен бөлісті. Компания 2005 жылдан бері 20 мұнай-газ аумақтық учаскені ашып, нәтижесінде алынатын мұнай қоры шамамен 52 млн тоннаға ұлғайды. Алдағы уақытта Батыс Тұзкөл, Арысқұм және Қызылқия кен орындарында 13 іздеу және бағалау ұңғымасын бұрғылау мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл жұмыстар мұнай шоғырының геологиялық құрылымын нақтылауға, қосымша қорды бағалауға және мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған.
▪️Жалпы, геологиялық барлау саласында ҚМГ мен CNPC ынтымақтастығының перспективті бағыттары айқындалған. Олардың қатарында озық технологиялар мен инновациялық тәсілдерді енгізу, сейсмикалық зерттеулер мен деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану, терең ұңғымаларды бұрғылау және сынау, сондай-ақ ауқымды геологиялық-геофизикалық ақпаратты кешенді талдау мен интерпретациялау үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану бар.
КМГ и Белоруснефть обсудили перспективы партнерства
📍В Астане состоялась встреча председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхата Хасенова с генеральным директором «Белоруснефть» Александром Ляховым.
🗣Обсуждены перспективы сотрудничества в геологоразведке, освоении передовых технологий добычи нефти и газа, а также внедрении цифровых решений на производстве.
🔎Как отметил глава КМГ, особую важность для национальной компании представляет разработка трудноизвлекаемых запасов и повышение эффективности освоения зрелых месторождений.
— Мы заинтересованы в развитии взаимовыгодного сотрудничества с белорусскими коллегами, обмене опытом и реализации совместных проектов, способствующих технологическому развитию наших компаний, — подчеркнул А.Хасенов.✅По итогам встречи стороны подтвердили намерение расширять контакты по ключевым направлениям на взаимовыгодной основе.
Справочно:
«Белоруснефть» — государственная вертикально интегрированная нефтяная компания, лидер топливно-энергетического комплекса Беларуси. Осуществляет полный цикл работ в нефтегазовой отрасли, включая сервисные услуги, переработку и реализацию нефтепродуктов. Компания реализует проекты в России и других странах СНГ, а также в Азии и Латинской Америке.📱 ҚазМұнайГаз
+2
ҚМГ мен «Белоруснефть» серіктестік перспективаларын талқылады
📍Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Белоруснефть» компаниясының бас директоры Александр Ляховпен кездесті.
🗣Тараптар геологиялық барлау, мұнай мен газ өндіру саласында озық технологияларды қолдану, сондай-ақ өндірісте цифрлық шешімдерді енгізу бағыттарындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
🔎ҚМГ басшысы ұлттық компания үшін алынуы қиын мұнай қорын игеру және ескі кен орындарының тиімділігін арттыру ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
— Біз беларусьтік әріптестерімізбен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, тәжірибе алмасуға және екі компанияның технологиялық бағытта дамуына ықпал ететін бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделіміз, — деді А.Хасенов.✅Кездесу қорытындысы бойынша тараптар негізгі бағыттар бойынша өзара тиімді байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екендерін растады.
Анықтама:
«Белоруснефть» — Беларусьтің вертикалды интеграцияланған мемлекеттік мұнай компаниясы әрі отын-энергетика кешенінің көшбасшысы. Ол мұнай-газ саласында сервистік қызмет көрсетуден бастап, мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өткізуге дейінгі жұмыстардың толық циклін жүзеге асырады. Компания Ресейде және ТМД-ның басқа да елдерінде, сондай-ақ Азия мен Латын Америкада жобаларды іске асырады.📱 ҚазМұнайГаз
КМГ и CITI рассмотрели потенциал взаимодействия
📍В Астане председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов встретился с руководителем бизнеса на Ближнем Востоке и в Африке банка «CITI» Каримом Танниром.
🗣Рассмотрены перспективы укрепления двустороннего сотрудничества с учетом уже имеющегося 15-летнего опыта успешного взаимодействия КМГ и CITI в области привлечения инвестиций, казначейского и банковского обслуживания. В частности, в рамках реализации приоритетных задач национальной компании по выходу на международные рынки капитала, включая расширение присутствия на китайском рынке, CITI принимал участие в организации выпуска облигаций КМГ в формате Dim Sum.
▪️По итогам встречи стороны выразили готовность к дальнейшему развитию партнерства и реализации новых совместных проектов.
Справочно: Банк «CITI» — крупнейший международный финансовый институт, основанный в 1812 году в Нью-Йорке. В настоящее время входит в структуру Citigroup - международной корпорации в области финансовых услуг. На текущий момент банк присутствует почти в 100 странах.📱 ҚазМұнайГаз
+2
ҚМГ мен CITI өзара ынтымақтастық әлеуетін талқылады
📍Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «CITI» банктің Таяу Шығыс және Африкадағы бизнес жетекшісі Карим Таннирмен кездесті.
🗣Кездесуде ҚМГ мен CITI арасындағы инвестиция тарту, қазынашылық және банк қызметтерін көрсету салаларындағы 15 жылдық табысты ынтымақтастық тәжірибесі ескеріле отырып, екіжақты серіктестікті нығайту перспективалары қаралды. Халықаралық капитал нарықтарына шығу, соның ішінде Қытай нарығындағы қатысуын кеңейту - ұлттық компания үшін маңызды басымдық. Осы бағытта CITI ҚМГ-ның Dim Sum форматындағы облигацияларын шығаруды ұйымдастыруға қатысты.
▪️Тараптар серіктестікті одан әрі дамытуға және бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға дайын екендерін жеткізді.
Анықтама: «CITI» банкі — 1812 жылы Нью-Йорк қаласында құрылған ірі халықаралық қаржы институты. Бүгінде ол қаржылық қызметтер көрсету саласындағы халықаралық корпорация — Citigroup құрамына кіреді. Қазіргі кезде банк әлемнің 100-ге жуық елінде жұмыс жасайды.📱 ҚазМұнайГаз
🗣Айгерім Аманжан – Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылының тумасы. Ол Астана қаласындағы Республикалық медициналық академиясында стоматология мамандығы бойынша 4-курста білім алуда.
📚ҚазМұнайГаздың «Жарқын болашақ» бағдарламасы туралы Айгерім алғаш рет мектептегі сынып жетекшісінен естіген. Бағдарламаның мүмкіндіктерімен танысқан соң, оның арманына жетуге және кәсіби жолын бастауға берілген зор мүмкіндік екендігін түсінген. Осылайша ҚМГ жобасының қолдауымен туған ауылынан үлкен қалаға білім алуға жол тартқан.
▪️Бүгінде Айгерім өзі таңдаған мамандығын терең меңгеріп, теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып келеді. Оның мақсаты ‒ стоматология саласында жоғары білікті маман және өз ісінің кәсіби шебері болу.
▪️Ол алған білімі арқылы туған жерінде стоматология саласын дамытып, өңір тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге өз үлесін қосуды армандайды.
😍Айгерім «Жарқын болашақ» бағдарламасының сапалы білім алуға жол ашып қана қоймай, сенімділік, жаңа ортаға бейімделуге және болашаққа нақты мақсатпен қадам басуға мүмкіндік бергендігін айтады.
✅«Жарқын болашақ» бағдарламасы Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау облысының бес ауданындағы жоғары сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама жастардың кәсіби бағдар алуынан бастап жаңа ортаға бейімделуіне дейін жан-жақты қолдауға бағытталған. ҚМГ тарапынан көрсетілетін қолдау: оқу ақысы, жатақхана төлемі, жол шығыны, жоғары шәкіртақы және тегін тамақтану.
📱 ҚазМұнайГаз
