en
Feedback
РАББЫҢ КІМ?!!

РАББЫҢ КІМ?!!

Open in Telegram

Дұрыс ислами наным-сенім негіздері. Мәңгі өмір бастауындағы алғашқы сұраққа дайындалу.

Show more
353
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days
Posts Archive
🍃 Уқба ибн Амирдің Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Өзіне тұмар таққанның ақырын Аллаһ қайырлы етпесін, ал өзіне бақалшық тағып алғанға Аллаһ тыныштық бермесін», - деп айтқанын жеткізген хадисі. Ахмад 4/154, Ибн Хиббан (1443), әл-Хаким 4/417. Басқа бір риуаятта: «Өзіне тұмар таққан Аллаһқа серік қосты», - деп айтылады. Ахмад 4/156, әл-Хаким 4/417.

📖🎙🔈 ИМАН НЕГІЗДЕРІ ✨ Көпқұдайшылық - Аллаһқа серік қосу (ширк) - Көпқұдайшылықтың кейбір түрлері: Дұғада Ниетте Бағынуда Тағзыммен жақсы көруде

+1
📖🎙🔈 ИМАН НЕГІЗДЕРІ ✨ Көпқұдайшылық - Аллаһқа серік қосу (ширк) - Ширктің анықтамасы - Аллаһқа Оның раббылығында серік қосу - Аллаһқа Оның құдайлық Есімдері мен сипаттарында серік қосу - Аллаһқа құлшылық-ғибадат амалдарында серік қосу - Үлкен және кіші көпқұдайшылық және олардың айырмашылығы

🍃 Имран ибн Хусайн былай деп баяндағаны жеткізіледі: “Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қолына сары (мыс) сақина тағып алған бір адамды көрді де, одан: «Бұл не?», - деп сұрады. Әлгі адам: «Мен оны әлсіздікке шалдықпауым үшін тағып жүрмін», - деп жауап берді. Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қазір-ақ оны шешіп таста, өйткені ол тек әлсіздігіңді көбейтуде. Егер сен қолыңа осы сақинаны тағып жүрген күйіңде өлсең, ешқашан құтылмайсың», - деді” (Ахмад «Муснад» 445/4, Ибн Хиббан 1410, 1411, Ибн Мәжаһ 3531, әл-Хаким «Мустадрак» 216/4).

📚 ЖЕТІНШІ ТАРАУ: Бәледен құтылу немесе оны болдырмау мақсатында сақина, жіп, т.с.с. нәрселерді тағып жүру көпқұдайшылықтың көрінісі болып табылады 🍃 «Әз-Зүмар» сүресі, 38-аят: وَلَئِنْ سَأَلْتَهُمْ مَنْ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضَ لَيَقُولُنَّ اللَّهُ قُلْ أَفَرَأَيْتُمْ مَا تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ إِنْ أَرَادَنِيَ اللَّهُ بِضُرٍّ هَلْ هُنَّ كَاشِفَاتُ ضُرِّهِ أَوْ أَرَادَنِي بِرَحْمَةٍ هَلْ هُنَّ مُمْسِكَاتُ رَحْمَتِهِ قُلْ حَسْبِيَ اللَّهُ عَلَيْهِ يَتَوَكَّلُ الْمُتَوَكِّلُونَ (٣٨) “(Мухаммад,) егер олардан: «Көктер мен жерді кім жаратты?», - деп сұрасаң, әрине, олар: «Аллаһ», - дейді. «Аллаһтың орнына дұға етіп жалбарынғандарыңды көрдіңдер ме? Егер Аллаһ маған бір зиян беруді қаласа, олар Оның апатын айықтыра алады ма? Немесе Аллаһ маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса алады ма?», - де. «Аллаһ маған жетіп асады. Тәуекел етушілер Оған тәуекел етсін», - де”.

✨📚 АЛТЫНШЫ ТАРАУ: Таухидтің және «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деген куәліктің мағынасы (соңы) 🍃 Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланатын хадис: ««Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ», - деп айтып, Аллаһтан басқа бүкіл нәрсеге құлшылық етуден бас тартқан адамның мал-мүлкі мен өмірі қол сұғылмайтын (харам) болып табылады. Ал есеп-жауапты ол Ұлы және Құдіретті Аллаһтың алдында береді» (Муслим 23, Ахмад «Муснадта» 472/3).

🍃 «Әл-Бақара» сүресі, 165-аят: وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَتَّخِذُ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَنْدَادًا يُحِبُّونَهُمْ كَحُبِّ اللَّهِ وَالَّذِينَ آمَنُوا أَشَدُّ حُبًّا لِلَّهِ وَلَوْ يَرَى الَّذِينَ ظَلَمُوا إِذْ يَرَوْنَ الْعَذَابَ أَنَّ الْقُوَّةَ لِلَّهِ جَمِيعًا وَأَنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعَذَابِ (١٦٥) «Адамдардың арасында Аллаһқа өзгелерді теңдес етіп, оларды Аллаһты сүйгендей сүйетіндер бар. Ал, иман келтіргендер Аллаһты артық сүйеді. Егер залымдар азапты көрген кезде бүкіл қуаттың Аллаһқа тән екенін және Аллаһтың қатты азап иесі екенін көрсе еді».

📚 «Әт-Тәуба» сүресі , 31-аят: اتَّخَذُوا أَحْبَارَهُمْ وَرُهْبَانَهُمْ أَرْبَابًا مِنْ دُونِ اللَّهِ وَالْمَسِيحَ ابْنَ مَرْيَمَ وَمَا أُمِرُوا إِلا لِيَعْبُدُوا إِلَهًا وَاحِدًا لا إِلَهَ إِلا هُوَ سُبْحَانَهُ عَمَّا يُشْرِكُونَ (٣١) «Олар ғалымдары мен машайыхтарын және Мәриям ұлы Исаны Аллаһтан өзге құдай етіп алды. Негізінде, олар жалғыз Құдайға ғана құлшылық етуге бұйырылған болатын. Өйткені Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол олардың қосқан серігінен Пәк».

🍃 «Әз-Зухруф» сүресі, 26-27 аяттар: وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لأبِيهِ وَقَوْمِهِ إِنَّنِي بَرَاءٌ مِمَّا تَعْبُدُونَ (٢٦)إِلا الَّذِي فَطَرَنِي فَإِنَّهُ سَيَهْدِينِ (٢٧) “Сол уақытта Ибраһим әкесіне әрі еліне: «Шын мәнінде, мен сендердің табынған нәрселеріңе қатыссызбын», - деді, - «Бірақ мені жаратқан Аллаһтан басқа. Расында, Ол мені тура жолға салады», - деді”.

🍃 «Әз-Зухруф» сүресі, 26-27 аяттар: وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لأبِيهِ وَقَوْمِهِ إِنَّنِي بَرَاءٌ مِمَّا تَعْبُدُونَ (٢٦)إِلا الَّذِي فَطَرَنِي فَإِنَّهُ سَيَهْدِينِ (٢٧) “Сол уақытта Ибраһим әкесіне әрі еліне: «Шын мәнінде, мен сендердің табынған нәрселеріңе қатыссызбын», - деді, - «Бірақ мені жаратқан Аллаһтан басқа. Расында, Ол мені тура жолға салады», - деді”.

📚 АЛТЫНШЫ ТАРАУ: Таухидтің және «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деген куәліктің мағынасы 🍃 «Әл-Исра» сүресі, 57-аят: أُولَئِكَ الَّذِينَ يَدْعُونَ يَبْتَغُونَ إِلَى رَبِّهِمُ الْوَسِيلَةَ أَيُّهُمْ أَقْرَبُ وَيَرْجُونَ رَحْمَتَهُ وَيَخَافُونَ عَذَابَهُ إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ كَانَ مَحْذُورًا (٥٧) «Олардың дұға етіп жалбарынғандары өздері Раббыларына қалай жақын боламыз деп ізденеді. Оның рахметінен үміт етіп, азабынан қорқады. Расында, Раббыңның азабынан сескену қажет».

🍃 Ибн Аббас (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі ме сәлемі болсын) Муазды Йеменге аттандырып жатып, оған былай деп өсиет еткенін жеткізген хадис: «Ақиқатында, сен Кітап иелерінен болған халыққа келесің. Ендеше, оларды ең бірінші шақыратын нәрсең «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деген куәлік болсын (басқа риуаятта: «Оларды жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақыр», - деп келеді). Егер олар осыда саған бағынса, оларға Аллаһ оларды күніне бес уақыт намазбен міндеттегенін білдірт. Егер олар осыда да саған бағынса, онда оларға Аллаһ олардың байларын кедейлеріне зекет берумен міндеттегенін мәлімде. Егер олар осыда да саған бағынса, онда олардың таңдаулы мал-мүлкіне қол сұғушы болма, әрі жәбірленушінің дұғасынан қорық, өйткені оны мен Аллаһтың арасында бөгет жоқ» (әл-Бухари 1395, Муслим 19, әт-Тирмизи 625, Абу Дауд 1584, Ахмад 233/1).

🍃 Ибн Аббас (оған Аллаһ разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі ме сәлемі болсын) Муазды Йеменге аттандырып жатып, оған былай деп өсиет еткенін жеткізген хадис: «Ақиқатында, сен Кітап иелерінен болған халыққа келесің. Ендеше, оларды ең бірінші шақыратын нәрсең «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деген куәлік болсын (басқа риуаятта: «Оларды жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақыр», - деп келеді). Егер олар осыда саған бағынса, оларға Аллаһ оларды күніне бес уақыт намазбен міндеттегенін білдірт. Егер олар осыда да саған бағынса, онда оларға Аллаһ олардың байларын кедейлеріне зекет берумен міндеттегенін мәлімде. Егер олар осыда да саған бағынса, онда олардың таңдаулы мал-мүлкіне қол сұғушы болма, әрі жәбірленушінің дұғасынан қорық, өйткені оны мен Аллаһтың арасында бөгет жоқ» (әл-Бухари 1395, Муслим 19, әт-Тирмизи 625, Абу Дауд 1584, Ахмад 233/1).

+1
📖🎙🔈 БЕСІНШІ ТАРАУ: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» куәлігіне шақыру 🍃 «Юсуф» сүресі, 108-аят: قُلْ هَذِهِ سَبِيلِي أَدْعُو إِلَى اللَّهِ عَلَى بَصِيرَةٍ أَنَا وَمَنِ اتَّبَعَنِي وَسُبْحَانَ اللَّهِ وَمَا أَنَا مِنَ الْمُشْرِكِينَ (١٠٨) “«Менің жолым осы. Мен және маған ергендер Аллаһқа ашық дәлел үстінде шақырамыз. Аллаһ Пәк, әрі мен серік қосушылардан (көпқұдайшыл-мүшриктерден) емеспін», - де”.

📖🎙🔉 "Ең басты сөз" "Бақыт кілті" топтамасынан 🖌📖🎙 Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сүннет" колледжі

🍃 Абдуллаһ ибн Масғудтан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен, ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Аллаһпен қатар басқа біреуге жалбарынған күйінде өлсе, Отқа түседі», - деп айтқанын хабарлаған хадис (Бухари 4497, Муслим 92). 🍃 Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген хадис: «Кім Аллаһқа Оған ешкімді серік қоспаған күйінде жолықса, сол Жәннатқа кіреді. Ал кім Аллаһқа Оған серік қосқан күйінде жолықса, сол Отқа түседі» (Муслим 93, Ахмад 345/3).

‏⁧ #الجمعة يوم ⁧ #عاشوراء⁩ من شهر المحرم # Жұма күні мухаррам айының Ашура күніне сәйкес келеді# 3‏28/7/202 ‏⁧ #فضله⁩: # Артықшылығы: يكفر السنة الماضية كما ثبت في صحيح مسلم ‏السُنة أن يُصام مع التاسع Осы күнгі ораза өткен жылдың күнәларын өшіреді, әрі оны тоғызыншы күнмен қоса ораза ұстау - сүннет 27/7/2023 ‏او الحادي عشر Немесе он бірінші күнмен қоса 29/7/2023 اللغة القازاقية Қазақ тілі