en
Feedback
The Light of Perfection

The Light of Perfection

Open in Telegram

Кітаптардан, дәрістерден және өмірден пайдалы деп түртіп алған дүниелер Делюсь полезными примечаниями (фаида) из книг, лекций и жизни

Show more
1 530
Subscribers
No data24 hours
-147 days
-7630 days
Posts Archive
Әлемдегі ең үлкен байлық — кітаптар, ал ең байлар — үнемі оқитындар. — Мухаммад ибн Адам әл-Кәусари

Өзіңіз үшін және иманыңыз үшін жасай алатын ең жақсы нәрсе – Аллаһқа дүниелік нәрселер бергені үшін емес, Ол Аллаһ болғандықтан құлшылық ету. Аллаһқа құлшылық етіңдер! Өйткені Одан басқа тәңір жоқ және тек Ол ғана кемел қасиеттері үшін құлшылыққа лайық.

Дінді саудалаушы Дінді дүниелік игіліктер үшін сататын адамға қарағанда қарақшы адам Аллаһ Тағалаға жақын және адамдарға мейірімді болып көрінеді — Мустафа әс-Сиба'и 📖 «Хәкәзә 'алләмәтни әл-хаят»

Ахмад ибн Ханбаль былай деген: «Құтылу - сүннетке еруде» 📖 Табақатуль-Ханабиля

Жұбайыңызды кез келген сүйкімді лақап атпен атау — сүннет. Алла Елшісі (ﷺ) жұбайы Айшаны «әл-Хумайра» (қызғылт жүзді) деп атайтын. — Мухаммад ибн Адам әл-Кәусари

Имам ән-Нәуәуидің хабарлауынша, әл-Бұхари «Сахихына» алдымен ғұсыл құйынып, екі ракағат намаз оқымай бірде-бір хадисті қоспаған екен. Сондай-ақ ол «Сахих» тарауларының мазмұнына түсініктемені Пайғамбардың қабірі мен мінбері арасында отырып құрастырған және осы түсініктемелердің әрбірін жазардан бұрын екі ракағат намаз оқыған деген әңгіме айтылады.

"Жаман" ауа-райы болмайды. Ауа-райы суық, жылы, шуақты, ыстық, жаңбырлы, қарлы болуы мүмкін, бірақ жаман емес. Ауа-райының барлық түрлері Алладан келеді және Алланы мадақтау арқылы үлкен пайда әкеледі. — Мухаммад ибн Адам әл-Кәусари

Маған: «Мен сенімімді жоғалтып жатқан секілдімін», - деп жазатын Батыс елдерінің әлсіз мұсылмандары бар. Ешқашан иманыңыз мықты болған жоқ, әлсізсіздер. Салт-дәстүрлеріңді білмегендіктен әлсізсіздер. Сіздер Netflix көріп, Ислам жайлы кітаптар оқымайсыздар. Сол себепті сіздер сондай жағдайдасыздар! — Мухаммад Хиджаб

Абу ад-Дарда не только оставил торговлю, но и отрешился от всего мирского. Ему претили блеск и мишура всего земного. Он довольствовался чёрствым куском хлеба и грубой одеждой, чтобы только прикрыть свою наготу. Как-то очень холодной ночью к нему зашла группа людей. Угостив их горячей пищей и пригласив переночевать, Абу ад-Дарда не дал им одеял. Укладываясь спать, люди заговорили между собой по этому поводу, и один из них сказал: – Я пойду к нему и скажу об этом. Второй сказал ему: “Не делай этого”. Но первый всё-таки решил пойти к Абу ад-Дарде. Подойдя к двери его комнаты, он увидел Абу ад-Дарду лежащим, а его жена сидела рядом с ним. На них обоих была лёгкая одежда, которая не могла защитить от жары или спасти от холода. Человек сказал Абу ад-Дарде: – Я вижу, что ты спишь в таких же условиях, как и мы! А где же ваши вещи? Абу ад-Дарда ответил: – Наш дом там, и мы сразу же отправляем туда все вещи, как только их приобретаем. Если бы в этом доме у нас что-нибудь было, то мы обязательно отдали бы это вам. На нашем пути, которым мы пойдём к другому дому, есть серьёзное препятствие, которое можно преодолеть только налегке, не быть отягощённым ничем. Поэтому мы не хотим иметь ничего тяжёлого, чтобы успешно преодолеть это препятствие. Ты понял? – спросил он человека. – Да, понял, – ответил тот. – Да воздаётся тебе добром. — Абдуррахман Рафат аль-Баша 📖 Истории о сподвижниках Пророка

Имам әш-Шибли (رحمه الله) былай деген: Аллаға мойынсұн, ал Ол саған барлығын береді — имам Әбу Бәкір әл-Байхақи 📖 «Зухд әл-Кәбир»

Отбасылық бақыттың өлшемі Күйеуінің бақыты мен бақытсыздығының арасында әйелінің қолдауы тұрады: қиындық кезінде ол оған көмектеседі немесе оған қарсы шығады — Мустафа әс-Сиба'и 📖 «Хәкәзә 'алләмәтни әл-хаят»

Иманның терең дәмі - қиямет-қайым орнағанша Аллаһ Елшісін (ﷺ) шексіз сүйіп, оның жолында құрбан болғандардың жүрегінде ешқашан сөнбейді. Олай болса, сен де солардың бірі бол. Сен де әз жүрегіңді қараңғылықтан жарық сәулеге бұр. Сен де өз жүрегіңнің әр бұрышын оған деген шексіз махаббатқа толтыр. — Нұрсұлтан Рысмағанбет 📖 Олар Пайғамбарымызды (ﷺ) осылай сүйген...

Имам Әбу Ханифа тауарларды сатып алу үшін Бағдадқа ақша жіберіп, содан кейін оларды Куфада сату арқылы сауда-саттықпен айналысқан. Түскен табысқа тамақ, киім-кешек және қажеттінің бәрін сатып алып, ақшаны мухаддистерге жұмсайтын. Оларға қалған ақшаны жіберіп, былай дейтін: «Мені емес, тек Алланы мадақтаңыздар. Мен өзімнен сіздерге ештеңе бермедім, тек Алланың мүлкінен. Алланың маған бергенінің барлығы - мен арқылы сізге берілетін мүлік». [Уқуд әл-джуман] — Абу Али аль-Ашари 📖 Таклид

Есіңізде болсын, біз әрқашан өзімізді барынша кемел ұстауға тырысуымыз керек. Өйткені Алла Тағала бізді әрқашан көріп тұрады. Сіз Исламның өкілісіз және біздің дініміз сіздің жүріс-тұрысыңызға қарай бағаланады. Мұсылман болу – үлкен бақыт, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. — "Даруль-Фикр" баспасының ұжымы 📖 "Расскажи мне об исламе"

photo content

Хасан әл-Басри (Алла одан разы болсын) былай айтқаны жеткен: «Расында, бұрынғылар Құранды Раббыларынан өздеріне түскен бір хабар ретінде көрген. Олар түнде оған ой жүгіртіп, күндіз оның әміріне сай әрекет ететін». — имам Әбу Закария Мухиддин ән-Нәуәуи 📖 «Әт-Тибьян фи әдәб хамаләт әл-Қур'ан»

Хасан әл-Басриден: "Әбу Саид, шайтан ұйықтайды ма?", - деп сұрағанда, ол күлімсіреп: "Егер ол ұйықтаса, біз одан демалар едік", - деді [әл-Ихья, 5/110.]. — Абу Али аль-Ашари 📖 Хаватыр ва навадир

Ибн Омар (Алла екеуіне де риза болсын) Пайғамбарды (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) еске алған сайын жылайтын. [«Сунан» Дарими (№89).] — Абу Али аль-Ашари 📖 Хаватыр ва навадир

Айт мерекесі мүбәрак болсын!

Саид-афанди (қуддиса сирруху) маған былай деді: «Жер мен көкте «Лә иләһә иллаллаһ» дегеннен қымбат нәрсе жоқ». — Абу Али аль-Ашари 📖 Хаватыр ва навадир