en
Feedback
The Light of Perfection

The Light of Perfection

Open in Telegram

Кітаптардан, дәрістерден және өмірден пайдалы деп түртіп алған дүниелер Делюсь полезными примечаниями (фаида) из книг, лекций и жизни

Show more
1 530
Subscribers
No data24 hours
-147 days
-7630 days
Posts Archive
Имам ан-Навави отмечает, что путнику желательно привозить подарки своей семье. [аль-Маджму'] Предисловие к комментариям к сборнику «сорок хадисов имама ан-Навави» устаза Абу Али аль-Ашари

Имам ан-Навави указывает, что крайне нежелательно кланяться при встрече с человеком в виде приветствия, а так же вместо слов приветствия просто кивать головой. [аль-Маджму'] Предисловие к комментариям к сборнику «сорок хадисов имама ан-Навави» устаза Абу Али аль-Ашари

Сахабалардың әдеттерінен Бір-бірімен көріскенде қол алысып амандасу, ал ұзақ көріспегеннен кейін көріскенде құшақтасып амандасу.

Впоследствии он стал преподавателем в Дар аль-хадис аль-Ашрафия и не брал за это оплату, продолжая проживать в своем ветхом жилище и ничего ни от кого не принимая.

«Имам ан-Навави ел только раз в день, и еду ему присылал его отец. И он не ел фрукты в Дамаске из-за страха съесть сомнительное, считая, что правила вакфа могли быть нарушены в некоторых фруктовых садах» Предисловие к комментариям к сборнику «сорок хадисов имама ан-Навави» устаза Абу Али аль-Ашари

Алла Елшісін (ﷺ) шынайы сүйіп, сүннетімен жүріп, көркем мінезін бойға сіңіріп, өзін түзей білген мұсылман қандай бақытты еді! Егер сіз де Исламның сара жолында жүріп келе жатып, аяғыңыз сүрініп, әбден зорығып жатсаңыз, онда нәпсіңізге: “Ей, нәпсім, шыда! Бұл басқан қадамдарым мен сүрген күндерім мені жұмаққа және Алла Елшісінің (ﷺ) өзі күтіп тұратын уағдалы Кәусар бұлағына бастайды!” – деп өзіңізге басу айтыңыз. 📖 “Олар Пайғамбарымызды (ﷺ) осылай сүйген” – Нұрсұлтан Рысмағанбет

Сені біреу күтіп тұрғанын біліп, үйге асығу – Алланың үлкен мейірімі

“Сияр” кітабында имам Ахмадтың (оған Алланың рақымы болсын) былай дегені келген: «Мен Аллаға елу жыл құлшылық етіп, иманның тәттілігін үш нәрсені тәрк еткеннен кейін ғана сезіндім: – Адамдардың көңілінен шығудан бас тартып, шындықты айтуды үйрендім. – Күнәһарлармен достықты тастап, салихтармен дос болдым. – Бұл әлемнің ләззаттарын тастап, арғы әлемнің ләззаттарын сезіне бастадым».

Мені алдайтын адам аз, бірақ мені әрдайым алдайтын бір адам бар. Алдап кететінін білсем де, оның алдауына әлі де көнемін. Бұл адам – өзім!

Ең үлкен жеңіліс – ені жер мен көктей кең жәннаттан саған орын болмауы.

Бұл шамамен Мұхаммед пайғамбардың ﷺ кезіндегі Мәдинаның көрінісі. Барлық фотосуреттерде макеттің ортасында Пайғамбардың ﷺ меш
+2
Бұл шамамен Мұхаммед пайғамбардың ﷺ кезіндегі Мәдинаның көрінісі. Барлық фотосуреттерде макеттің ортасында Пайғамбардың ﷺ мешіті орналасқан. Бірінші суретте ең жоғарғы жағында жасыл нүкте бар - бұл Мәдинадан тыс жерде орналасқан және қазір мешітпен шектесетін Бақи зираты. Жарықтандырылған (подсветка) үйлер – үлкен сахабалар мен Пайғамбардың (ﷺ) әйелдерінің үйлері Қазір бұл аумақты тек Пайғамбардың ﷺ мешіті алып жатыр.

Имам Ибраһим әл-Байджури (Аллаһ оны рақым етсін) өзінің "Хашият тухфатуль мурид аля джаухарати-таухид" атты кітабында былай жазған: "Игі істердің сауабының еселенуі – үмметіміздің ерекшелігі. Алдыңғы үмметтерге келсек, олардың жасаған сауапты істері бір-бірлеп жазылатын".

«Ең мықты қару — зікір». шейх Абдуссәләм Шаннар

Ұлы табиғин Ибн Сирин былай дегенін хафиз Ибн Хиббан "Раудатул-'уқала" кітабында былай жеткізген: «Менде ешкімге дүниелік нәрсе үшін көреалмаушылық (қызғаныш) болмады. Өйткені ол жәннат тұрғындарынан болса, мен оны дүниелік нәрселер үшін қалай көре алмаймын?! Ал егер ол тозақтықтардан болса, мен оны дүниелік нәрселер үшін қалай көре алмаймын?!

Өзім, өкінішке орай, тексеріп көрмегенмін, бірақ кейбір тақуа адамдардың айтуынша, сол тақуалыққа жету үшін - көп құлшылық жасау керек: нәпіл намаз, ораза, зікір, т.б. Біз қалай істейміз: иманымыз мықты болып тұрғанда көп жасаймыз да, біраздан кейін солып қаламыз. Ары кетсе тек парыздар бен бекітілген сүннетпен шектелеміз. Бірақ ойланып көріңізші, бәлкім сол кішкене құлшылығымыздың берекесі бізді көптеген күнәлардан сақтап тұр. Ал уақытымызды нәпілге көбірек бөлсек, одан сайын тәрбиелене түсеміз, тақуалығымыз артады Енді, қиын болса да, өзімізді күштеп болса да нәпіл құлшылыққа көңіл бөлейікші. Аздан бастап, біртіндеп көбейтіп, бірақ үзбей. Қаншалықты қиын болса да, нәтижесі бірден немесе мүлде білінбесе де. Себебі, уақытыңыз босқа кетпейді, Аллаһ қаласа, Оның разылығын аласыз.

Сол замандағы әмірдің бірі баласының әл-Бухариден білім алғанын қалап, имамды алып келу үшін кісі жібереді. Сонда ол әмірге: "Білім іздеуші білім иесіне өзі келуі тиіс", – деп сәлем жолдап, оған барудан бас тартқан. *** Бұл оқиғадан ілімнің ұлы дәрежесі, әрі имам Бұхаридың билеушінің алдына жалтақтамағаны, одан қорықпағаны көрінеді.

Кейбір амалдар үшін арнайы ниетсіз де сауап алу мүмкін. Оларда жалпылама ниеттің болуы жеткілікті. Бұған мысал ретінде Аллаһты еске алу сөздерін, дұғаларды, Құран оқуды айтуға болады. Алайда адам Аллаһты еске алу кезінде Оған жақындауды ниет етсе, көбірек сауапқа қол жеткізеді. — Ибн Хаджар әл-Асқалани 📖 Фәтх әл-Бәри

Табиғиндердің бірі 'Аун ибн Абдуллаһ былай деген: "Мен бай адамдармен дос болдым және сол кезде өзімнен асқан мазасыз адамды көрмедім. Олардың жануары (көлігі) менікінен жақсы екенін, киімдері менен жақсы екенін көрдім. Кейін кедейлермен дос болып, тыныштықты сезіндім". 📖 Сунан әт-Тирмизи

Біз күні бойы мыжып ақиданы оқи береміз. Дұрыс! Маңызды! Таухидті, ақиданы білу керек... Бірақ ақиданы құр оқи бермей, соны осы өмірде көрсету керек қой. Мысалы: басыңа бір сынақ келсе, əуелі Алладан дұға етіп көмек сұраудың орнына, телефонға жармасып көке-жəкеңді іздейсің. Қайда таухид? Қайда оқыған ақидаң? — Бауыржан Әлиұлы

Ахмад ибн Харб (Аллаһ оны рақымына алсын) былай деген: "Ақиқатты айта алу үшін, адамдардың разылығын тәрк еттім". 📖 Сияр