9 539
Subscribers
No data24 hours
-517 days
-22630 days
Posts Archive
9 539
Red Bull 64 Bars - это уникальный проект, в котором рэперы и саунд-продюсеры записывают 64 строчки чистого рэпа без вокала и автотюна.
Первый участник проекта - De Lacure, широко известный своим харизматичным флоу. Под многослойный инструментал от RYSO артист обрушивает на микрофон поток изобретательных панчей.
https://youtu.be/D9ANs8akPNQ
9 539
Darkhan Juzz — жаңа толқынның алғашқы әншілерінің бірі. Ол миллиондаған адамды қазақ музыкасына ғашық етіп, көптеген адам үшін ана тілін үйрене бастауға түрткі болған.
Оның өмірі қыршынынан қиылды, бірақ Дархан көп нәрсені түсініп үлгерген азамат еді. Соңғы кездері ол шынымен бақытты өмір сүріп жатқандай болатын.
Дарханның альбомы аяқталмай қалды. Біз оны міндетті түрде аяқтап, шығарамыз. Барлық әндерінің құқығын ұлы Ади мен қызы Айданаға мұра ретінде рәсімдейміз. Әр стримиңнен түсетін қаржының 100% отбасына беріледі.
Дарханның мұрасын сақтап қалу үшін үлкен жұмыс жасайын деп жатырмыз. Оның әндері шексіз болсын.
“Бұл ғажайып әлемнің
Өлеңі тоқтамайды”
9 539
"Сол бір күзгі астананың кеші әлі де анық есімде. Ауа райы бүгінгі Алматыдағы сияқты еді. Дархан екеуміз жағалауға серуендеп шықтық. Гитарамен әндетіп тұрған көше музыканттарының қасына барып, біраз тыңдап тұрдық. Біршама студент жиналып қалған екен. Дархан гитараны сұрап алды да, ең күшті әндерінің бірін айта бастады — “Qaldyrma meni”. Белгісіз әнді естіген жұрт біртіндеп тарай бастады. Соңында екі-ақ тыңдарман қалды — мен және гитараның иесі. Ән біткен соң ол да гитарасын алып, бірден кетіп қалды. Сол сәтте ішімде бір реніш пайда болды. Дарханның әндері мені қалай тебірентсе, бүкіл әлемді де солай тебірентуі керек деп ойладым.
Тура бір жылдан кейін алғашқы концерті өтті. Sold out. õzen-ді ашу туралы ой дәл сол кезде келген еді.
