en
Feedback
@kz_iman_nury

@kz_iman_nury

Open in Telegram

Реклама @zholdybek_kz Иман нұры Салем достар!!!🤗🤗🤗 🗂🗂ҚМДБ ұстаздары 💚💙 əсерлі уағыздар 📹📽діни видеолар Бізді оқи жүріңіздер😶😶😶 ✅😎Біздің Инстаграм 👉https://instagram.com/kz_iman_nury?utm_medium=copy_link

Show more
9 776
Subscribers
No data24 hours
-307 days
-16030 days
Posts Archive
photo content
+2

Уаридат (жүрекке келген ойлар) дем арасында келіп, өте шығады. Артта сүрілген қызығы мен шыжығы аралас өмір қалады. Келіп-келген ойлардың артта тек ізі және әсері бар. Сен өзіңді сәті келген уақытта алдыңнан шығатын мүмкіндіктерге дайында. Жақсылыққа жұмсалған уақыттың пайдасын еш күмәнсіз әйтеуір бір күні көресің. 📚Уақыттың қадірі

Әбу Саид әл-Харраз: «Өткен уақытпен әурелену, қазіргі уақытты бос өткізуге алып барады» дейді. Осы тақырыпқа қатысты Абдулла ибн Мұхаммед ибн Муназил: «Өтіп кеткен және әлі келе қоймаған уақытпен әуре-сарсаңға түскен адам қазіргі уақытты босқа өткізіп алады» деп ой қорытқан. 📚Уақыттың қадірі

\02Э

ШЗЖЭ.45ЦЙУКОЛДЖ.2

суфЙЦЫУКАЕНГО

жо

++ддж+х

♦️-ХАДИС: Әбу Сағид әл-Худри (р.а.): «Пайғамбарымыз ﷺ: «Расында, бұл дүние өте тәтті, әрі көздің жауын алатын көкорай шалғын сияқты (яғни, бұл дүние тым тартымды). Шынында, Алла сендерді осы дүниеде халифа етіп, не істеп, не қойып жатқандарыңды бақылауда, сондықтан жалған дүние мен әйелдер қауымынан сақ болыңдар! Өйткені Исрайылұлдарының басына келген ең әуелгі сынақ пен адасушылықтың себебі әйелдер болған еді», - деп айтты», - деген. (Муслим: 6948; Ахмад: 11143). Түсіндірме: Хадистегі «әйелдер қауымынан сақ болыңдар» деген сөздің мағынасы - әйелдердің бұзылуына жол бермеңдер немесе әйелдерді бұзбаңдар, егер әйелдер қауымы өздерінің жаратылыс мақсатынан ауытқып, бұзылатын болса, онда ер адамдар да оңбайды, олар да нәпсіге еріп азғындап, бұзылады, нәтижеде бүкіл қоғам және өскелең ұрпақ бұзылып, арсыздық пен азғындықтың батпағына батады. Сондықтан нәзік жанды әйел баласының ар-намысы, тәлім-тәрбиесі, отбасы мен қоғамдағы орны және т.б. құқықтары мәселесінде абай болыңдар. Әйелді аяулы ана, адал жар, отбасының жылуы мен ұйытқысы болу сынды ең басты жаратылыс мақсатынан ауытқытып, қу нәпсілеріңді тояттандыратын құралға, түрлі жарнамалардың құралына, т.б. дүниелік мақсат-мүдделердің құралына айналдырудан сақ болыңдар. Егер ерлер де, әйелдер де Алланың шариғатына сай бой түзеп, өмір сүрсе, өздерінің әубастағы жаратылыс мақсаты мен дүниеге келудегі миссиясына сай әрекет еткен болады. 📚 РИЯДУС-САЛИХИН

Repost from @kz_iman_nury
photo content
+1

Repost from @kz_iman_nury
Рамазанда орындалуы қажет 5️⃣ іс: 1️⃣ Тәубеге бекем бел байлау 2️⃣ Алла разы болатын оразаны ұстауға ұмтылу 3️⃣ Жан дүниені Құранды көп оқуға дағдыландыру 4️⃣ Дұғаға барынша күш салу 5️⃣ Садақа беру

🌙🗓 Рамазан айының алғашқы тарауих намазы ақпанның 18-і күні оқылады. Ал 19 ақпан таң намазы кірген сәттен бастап ауыз бекітеміз