cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Поэзия және Мен

Қош келдің қымбатты оқырман! Бұл - жеке шығармашылық каналым) Байланыс үшін: @AbdiqalyevMeyrambek +99899 955 78 92 +99893 485 78 92 Мейрамбек Әбдіқалиев

Show more
Advertising posts
490
Subscribers
+124 hours
+37 days
-230 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Repost from N/a
Алматы Жаз айы Шілде кеші... Алматы, Жаз айы, шілде кеші, Ауасы мың құбылған күнде осы, Қаралы бұлт нөсерлеп құя салды, Қара жерде кеткендей бірдеңесі... Ауа райы әп сәтте күрт бүлінді Төккендей жүректегі күпті мұңды, Аялы ару күнді іздеуменен, Аялдама астына жұрт тығылды Паналап жанындағы құба талды, Біреу мені көрді де тұра қалды, Амандықта іздесең таптырмайтын, Ауылдан көшкен көрдім бір ағамды. Жылдар өтіп өмірдің көші менен, Құр қалмапты сол ағам несібен, Ауылға қащан бардың деп сұрадым, Жиырма жыл болды деді осыменен, Айт інім қызығы жоқ сол ауылдың, Сағынып іздеп барам несіне мен? Деді де күліп тұрды кеңеспеді, Мәз болған сонда үні тек өшпеді, Сол ағам әлгі айтқан сөзден кейін, Адам емес айуан боп елестеді. Мекен етіп жүрсеңде қай қаланы Туған жерге кіндігің байланады, Адам өз туған жерін даттағанда, Еріксізден көңілің қайғы алады, Ақырзаман болғанда дәл осылай, Айуандар адамдарға айналады, Адамдар айуандарға айналады. Ауыл жақтың жарқырап от шырағы, Кімге болсын келіп кет деп тұрады, Ауыл жайлы қыңыр сөз айтса біреу, Ауызын бұза салғым кеп тұрады, Кеп тұрады. Ринат Қожамұрат
Show all...
👍 5🔥 4😢 2👏 1
Шәкіртімнің өлеңі баға беріңіздер...
Show all...
Repost from N/a
Photo unavailableShow in Telegram
lgs4xqyuj8icsull5yl5.m4a2.87 MB
👍 3 2🔥 2👏 1
Арамызда не болды, не қалды? Тағдыр тағы ұмытқандай обалды, Тәтті шақтар, от құшақтар жоғалды. Басымызды тасқа соғып тындық па, Осы біздің арамызда не қалды. Әлі ойымда, әлі күнге есімде, Жаздың соңғы таңғажайып кешінде. Ұядағы қос көгершін секілді, Кездескен ек жұмысжайың ішінде. Сенбей тұрғам барлығы жалғандайын, Сен ұялып тұрушы ең ай маңдайым. Отыздың орманынан асып барып, Он жетіге кезігіп қалғандайын. От боп лауап, өртендік лапылдадық, Жақындадым, өзіме жақын тартып. Ғаламда тек екеуміз қалғандайын, Санамда сайрандаушы ед батыр бақыт. Болғанды бүгіп неге ұсақталам, Сол сәтте сенгем, сүйгем құшақтағам. Екеуміз сәбилердей сөйлесуші ек, Тар жолында тағдырдың тісқақпаған. Өз ғасырын тапқанда ғасыр - үміт, Жанымыз жалт еткенді жасын ұрып. Жер ғаламға кеп тұрып жар салғымыз, Кездесуші ек жұрттардан жасырынып. Осы ма шыныменен жалған деген. Әп сәтте сезім - сынып, арман - өлген. Көз алдымнан барлығы ғайып болды, Қимайтын түс секілді таңда көрген. Тағдыр тағы ұмытқандай обалды, Тәтті шақтар, от құшақтар жоғалды. Басымызды тасқа соғып тындық па, Осы біздің арамызда не қалды. Мейрамбек Абдіқалиев https://t.me/Meyrambek_poeziya
Show all...
👍 9 2🔥 2👏 1
Лирикадан тыс Сен үшін күреспестен тоқтағаным, Мен үшін - қап қара мұң. Содан бері: Өкініштің орманын ойран етіп. Өзімді өртеу үшін от жағамын. Сен үшін кей сөздерден қашқандығым. Жаныма - қастандығым. Содан бері: Көзіңе көзім түспес күндер үшін, Өзіме керек емес тастандымын. Сен үшін жасалмаған тауекелім, Білмеппін жау екенін. Содан бері: Мәжнүннің күйін кешіп жүргендеймін, Паналап жартастар мен тау етегін. Ақымақпын, әйтпесе мұны неге сөз етемін... Мейрамбек Абдіқалиев https://t.me/Meyrambek_poeziya
Show all...
59rekf2gpqzhpijvke37.m4a3.02 MB
👍 8 2❤‍🔥 1 1🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
Өмір Жас - әлі, Кәрі - дәрі. Мейрамбек Абдіқалиев #қысқаөлең @Meyrambek_poeziya
Show all...
🔥 7 2😁 2👏 1
Алматының аспаны да жылауық Не тапты тағдыр сынаққа салып, Бұйырмады бақ, тұрақтамадық. Түндерде ұзақ сағынасың ба? Құс жастығыңды құшақтап алып. Тағдырдың тығы жанға қадалып, Қала да жүрмін, мұңға қамалып. Алыстап кеткен сені ойлаймын көп, Алыс тауларға бір қарап алып. Уайымдар мен ойларыма шырмалып, Көз ілемін кейде шаршап түн ауып. Түстерімде теріс қарап жылайсың, Ол аздайын алматы да жылауық. Иә жылауық алматының аспаны, Көшкен бұлттай өтер бұл күн бастағы. Кіріспеде аяқталып қалмайды, Біз бастаған махаббаттың дастаны. Күте тұр! Мейрамбек Абдіқалиев https://t.me/Meyrambek_poeziya
Show all...
vjfgixl16eio1pogcyyh.m4a3.13 MB
👍 8 2😢 2🔥 1
Көріктім Бағымыздан бастағы безген бе едік, (Жан емдеуге болар ма сөзбен нетіп) Көріктім, көзің, көркің, қылықтарың, Көңілден кетер емес көзден кетіп. Өзіңмен тамаша еді кездер өткен, Сөзден бе еді жоқ әлде көз бе еді өткен? Сағынғаным сезсең бір хабар берші, Көңілдегі Қылықтым көзден кеткен. Жалған ба еді жаныңның дір еткені, Тым болмаса түсімде бір өп мені. Ашығын айтшы маған жасырынбай, Ғашығым көзден кеткен жүректегі. Сырым едің жатқа айталмас жасырын, Жырым едің теңеу таппас асылым. Көз алдымнан ғайып болып мәңгіге, Көңіліме көшіп алдың ғашығым. (с)Ғашығың. Мейрамбек Абдіқалиев https://t.me/Meyrambek_poeziya
Show all...
lqool64oep1vasn7qb5i.m4a2.52 MB
👍 6❤‍🔥 2😢 2 1🔥 1
1.39 MB
🔥 7 1
Choose a Different Plan

Your current plan allows analytics for only 5 channels. To get more, please choose a different plan.