cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

MSPORTS.KZ

Спорт әлеміндегі ең соңғы және қызықты ақпараттар арнасы

Show more
Advertising posts
1 411
Subscribers
-424 hours
-117 days
-3630 days
Posts Archive
Аргентиналық футболшы Лионель Месси АҚШ чемпионатында ең көп жалақы алатын футболшылардың бірі. O Tempo ақпараты бойынша футболшы америкалық клубта жылына 20,4 миллион доллар жалақы алады. АҚШ чемпионатында Мессиден кейін ең көп жалақы алатын ойыншының бірі – Лоренцо Инсинье. "Торонто" командасында доп тебетін футболшының жылдық табысы 15,4 миллион долларды құрайды. Үштікті 8,1 миллион доллар еңбекақымен Джердан Шакири түйіндеп тұр. MLS жарысында ең көп жалақы алатын 10 футболшы: Лионель Месси ("Интер Майами") - 20,4 миллион доллар; Лоренцо Инсинье ("Торонто") - 15,4 миллион доллар; Джердан Шакири ("Чикаго Файр") - 8,1 миллион доллар; Федерико Бернардески ("Торонто") - 6,3 миллион доллар; Себастьян Дриусси ("Остин") - 6 миллион доллар; Дуду ("Палмейрас") - 5,4 миллион доллар; Эктор Эррера ("Хьюстон Динамо") - 5,2 миллион доллар; Серхио Каналес ("Монтеррей") - 5 миллион доллар; Андре-Пьер Жиньяк ("Тигрес") - 4,6 миллион доллар; Рафаэль Сантос Борре ("Интернасьонал") - 4,6 миллион доллар.
Show all...
11:51
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿Тамаша белдесу! Ризабек Айтмұхан Азия чемпионы атана алмаса да, шебер белдесе білді. Күміс жүлде құтты болсын! Айта кетейік, Бахрейн елінің атынан белдесетін тегі дағыстандық Ахмед Тажудинов 2023 жылғы маусымның ең үздік балуаны, әлем чемпионы. @msports.kz
Show all...
2
09:41
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿Мейрамбек Қартбай Бішкектегі Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды Еркін күрестен 57 килоға дейінгі салмақта белдескен отандасымыз үшінші орын үшін өткен кездесуде қытайлық спортшыны 7:2 есебімен жеңді.
Show all...
🔥 2
06:21
Video unavailableShow in Telegram
🇰🇿Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты! Финалда өткен жылдың ең үздік балуаны Ахмед Тажудиновпен белдеседі.
Show all...
🔥 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
Бүгін өтетін ойындар кестесі 👇 🇪🇺 Еуропа лигасы. 1/4 финал, бірінші матчтар: 00:00 🇩🇪 Байер – Вест Хэм 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 (Q League) 00:00 🇵🇹 Бенфика – Марсель 🇫🇷 (Q Arena) 00:00 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Ливерпуль – Аталанта 🇮🇹 (QazSport) 00:00 🇮🇹 Милан – Рома 🇮🇹 (Qazaqstan) 🇪🇺 Конференция лигасы. 1/4 финал, бірінші матчтар: 21:45 🇨🇿 Виктория П – Фиорентина 🇮🇹 (Q Arena) 21:45 🇬🇷 Олимпиакос – Фенербахче 🇹🇷 (Q League) 00:00 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Астон Вилла – Лилль 🇫🇷 00:00 🇧🇪 Брюгге – ПАОК 🇬🇷 🇸🇦 Сауд Арабиясы Суперкубогы. Финал: 22:30 Әл-Иттихад – Әл-Хиләл
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
Мейрамбек Қартбай жапон балуанына жол беріп, Азия чемпионатының финалына шыға алмады 😥
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
⚡⚡⚡ Өзбек чемпиондарын жеңген қазақ балуандары Азия чемпионатының 1/2 финалына шықты Қазақ балуандары Ризабек Айтмұхан мен Мейрамбек Қартбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Олар ширек финалда өзбек чемпиондарын жеңді. 57 килода бақ сынайтын Мейрамбек Қартбай бірінші айналымды бос өткізді. Ширек финалда өзбек чемпионы Нәдір Жұманазаровтан айласын асырды. Ризабек Айтмұхан алғашқы белдесуінде қырғыз елінің атынан күресетін легионер Андрей Ароновты 6:0 есебімен жеңді. Ал ширек финалда Өзбекстан чемпионы Мақсұд Вейсаловты 11:0 есебімен айқын ұтты. Өкінішке қарай, Санжар Мұхтар (65 кило), Мейіржан Әшіров (70 кило) пен Азамат Өміржанов (79 кило) жартылай финалға шыға алмады. @msportskz
Show all...
👏 2
00:20
Video unavailableShow in Telegram
👏 Ризабектің бірінші белдесудегі жеңісінің жарқын сәттері
Show all...
🔥 2 1
Photo unavailableShow in Telegram
Ризабек Айтмұхан алғашқы белдесуінде Қырғызстан атынан шыққан Андрей Ароновты айқын басымдықпен жеңді. Есеп – 6:0!
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
🔥 Бішкекте (Қырғызстан) күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Аталған сынға қазақстандық балуандар да қатысып жатыр. Бүгін еркін күрестен 57, 65, 70, 79 және 97 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар кілемге шығады. 57 келі: Мейрамбек Қартбай - ӨЗбекстан/Түркменстан балуандарының жеңімпазы 65 келі: Санжар Мұхтар - Ассаф (Палестина) 70 келі: Мейіржан Әшіров - Хоммадов (Түркменстан) 79 келі: Азамат Өміржанов - Енхбаяр (Моңғолия) 97 келі: Ризабек Айтмұхан - Андрей Аронов Азия чемпионаты аяқталған соң, Бішкекте күрес түрлерінен лицензиялық турнир басталады.
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
🏆 УЕФА чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы матчтары өтті ⚽️ 18 гол соғылған сұрапыл ойындарда🟡18 сары қағаз көрсетілді 🎯 Үздік сұрмергендер көшін 7 голмен "Бавария" шабуылшысы Харри Кейн бастап тұр. 📆 Қарымта матчтар 16-17.04 күндері өтеді. Келесі кезеңге қай командалар өтеді деп ойлайсыздар ❔
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
🇪🇺 Бүгін Чемпиондар лигасы ширек финалының матчтары өтеді! 🇪🇸 Атлетико – Боруссия🇩🇪 🕰 00:00 📺 QazSport 🇫🇷 ПСЖ – Барселона🇪🇸 🕰 00:00 📺 Qazaqstan 🔵 Қай клубқа жанкүйер боласыз?
Show all...
🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿 23 мамыр мен 5 маусым аралығында Таиландта өтетін лицензиялық турнирге баратын әйелдер құрамы белгілі болды 50 келі – Назым Қызайбай 54 келі – Ұлжан Сәрсенбек 66 келі – Наталья Богданова 74 келі – Валентина Хальзова
Show all...
2🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
🥊 63,5 килода Олимпиаданың соңғы іріктеу жарысына қатысатын боксшы белгілі болды Шешуші жекпе-жекте Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шебер жұдырықтасып, Дулат Бекбауовтан басым болды. Нәтижесінде Бангкокта өтетін Олимпиадаға іріктеу жарысына қатысуға мүмкіндік алды. Осыған дейін Италияда өткен турнирде Мұхаммедсабыр жолдама еншілей алмаған еді. @msportskz
Show all...
🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
🏟️ FourFourTwo басылымы әлемдегі ең үздік 100 стадионнның рейтингін жариялады. Рейтинг басындағы екі алаң да Оңтүстік Америка құрлығында орналасқан. 🔵 Олай болса үздік 10 стадионның рейтингін ұсынамыз: 1. "Бомбонера" (Буэнос-Айрес, Аргентина) 2. "Маракана" (Рио-де-Жанейро, Бразилия) 3. "Сигнал Идуна Парк" (Дортмунд, Германия) 4. "Айброкс" (Глазго, Великобритания) 5. "Монументаль Антонио Веспусио Либерти" (Буэнос-Айрес, Аргентина) 6. "Ацтека" (Мехико, Мексика) 7. "Камп Ноу" (Барселона, Испания) 8. "Тоттенхэм Хотспур Стэдиум" (Лондон, Англия) 9. "Уэмбли" (Лондон, Англия) 10. "Сан-Сиро" (Милан, Италия)
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
🥊 Бүгін бокстан спаррингтік турнирдің үшінші жарыс күні өтеді. Назарларыңызға бүгін шаршы алаңға шығатын боксшылар жұбын ұсынамыз. 📹 Турнирдің тікелей көрсетілімін сағат 16:00-де Qazsport арнасынан көре аласыздар.
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
Чемпиондар лигасы ширек финалындағы ойындар 🔥 болып басталды! Екі ойында барлығы 10 гол соғылды!
Show all...
🔥 6
Photo unavailableShow in Telegram
💣 Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанға қарсы екінші жолдастық кездесуде жеңіліс тапты.
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿 Әйелдер арасындағы спаррингтік кездесулерде финалға жолдама алған боксшылар белгілі болды 54 келі Ұлжан Сәрсенбек – Сымбат Әлиасқар 66 келі Наталья Богданова – Жасмин Қизатова 75 келі Валентина Хальзова – Гүлсая Ержан
Show all...
🔥 Финал. Мұхамедсабыр Базарбайұлы vs Дулат Бекбауов Бокстан Астанада өтіп жатқан лицензиялық жарысқа іріктеу турнирінде 63,5 кило салмақта финалға шыққан боксшылар анықталды. Финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов жұдырықтасады. Жартылай финалда Мұхаммедсабыр Жандос Қыдырәлиевпен кездесті. Бірінші раундта қарсыласына жол бергенмен, кейінгі раундтарда басымдығын байқатып шықты. Екінші жартылай финалда Дулат Бекбауов пен Серік Теміржанов қолғап түйістірді. Дулат жаңа салмақтағы алғашқы жекпе-жегіне шықса, Серік бұл салмақта бірнеше жарысқа қатысып үлгерді. Жанкүйерлер асыға күткен кездесу шайқасқа толы болды. Кейінгі екі раундта белсенді болған Дулат финалға жолдама алды. Жекпе-жектер жайлы ойыңыз қалай?
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
⚡ 2024 жылғы "Алтын допқа" үміткерлер рейтингі жаңарды Goal басылымы 2024 жылғы "Алтын допқа" үміткерлер тізімін жаңартты. Басылым қазіргі таңда басты фаворит ретінде "Реал Мадрид" ойыншысы Джуд Беллингемді бірінші орынған қойған. "Алтын допты" алуда бәсекелесіп келген Роналду мен Месси де әлі үміткерлер қатарында. "Алтын доптан" басты үміткерлер: 1. Джуд Беллингем ("Реал" Мадрид); 2. Килиан Мбаппе ("ПСЖ"); 3. Филип Фоден ("Манчестер Сити"); 4. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити"); 5. Родри ("Манчестер Сити"); 6. Гарри Кейн ("Бавария"); 7. Мұхамед Салах ("Ливерпуль"); 8. Винисиус Жуниор ("Реал" Мадрид); 9. Антуан Гризманн ("Атлетико"); 10. Букайо Сака ("Арсенал"); 11. Вирджил ван Дейк ("Ливерпуль"); 12. Хулиан Альварес ("Манчестер Сити"); 13. Деклан Райс ("Арсенал"); 14. Кевин Де Брёйне ("Манчестер Сити"); 15. Бернарду Силва ("Манчестер Сити"); 16. Флориан Вирц ("Байер"); 17. Лаутаро Мартинес ("Интер"); 18. Родриго ("Реал"); 19. Криштиану Роналду ("Аль-Наср"); 20. Лионель Месси ("Интер Майами").
Show all...
🔥 2
Photo unavailableShow in Telegram
🇪🇺 Бүгін Чемпиондар лигасының ширек финалы басталады 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Арсенал – Бавария🇩🇪 🕰 00:00 📺 QazSport 🇪🇸 Реал Мадрид – Манчестер Сити🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 🕰 00:00 📺 Qazaqstan Бүгін қай ойынды асыға күтесіз?
Show all...
🔥 3
Photo unavailableShow in Telegram
⚡ Қазақстандық таеквондошылар Испаниядағы турнирде төрт медаль жеңіп алды Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жалпы есепте үшінші орын иеленді, – деп хабарлайды ҚР ҰОК. Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 келі) пен Нұрлан Мырзабаев (87 келі) алтын медаль жеңіп алды. Абдурахмон Марипов (74 келі) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 келі) еншісінде қола бар. Ал кадеттер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді.
Show all...
👍 2
Photo unavailableShow in Telegram
👊 Ертең шаршы алаңда кездесетін жартылай финал жұптары белгілі болды! 63,5 келі Жандос Қыдырәлиев – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Серік Теміржанов – Дулат Бекбауов 54 келі Жайна Шекербекова – Ұлжан Сәрсенбек Сымбат Әлиасқар – Әнел Сақыш 66 келі Милана Сафронова – Наталья Богданова Лаура Есенкелді – Жасмин Қизатова 75 келі Гүлсая Ержан – Жібек Жарасқызы 💬 Пікірлеріңізді жаза кетіңіздер
Show all...
1
🥊 Бокстан Астанада өтіп жатқан спаррингтік турнирде 54 келі салмақтағы жекпе-жектер басталды. Бұл салмақта алғаш болып Жайна Шекербекова мен Балауса Мұздыман шаршы алаңға шыққан болатын. Аталған кездесуде айқын басымдықпен Жайна Шекербекова жеңіске жетті. Төрешілер үш раундта да жеңісті Жайнаға берді.
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
🇰🇿 Назым Қызайбай лицензиялық турнирге барады 👊 50 келі салмақта спаррингтік кездесудің финалында Алуа Балқыбековамен кездескен Назым төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетіп, мамыр айында Таиландта өтетін лицензиялық турнирге жолдама алды.
Show all...
13:10
Video unavailableShow in Telegram
🥊 Астанадағы спаррингтік бокс турнирі басталды. 63,5 кило салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға шықты. Мұхаммедсабыр бірінші жекпе-жекте Ертуған Зейнуллиннен басым болып шықты. Жартылай финалда Жандос Қыдырәлиевпен жұдырықтасады.
Show all...
👍 1
🥊 Астанадағы спаррингтік бокс турнирі басталды. 63,5 кило салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жартылай финалға шықты. Мұхаммедсабыр бірінші жекпе-жекте Ертуған Зейнуллиннен басым болып шықты. Жартылай финалда Жандос Қыдырәлиевпен жұдырықтасады. В своем первом поединке Мухаммедсабыр прошел Ертугана Зейнуллинова. Завтра в полуфинале он встретится с Жандосом Кыдыралиевым. В другом полуфинале будут биться Серик Темиржанов и Дулат Бекбауов. Согласны с решением судей?
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
💣 Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына қатыспайды. Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының жаңарған рейтингінде бірде-бір отандасымыз үздік ондыққа енбеген. Қазақстан құрамасы бұған дейін барлық Олимпиада ойындарына қатысып келген. Құрамаға Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі жоқтың қасы. Тек Сергей Петровичте ғана мүмкіндік болған. Алайда ол Пхукетте өткен әлем кубогы кезеңінен кейін нәтижесін толыққанды жақсарта алған жоқ. Бес саты ғана жоғарылап, әлемдік рейтингте 12-орында тұр. Сергей Париждегі Олимпиада ойындарына қарсыластарының бірнешеуі WADA ережесін бұзса немесе жарақат алып қалса ғана қатыса алуы мүмкін. Алайда төртжылдықтың басты додасын асыға күтіп жүрген спортшылар қателікке жол беруі екіталай. Допингке байланысты Қазақстан құрамасынан дау арылған емес. Парижде жүлделі орыннан үмітті Нұрғиса Әділетұлы мен Артем Антропов та жарыстардан шеттетіліп кетті.
Show all...
👎 1
Photo unavailableShow in Telegram
💣 Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасына қатыспайды. Халықаралық ауыр атлетика қауымдастығының жаңарған рейтингінде бірде-бір отандасымыз үздік ондыққа енбеген. Қазақстан құрамасы бұған дейін барлық Олимпиада ойындарына қатысып келген. Құрамаға Париж Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі жоқтың қасы. Тек Сергей Петровичте ғана мүмкіндік болған. Алайда ол Пхукетте өткен әлем кубогы кезеңінен кейін нәтижесін толыққанды жақсарта алған жоқ. Бес саты ғана жоғарылап, әлемдік рейтингте 12-орында тұр. Сергей Париждегі Олимпиада ойындарына қарсыластарының бірнешеуі WADA ережесін бұзса немесе жарақат алып қалса ғана қатыса алуы мүмкін. Алайда төртжылдықтың басты додасын асыға күтіп жүрген спортшылар қателікке жол беруі екіталай. Допингке байланысты Қазақстан құрамасынан дау арылған емес. Парижде жүлделі орыннан үмітті Нұрғиса Әділетұлы мен Артем Антропов та жарыстардан шеттетіліп кетті.
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
🥇Бейжіңде Қазақстан құрамасы алтын алды Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы Бейжіңде өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде чемпион атанды. Акробатикалық бағдарламада біздің спортшылар жарыс қожайыны Қытай құрамасынан да көп балл алды. 1. Қазақстан (213.7801). Команда сапындағылар – Айгерім Құрманғалиева, Этери Какутиа, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Анна Павлетцова, Жвклин Якимова, Жәния Жиенғазы; 2. Қытай (205.0300 балл) 3. Аустралия (196.6266 балл) Бұл Ұлттық құраманың Қытай астанасындағы жарыстағы 5-жүлдесі. 🥇Қазақстан әйелдер құрамасы – акробатикалық бағдарлама 🥈Наргиза Болатова эәне Эдуард Ким аралас техникалық дуэт бағдарламасы 🥈Виктор Друзин және Анна Павлетцова – аралас еркін бағдарлама 🥉Әйелдер құрамасы - техникалық бағдарлама 🥉Виктор Друзин - жекелей бағдарлама
Show all...
👍 5 1
🔥 8-10 сәуір аралығында Астанада өтетін спаррингтік турнирдің жеребесі тартылды. 63,5 келіде бес боксшы сынға түседі. Олар - Ертуған Зейнуллинов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов және Жандос Қыдырәлиев. 🔹 Жеребе қорытындысы: Дулат Бекбауов - Серік Теміржанов Ертуған Зейнуллинов - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Жандос Қыдырәлиев жарысты екінші айналымнан бастайды. ⏺ Қыздар арасындағы жеребе нәтижесі: 50 келі: Алуа Балқыбекова - Назым Қызайбай 54 келі: Балауса Мұздыман -Жайна Шекербекова Элина Базарова - Ұлжан Сәрсенбек Дина Жоламан - Сымбат Әлиасқар Сания Сұлтанқызы - Анель Сақыш 66 келі: Дариға Шәкімова - Наталья Богданова Милана Сафронова - Богданова/Шәкімова жұбының жеңімпазы Лаура Есенкелді - Жасмин Қизатова 75 келі: Жібек Жарасқызы - Гүлсая Ержан Валентина Хальзова - Ержан/Жарасқызы жұбының жеңімпазы 👀 Жеребе бойынша ойларыңыз қандай?
Show all...
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақ боксшылары Олимпиадаға жолдама алмаған жалғыз салмақ қалды. 63,5 килодағы соңғы лицензиялық жарысқа кім баратыны боксшылар арасындағы спаррингтік бәсеке арқылы анықталады. 6 боксшының санатына енген Төрехан Сабырхан іріктеу жарысына қатыспайтын болды. Боксшының жаттықтырушысы Ілияс Оралбеков 18 жастағы боксшының Олимпиадаға қатысуына Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) қарсы болған. Себебі ереже бойынша төртжылдықтың басты додасына 19 бен 40 жастағы боксшылар ғана қатыса алады. Сондықтан елішілік іріктеу жарысына қатысудан да бас тартып отыр.
Show all...
👍 4 1