cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Temirlan Quanyshuly

Бұл каналдың негізгі контенті таргетингке қатысты. Тәжірибелерім һәм біліммен тегін бөлісемін. Admin: @temirlan_quanyshuly

Show more
Advertising posts
195
Subscribers
No data24 hours
No data7 days
No data30 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Бүгін таргет бойынша кездесуге бардым. Кәсіпкердің айтуы бойынша келіп жатқан лид не целевой және қымбат. Саласы инфобиз (қаржы сауаты). Талқылап бастадық. Бас кезінде түсіне алмадым. Вроде бәрі дұрыс бірақ, ештеңе дұрыс емес 🤣 Таргет жіберген кезде сайт орнына квиз қолданыпты. Квиз сұрақтары академиялық теория. “Сұрақтар ауыр”-десем “бұл 7 рет өңдеп, жеңілдеткен нұсқасы”- дейді. :)) Классика бойынша ойыма келген сұрақты жаудырдым. Біраз қаңғыған сұрақ кетті.😆Солай отырып мәселенің басын ашып алдық. Айналып келіп өнімге тірелдік. Кәсіпкер балаға арнап өніп жасаған, бірақ сұраныс ата-анада болып шықты. Логикаға салып қарасақ ақша табатын, қарызға кіретін де ересектер екен. Осыны түсінген кезде бәрі орнына түсті. Қорытынды: Өнімді ата-анаға икемдеу,сайт жасау жаңа креатив жасау. Опшым бәрін басынан бастайтын болды 😁 Соңғы уақытта мәселе тек таргетте емес екенін және бизнестің толық мәселесін шеше алмайтынын түсіндім.
Show all...
Тимур Бектұр фб парақшасына jusananalytics зерттеуін бөлісіпті. Зерттеу қазақстан халқының экономикалық әл-ауқаты жөнінде. Маркетолог маманы іске жарата алатын ақпарат жетерлік. Соның ішінде құнды ол тұтынушы туралы дерек. Олар қалай шешім қабылдайды, табысы, шығыны және т.б. зерттеулер бар. Қазақ тілінде осындай жобаны жасап жатқан jusananalytics командасына алғысы білдіремін. Төмендегі сілтеме арқылы толық таныса аласыз https://jusananalytics.kz/kz/
Show all...
Home page

Аналитический центр публикует собственные исследования и аналитические материалы, посвященные основным экономическим темам и трендам

Қызық қой... Кейде адамдар ойлайды, егер мен бай болсам, ақшам көп болса, әлемнің ең мықты мамандары менде жұмыс істесе, жапырып жіберер едім деп. Ничего подобного. Дәл қазір ARM-нан да, мейнстрим процессорлар нарығынан да қағылып жатқан, NVidia мен Apple M1-ге есесін жіберіп алған Intel-ге бір сәт көз салыңыздар. Тарихта жолындағының барлығын жапырып өткен, заманында түкірігі жерге түспеген Nokia мен Kodak-ты еске алыңыздар. Айтпағым... Spotify сияқты музыкалық стримдер ТМД аумағына кеп, жаңа тынысын ашып жатса, Google секілді алпауыт, қазақтар оның Play Music деген сервисі бар екенін білмей жатып күні кеше жауып тастады. Иә, кезінде Wave бен Buzz-ды, goo.gl-ды қалай өлтіре салды, солай қылқындыра салды. Брайан Трейсидің бір кітабындағы әңгіме есіме түсіп отыр. Үш алпауыт өзара сөйлесіп жатып “Кімнен, неден қорқасың?” дегенде біреуі айтыпты: “Мен гараждағы екі жігіттен қорқамын” деп. Бұл - “Стартаперлерден қорқамын. Оларда бюрократия жоқ. Олардың жоғалтатын ештеңесі жоқ. Олар қандай да бір шешімді қабылдау үшін 20 инстанция айналмайды” деген сөздің образды түрде айтылған мақамы болатын. Яғни, қалтаңыз жұқа, танысыңыз жоқ деген сөз сіздің шансыңыз жоқ деген сөз емес. Қолыңыздан не келеді, соны жасаңыз жа нарыққа ұсыныңыз. Сіздің сол жасағаныңызды, сенесіз бе, өзіңіз қорқасоқтайтын алпауыттар сонша бюджет, сонша қызметкер, сонша танысымен жабылып жүріп жасай алмайды. Жалтақтама!
Show all...
Соңғы уақытта ішіме сыйма жүрген ақпараттар бар. Бір жерге подкаст қонағы болып соның бәрін ақтарып бір жеңілдеп алу керек. Көп жазуға ерінемін, шама-шарқым жетпейді.
Show all...
Нарықта көп кездесетін проблеманың бірі таргетологтан көп нәрсе дәмету. Жақсы таргетолог тапсам сауда өседі, масштаб жасаймын тағы солай кете береді. Кеше кездесуге барысында осы мәселемен тағы жолықтым. Кәсіпкер маған CRM жүйесі бойынша хабарласты. Кездесу барысында мәселе CRM жүйесін де емес таргетте екенін айтып қалды. Айтуы бойынша өзі маман емес, таргет дұрыс жіберіп жатқан жоқ. Соның салдарынан клиент құны екі есеге өсіп кеткен. Логика бойынша жақсы таргетологқа тапсырса клиент құны арзандап, табысы артуы керек бірақ олай емес. Проблеманы түсіну үшін әртүрлі сұрақ қоя бастадым.Мәселе таргетте емес менежерде екен. Компанияда бір менежер оған күніне 100-150 жаңа лид келіп жатыр. Физический обработка жасап үлгермейді. Оның үстіне тәжірибесі аз, жұмысқа енді орналасқан. Себебі анықталған сәтте кәсіпкер өзі түсінді. Тәжірибеммен бөлісе отырып, төмендегі ұсынысымды айттым. ⁃ Менежерді оқыту; ⁃ Лид санын 35-45 дейін азайту; ⁃ Тек жаңа лидпен емес, бұрынғы базамен де жұмыс істеп үйрену; ⁃ Клиент жүріп өтетін жолын қайта жазып шығу. P.S. Бар мәселені таргет айналасынан іздей беруді қою керек. Сауданың өсуіне өте көп фактор әсер ете алады.
Show all...
Бұрын арманым, қазір жоспарыма айналған дүниенің бірі маркетинг саласындағы қазақ тілді мамандардың нетворкинг ортасын құру.
Show all...
Жаңадан қосылған проектінің бәрінде срм өте қымбат. Бұрыннан келе жатқан жобалар да ондай емес қызық…
Show all...
Бизнесте ұлт, тіл жоқ тек принцип бар
Show all...
Жеке меншік мектеп иесі «жаңа клиент керек таргет жіберейік»-деп хабарласты. Жұмысты бастамас бұрын мектепті барып көрейін, танысайын сосын бастайық деп ертеңгі күнге кездесу белгіледім. Бардым, таныстым сөйлесе келе түсінгенім оқушы санын көбейту жолы басқа болып шықты. Кездесу 3 сағатқа созылды. Нәтижесінде ол компанияға чат-бот және амосрм жүйесін орнататын болдық. Бот пен срм жүйесіні орнату себебіміз, жиналған клиент база бар екен. Жаңа клиент іздемей сол базамен жұмыс істеу P.S. Компания табысын көбейту үшін таргетинг әрдайым тиімді бола бермейді.
Show all...
Бұрынғы коммунистік қоғамдарда коммунизм мемлекетке шамадан тыс тәуелді болу, соның кесірінен халықты кәсіпкерлік энергиясынан айыру, келісімге келе алмау, коммерциялық компания, саяси партия секілді ұйымдарға өз еркімен біріге алмау сияқты көптеген әдетті қалыптастырғанын, дәл сол әдеттер қазір елдегі демократия мен нарықтық экономика дамуына кедергі болып отырғанын көрсетеді. Ол қоғамның адамдары коммунизмнің орнына демократия мен капитализм келсе екен деп, "демократия реформаторларына" дауыс берген шығар, бірақ демократия мен капитализмге қажет дағдылары жоқ еді. Сенім кітабынан үзінді
Show all...