cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

Жаңалықтар - Qaz365.kz

Қазақстан жаңалықтары 🇰🇿 Жарнама бойынша: @bs2906 @alim_the_magnus

Show more
Advertising posts
15 473Subscribers
-1324 hours
-627 days
-30230 days
Posting time distributions

Data loading in progress...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Publication analysis
PostsViewsSharesViews dynamics
01
СҚО-да 22 жастағы келіншек пен інісі суицид жасады Қайғылы оқиға 28 сәуірде Айыртау ауданында болған. Полицейлер өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірінші болып 22 жастағы келіншек қорада асылып қалған. Оның артында 1,5 жасар баласы қалды. Әпкесінің қайтыс болғанын білген інісі орманға қашып кеткен. Кейін ол да асылған күйінде табылды. Інісі мен әпкесі ата-әжесімен бірге тұрған. «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады СҚО полиция департаменті. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
10Loading...
02
Депутат жемқорлар тасқынмен күреске бөлінген 1 млрд теңгенің қалай ұрлағанын түсіндірді Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік желіде апта бұрын «су тасқынының салдарының жоюға арналған 1 миллиард теңгені жеп қойған» деген мәліметке байланысты мән-жайды түсіндірді. Аталған мәліметті өткен аптада Қаржы мониторингі агенттігі таратқан болатын «Мәселе былай: бүгінге дейін жөндеуден өтуі тиіс болған гидротехникалық нысандарға бөлінген ақшаның 1 миллиард теңгесін жемқорлар жеп қойған. Ұлытау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында аталған факт бойынша 4 қылмыстық іс қозғалыпты. Тергеу аяқталғанда жемқорлардың есімін білеміз. Тағы бір маңызды мәселені көтердім АФМ басшыларының алдында. Қазір тасқынның салдарымен күреске жалпы (қайырымдылық, олигархтардың бергені, мемлекеттің бөлгені т.б.) 195 млрд теңге бөлінген деді агенттік өкілдері. Міне осы қаржының әр тиынын қадағалау керек Қаржылық мониторинг агенттігі», - дейді Нартай Сәрсенғалиев. Депутат қазірдің өзінде топан судың астында қалған өңірлерде әлеуметтік азық-түлік бағасы мен құрылыс заттарының бағасын негізсіз көтеру фактілері тіркелгенін айтады. Мұндай жайттарға қарсы дереу шара қолданылатынын да атап өтеді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
2960Loading...
03
Министр Шарлапаев утиль алымға қатысты соңғы шешімді айтты Бүгін Мәжілістегі үкімет сағатына Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келген. Тілшілер кулуарда министрден тағы да утилизациялық алымды азайту мәселесіне қатысты өзгеріс бола ма деп сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Осы сұраққа мен бірнеше рет жауап бердім. Қазіргі таңда утилизациялық алымға қатысты ешқандай өзгеріс жасамаймыз. Мемлекетте ондай жоспар жоқ. Журналистер осы сұрақты жиі қойып тұрады. Бірақ тағы да қайталап айтамын: ешқандай өзгеріс болмайды», – деді Қанат Шарлапаев. Бұған дейін де Қанат Шарлапаев журналистерге Қазақстанда утильалымы өзгеріссіз қалатынын мәлімдегені бар. Төменгі палатада осы мәселені көтеріп жүрген депутат Нартай Аралбайұлы жақында министрге ойлануға кеңес берген болатын. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
3310Loading...
04
Алматыда мәйітханадағы өлген адамдарды зорлаған ер адам ұсталды Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында қалалық мәйітхананың күзетшісі ұсталғанын жазды. ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша «қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Бұл қылмыс қалай ашылды? Мендегі ақпарат бойынша, қылмыскер телефонын өткізуге алып келген кезде, ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18 + фотолар болған», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде. Ер адам изоляторға қамалды. ҚР ҚК 314-бабының санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. «Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - деді Алматы қаласы полициясында. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
5273Loading...
05
Кемертоғанның жолы соғыс болып жатқан Сириядан жаман – Мәжіліс депутаты Алматы облысының атынан Мәжіліске депутат болып сайланған Данияр Қасқарауов Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылының мәселесін жиі көтеріп жүр. Бұған дейін төменгі палатада жарық мәселесін айтып, депутаттық сауал жолдаған. Бұл жолы өзі жергілікті халықпен кездесіп, әкімге жол мәселесін шешу керектігін айтып, біраз дауласып алды
5251Loading...
06
«Сол бір «телохранитель» бәле болды»: Дариға Бадықова тойға оққағармен шығуының себебін түсіндірді Соңғы жылдары танымалдығы артқан актриса Дариға Бадықова өнердегі әріптесі Олжас Абаймен былтыр жаңа жылдық кеште Атыраудағы тойлардың біріне оққағармен барғаны желіде сынға ұшыраған. Ол Tik-tok-тағы стримде осының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Сол бір «телохранитель» (оққағар) бәле болды. Біз ол кезде Атырауға коорпоративке барғанбыз. Үлгермей кетті. Бір күнде 8 мейрамханаға тапсырыс түскен. Бізге де ақша түскен. Мамандығын сол ән айтып, би билеу болған соң жүреміз ғой. Бірінші күні ол оққағарларды алған жоқпыз. Нақтысы бермеді. Бұл халықтың жылына бір көңіл көтеретін мерекесі. Сосын жақсы көретін әртісін ұстап көріп, тартып көреді. Бұл өздерінің махаббаттары. Менде өзім ұнатқан адамымды ұстағанды көргім келеді. Сөйтіп, екінші күні үлгермеген соң, мейрамхананың өзі оққағар берді», - дейді Дариға Бадықова. Оның айтуынша, түнге қарай адамдар көңіл көтерген соң, мас болады. Сондай сәтте оққағар керек болған. «Бұл біздің болдық, толдық дегеніміз емес. Осы оқиғадан кейін оққағар бәле болып жабысты. Қайсы біріне ақтала бересің. Халықтан қорғанатын дымымыз да жоқ», – дейді актриса. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
6740Loading...
07
Кемертоғанның жолы соғыс болып жатқан Сириядан жаман – Мәжіліс депутаты Алматы облысының атынан Мәжіліске депутат болып сайланған Данияр Қасқарауов Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылының мәселесін жиі көтеріп жүр. Бұған дейін төменгі палатада жарық мәселесін айтып, депутаттық сауал жолдаған. Бұл жолы өзі жергілікті халықпен кездесіп, әкімге жол мәселесін шешу керектігін айтып, біраз дауласып алды, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Мен өз көзіммен Кемертоғанды аралап көрдім. Ана жолдар соғыс болып жатқан Сирияның жолдарынан да жаман. Үш ауылда 60 мың халық тұрады. Істеу керек. Қашанғы ақша жоқ деп айта береміз? Балалар ауырып жатыр. Қар тазаланбайды. Ауылда жұмыс жоқ халық амалсыз қалаға барып жұмыс істейді. Транспортпен қалаға бару үшін жол керек. Аудан әкімі Жасұлан Естенов келгеніме 1,5 жыл ғана болды дейді. Смета жоқ деп отыр. Бізде мәслихат депутаттары қайда? Арасында 30 жыл облыс басқарған мықты азамат та отыр ғой. Сол депуттарымыз жарық мәселесін неге қолға алмаймыз? Әдемі сөйлейміз, жылы жауып қоямыз. Мұның артында қандай нәтиже болмақ», - дейді Данияр Қасқарауов. Оның айтуынша, жергілікті тұрғындар 6 айдан бері хат жазып, мәселелерін айтумен келеді екен. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевқа жарық бойынша сұрақ қойғанын, жеке өз бақылауына алғанын айтты. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
7310Loading...
08
«Соттан әділ шешім күтемін, балам үшін қатты уайымдаймын»: Қуандық Бишімбаевтың әкесі сұхбат берді Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталып, соты жүріп жатқан Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы ресейлік блогер Наталья Грэйске сұхбат берді. Әкесі Уәлихан Бишімбаев соттан әділдік шешім күтетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Бұл трагедия. Ата-ана ретінде ұлымды уайымдаймын. Қандай жағдай болмасын ол біздің баламыз. Орны толмас қайғы болғанын түсінеміз. Қуандық өз-өзін жазалады, бізді жазалады. Қоғамның басым бөлігі түсіністікпен қарайды деп үміттенемін. «Иә, ол кінәлі, ол жазалануы керек. Біз үшін бұл үлкен трагедия. Себебі Салтанат та біздің отбасымыздың мүшесі. Өз қызымыздай қарайтынбыз. Олар бақытты болғысы келді, бір-бірін жақсы көретін. Қуандықпен арасында сөзге келіспей қалатынбыз, бірақ ешқашан қол көтерген емеспін. Бұл біздің отбасымызға жат дүние», – дейді Уәлихан Бишімбаев. Ол осы ретте соттың әділ шешім шығаратына үмітті. Соған рахым ететінін айтты. «Мен судьялар мен алқа билер алқасынан рахым, адамдардан кешірім тілеймін. Судья бір кездері шенеунік болғаны үшін қоғамымыз үйіп-төгіп артып қойған жүкке қарап емес, оның әрекетіне сай жаза берсе екен деймін. Қуандық үнемі адал, жауапкершілікпен жұмыс істеген. Бұл болған қайғылы жағдай менің де жүрегім ауыртты», – дейді айыпталушының әкесі. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
7930Loading...
09
«Қолайсыз метеорологиялық жағдай»: Алматы мен тағы 4 қала тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет Алматы мен тағы төрт қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, деп хабарлайды Qaz365.kz. «2024 жылғы 29 сәуірде Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау, Риддер, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», - делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
8440Loading...
10
Media files
1 7142Loading...
11
«Жлёмана самана сет». МС Сайлаубек су тасқынына көмектесіп жатқан құтқарушылардың көңілін көтерді Осыдан 8-9 жыл бұрын Қазнетті шулатқан халықтық рэпер атанған МС Сайлаубек су тасқынына көмектесіп жатқан құтқарушылардың көңілін көтерді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Желіде тараған видеода ол Атырауда қаптан бөгет салған жерге барып, өзінің рэптерін бірін орындап берген. Құтқарушылар дән риза болған. «Босқа тұрмай билесендерші жігіттерші», «Арасында осылай демалып тұрған да жақсы», «Күрек ұстатып жұмыс істемей ме?», «Мотивация», «Моральдік көмек», «Құм тасып шаршап калыпты Сайлаубек», - деген пікірлер бар. Айта кетейік, түсініксіз әндер айтып, Тиматидің көзіне түсіп, фильмде өнер көрсетіп,  елге танылған Мс Сайлаубек соңғы жылдары көрінбей кеткен еді. Тек оның Атырауда анасымен бірге тұратыны айтылады. ішімдік ішуді қойып, жаңа шығармашылық контент жасаумен белсенді айналысып жатқаны туралы ақпарат тараған.
1 7151Loading...
12
Алматыдағы автобус апаты: сот Дархан Ахметжановке үкім шығарды Алматыда өткен сотта Дархан Ахметжанов 2023 жылы желтоқсанда үш адамның өмірін қиған автобус апатына кінәлі деп танылып, 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Дархан Ахметжанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293 бабы бірінші бөлігі бойынша 1 жылға, 351 бабы 3 бөлігі бойынша 8 жылға сотталсын. Қылмыстық кодекстің 58 бабы 2 бөлігіне сәйкес, Дархан Ахметжановқа түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілді», - деді судья Шәкіров. Айта кетейік, бүгін сот сөз берілген Ахметжанов 293 баптың бірінші бөлігі бойынша кінәсін мойындап, ал, 351 баптың 3 бөлігіндегі кінәні мойындамады. Ол соттан оны бас бостандығын шектеу туралы жаза қолдануын сұраған еді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4570Loading...
13
Семей орманында тағы өрт шықты Өртеніп жатқан аймақ техниканың жетуі қиын батпақты жерде орналасқан. Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Өрттің ауданы әлі нақтыланбаған. «Бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті. Болжам бойынша 0,22 гектар аумақтағы өрт оқшауланды. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
2921Loading...
14
Арзан бағамен азық-түлік жеткіземін деп 9 кәсіпкерді алдаған күдікті Ресейде ұсталды Бас прокуратураның үйлестіруімен бірнеше мәрте алаяқтық жасаған күдікті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресейден экстрадицияланды Аталған азамат 2022-2023 жылдар аралығында шет елдерден азық-түліктің көтерме партияларын жеткізу сылтауымен алаяқтық жолмен 9 кәсіпкердің 470 млн теңгеден астам қаражатын иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты оған халықаралық iздеу жарияланды. Айта кетейік, алаяқ былтыр желтоқсанда Мәскеу аумағынан ұсталған болатын. Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 3610Loading...
15
Түркістанда «қазақ анестезиологтар мен реаниматологтар» қоғамының VII конгресі өтіп жатыр Түркістан қаласында «Қазақ Анестезиологтар мен Реаниматологтар» қоғамының VII конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz. Жиын – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Конгресске медицина саласындағы соңғы жетістіктер мен инновацияларды талқылау үшін Қазақстаннан және бүкіл әлемнен анестезиология мен реаниматология саласындағы жетекші мамандарды жиналған. Жиында сөз алған «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» ҚБ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ағзам Жұмаділов конгресстің тек анестезиологтар мен реаниматологтар үшін ғана емес, жалпы медицина саласы үшін маңызды екендігін тілге тиек етті. «Қазақстан Республикасының анестезиологтар мен реаниматологтар конгресі осы жылдар ішінде аталған саланы дамыту бойынша тәжірибе алмасу және сындарлы ұсыныстар әзірлеу үшін заманауи кәсіби алаңға айналды. Бұл диалог алаңы өмірді құтқару саласындағы өзекті трендтер мен үрдістерді талқылауға, практикалық жұмыстың егжей-тегжейін терең түсінуге мүмкіндік бермек», – деді Ағзам Шаймарданұлы. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1220Loading...
16
Алматыдағы автобус апаты: айыпталушы сотта кешірім сұрады Оның сөзінше, оны мұндай әрекетке жүргізуші арандатқан, соның салдарынан жол-көлік оқиғасы болған. «Жүргізуші мені барлық адамның көзінше балағаттап, мені көліктен шығармай қойды. Бұл - арандату. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындаймын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 351-бабы 3-бөлігі бойынша өз кінәмді мойындамаймын, өйткені Шокебаева есінен танып қалған жоқ. Оның автобусты тоқтатуға мүмкіндігі болды», – деді айыпталушы Дархан Ахметжанов. Ол судьядан бұрын сотты болмағанын ескеруді өтінді. Дархан Ахметжановтың айтуынша, ол нанын адал еңбекпен тапқан қарапайым құрылысшы. Судья айыпталушыға үкім бүгін, 26 сәуірде сағат 16.30-да жарияланатынын хабарлады. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2200Loading...
17
Журналист Динара Сәтжанның ағасы қайтыс болды Бұл туралы белгілі тележүргізуші әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Рашид Ағам өмірден озды… Өте мейрімді таза жан еді. Бала кезімде маған үй жинауды үйреткен. Бір күні кешке қарай Жаңа-Арқада біз апам үшеуіміз НЛО көргенбіз. Рас айтам. Бірақ бізге ешкім сенген жоқ… Түсінемін, бұл өмір. Бірақ бәрібір ауыр…» - дейді ол. Желі қолданушылары оған көңіл айтып жатыр. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2580Loading...
18
RAMS QAZAQSTAN компаниясы су тасқынынан зардап шеккендерге 500 миллион теңге бөлді RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясы "Демеу Қазақстан қоры" корпоративтік қорының шотына 500 миллион теңге аударды, бұл ақша су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмекке, инфрақұрылымды қалпына келтіруге және бірінші кезекте қажетті азық-түлікті сатып алуға жұмсалады, деп хабарлайды Qaz365.kz. Сонымен бірге, Қазақстанның құрылыс нарығында көшбасшылардың бірі өңірлерді қолдау шеңберінде қалпына келтіру жұмыстары мен су тасқынының салдарын жою үшін Батыс Қазақстан облысына арнайы техника мен жабдықтар түрінде көмек жіберді. «Бірнеше апта бойы біз табиғи апатқа байланысты Қазақстан өңірлерінде қалыптасқан қайғылы жағдайды үлкен өкінішпен көріп отырмыз, осындай қиын сәтте ел тұрғындарын тастап кете алмайтынымызды түсінеміз. Біз су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына қаржылай қолдау көрсету туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ, біз Батыс Қазақстан облысының жергілікті билігіне көмек ретінде арнайы техника мен жабдықтар жібердік, бұл ретте адами ресурстарымызды жұмылдырдық», - деп растады RAMS QAZAQSTAN-ның вице-президенті Доган Бюлбюл. Су тасқыны жағдайы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
3 7145Loading...
19
WhatsApp-тағы хабарлама: Алматы облысында ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды Іс Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша қаралған. Оқиға 2023 жылдың 6 қарашасында болған. «Сағат 19:00 шамасында азаматша М. азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған ұлттық алауыздықты қоздыру мақсатында бір ұлт пен діннің екіншісінен айрықша және артықшылығын білдіретін аудиожазбаны WhatsApp мессенджеріндегі көршілерінің әртүрлі ұлт азаматтары бар чатына жіберген. Аталған аудиожазба қоғамдық тәртіпті бұзып, Ұйғыр ауданының тұрғындары арасында наразылық тудырған», - делінген Алматы облысы сотының хабарламасында. Сотталушы кінәсін мойындады. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденіп, расталған. Сот шешімімен, азаматша кінәлі деп танылып, оған Қылмыстық кодекстің 44-бабының 2-бөлімінде көзделген міндеттерді орындай отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. ️ 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4070Loading...
20
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады Зерттеушілер ғылымның аса күрделі саласы – электромагниттік толқындардың эмбриондық дамуға әсері жайлы тың жаңалық ашқан. Қарапайым «lissachatina fulica» ұлуын зерттеуге ала отырып, олардың организмдеріне электромагниттік сәулелердің әсерімен қатар, генетикалық салдарын да қарастырған. Бұл жоба белсенді ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға, электромагниттік толқындар мен экожүйенің күрделі өзара әрекеттесуін түсінудегі маңызды қадам болып табылады. Жас ғалымдардың ізденістеріне биология ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор Айнұр Қыдырмолдина мен химия пәнінің мұғалімі Меруерт Құдабекова жетекшілік жасады. Сондай-ақ, Әлихан мен Адельдің ғылыми туындылары «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсының NIS желілік кезеңінде күміс медаль иеленген. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2801Loading...
21
Қымбат Досжан Жәнібекті сатып жіберген әйел туралы айтты Белгілі журналист Қымбат Досжан Қазақстанға анасын іздеп келген Жәнібекке қатысты жаңа мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Оның айтуынша, Жәнібекті саудалаған әйелдің кім екені қаңтар айында анықталып қойған. Дегенмен қылмыстық іс тергеліп жатқандықтан, оның жеке басына қатысты мәлімет жариялауға болмайды. «Ол әйелдің кім екенін, қайда тұратынын, жасы нешеде екенін біз қаңтардың басында анықтадық. Жәнібекті асырап алған анасымен хат жазысу арқылы білдік. Қылмыстық істі қозғап жатқан Арқалық полициясы да біледі. Сіздер ойлағандай, 2004 жылы ол перзентханада істемеген. Тіл білетіндіктен, аудармашы боп істеген», - деді Қымбат Досжан. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 3560Loading...
22
Алматы әуежайында AirAstana әуе компаниясының ұшқышы ұсталды 23 сәуір күні полиция Алматы әуежайынан Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек Әнуарбековті ұстаған. Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мефедрон қолданып сақтаған Қамауға алу кезінде ол есірткіге мас күйінде болған. Ұшқыш мектеп оқушылары арасынан болашақ ұшқыштарды тарту шарасына қатысу үшін Ақтауға ұшпақ болған. Ұшқыштың тұрғылықты жерінен пластик құбыр тәркіленіп, одан ұнтақты шөгінділер табылған. Ол 2021 жылдан бері есірткіге тәуелді екенін айтқан. Ұсталғанға дейін бір күн бұрын төрт грамм есірткі қолданған. Соңғы рет 23 сәуір күні таңертең пайдаланған. AirAstana әуе компаниясы жағдайды растады. «23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшып келе жатқан әуекомпания ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды. Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл қызметкер жұмыстан шеттетілді. Қауіпсіздік біздің басты міндетіміз болғандықтан, әуекомпания қызметкерлердің ішімдік немесе есірткі тұтынуын мүлде құптамайды», - делінген Air Astana баспасөз қызметінің хабарламасында. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2910Loading...
23
Алматының туристік әлеуеті артып келеді Соңғы уақытта тек елімізде ғана емес, әлемде экологиялық апаттар көбейді. Сәйкесінше туризм саласы тұралауда. Тұмса табиғатымен талайды тамсандырған Алматы шаһарындағы туризм қалай дамуда? Туристер қауіпсіздігі қалай сақталады деген сауал төңірегінде Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітовамен тілдескен едік, деп хабарлайды Qaz365.kz. Алматыда туристік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған «Сапа белгісі» бағдарламасының жүзеге асып жатқанынан хабардармыз. Осы жайында айтып өтсеңіз. – «Сапа белгісі» бағдарламасы – туроператорлық қызмет көрсету, орналастыру мен тамақтану орындары бойынша негізгі үш бағытта жұмыс істейтін болады. «Сапа белгісі» ұлттық стандарттарға негізделген бағдарламаның талаптарына құрылған. Келесі кезеңде «Recommended by Visit Almaty» өңірлік стандартын енгізу жоспарлануда. Туристерге ыңғайлы болу үшін қалада 8 Visit Almaty ақпараттық пункті жұмыс істейді. Ақпараттық пункттерде мегаполис қонақтары мен тұрғындарына қаланың туристік әлеуеті бойынша кәсіби кеңестер ұсынылады, оның ішінде турларға қатысты (қала және тау) қызықты ұсыныстар, қала туралы барлық қажетті ақпараттар беріледі. Айта кетерлігі, Visit Almaty нүктелерінен тегін карталарды, бағыттарды, тау маршруттарының атластарын, туроператорлық брошюраларды, мәдени-әлеуметтік іс-шаралар туралы толық ақпаратты алуға болады. 2023 жылы Visit Almaty ақпараттық нүктелеріне 40 мыңнан астам адам кеңес берді. Бұл дегеніміз – туризм саласының жандануына қосқан үлес деп білемін. Толығырақ мақалада 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2340Loading...
24
Алматыдағы автобус апаты: Сотта автобус жүргізушісі кінәсін мойындамайтынын айтты Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол жолаушылар жол ақысын төлей алмай жатқан жағдайларда көмек ретінде телефонын алып, көмектесетін. «Сот барысында жәбірленуші Құсайынова мені кінәлі көрсеткісі келді. Мені «неге телефонды алдың» деп тергей берді. Бірақ бұл жерде менің кінәм жоқ қой. Телефонды алып, смс көрсетсем - мен көп адамға солай жасаймын. Біздің қалаға келетін адамдар көп, олардың көбісі жолақасын төлеудің бұл жолын біле бермейді. Сол себептен мен көрсетіп беремін. Адвокатта маған осы сұрақты қоя береді. Маған жолаушылардың көпшілігі жол сұрап, көмекке жүгінеді», – дейді жүргізуші Шөкебаева. Сондақ-ақ ол бұл іске қатысы бар Ахметжановтың қатаң жазалануын талап етті. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2530Loading...
25
Алматыда ер адам пәтерін есірткі қоймасына айналдырған ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Әуезов ауданының тұрғыны өзінің пәтерінде героинді қолдану үшін үй-жай беріп, есірткі қоймасын ұйымдастырған. Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді. Оны есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жойды. «Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2780Loading...
26
Тоқаев: Қазақ тілі этносаралық қатынас тіліне айналады Қазақстан тіл мәселесіне келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуы керек. Бұл туралы бүгін Ассамблеяның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. Оның айтуынша, «қоғамда ұлтына қарай ерекшеленуге, оқшаулануға ұмтылған кез келген әрекетке, әсіресе, азаматтарды тіліне, ұлтына, дініне немесе мәдениетіне бола арандатуға, я болмаса кемсітуге мүлде жол бермейтін орта қалыптастыру маңызды». «Тіл – көптеген мемлекет үшін өзекті мәселенің бірі. Осы мәселенің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін тарихтың өзі көрсетіп отыр. Қазақстанда да солай. Біз осы аса шетін мәселеге келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуымыз қажет. Бірақ бұл біздің мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға баса назар аударатынымызды жоққа шығармайды. Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз. Мемлекет олардың түрлі жетістіктеріне, соның ішінде саяси сипаттағы табыстарына да назар аударады және оларды барынша қолдайды. Бүгін осындай бірқатар азаматқа марапат тапсырылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2311Loading...
27
Алматыда лаундж-бардың 21 жастағы қызметкері жұмыс орнында ұсталды Қала прокуратурасының бастамасы бойынша ҰҚҚБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын таратудың жолын кесті. Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық «мефедрон» есірткісін сатқан лаундж-бардың 21 жастағы қызметкері (кальяншы) ұсталды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1390Loading...
28
Алматы балабақшасында бүлдіршіндер су тасқыны аймақтарында қалған адамдардың қалай құтқарылғанын көрсетті Алматы қаласы ТЖ Департаментінің қолдауымен Алматы қаласы Түрксіб ауданының № 119 бөбекжай-балабақшасының балалары мен педагог-әдіскерлері су тасқыны, өрт және жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету тактикасын әзірлеуге бағытталған сюжеттік-рөлдік қойылымдарды көрсетті, деп хабарлайды Qaz365.kz. Танымдық іс-шара "Кел ойнайық, олайық!" бағдарламасы аясында семинар түрінде өткізілді.» Сонымен, "Аққу" және "Тұлпар" топтарының тәрбиеленушілері су тасқыны кезінде құтқару операциясының импровизацияланған қойылымын және сейсмикалық жаттығуды көрсетті. Балалар дабыл чемодан жинап, жақын жердегі қауіпсіз жерге эвакуациялауды үйренді. Қалалық құтқарушылар "су тасқыны аймағын" түсін сәйкестендіріп шынайы түрде үлпілдеген матамен бейнеп, ТЖМ логотипі бар жүзу құралының, жас құтқарушылардың тиісті құрал-жабдықтарының, оның ішінде құлақтандырғыштың пайдаланып ойлап тапқан педагогтардың шығармашылығын атап өту қажет. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1810Loading...
29
Кэмерон келді: қазақ тілі Оксфорд университетінде оқытылатын болды Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға ресми сапары аясында қазақтілін үйрену және Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды. Негізгі келісімдердің қатарында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Til Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Оксфорд университеті арасында жасалған Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту бағдарламасын іске қосу туралы меморандум бар. Бағдарлама Oxford Birsöz initiative CIC бастамасы арқылы әртүрлі колледждермен және факультеттермен ынтымақтастықты қамтиды. Сонымен қатар Нархоз университеті мен Белфасттағы Queen's University арасында филиал ашу туралы келісім жасалды. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1562Loading...
30
«Майқайыңда» шұңқырға құлаған 4 құтқарушының отбасына 96 миллион теңге аударылды Биыл 4 қаңтарда Павлодар облысы Майқайың ауылындағы «Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлаған болатын. Екі адам мен автобус сол күйі табылған жоқ. «Майқайыңалтын» АҚ бас директоры Қуаныш Ботин 4 құтқарушының отбасына қандай материалдық көмек көрсетілгенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Бүгінгі таңда төрт құтқарушының отбасына «Майқайың алтын» атынан 96 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Оның ішінде Бердіқан Сарқыттың отбасына 23 миллион теңге, Олег Тышкевичтің отбасына 14 миллион, қазір табылмай жатқан Айып Төлепбергеновтің отбасына 22 миллион, Айдос Шәймерденнің отбасына сәуірге дейін 27 миллион теңге көлемінде көмек бердік. Кеше тағы 8 миллион теңге бердік», - дейді Қуаныш Ботин. 4 қаңтарда екі құтқарушы – Бердіқан Сарқыт пен Олег Тышкевичтің денесі өлі күйінде табылған. Ал қалған екеуі – Айып Төлепбергенов пен Айдос Шәймерденнің не өлі, не тірі екені белгісіз. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1291Loading...
31
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді кешқұрым әлеуметтік желіге видео жариялап, Салтанат Нүкенова мен Райымбек Баталовтың Қуандық Бишімбаев ойлағандай байланысы болмағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz. «Дәл қазір Ленара Баталоваға (Райымбек Баталовтың әйелі), Райымбек Баталовтың өзіне де қарсы үлкен «хейт» жүріп жатыр. Менің жеке пікірім: олар да осы процестегі зардап шегушілердің бірі. Сотталушының басындағы ойы – өзінің басындағы ғана ой-пайымы. Кеше біз оның ұялы телефонын зерттеген кезде судья оның ұялы телефонын зерттеуді соңғы видеоларынан бастады. Содан кейін көп адамға көп нәрсе түсініксіз болып қалды. Әуелі әрі ұзақ уақыт бойы Салтанат Бишімбаев тоқтамай қоя берген сұрақтарға нақты жауап береді», - дейді ол. Бүгін де сот шеңберінде видеожазбалар зерттелген. Айтбек Амангелдінің айтуынша, себебі қорғау жағы болған нәрселерді болмаған деп сөйлей бастаған. Демек, бәріне білгілі нәрсені жоққа шығарғысы келді. Осылай деген Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады. Онда Бишімбаев Салтанатқа «сен онымен жаттың ба, жатпадың ба?» деп мазасын алғаны естіледі. Салтанат «жатпадым» деп жауап береді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 1780Loading...
32
“Емін-еркін жүр”: Бишімбаевтың сот процесіне тағы бір ресейлік блогер келді Бұл жолы келген Наталья Грейс есімді ресейлік блогердің YouTube арнасында 956 мың жазылушы бар бар. Ол өз елінде блогер, психолог әрі танымал коуч. Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді. Сот процесі туралы сұрағанда, ол өзінің шығарылымын кез келген жағдайда жасайтынын, ал Салтанаттың ағасы Айтбектің “сот процесінде коммерциялық мүддесі барын” айтады. — Мен еш сылтау айтпаймын, процеске екінші рет келудің мен үшін еш керегі жоқ. Мен бәрін көрдім әрі бұл шығарылымды бәрібір жасаймын. Мен көрген барлық заңбұзушылықтар туралы, жұртшылықтың қысымы, менің көзқарасым бойынша да… Айтбек бұл тақырыпта коммерциялық тұрғыдан мүдделік танытады, ол осы оқиғадан мүмкіндігінше көбірек плып қалуғ тырысады. Өйткені коммерциялық негізде өте көп адамдар хайп деп аталатын нәрсемен айналысады, - деді Наталья Грейс. Сонымен қатар, блогерден сұрақ барысында Қазақстан аумағында журналистік қызмет жүргізуге рұқсат алды ма деп сұрады, оған ол былай жауап берді: — Қазақстан Республикасының аумағында мен сыртқы істер министрлігінде тіркелмедім, бірақ бұл маған азамат ретінде заңды іс-әрекеттер шегінде бүкіл әлем бойынша жүргізіліп жатқан ашық ақпарат көздерінде ақпарат жинауға кедергі келтірмейді, иә, біз бәрін түсірдік, - деді Наталья. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2671Loading...
33
Жамбылдық депутат нан бағасын 500 теңгеге қымбаттатуды ұсынды Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Мейрамбек Дөненбаев ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын шарықтатуды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі jambylinfo.kz-ке сілтеме жасап. Оның сөзінше, қазір ас атасы арзан болғандықтан, қоқыста жатады. Сондықтаннан бағасы 500 теңге болуы керектігін айтты. Сондықтан тойханаларда тойынған жұрттан қалған ас атасы қоқыста жатады дейді ол. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың басты тетігі бағаны өсіру екендігін атап өтті. «Нан бағасын 500 теңгеге қымбаттату артық болады. Неге десеңіз, қарапайым халық үшін бұл ауырлық етеді. 2 баласы бар үй үшін оңай болуы мүмкін. Бірақ 5-6 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар үшін бұл қиын. Қалтасына әжептәуір ауырлық түседі», - дейді Жұмахан Тәңкебаев. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 4312Loading...
34
Алматы облысында пара алған судья мен сот приставы сотталды Алматы облысында жемқорлық жасаған Іле аудандық соты Талғар аудандық сотының судьясы А.Б. Байғалиев пен осы соттың приставы К.Ж. Раймбеков сотталды Ведомство мәлітмеінше, судьяның пара алуына пристав делдал болған. Екеуі жас балаға қатысты зорлық-зомбылық жасаған адамның медициналық тексеруден өту шарттарына өзгеріс енгізіп берген. Судья бұл қызметі үшін 2 млн теңге пара алғаны хабарланып отыр. «Байғалиев 4 жылға бас бостандығынан айырылып, делдал Раймбеков 20 млн теңге көлемінде айыппұлға сотталды, сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - деп хабарлайды Антикор. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 3671Loading...
35
Қыз зорлаған танымал фотограф бес жылға сотталды 2023 жылдың 9 наурызында 22 жастағы алматылық Элина н достарымен түнгі клубтардың бірінде демалып отырған. Бір танысы оған жақындап, коктейль ұсынған. Содан кейін құрбысы екеуін үйге жеткізіп тастаймын депті. Нәтижесінде таныс жігіт бойжеткенді үйіне алып кетіп зорлаған. Ол қыздың коктейліне дәрі салған көрінеді. Салдарынан Элина есін білмеген. Ол жігіт фотограф Азамат Кенжеғұлов екені анықталады.Азамат Кенжеғұлов Elle Kazakhstan, Esquire, Harper‘ s bazaar сияқты ірі басылымдармен жұмыс жасаған танымал фотограф. Бір жылға созылған соттың үкімі бүгін шықты. Сотталушы К. кінәсін мойындамады және соттан оны ақтауды немесе бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұраған. Бірақ айыпталушыны бес жылға бас бостандығынан айырды. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 3200Loading...
36
Бишімбаев: Оны қорлағым келді Астанада әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова Бишімбаевтан жауап алды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Адвокат: Сіз Нүкеновадан басқа ер адамдармен қарым-қатынаста болғанын сұрадыңыз ба? Неліктен оны басқа еркекпен жыныстық қатынасқа түскені туралы айтуға мәжбүрледіңіз? Бишімбаев: Мен оны қорлағым келді. Ол алты сағат бойы қалағанын істеп, мені сол жағдайға жеткізді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
1 2580Loading...
СҚО-да 22 жастағы келіншек пен інісі суицид жасады Қайғылы оқиға 28 сәуірде Айыртау ауданында болған. Полицейлер өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірінші болып 22 жастағы келіншек қорада асылып қалған. Оның артында 1,5 жасар баласы қалды. Әпкесінің қайтыс болғанын білген інісі орманға қашып кеткен. Кейін ол да асылған күйінде табылды. Інісі мен әпкесі ата-әжесімен бірге тұрған.
«Өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады СҚО полиция департаменті.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
Депутат жемқорлар тасқынмен күреске бөлінген 1 млрд теңгенің қалай ұрлағанын түсіндірді Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев әлеуметтік желіде апта бұрын «су тасқынының салдарының жоюға арналған 1 миллиард теңгені жеп қойған» деген мәліметке байланысты мән-жайды түсіндірді. Аталған мәліметті өткен аптада Қаржы мониторингі агенттігі таратқан болатын
«Мәселе былай: бүгінге дейін жөндеуден өтуі тиіс болған гидротехникалық нысандарға бөлінген ақшаның 1 миллиард теңгесін жемқорлар жеп қойған. Ұлытау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында аталған факт бойынша 4 қылмыстық іс қозғалыпты. Тергеу аяқталғанда жемқорлардың есімін білеміз. Тағы бір маңызды мәселені көтердім АФМ басшыларының алдында. Қазір тасқынның салдарымен күреске жалпы (қайырымдылық, олигархтардың бергені, мемлекеттің бөлгені т.б.) 195 млрд теңге бөлінген деді агенттік өкілдері. Міне осы қаржының әр тиынын қадағалау керек Қаржылық мониторинг агенттігі», - дейді Нартай Сәрсенғалиев.
Депутат қазірдің өзінде топан судың астында қалған өңірлерде әлеуметтік азық-түлік бағасы мен құрылыс заттарының бағасын негізсіз көтеру фактілері тіркелгенін айтады. Мұндай жайттарға қарсы дереу шара қолданылатынын да атап өтеді. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
Министр Шарлапаев утиль алымға қатысты соңғы шешімді айтты Бүгін Мәжілістегі үкімет сағатына Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев келген. Тілшілер кулуарда министрден тағы да утилизациялық алымды азайту мәселесіне қатысты өзгеріс бола ма деп сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Осы сұраққа мен бірнеше рет жауап бердім. Қазіргі таңда утилизациялық алымға қатысты ешқандай өзгеріс жасамаймыз. Мемлекетте ондай жоспар жоқ. Журналистер осы сұрақты жиі қойып тұрады. Бірақ тағы да қайталап айтамын: ешқандай өзгеріс болмайды», – деді Қанат Шарлапаев.
Бұған дейін де Қанат Шарлапаев журналистерге Қазақстанда утильалымы өзгеріссіз қалатынын мәлімдегені бар. Төменгі палатада осы мәселені көтеріп жүрген депутат Нартай Аралбайұлы жақында министрге ойлануға кеңес берген болатын. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
👎 2👍 1🏆 1
Алматыда мәйітханадағы өлген адамдарды зорлаған ер адам ұсталды Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында қалалық мәйітхананың күзетшісі ұсталғанын жазды. ҚР Қылмыстық кодексінің 314-бабы бойынша «қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерлерін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Бұл қылмыс қалай ашылды? Мендегі ақпарат бойынша, қылмыскер телефонын өткізуге алып келген кезде, ломбард қызметкерлері оны әшкерелеуге көмектескен. Телефонды бағалау кезінде одан аппараттың өзіне тиесілі екеніне көз жеткізу үшін галереяны ашуды сұрайды. Ол жерде 18 + фотолар болған», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.
Ер адам изоляторға қамалды. ҚР ҚК 314-бабының санкциясы айыппұл, қоғамдық жұмыстар және тіпті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - деді Алматы қаласы полициясында.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
Кемертоғанның жолы соғыс болып жатқан Сириядан жаман – Мәжіліс депутаты Алматы облысының атынан Мәжіліске депутат болып сайланған Данияр Қасқарауов Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылының мәселесін жиі көтеріп жүр. Бұған дейін төменгі палатада жарық мәселесін айтып, депутаттық сауал жолдаған. Бұл жолы өзі жергілікті халықпен кездесіп, әкімге жол мәселесін шешу керектігін айтып, біраз дауласып алды
Show all...
«Сол бір «телохранитель» бәле болды»: Дариға Бадықова тойға оққағармен шығуының себебін түсіндірді Соңғы жылдары танымалдығы артқан актриса Дариға Бадықова өнердегі әріптесі Олжас Абаймен былтыр жаңа жылдық кеште Атыраудағы тойлардың біріне оққағармен барғаны желіде сынға ұшыраған. Ол Tik-tok-тағы стримде осының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Сол бір «телохранитель» (оққағар) бәле болды. Біз ол кезде Атырауға коорпоративке барғанбыз. Үлгермей кетті. Бір күнде 8 мейрамханаға тапсырыс түскен. Бізге де ақша түскен. Мамандығын сол ән айтып, би билеу болған соң жүреміз ғой. Бірінші күні ол оққағарларды алған жоқпыз. Нақтысы бермеді. Бұл халықтың жылына бір көңіл көтеретін мерекесі. Сосын жақсы көретін әртісін ұстап көріп, тартып көреді. Бұл өздерінің махаббаттары. Менде өзім ұнатқан адамымды ұстағанды көргім келеді. Сөйтіп, екінші күні үлгермеген соң, мейрамхананың өзі оққағар берді», - дейді Дариға Бадықова.
Оның айтуынша, түнге қарай адамдар көңіл көтерген соң, мас болады. Сондай сәтте оққағар керек болған.
«Бұл біздің болдық, толдық дегеніміз емес. Осы оқиғадан кейін оққағар бәле болып жабысты. Қайсы біріне ақтала бересің. Халықтан қорғанатын дымымыз да жоқ», – дейді актриса.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
Кемертоғанның жолы соғыс болып жатқан Сириядан жаман – Мәжіліс депутаты Алматы облысының атынан Мәжіліске депутат болып сайланған Данияр Қасқарауов Қарасай ауданына қарасты Кемертоған ауылының мәселесін жиі көтеріп жүр. Бұған дейін төменгі палатада жарық мәселесін айтып, депутаттық сауал жолдаған. Бұл жолы өзі жергілікті халықпен кездесіп, әкімге жол мәселесін шешу керектігін айтып, біраз дауласып алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Мен өз көзіммен Кемертоғанды аралап көрдім. Ана жолдар соғыс болып жатқан Сирияның жолдарынан да жаман. Үш ауылда 60 мың халық тұрады. Істеу керек. Қашанғы ақша жоқ деп айта береміз? Балалар ауырып жатыр. Қар тазаланбайды. Ауылда жұмыс жоқ халық амалсыз қалаға барып жұмыс істейді. Транспортпен қалаға бару үшін жол керек. Аудан әкімі Жасұлан Естенов келгеніме 1,5 жыл ғана болды дейді. Смета жоқ деп отыр. Бізде мәслихат депутаттары қайда? Арасында 30 жыл облыс басқарған мықты азамат та отыр ғой. Сол депуттарымыз жарық мәселесін неге қолға алмаймыз? Әдемі сөйлейміз, жылы жауып қоямыз. Мұның артында қандай нәтиже болмақ», - дейді Данияр Қасқарауов.
Оның айтуынша, жергілікті тұрғындар 6 айдан бері хат жазып, мәселелерін айтумен келеді екен. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевқа жарық бойынша сұрақ қойғанын, жеке өз бақылауына алғанын айтты. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
1
«Соттан әділ шешім күтемін, балам үшін қатты уайымдаймын»: Қуандық Бишімбаевтың әкесі сұхбат берді Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталып, соты жүріп жатқан Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы ресейлік блогер Наталья Грэйске сұхбат берді. Әкесі Уәлихан Бишімбаев соттан әділдік шешім күтетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бұл трагедия. Ата-ана ретінде ұлымды уайымдаймын. Қандай жағдай болмасын ол біздің баламыз. Орны толмас қайғы болғанын түсінеміз. Қуандық өз-өзін жазалады, бізді жазалады. Қоғамның басым бөлігі түсіністікпен қарайды деп үміттенемін. «Иә, ол кінәлі, ол жазалануы керек. Біз үшін бұл үлкен трагедия. Себебі Салтанат та біздің отбасымыздың мүшесі. Өз қызымыздай қарайтынбыз. Олар бақытты болғысы келді, бір-бірін жақсы көретін. Қуандықпен арасында сөзге келіспей қалатынбыз, бірақ ешқашан қол көтерген емеспін. Бұл біздің отбасымызға жат дүние», – дейді Уәлихан Бишімбаев.
Ол осы ретте соттың әділ шешім шығаратына үмітті. Соған рахым ететінін айтты.
«Мен судьялар мен алқа билер алқасынан рахым, адамдардан кешірім тілеймін. Судья бір кездері шенеунік болғаны үшін қоғамымыз үйіп-төгіп артып қойған жүкке қарап емес, оның әрекетіне сай жаза берсе екен деймін. Қуандық үнемі адал, жауапкершілікпен жұмыс істеген. Бұл болған қайғылы жағдай менің де жүрегім ауыртты», – дейді айыпталушының әкесі.
📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
«Қолайсыз метеорологиялық жағдай»: Алматы мен тағы 4 қала тұрғындарына ескерту жасалды Қазгидромет Алматы мен тағы төрт қала тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«2024 жылғы 29 сәуірде Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау, Риддер, Өскемен қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Show all...
😱 3👍 2
🤬 7