en
Feedback
Zhumadilda Eldos

Zhumadilda Eldos

Open in Telegram
5 053
Subscribers
-324 hours
-97 days
-7230 days
Posts Archive
Басыңа таққан орамалың, оқыған намазың өзіңе және өзің сияқты дінге бей-жәй қарамайтын адамдарға ғана керек екендігін білетін уақытың келді ғой Жаным ау… Сырттағы коуч, психологтарды қолдап қолпаштап, көтермелеген де өзіміз… Алла хайырын берсін

Сіз біреудің күнәсін өсек қылып жатқанда, ол адам тәубе етіп қойып, өзінің амал дәптерін, әппақ қылып қойған болуы мүмкін. Бірақ сіздің өсегіңіз, сіздің дәптеріңізді қарайтып жатқанын ұмытпағайсыз…

Исламда екі мәміле бар: Біріншісі Алламен Екіншісі адаммен. Көркем мінезің, адалдығың мен әділдігің адам алдындағы міндет. Ал Намаз, ораза, қажылық Алланың алдындағы міндеттерің. Алламен мәмілеңді жөндеп, адамның алдындағы міндетті тастап қоюға болмайды. Керісінше Дәл солай. Толық мұсылман екі міндетін де тастамаған мұсылман…

Кімде-кім осы дұғаны таң атқанда жеті рет, және кеш батқанда жеті рет айтса. Алла тағала ол адамның дүниелік және ақыреттік у
Кімде-кім осы дұғаны таң атқанда жеті рет, және кеш батқанда жеті рет айтса. Алла тағала ол адамның дүниелік және ақыреттік уайымдарына жеткілікті. Хадис Абу Даудтың Сунан кітабында келген. Хадис сахих болып табылады..

Умраның яғни кіші қажылықтың қабыл болғанының 4 белгісі бар: 1. Жүрек ерекше тыныштық тауып, умра жасағанға қуанып тұрады… 2. Қандай үлкен амал жасасаңда, оны кіші қылып көре бастайсыз. Себебі барлығы Алланың қолдауымен болып жатыр. Ол болмаса, біздің жүрек бұндайға бұрылар меді… 3. Кіші қажылықтан кейін де, амалдарыңызда тұрақты, бәлкім одан да көбірек жасай бастайсыз… 4. Умрадан кейін жақсылық жасуға ынтызар болып, ұмтылып тұрасыз… Кеттік бәрін таста✊

Кейде адам өмірінде кездеспейтін жағдайлар жайлы сұрақ қояды. Біраш күніне 5 рет кездесетін құлшылығы жайлы бейхабар…

Бір оқиға… Дубайдан Астанаға қарай ұшып бара жатырмыз. Менің орным 27f, терезе жақта орналасқан. Бір уақытта жаныма сақалы мен мұрты өскен жігіт келді. Өзі үлкен, денелі. Менің денеме бір қарады да, орысшалап “Не повезло нам с тобой” деп бір қалжыңдады ма ? Кекеттіма? Оны да түсінбедім. Қолы толған суреттер яғни тату. Жанында әйелі бар. Түріне және татуларына қарай отыра бір шошыдым….. Сөйтіп отырғанда жанымызға тамақ беретіндер келді, меннен қандай тамақ жейсіз деп жанымдағы дәу жігіт сұрап, тамағымды алып беріп, қандай сусын ішесіз деп оны алып беріп, мен қасқа бір емес 3 сусын алам ғой бірден. Соның барлығын айтып, беріңіз деп талап етіп жатқанын көріп,таңғалып отырдым. Тамақ жеп болып біткенде, әкеліңіз деп, барлығын өзі қоқысқа тастап, алдымды тазалап, маған ыңғайсыздық тудырмайтындай отырып, жұбайының қолын ұстап, оны да жұбатып отырды… Бұл тағы бір сабақ болды. Адамның сыртқы келбетін қарап ешқашан баға беруге болмайды. Шын мәнінде өзімнің жаман ойым үшін, өзім ұялып қалғаным бааааар енді…

Ақымақты дұрыстасаң табалайды, Ақылдыны дұрыстасаң бағалайды… Кейде сөзің өтема, өтпей ма ? Дегенге де мән беріп тұру сияқты…

Таңғы зкір жоқ Кешкі зікір жоқ Күніге оқитын құран жоқ Білім алқасында отыру жоқ Кешкі намаз жоқ Жалбарынып қылған дұға жоқ Неге жолым болмай жүр деген сұрақ көп?

Жамандық жайылып, надандық орнаған заманда “Сенімді” деген адамдар тарапынан атақ ату ең қиын нәрсе еді. Бірақ Біздің Елшіміз алды… Салауат пен сәлем болсын Бір Ұстазым айтпақшы: Қазір адамдардың сізді мақтап кетуі, адамдар тарапынан бір жақсы атақ алып кету өте қиын. Ал ол заманда ешкім бір-біріне сенбейтін заманда мүлдем қиын еді…

Адамның жүрегінде, жаратушысын тануға ұмтылыс деген программа бар. Адам қанша жерден ақылды болып кетсе де, ол жаратушысын толық танып қамти алмайды. Сол үшін Алла тағала өзін таныстыратын Пайғамбарлар жіберді (Алланың оларға сәлемі болсын). Сол үшін Біз Пайғамбарға мұқтажбыз…

“Кейде екі адам бір сапта тұрып намаз оқиды, бірақ екеуінің намазының арасында 100 дәреже бар болуы мүмкін” Хассан бин Атия Яғни жүректері әр-түрлі хәлде, сол үшін де дәрежелері де әр-түрлі…

Сол Үшін мұсылман адамға өзін кедейлікпен безендіріп, оған қызықтыруға болмайды. Мухаммад Уаил

Алланың елшісі әр-бір намаздың соңында: “Аллаһым мені күпірліктен, кедейліктен және қабір азабынан сақта” деп дұға қылатын. Хадис Ахмад اللهم إني أعوذ بكَ مِن الكفرِ، والفقرِ، وعذابِ القبر

Күнде таңертең тұрғанда, “бүгінгі күнім жақсы өтеді” деп айтыңыз. Бұл самовнущение емес, бұл шыныменде күнді жемісті өткізуге көмектесетін әдіс. Ойлаш таңертең тұрып “Е мааа тағы жұмыс па ? Немесе Күнім нашар өтеді” деп тұрған адамның ұзақ бір күнге ӘРЕКЕТКЕ деген ынтасы болмайды… Кітап оқып, Дінді таныған сайын “Оптимист” деген термин өмірлік ұстаным болуы керек екенін түсінесің…

Жаназада Имам: Қарызы барма ? Біреуді ренжіттіма ? Қандай адам ? Деп сұрайды. Яғни адамның ақысы сұралады, бірақ Алланың ақысы сұралмайды яғни намаз оқыды ма ? Ораза ұстады ма ? Деп. Неге себебі адамдар өз ақыларын кешіруі қиын мәселе. Ал Алла тағала өз ақысын кешіре салуы әбден мүмкін… Раббым бізді кешір 🤲

Алла елшісі Қоштасу қажылықта дұға қылып, алақанын жайғанда, бейне бір далада қалып қойған кісі, нан сұрағандай екі қолын созды… Абуль Хасан Надуи, Сира Аллаға жалбарынғанда өзіңнің бейшаралығың мен әлсіздік пен мұқтаждығыңды көрсет…

Басқа сынақ келіп, бір адамнан немесе нәрседен айырылып қалғанда оқылатын дұға Момындардың анасы Умму Саламадан (Алла одан разы болсын жететін хадисте айтылады: “Қандайда бір адамның басына бәле келгенде, былай айтса: “Біз Алладанбыз және Аллаға қайтамыз. Аллаһым басыма келген бәлекетке сауап жаз және жоғалтқан нәрсемді одан да жақсы нәрсемен алмастыр”, Алла тағала жоғалтқан нәрсенің орнын жақсы нәрсемен алмастырып қояды… Муслим إنَّا للَّهِ وإنَّا إليه راجِعونَ اللهمَّ أْجُرني في مُصيبَتي، وأخلِفْ لي خَيرًا مِنها Инна лилләһи уа инна иләиһи роджи’ун, Аллаһумма Аджирни фи мусибати уа ахлиф ли хоирон минһа

Салихалы дос - Жақсылығыңды айтып жүреді, кемшілігіңді жасырып жүреді және ғапылдықта болсақ оята жүреді… Ибн Джаузи

Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос. Малыңды жауға, Басыңды дауға, Қор қылма, қорға, татулас» Абай (Алла рахымына алсын)