«Әділет» партиясы
«Әділет» партиясының ресми парақшасы Official account of the «Әділет» Party Официальная страница партии «Әділет» Партияның цифрлық көмекшісі: @AdiletPartiyasyChatBot https://adilet-partiyasy.kz
Show more📈 Analytical overview of Telegram channel «Әділет» партиясы
Channel «Әділет» партиясы (@adilet_partiyasy) is an active participant. Currently, the community unites 56 858 subscribers, ranking in the Other category.
📊 Audience metrics and dynamics
Since its creation on невідомо, the project has demonstrated rapid growth, gathering an audience of 56 858 subscribers.
According to the latest data from 06 September, 2026, the channel demonstrates stable activity. Although there has been a change in the number of participants by 17 956 over the last 30 days and by -25 over the last 24 hours, overall reach remains high.
- Verification status: Not verified
- Engagement rate (ER): The average audience engagement rate is 13.52%. Within the first 24 hours after publication, content typically collects 18.98% reactions from the total number of subscribers.
- Post reach: On average, each post receives 7 686 views. Within the first day, a publication typically gains 10 794 views.
- Reactions and interaction: The audience actively supports content: the average number of reactions per post is 65.
📝 Description and content policy
The author describes the resource as a platform for expressing subjective opinions:
“«Әділет» партиясының ресми парақшасы
Official account of the «Әділет» Party
Официальная страница партии «Әділет»
Партияның цифрлық көмекшісі: @AdiletPartiyasyChatBot
https://adilet-partiyasy.kz”
Thanks to the high frequency of updates (latest data received on 07 September, 2026), the channel maintains relevance and a high level of publication reach. Analytics show that the audience actively interacts with content, making it an important point of influence in the Other category.
Data loading in progress...
Data loading in progress...
Posts | Views dynamics | |||||
Мұнайшылардың еңбегі – ел назарында!
Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен құттықтады.
Бүгінде ел экономикасының қозғаушы күші саналатын аса маңызды саланың бірі – мұнай-газ кешені. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, мұнай мен газ – стратегиялық маңызы бар ресурс.
Осы орайда, бұл салада ұзақ жыл мазмұнды жұмыс істеп, баянды бастамалар мен іргелі істерді қолға алып келген бүгінгі Құрылтай депутаттары Бегалы Ералиев пен Бауыржан Жамалов мұнайшылардың еңбегіне ел назарын аударды.
Депутаттардың айтуынша, мұнайшы мамандығы – маңдай термен келетін абыройлы кәсіп. Сондықтан осы салада табанды тер төгіп жүрген жұмысшылардың ерен еңбегі әрдайым құрмет лайық.
Ел ырысы еселене берсін!
Халқымыздың болашағы баянды болсын!
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет | 920 | 2 | 0 | 30 | Loading... | |
Ардақты ағайын!
Бүгін – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл!
Ұлы ағартушының мұрасы – Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алаш» қайраткерлерінің өсиеті, олардың білімге, келісімге және ғылымға ұмтылысы Әділетті Қазақстанды құру жолындағы байыпты бағдар болып қала беретінін үнемі айтып келеді.
Осы игі істі жалғастыра отырып, «Әділет» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында инновациялар арқылы мемлекеттік тілді дамытуды, «Оқырман ұлт» бағдарламасын ілгерілетуді және «Адал азамат» құндылықтарын орнықтыруды мақсат тұтып отыр.
«Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек». Ахмет Байтұрсынұлы осындай өсиет қалдырды. Осы өсиет баршамызға ортақ жасампаздыққа, бірлік пен дамуға сенімді серпін береді!
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет | 907 | 5 | 0 | 45 | Loading... | |
Тіл – жай ғана қарым-қатынас құралы емес
Тіл – әр халықтың мәдениеті мен дәстүрін, өткені мен тарихын сақтайтын рухани мұра.
Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері өз тілінде сөйлеп, ана тілін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. Әр тілге құрметпен қарау – өзара түсіністік пен татулықты нығайтып, ел бірлігін бекемдей түседі.
Қазақстан халқының тілдері күні құтты болсын!
•
Язык – это не только средство общения
В нем живут культура, традиции, память и история каждого народа.
Казахстан объединяет людей, говорящих на разных языках, и уважение к этому многообразию остается важной частью нашего общего пространства, взаимопонимания и единства.
Қазақстан халқының тілдері күні құтты болсын!
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет | 2 453 | 13 | 0 | 27 | Loading... | |
🟣🟣🟣🟣🟣 партиясы жаңа оқу жылында балаларға қолдау көрсетті
«Әділет» партиясы «Мектепке нық қадаммен!» республикалық акциясын ұйымдастырды. Ел аумағында өткен әлеуметтік бастама барысында партияластар қосымша қолдауды қажет ететін балаларға нақты көмек көрсетіп, бүлдіршіндер мектепке қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Акцияға партия мүшелері мен белсенділері, Құрылтай депутаттары қатысты. Сондай-ақ кәсіпкерлер, меценаттар, қайырымдылық ұйымдарының өкілдері мен еріктілер де игі іске атсалысты.
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет | 1 081 | 1 | 0 | 24 | Loading... | |
Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталған күн
Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Қазақ тазысы мен төбеті күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтау және көбейту ісіне айрықша мән беріп келеді. Соның жарқын дәлелі ретінде, Президент тапсырмасымен соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды.
Осы орайда, ұзақ жылдан бері ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, халқымыздың рухани және мәдени мұрасын сақтау, дәріптеу, келер ұрпаққа жеткізу ісіне айрықша атсалысып жүрген депутаттар Дихан Қамзабекұлы, Жанарбек Әшімжанов, Нұрлан Дулатбеков және Жарқынбек Амантайұлы орамды ойларын ортаға салды.
Депутаттар бүгінде қазақ тазысы әлемге танылып келе жатқанын атап өтіп, тазы мен төбет ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін мәлімдеді.
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет | 1 523 | 6 | 0 | 59 | Loading... | |
Ұлы даланың табиғаты мен тарихы бізге талай ғасырдан жеткен ерекше мұраларға бай
Тазы мен төбет, адай және Қостанай жылқылары, тоғайлы ормандар, ен даламызға қайта оралған тұран жолбарысы – қазақ жерінің табиғи байлығы мен ұлттық болмысының бір қырын көрсетеді.
Мемлекет басшысы да ұлттық мұрамызды сақтап, табиғи байлығымызды келер ұрпаққа жеткізуге айрықша мән береді.
Өйткені табиғаттың әр бөлшегінде Ұлы даланың тарихы өрнектелген.
💜 Оны қорғап, келер ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз!
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет | 820 | 0 | 0 | 28 | Loading... | |
Құмай тазы – ұлттық құндылығымыз
Тазы – қазақ халқының тарихы мен дәстүрінің ажырамас бөлігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтап, көбейту ісіне айрықша мән береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәл осы бағытта мазмұнды жұмыс жүргізілді. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң қолданысқа енді.
Сондықтан жеті қазынаның бірі саналатын құмай тазы – аңшының сенімді серігі ғана емес, ұлттық құндылығымыз. Оны келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың қастерлі борышымыз!
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет | 898 | 0 | 0 | 25 | Loading... | |
Ардақты ағайын!
Баршаңызды Қазақ тазысы мен төбеті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Есте жоқ ескі заманнан бері сайын далада саят құрған халқымыз үшін құмай тазы – атадан балаға аманат болып жеткен қастерлі құндылық, ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлшегі. Ал ұлттық құндылықтарды ұлықтау – баршамызға ортақ ұлағатты іс.
Осы орайда, елімізде дәстүр сабақтастығы жалғасын тауып, тарих қойнауынан тамыр тартқан салтымыз бен мәдениетіміз жыл өткен сайын жаңғырып келеді. Қазақ тазысы мен төбеті күні – соның жарқын дәлелі.
Еліміздің іргесі берік, аспаны ашық және келешегі кемел болсын!
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет | 1 128 | 4 | 0 | 59 | Loading... | |
🟣🟣🟣🟣🟣 партиясынан сайланған Құрылтай депутаттары салтанатты жиындарға қатысты
Бүгін «Әділет» партиясының Құрылтайдағы 50-ге жуық депутаты елорда мен Ақмола облысының мектептеріне барды. Олар оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мектептегі білім беру жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.
•
Депутаты Курултая от партии «Әділет» приняли участие в торжественных линейках
Около 50 депутатов Курултая от партии «Әділет» сегодня побывали в школах столицы и Акмолинской области. Поздравили школьников, родителей и педагогов с началом нового учебного года и обсудили будущее школьного образования.
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет | 2 482 | 5 | 0 | 40 | Loading... | |
Құрылтай депутаттары оқушылар мен ұстаздарды Білім күнімен құттықтады
«Әділет» партиясынан сайланған Құрылтай депутаттары 2026-2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындарға қатысты. Елорда мен Ақмола облысының мектептеріне партияның 50-ге жуық депутаты барды. Олар оқушылармен, ата-аналармен және ұстаздармен кездесіп, барша қауымды Білім күнімен құттықтады әрі мектептегі білім беруді дамыту мәселелерін талқылады.
Толығырақ
•
Депутаты Курултая поздравили школьников и педагогов с Днем знаний
Депутаты Курултая от партии «Әділет» приняли участие в торжественных линейках, посвященных началу нового 2026–2027 учебного года. Всего в школы столицы и Акмолинской области выехали около 50 депутатов партии. Они встретились с учащимися, родителями и педагогами, поздравили их с Днем знаний и обсудили вопросы развития школьного образования.
Подробнее
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет | 1 453 | 6 | 0 | 28 | Loading... | |
🌸 Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – әр адам үшін ерекше күн. Бірінші сынып оқушылары таңғажайып білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасайды, жоғары сынып оқушылары өз болашағын таңдайды, ал педагогтер мен ата-аналар күш-жігерін балалардың жетістігі жолында жұмсайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесуде білім мен ғылым, инновация мен озық технология – бүгінгі дәуірдің басты қаруы екенін атап өтті. Жаһандық бәсекеде білімді, зияткер елдер ғана алға шығады.
Баршаңызға толайым табыс тілейміз.
Мереке құтты болсын! Білім күні құтты болсын!
#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет | 1 681 | 4 | 0 | 37 | Loading... |

