ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)
Open in Telegram
Show more
The country is not specifiedThe category is not specified
380
Subscribers
+524 hours
+107 days
+2030 days
Posts Archive
«ФАТИХА» СҮРЕСІНІҢ ЕСІМДЕРІ.Бұл сүреге «әл-Фатиха» (ашушы), «Уммул-китаб» (кітаптың анасы), «әс-Сәбғул-мәсәни» (көп қайталанатын жеті аят), «әш-Шафия» (шипа), «әл-Уафия» (толық), «әл-Кафия» (жеткілікті), «әл-Әсәс» (негіз) «әл-Хамд» (мадақ) деген есімдер берілген. Ғұлама Құртуби осы есімдерді тәпсірінде жинап, осы сүренің он екі есімі бар екенін айтады. https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
«ФАТИХА» СҮРЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.а) Ахмад ибн Ханбалдың Муснәдында жазылғанына қарай, Убай ибн Кағб «Фатиха» сүресін Алла елшісіне (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) оқиды. Сонда хазіреті Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) былай дейді: «Нәпсім құдірет иелігінде болған Аллаға ант етейін, осы оқығаныңның ұқсасы Тәуратта да, Інжілде де, Зәбурда да, Фурқанда да түспеген. Ол «Сабғул-мәсәни» (көп қайталанатын жеті аят) және маған берілген ұлы Құран». Бұл хадис «Хижр» сүресіндегі «Ант етейік, біз саған көп қайталанатын жеті аятты және осы ұлы Құранды бердік» мағынасындағы аятқа ишарат етеді. ә) Бухаридің «Сахихында» да мынадай дерек бар: Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) Әбу Сайд ибн әл-Муаллаға былай деді: «Саған бір сүре үйретемін. Ол Құрандағы сүрелердің ең ұлысы. Ол «Мадақ пен мақтау әлемдердің Раббысы - Аллаға лайық» деп басталатын «Фатиха» сүресі. Ол «Сабғул-мәсәни» және маған берілген ұлы Құран». https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.
Алғы сөз
Меккеде түскен. Аяттардың саны жетеу екендігіне бірауыздылық бар. Құран осы сүремен басталғаны үшін «әл-Фатиха» (ашушы) деп ат берген. Түсу тұрғысынан болмаса да, тәртіп тұрғысынан Құранның алғашқы сүресі. «Фатиха» қысқа да нұсқа болғанына қарамастан, Құранның барлық мағынасын қамтиды. Сенім, ғибадат және адамдық қарым-қатынасты, ақырет пен Алланың көркем сипаттарына деген иманды, тек қана Оған құлшылық етуді, Одан ғана жәрдем сұрауды және Оған ғана дұға етуді, салиқалы құлдардың жолымен жүруді, ашуға ұшырап, жолдан тайғандардың жолынан сақтандыру үшін Оған ғана жалбарынуды қамтиды. Сонымен қатар, сүреде бұрынғы өткен қоғамдарға қатысты баяндар, бақытты жандардың шығатын белестері, бақытсыз бейшаралардың душар болатын қиындықтары хақында ақиқаттар бар.
Сондай-ақ, сүреде Алланың әміріне бағыну, тыйымынан сақтану да айтылады. Бұлардан басқа да көптеген мақсат пен нысаналар осы сүреде қамтылған.
«Фатиха» сүресі қалған сүрелердің мәні, негізі, мәйегі іспетті. Сондықтан «Уммул китаб» (Кітаптың анасы) деген тағы бір атауы бар. Өйткені сүре Құранның негізгі мақсаттарын қамтыған.
https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
1️⃣. «Рахман және рақымды Алланың атымен бастаймын»,Бисмилланың тәпсірі: Барлық істерімде Алладан жәрдем тілеп, тек қана одан медет күтіп, бәрінен бұрын Оның атымен және Оны зікір етумен бастаймын. Өйткені ол – Раб. Бағынуға лайық болған тек қана Сол. Ол шарапат пен жомарт иесі. Рақымы шексіз, шарапаты мен жақсылығы аса мол. Рақымы әр нәрсені қамтыған және шарапаты барлық жаратылысты қоршаған. Алла өзінен жәрдем тілеп және пұтқа табынушыларға қарсы келулері үшін, мұсылмандардың сөздері мен істерін Алланың атымен бастауларын үйрету мақсатында «Тәубе» сүресінен тыс, барлық Құран сүрелерін бисмилла аятымен бастады. Өйткені пұтқа табынушылар істерін құдайлары мен «тағұттарының» атымен бастап, «Латтың атымен» немесе «Уззаның атымен» немесе «Шабтың» немесе «Хубалдың атымен бастаймын» дейтін. Табари былай дейді: «Зікірі асқақ және есімдері қасиетті болған Алла пайғамбары Мұхаммедті (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) барлық істерінде ең әуелі көркем есімдерді зікір етуді үйретіп, жетілдірді. Мұны барлық жаратылысы үшін бағынатын бір сүннет және ізінен жүретін бір жол етті. Осы сүрені оқығысы келген адамның «Алланың атымен оқимын» дегенін көрсетеді. Басқа істерде де жағдай осылай»².
📍² Табари, Жамиғ тәпсірі.1:1 https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
«ФАТИХА СҮРЕСІ»أََعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ Алланың рақымынан қуылған шайтаннан Аллаға сыйынамын Әғузудың тәпсірі: Қырсық, қыңыр және тәкәппар болған шайтанның дін мен дүние істеріне қатысты нәрселерде маған зиян тигізуінен немесе жасауға әмір етілген нәрселерден, маған тосқауыл болуынан Аллаға сыйынып және Оның жәрдемімен сақтанамын. Шайтанның тиісіп, бетіме әжуа етуі және азғыруынан да, әлемдегі әр нәрсені жаратқан, бәрін есіткен және түгел білетін Аллаға сыйынамын. Өйткені оның адамдарға зиян беруінен әлемдердің Раббысы болған Алладан басқа ешкім тоқтата алмайды. Хадисте айтылғандай: хазіреті Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) түнде намазға тұрғанда тәкбірмен намазға бастап былай дейтін: «Қуылған шайтаннан, оның тиісуінен және әзәзілдігінен әр нәрсені естіп, білетін Аллаға сыйынамын»¹.
📍¹ Тирмизи, Мәуакит, 65; Ибн Мажә, Икамә, 2.https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
Мұнымен қатар мынаны да қосуға болады: «Сафуат әт-тәфәсир» еңбегі Мұхаммед Али ас-Сабунидің ең алғашқы әрі жалғыз еңбегі емес. Бұл ғалымның осы тәпсір саласында жазған басқа да көптеген кітаптары бар. Мысалы: тәпсір саласында кеңінен таралған «Тафсир ибн Касир» еңбегінің қысқаша мазмұндамасын жазғаны бар. Еңбегі жемісті әрі рухани кемелдікте болуына тілектеспін.
Қасиетті Мекке қаласы, 1976 жылдың ақпан айы.
https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
АЛҒЫ СӨЗ«Сафуат әт-тәфәсир» атты діни еңбек – Құран Кәрімнің тәпсірі болып табылады. Ғалым Мұхаммед Али ас-Сабуни осы діни еңбекті жинақтау барысында көпшілік мұсылман ғалымдары мақұлдаған және қасиетті Құран тәпсіріне арналған танымал еңбектерге сүйенді. Мысалға мына кітаптарды атаса болады: «Тәфсир Ибн Кәсир», «Тәфсир ат-Табари», «Тәфсир әл-Кәшшаф», «әл-Бахр әл-мухит», «Тәфсир әл-Жәләләйн», «Тәфсир әл-Байдауи» және т.б. Ғалым осы тақырыпқа қатысты басқа да заманауи еңбектерге де мән берді. Автордың жоғарыда аталған еңбектерден ең қажеттісін алып, оны оқырманға түсінікті түрде жеткізуі – діни еңбектің ең негізгі ерекшелігі деп есептеледі. «Ақпаратты оңай түрде ұсыну және оны түсінудегі жеңілдік – осы еңбекті жинақтаудағы негізгі мақсат» - деп есептейді автор. Қасиетті Құран Кәрімнің тәпсіріне арналған кітаптардың көптігінен әрбір адам томдаған еңбектерді оқуға шамасы келе бермейді. Сондай-ақ, осы тақырыпта жазылған еңбектердің көбі ауыр сөз тіркестері мен терминдерді қолдану арқылы құрастырылған. Осылардың барлығы көп жағдайда оқырманның бұл еңбектерді және қасиетті Құранды қате түсінуіне себеп болады. Сондықтан «Сафуат әт-тәфәсир» кітабы ислами оқу орындарында оқып жүрген студенттер мен танымал мұсылман ғалымдары арасында қолдау тапқан. Себебі, бұл діни еңбек жоғарыда айтқандай оқырманның оңай, әрі жеңіл түсінуіне сай етіп жазылған. «Сафуат әт-тәфәсир» еңбегінің авторы жоғарыда айтқанымыздай исламтанушы әрі заманауи ойшыл Мұхаммед Али ас-Сабуни. Бұл ғалым мұсылмандардың көпшілігі ұстанатын «Әһлі сүннет уа әл-жамағат» бағытындағы ғалым әрі Құран аяттарын осы ұстанымда тәпсірлеуді негізге алған. Мұхаммед Али ас-Сабуни көптеген еңбектер жазған, олардың ішіндегі басым көпшілігі Құран аяттарын тәпсірлеу. Мұхаммед Али ас-Сабуни 1930 жылы Сирияда туылған. Жастық шағынан бастап білім алып, қасиетті Құранды толығымен жаттап алған. Әлемге танымал ең беделді оқу орындарында білім алды, соның бірі Каир қаласындағы әл-Азһар университеті. «Сафуат әт-тәфәсир» біздің салт-дәстүрімізге, қазақы дүниетанымға қайшы келмейтін еңбектердің бірі болып табылады. Бұл Құран аяттарын заманымызға сай түсінуге жетелейтін ең сенімді еңбек. Бұл еңбекті жазарда, автор әрбір сүрені бірнеше бөлімдерге бөліп, 15-20 аят көлемінде жеке-жеке тәпсірлеген. Кейде сүредегі басқа тақырыпқа байланысты бөлген тұстары да бар. Себебі, кейде бір сүреде бірнеше тақырып та қамтылады. Сонымен қатар оқырманның түсінуіне оңай болуы үшін сүрені қысқаша тағы да бөлген тұстары бар. «Сафуат әт-тәфәсирдің» әрбір бөлімінде мынадай маңызды тақырыпшалар қарастырылған: 1. Аятта қолданылған күрделі сөздердің тілдік әрі терминдік мағыналары айтылады. 2. Аяттардың түсу себебі түсіндіріледі. 3. Аяттар мен тақырыптар арасындағы байланыстарды баяндайды. 4. Дін саласындағы ғұлама ойшылдардың пікірлері айтылады. 5. Сүренің бізге берер пайдасы мен ғибраты жайында сөз етіледі. 6. Шешендік өнер саласына қатысты аяттарды түсіндіреді. Сондай-ақ, бұл еңбектің құндылығы жайында Ислам әлеміне танымал ойшыл ғалымдардың пікірлері берілген. Әл-Азһар университетінің ректоры Абдулхалим Махмұдтың пікірі Аса мейірімді әрі рақымды Алланың атымен бастаймын. Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Бейбітшілік пен береке адамдардың ең ардақтысы Мұхаммед пайғамбарға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) және оның артынан ерген сахабаларына. Менің бауырым әрі әріптесім Мұхаммед Али ас-Сабуни маған «Сафуат әт-тафасир» еңбегімен танысуымды ұсынды. Мұхаммед Али ас-Сабуни ең сенімді әрі көпшілік мойындаған көзқарастарды мысал еткені, сонымен қатар бұл көзқарастарды өте қысқа әрі оқырманға ең жеңіл тілде жеткізе білгенін байқадым. Сондықтан Мұхаммед Али ас-Сабуни бұл еңбегіне ең лайықты атау таңдап қойғанына еш күмәнім жоқ. «Сафуат әт-тәфәсир» (ауд.: «Тәпсірлердің таңдаулысы») деген атау еңбектің не жайында жазылғандығы мен мазмұнын түсіндіреді. ⤵️⤵️⤵️
