en
Feedback
Демократическая партия «Ак жол» | Официальный канал

Демократическая партия «Ак жол» | Официальный канал

Open in Telegram

Официальный канал ДПК «Ак жол» Мы отстаиваем интересы отечественного бизнеса и каждого гражданина 🇰🇿

Show more
The country is not specifiedThe category is not specified
382
Subscribers
-424 hours
-97 days
+1530 days
Posts Archive
БҮГІНГІ КҮННІҢ БАТЫРЫ: "АҚ ЖОЛ" ДЕМПАРТИЯСЫ БАЛА ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛҒАН АЗАМАТТЫ МАРАПАТТАДЫ Маусым айының басында Алматы қалас
+3
БҮГІНГІ КҮННІҢ БАТЫРЫ: "АҚ ЖОЛ" ДЕМПАРТИЯСЫ БАЛА ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛҒАН АЗАМАТТЫ МАРАПАТТАДЫ Маусым айының басында Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде көршісінің көмек сұраған дауысын естіген Данияр Бектанов еш ойланбастан оқиға орнына жеткен. Сол сәтте дене қызуы күрт көтерілген бір жарым жасар сәбидің құрысу ұстамасы басталып, тынысы тарылып кеткен еді. Жедел жәрдем келгенге дейін Данияр Бектанов сабыр сақтап, алғашқы көмек көрсетіп, реанимациялық іс-шараларды жүргізу арқылы баланың жағдайын бақылауда ұстады. Азаматтық жауапкершілігі мен батылдығы үшін «Ақ жол» демократиялық партиясы Данияр Бектановты «Адам құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады. Сондай-ақ партия атынан 500 мың теңгелік сертификат табысталды. Айта кетейік, бүгіннен бастап Данияр Бектанов «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі атанды.

✅ Демократическая партия «Ак жол» проводит региональные конференции по избранию делегатов В регионах Казахстана проводятся ко
+3
✅ Демократическая партия «Ак жол» проводит региональные конференции по избранию делегатов В регионах Казахстана проводятся конференции филиалов Демократической партии «Ак жол» по избранию делегатов на предвыборный съезд партии. Сегодня конференции проходят в Шымкенте, Алматы, Туркестанской области и других регионах страны. Делегаты, избранные на местах, примут участие в предвыборном съезде, на котором будут утверждены предвыборная программа партии и список кандидатов в депутаты Курултая.

✅«Ақ жол» демократиялық партиясы делегаттарды сайлау бойынша өңірлік конференциялар өткізуде Қазақстан өңірлерінде «Ақ жол» д
+3
✅«Ақ жол» демократиялық партиясы делегаттарды сайлау бойынша өңірлік конференциялар өткізуде Қазақстан өңірлерінде «Ақ жол» демократиялық партиясы филиалдарының партияның сайлауалды съезіне делегаттарды сайлау бойынша конференциялары өтуде. Бүгін конференциялар Шымкентте, Алматыда, Түркістан облысы мен еліміздің өзге де өңірлерінде ұйымдастырылды. Өңірлерде сайланған делегаттар партияның сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімі бекітілетін партияның сайлауалды съезіне қатысады.

🇰🇿Заявление Демократической партии «Ак жол» Вчера вступила в силу новая Конституция Республики Казахстан и Глава государств
🇰🇿Заявление Демократической партии «Ак жол» Вчера вступила в силу новая Конституция Республики Казахстан и Глава государства подписал Указ о проведении выборов в Курултай 23 августа 2026 года. Подписание Указа является важным этапом реализации конституционных изменений и логическим продолжением политических преобразований Президента, направленных на совершенствование системы государственного управления, развитие демократических институтов и отечественного парламентаризма. Поддержав на общенациональном референдуме новую Конституцию, граждане Казахстана определили новый вектор развития страны. Назначение выборов в Курултай переводит принятые изменения в плоскость их практической реализации и знаменует новый этап развития представительной власти. Формирование Курултая как высшего однопалатного законодательного органа открывает новые возможности для дальнейшего развития парламентаризма. Предстоящие выборы предоставляют гражданам возможность непосредственно участвовать в формировании высшего законодательного органа страны, укрепляя принципы народного представительства и ответственности власти перед обществом. Курултай призван обеспечить преемственность государственной политики, институциональную устойчивость и последовательное развитие законодательной власти, способствуя укреплению правового государства. Демократическая партия «Ак жол» рассматривает проведение выборов в Курултай как важный этап реализации Народной Конституции и примет в них активное участие, предложив гражданам программу дальнейших преобразований.

🇰🇿«Ақ жол» Демократиялық партиясының мәлімдемесі Кеше Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне еніп, Мемлекет ба
🇰🇿«Ақ жол» Демократиялық партиясының мәлімдемесі Кеше Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне еніп, Мемлекет басшысы 2026 жылдың 23 тамызында Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлыққа қол қойылуы конституциялық өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды кезеңі әрі Президенттің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, демократиялық институттар мен отандық парламентаризмді дамытуға бағытталған саяси жаңғыртуларының заңды жалғасы болып табылады. Жалпыұлттық референдумда жаңа Конституцияны қолдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттің жаңа даму бағдарын айқындады. Құрылтай сайлауының тағайындалуы қабылданған өзгерістерді іс жүзінде жүзеге асыру кезеңіне өткізіп, өкілді билікті дамытудың жаңа белесін айшықтайды. Құрылтайдың жоғары бір палаталы заң шығарушы орган ретінде құрылуы парламентаризмнің одан әрі дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Алдағы сайлау халық өкілдігі мен биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі қағидаттарын нығайта отырып, азаматтарға еліміздің жоғары заң шығарушы органын қалыптастыруға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Құрылтай мемлекеттік саясаттың сабақтастығын, институционалдық тұрақтылық пен заң шығарушы биліктің дәйекті дамуын қамтамасыз етіп, құқықтық мемлекетті нығайтуға ықпал жасайды. «Ақ жол» демократиялық партиясы Құрылтай сайлауын Халық Конституциясын іске асырудағы маңызды кезең ретінде қарастырып, азаматтарға өзгерістердің ары қарайғы бағдарламасын ұсына отырып оған белсенді түрде қатысатын болады.

Заявление Демократической партии «Ак жол» по случаю вступления в силу Новой Конституции Республики Казахстан Дорогие казахстанцы! Сегодня вступила в силу Новая Конституция Республики Казахстан. Это событие знаменует собой начало нового этапа в истории нашей страны, открывая путь к масштабным политическим, экономическим и общественным преобразованиям. Демократическая партия «Ак жол» искренне поздравляет всех граждан Республики с этим историческим событием. Принятие Новой Конституции на общенациональном референдуме стало важной вехой в государственном развитии Казахстана и определило стратегическое направление дальнейшего развития страны. Сегодня этот выбор получает практическое воплощение. Именно с момента вступления Конституции в силу начинается новый этап государственного строительства, в ходе которого ее нормы должны стать основой принимаемых решений и проводимой государственной политики. Конституция определяет не только основы государственного устройства, но и стратегическое направление развития страны. Практическая реализация конституционных норм станет главным содержанием нового этапа развития Казахстана. Для Демократической партии «Ак жол» принципиально важно, что Новая Конституция закрепляет основы дальнейшего развития парламентаризма, политической конкуренции, независимого правосудия, защиты частной собственности, экономической свободы и конституционных гарантий прав и свобод граждан. Эти принципы на протяжении многих лет оставались в числе ключевых приоритетов нашей партии и нашли отражение в работе Конституционной комиссии. Мы убеждены, что дальнейшее развитие страны невозможно без укрепления демократических институтов, повышения эффективности государственного управления и неукоснительного соблюдения принципа верховенства Закона. Не менее важны изменения в общественном сознании. Принципы справедливости, ответственности, законности, созидательного труда и патриотизма должны стать прочной нравственной основой развития страны. Только в этом случае проводимые реформы приобретут необратимый характер и обеспечат поступательное развитие Казахстана. Демократическая партия «Ак жол» и впредь будет активно участвовать в совершенствовании законодательства, защите прав граждан и отечественного предпринимательства, внося свой вклад в практическое воплощение конституционных принципов и дальнейшее развитие Республики Казахстан. Мы уверены, что вступление в силу Новой Конституции станет важным шагом на пути построения справедливого, правового и сильного Казахстана, укрепления его Независимости, развития национальной экономики и консолидации общества. Поздравляем всех граждан Республики Казахстан со вступлением в силу Новой Конституции! Желаем нашей Родине мира, благополучия, единства, уверенного развития и новых достижений во имя нынешнего и будущих поколений граждан Казахстана.

🇰🇿Заявление Демократической партии «Ак жол» по случаю вступления в силу Новой Конституции Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай «Ақ жол» демократиялық партиясының мәлімдемесі Құрметті қазақстандықтар! Бүгін Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы күшіне енді. Бұл оқиға еліміздің тарихындағы жаңа кезеңнің бастауын айқындап, ауқымды саяси, экономикалық және қоғамдық жаңғыруларға жол ашады. «Ақ жол» Демократиялық партиясы барша Республика азаматтарын осы тарихи оқиғамен шын жүректен құттықтайды. Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Жаңа Конституция Қазақстанның мемлекеттік дамуындағы маңызды белеске айналып, еліміздің алдағы стратегиялық бағытын айқындады. Бүгіннен бастап бұл тарихи таңдау нақты жүзеге аса бастайды. Конституция күшіне енген сәттен мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңі басталып, оның қағидаттары мемлекеттік шешімдердің де, жүргізілетін саясаттың да берік негізіне айналуға тиіс. Конституция мемлекеттің құрылымдық негіздерін ғана емес, оның стратегиялық даму бағдарын да белгілейді. Осы конституциялық нормаларды іс жүзінде іске асыру Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі басты міндеттердің бірі болмақ. «Ақ жол» демократиялық партиясы үшін Жаңа Конституцияның парламентаризмді, саяси бәсекелестікті, тәуелсіз сотты, жеке меншіктің қорғалуын, экономикалық еркіндікті және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдіктерін одан әрі нығайтуға берік негіз қалауы айрықша маңызды. Бұл қағидаттар партиямыздың ұзақ жылдар бойғы басты басымдықтарының бірі болып келді және Конституциялық комиссия жұмысының барысында көрініс тапты. Демократиялық институттарды нығайтып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, Заң үстемдігі қағидатын мүлтіксіз сақтамайынша еліміздің одан әрі өркендеуі мүмкін емес екеніне сенімдіміз. Қоғамдық санадағы өзгерістердің де маңызы бұдан кем емес. Әділдік, жауапкершілік, заңдылық, жасампаз еңбек пен отаншылдық қағидаттары ел дамуының берік рухани тірегіне айналуы қажет. Сонда ғана жүргізіліп жатқан реформалар қайтымсыз сипат алып, Қазақстанның тұрақты әрі ілгері дамуына жол ашады. «Ақ жол» демократиялық партиясы бұдан былай да заңнаманы жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен отандық кәсіпкерлікті қорғауға белсенді атсалысып, конституциялық қағидаттардың өмірде толық жүзеге асуына және Қазақстан Республикасының одан әрі дамуына өз үлесін қоса береді. Жаңа Конституцияның күшіне енуі әділетті, құқықтық әрі қуатты Қазақстанды қалыптастыру жолындағы, Тәуелсіздігімізді нығайтудағы, ұлттық экономиканы дамытудағы және қоғам бірлігін бекемдеудегі маңызды қадам болатынына кәміл сенеміз. Барша Қазақстан Республикасы азаматтарын Жаңа Конституцияның күшіне енуімен шын жүректен құттықтаймыз! Елімізге бейбітшілік, бақ-береке, бірлік, сенімді дамуды, бүгінгі әрі болашақ ұрпақтың игілігі жолындағы толайым табыстарды тілейміз.

🇰🇿Қазақстан Республикасы Жаңа конституциясының күшіне енуіне орай «Ақ жол» Демократиялық партиясының мәлімдемесі

🗣️Демократическая партия «Ак жол» поздравила представителей СМИ с профессиональным праздником Сегодня в Центральном офисе Де
+8
🗣️Демократическая партия «Ак жол» поздравила представителей СМИ с профессиональным праздником Сегодня в Центральном офисе Демократической партии «Ак жол» прошла торжественная встреча с журналистами, редакторами и представителями отечественных средств массовой информации, приуроченная ко Дню работников СМИ. Открывая мероприятие, председатель партии Дания Еспаева поздравила представителей медиасообщества с профессиональным праздником и подчеркнула особую роль журналистики в современном обществе. По словам Дании Еспаевой, Демократическая партия «Ак жол» всегда рассматривала журналистов как своих союзников, поскольку вместе с ними ведет важную, а порой и непростую работу по доведению до общества актуальной и значимой информации. «Мы всегда будем поддерживать журналистов в их праве на свободу слова и стремлении объективно информировать общество. На протяжении многих лет, когда “Ак жол” находился в парламентском меньшинстве и не всегда находил понимание у парламентского большинства, именно журналисты помогали донести нашу позицию до граждан. Поэтому мы были и остаемся союзниками», — отметила председатель партии. Дания Еспаева также подчеркнула, что Демократическая партия «Ак жол» продолжит сохранять и развивать традиции открытого и уважительного взаимодействия со средствами массовой информации. «Для Демократической партии “Ак жол” средства массовой информации всегда были не только площадкой для диалога, но и важным партнером в продвижении принципов открытости, справедливости и демократических ценностей», — подчеркнула она. В ходе торжественного мероприятия журналистам были вручены памятные подарки за активное освещение актуальных общественно-экономических вопросов, поддержку частного предпринимательства, принципиальную гражданскую позицию и высокий профессионализм. Завершая мероприятие, председатель Демократической партии «Ак жол» Дания Еспаева пожелала представителям средств массовой информации крепкого здоровья, неиссякаемого вдохновения, новых профессиональных достижений, интересных тем, благодарной аудитории и дальнейших успехов в служении обществу. Мероприятие прошло в теплой, дружеской атмосфере и стало еще одной возможностью выразить уважение людям, чья ежедневная работа помогает обществу получать достоверную информацию и способствует развитию открытого общественного диалога.

🗣️«Ақ жол» демократиялық партиясы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады Бүгін «Ақ жол» демпартиясының Орталық кеңсесінде БАҚ қызметкерлері күніне орай журналистер, редакторлар және отандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен салтанатты кездесу өтті. Іс-шараны ашқан партия төрағасы Дания Еспаева медиа қауымдастық өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қазіргі қоғамдағы журналистиканың айрықша рөліне назар аударды. Дания Еспаеваның сөзінше, «Ақ жол» демократиялық партиясы журналистерді әрдайым өзінің сенімді одақтасы ретінде бағалап келеді. Себебі, қоғамға өзекті әрі маңызды ақпаратты жеткізу жолындағы жауапты, кейде күрделі жұмысты партия бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге атқаруда. «Біз әрдайым журналистердің сөз бостандығына деген құқығын және қоғамды объективті ақпараттандыру жолындағы ұмтылысын қолдаймыз. Көптеген жылдар бойы «Ақ жол» Парламентте азшылық қатарында болып, парламенттік көпшіліктің қолдауын әрдайым таба бермеген кезеңдерде біздің ұстанымымызды халыққа жеткізуге дәл осы журналистер көмектесті. Сондықтан біз бұрын да, қазір де сенімді одақтастармыз», – деді партия төрағасы. Дания Еспаева «Ақ жол» демократиялық партиясы бұқаралық ақпарат құралдарымен ашық әрі өзара сыйластыққа негізделген ынтымақтастық дәстүрін алдағы уақытта да сақтап, одан әрі дамыта беретінін жеткізді. – «Ақ жол» демократиялық партиясы үшін бұқаралық ақпарат құралдары әрдайым тек диалог алаңы ғана емес, сонымен қатар ашықтық, әділдік және демократиялық құндылықтарды ілгерілетудегі маңызды серіктес болып табылады, – деді партия төрағасы. Салтанатты шара барысында қоғамдағы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді белсенді жариялап, жеке кәсіпкерлікті қолдап, табанды азаматтық ұстанымы мен жоғары кәсібилігі үшін журналистерге естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында «Ақ жол» демпартия төрағасы Дания Еспаева бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне зор денсаулық, сарқылмас шығармашылық шабыт, жаңа кәсіби жетістіктер, қызықты тақырыптар, оқырман мен көрерменнің ыстық ықыласы және қоғам игілігі жолындағы еңбектеріне толайым табыс тіледі. Жиын жылы әрі достық сарында өтіп, қоғамның шынайы ақпарат алуына және ашық қоғамдық диалогтың қалыптасуына күн сайын сүбелі үлес қосып жүрген журналистерге құрмет көрсетудің тағы бір жарқын көрінісіне айналды.

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні құтты болсын! «Ақ жол» ҚДП бұқаралық ақпарат құралдарының барлық қызметкерлері
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні құтты болсын! «Ақ жол» ҚДП бұқаралық ақпарат құралдарының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды! Сіздердің кәсібиліктеріңізге, жауапкершіліктеріңізге және адал еңбектеріңізге алғыс білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қоғам маңызды әрі шынайы ақпарат алып, өзекті мәселелер ашық талқыланады. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, қызықты материалдар, тың жаңалықтар мен кәсіби табыс тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын! Құрметпен, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы. 🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹 С Днем работников средств массовой информации! ДПК «Ак жол» поздравляет всех работников СМИ с профессиональным праздником! Спасибо за ваш профессионализм, ответственность и преданность делу. Благодаря вашей работе общество получает достоверную информацию, а важные темы становятся предметом открытого обсуждения. Желаем вам крепкого здоровья, вдохновения, интересных материалов, громких эксклюзивов и новых профессиональных успехов! С праздником! С уважением, Демократическая партия Казахстана «Ак жол».

История одной победы: как «Ак жол» добился внедрения института банкротства физлиц в Казахстане Сегодня банкротство физических
+9
История одной победы: как «Ак жол» добился внедрения института банкротства физлиц в Казахстане Сегодня банкротство физических лиц помогает тысячам казахстанцев выйти из сложной финансовой ситуации. Но путь к этому закону занял почти 10 лет. Все началось в 2013 году, когда инициатива встретила сопротивление со стороны госорганов. Несмотря на это, работа продолжалась, и в 2022 году закон был принят. Что дает этот закон сегодня? ✅ Возможность восстановить платежеспособность без потери последнего имущества. ✅ Рассрочку выплат, списание штрафов и пеней. ✅ Сохранение прожиточного минимума для должника. ✅ Законный способ избавиться от непосильных долгов. Эта история показывает, что настойчивость и последовательная работа способны менять законодательство и защищать интересы граждан. Подробнее — в карусели 👉🏻

❗️Халықтың табысын арттыру: бұл шараның игілігін кім көреді? Парламент палаталарының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін қарау барысында депутат Олжас Нұралдинов Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сауал жолдады. Депутаттың сауалы жақында бекітілген 2026–2029 жылдарға арналған халықтың табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспарға қатысты болды. Құжаттағы негізгі шаралардың бірі – мемлекеттік қолдау, субсидиялар, жеңілдетілген несиелер және басқа да ынталандыру тетіктерін алатын кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеру. Осыған байланысты депутат екі маңызды сұрақ қойды: ▪️ Үкіметтің бағалауынша, бұл шараның нәтижесін қанша азамат нақты сезіне алады? ▪️ Мемлекеттік қолдау алушыларға қойылатын талаптардың күшеюі бизнестің мемлекеттік бағдарламалардан бас тартуына және жұмыс орындарының қысқаруына әкелмей ме? Бұл сұрақтар мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен олардың халықтың әл-ауқатына нақты әсерін бағалау тұрғысынан маңызды.

🇰🇿Бір жеңістің тарихы: «Ақ жол» Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы институтының енгізілуіне қалай қол жеткізді Көпшіл
+9
🇰🇿Бір жеңістің тарихы: «Ақ жол» Қазақстанда жеке тұлғалардың банкроттығы институтының енгізілуіне қалай қол жеткізді Көпшілік азаматтардың банкроттығы туралы бастаманың қаншалықты қиын жолмен жүзеге асқанын жақсы біледі. Бүгінде бұл – мыңдаған қазақстандықтың құқығын қорғайтын нақты құқықтық құрал. Алайда, осы заңның қабылдануына шамамен он жыл уақыт кетті. Біз үшін бұл жай ғана заң жобасы емес еді. Бұл – адамдардың өмірін жаңадан бастауға мүмкіндік беру, қарыз құрсауынан шығуына жол ашу және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету жолындағы күрес. Біз 2013 жылы мемлекеттік органдардың үзілді-кесілді қарсылығынан бастап, 2022 жылы тарихи заңның қабылдануына дейін ұзақ әрі күрделі жолдан өттік. Осы бастаманың қалай жүзеге асқанын, қандай қиындықтарға тап болғанымызды және неге өз ұстанымымыздан ешқашан бас тартпағанымызды білу үшін карусельді қарап шығыңыз. Бұл заң бүгінде әрбір қазақстандыққа не береді? ✅ Соңғы мүлкінен айырылмай, төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. ✅ Қарызды өтеудің нақты тетіктері: төлемді бөліп төлеу, айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару. ✅ Әлеуметтік кепілдіктер: өмір сүруге қажетті төменгі күнкөріс деңгейіндегі қаражатты сақтап қалу. ✅ Жүктемесі ауыр қарыздардан заңды түрде құтылуға жол ашады. Бұл заңның тарихы жүйелі жұмыстың, кәсіби дәлелдің және сайлаушылар мүддесіне адалдықтың мемлекеттік саясатқа нақты өзгеріс енгізе алатынын көрсетті. Біз Қазақстанның құқықтық жүйесі әділетті әрі адам мүддесіне бағытталған болуы үшін жұмысымызды жалғастыра береміз. Толығырақ – карусельде 👉🏻

Очередная победа Демпартии «Ак жол». Требования о защите граждан от скрытого навязывания платных услуг операторов наша фракция, в лице депутата Мажилиса Олжаса Нуралдинова, направила Правительству в виде депутатского запроса 21 мая т.г., т.е. ровно месяц назад https://t.me/peruash/16052

«Ақ жол» Демпартиясының кезекті жеңісі. Фракция Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдиновтың атынан азаматтарды операторлардың жасырын ақылы қызметтерінен қорғау туралы талапты депутаттық сауал түрінде Үкіметке биылғы жылдың 21 мамырында, тура бір ай бұрын жолдаған болатын. https://t.me/peruash/16052

В честь дня журналистов демократическая партия «Ак жол» провела традиционный турнир по бильярду памяти известного спортивного
+6
В честь дня журналистов демократическая партия «Ак жол» провела традиционный турнир по бильярду памяти известного спортивного комментатора Амангелды Сейтхан. Турнир прошел в Астане. В мероприятии приняли участие депутат Мажилиса и руководитель фракции Демпартии «Ак жол» Азат Перуашев, авторитетный журналист, секретарь Нацсовета партии «Ак жол» Арман Сқабылұлы, депутаты местных маслихатов, актив партии, представители СМИ. В соревнованиях приняли участие 8 команд (в общей сложности около 24 игроков) представлявшие разные средства массовой информации и творческие коллективы. Бильярдные партии судил Қайнар Олжай. В ходе турнира участники поделились воспоминаниями о многих случаях и событиях, связанных с Амангелды. Прозвучало немало веселых воспоминаний, связанных с его оптимизмом, находчивостью и профессионализмом. В разгар борьбы поздравили участников и гостей турнира с профессиональным праздником - Днем журналистов, вручили благодарственные письма и памятные подарки. В итоге команды «Ұлттық арна» заняла третье место. Второе место после упорный борьбы досталась команде «Нұрсая». Гран-при завоевала команда «Айқын».