Демократическая партия «Ак жол» | Официальный канал
Open in Telegram
Официальный канал ДПК «Ак жол» Мы отстаиваем интересы отечественного бизнеса и каждого гражданина 🇰🇿
Show moreThe country is not specifiedThe category is not specified
385
Subscribers
-124 hours
+167 days
+1730 days
Posts Archive
«Ақ жол» Демократиялық партиясының өкілдері Павлодар және Жамбыл облыстарында сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясындағы кездесулерін жалғастыруда
Ақманат Төлегенова: «Депутат халық пен билік арасындағы көпір»
Үй шаруасындағы әйелдің қоғамдағы рөлі, мәслихат депутаттығындағы қызметі, партияның саяси бағдарламасындағы халыққа пайдасы туралы «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Құрылтайға кандидат Ақманат Төлегенова подкастта айтып берді.
“Ақ жол” Қазақстанның демократиялық партиясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII, VIII шақырылымы депутаты.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қазыбек Иса Құрылтай депутаттарының сайлауы аясында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен Қызылорда облысына келді*
«Ақ жол» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшесі, партия төрағасының орынбасары, Құрылтай депутаттығына үміткер Қазыбек Жарылқасынұлы Иса Құрылтай депутаттығына үміткер Ақманат Төлегеновамен және «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық сайлауалды штабы төрағасының орынбасарлары Қ.Боранбаев пен Н.Сопбеков және штаб мүшелері Қармақшы ауданына барды.
«Ақ жол» партиясының Құрылтай депутаттығына үміткерлері мен облыстық штаб мүшелері Сыр өңіріндегі алғашқы қадамдарын қасиетті Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата кесенесінен бастады. Олар "Ақ жол" партиясы атынан құрбан шалды. Баба рухына құран бағыштап, дұға жасады.
Одан соң «АНК-Даулет» ЖШС қоймасының базасында тұрмыстық құмды өңдеп, одан түрлі өнімдер шығаратын ШОБ өкілдерімен кездесті.
Кездесуде Қазыбек Жарылқасынұлы ұжым өкілдеріне
«Ақ жол» партиясының саяси бағдарламасының маңызды тұстары туралы айтып берді. Ұлттық идеология негізін қалыптастырудағы, мемлекеттік тіл мәртебесін көтерудегі “Ақ жол” партиясының рөлін атап өтті.
«Ақ жол» партиясы депутаттарының Мәжіліс қабырғасында бастамашылық етуімен қабылданған заң жобалары мен қабылдануына қарсы болған жаңа Салық кодексіне кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар, партияның саяси бағдарламасындағы МӘМС мәселесі бойынша партияның ұсынып отырған бағдарламасы мен жас отбасыларына арналған ипотекалық несие бойынша жеңілдік бағдарламасы, ауылдық жерлерде дарынды оқушыларға арналған арнайы мектептер салу бойынша ұсыныстары жайында түсініктеме берді.
Сөз сөйлеушілердің қатарында «Ақ жол» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер Ақманат Төлегенова ұжым өкілдерін 23 тамыздағы ҚР Құрылтай сайлауына белсенді түрде барып, "Ақ жол" партиясына дауыс беруге шақырды.
"АНК-Даулет" ЖШС- нің ұжымы өздерін толғандырған мәселелер бойынша ойларын ортаға салып, ұсыныстарын берді және "Ақ жол" партиясын жаппай қолдайтындықтарын көрсетті.
Бактыбек Бибаев продолжает разбор программы Respublica — теперь о контексте, адресной социальной поддержке, национальной идентичности и офшорах.
Без длинных предисловий: аргументы, вопросы и точные замечания.
Ақманат Төлегенова: «Ақ жол партиясының ұнағаны - еңбек адамы мен кәсіпкерлікті қолдайтыны, әділдікті жақтайтындығы»
Подкастың кезекті кейіпкері - «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Құрылтайға кандидат Ақманат Төлегенова.
«Ақ жол» Демократиялық партиясының өкілдері Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясындағы кездесулерін жалғастыруда
Таныс болыңыз – Әлібек Исин!
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы. Өңірдің тыныс-тіршілігін жақсы білетін ол партия жұмысында жергілікті мәселелер мен тұрғындардың үнін алдыңғы қатарға қояды.
Әлібек Исиннің өмірлік ұстанымы мен көзқарасын блиц-сұхбаттан көріңіз.
Сайлауалды үгіт-насихат аясында Түркістан облыстық штабының өкілдері халықпен кездесу өткізді
Учитель Асылбек Айболатов, отправившийся в велопуть из Западного Казахстана, добрался до Астаны и передал Демпартии «Ак жол» предложения и пожелания граждан.
Во время своего маршрута, пролегавшего через Актобе, Костанай и Кокшетау, он встречался с жителями и собирал волнующие их вопросы и предложения. В столице обращения граждан были переданы руководству партии.
«Сидя в кабинете, невозможно в полной мере узнать, чем живут люди и что их волнует. Вы напрямую донесли до нас голос народа. Эти предложения очень важны для нас и обязательно будут учтены в работе партии», — сказала Дания Еспаева.
Председатель партии высоко оценила поступок Асылбека, назвав его примером подлинной гражданской ответственности, когда слова подтверждаются делом.
Главный итог пути протяженностью в тысячи километров — голос народа — официально достиг своего адресата.
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданынан велосипедпен жолға шыққан ұстаз Асылбек Айболатов мыңдаған шақырымды еңсеріп, елордаға табан тіреді
Ақтөбе, Қостанай және Көкшетау арқылы өткен бұл марафон жай ғана спорттық сынақ емес, халықпен тікелей байланыс орнатудың маңызды қадамы болды.
Ұзақ жол барысында Асылбек елді мекендерге арнайы аялдап, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Ол азаматтарға «Ақ жол» Демократиялық партиясының бастамаларын түсіндіре отырып, олардың көкейкесті мәселелері мен ұсыныс-тілектерін жинады.
Астана қаласында оны партияның елордалық филиалы мен жастар қанаты күтіп алды. Жол бойы қағазға түскен халықтың пікірлері «Ақ жол» партиясының басшылығына тікелей табысталды.
Дания Еспаева бұл бастаманың құндылығына тоқталып:
«Кабинетте отырып, адамдардың мұң-мұқтажын толық білу мүмкін емес. Сіз халықтың үнін тікелей жеткізіп отырсыз. Бұл ұсыныстар біз үшін өте маңызды және міндетті түрде партия жұмысында ескеріледі» деді.
Партия төрағасы велосапарды нағыз азаматтық жауапкершілік пен табандылықтың жарқын үлгісі ретінде жоғары бағалады. Жеке үлгісімен сөзін нақты іспен дәлелдеген азаматтың бұл қадамы – қоғамдағы өзгерістерге деген сенімді нығайта түсетін іс.
Мыңдаған шақырымға созылған жолдың басты жүгі – елдің сөзі мен халықтың тілегі ресми түрде өз мекенжайын тапты.
«Ақ жол» Демократиялық партиясының өкілдері Қостанай, Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарында сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясындағы кездесулерін жалғастыруда
Знакомьтесь: Бактыбек Бибаев!
Кандидат в депутаты Курултая, GR-директор группы компаний Texol. Какой принцип считает главным в жизни и что вдохновляет его каждый день? Ответы — в нашем блиц-опросе.
🚴♂️ Қаратөбеден Астанаға бет алған велошабандоз Көкшетауға жетті!
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының тумасы Асылбек Айболатов елордаға бағыт алған велосапарын жалғастырып келеді. Бүгін ол ұзақ жолды еңсеріп, Көкшетау қаласына табан тіреді.
Сапар барысында Асылбек әр өңірдің тұрғындарымен кездесіп, «Ақ жол» Демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы мен негізгі бастамаларын таныстыруда. Сонымен қатар, жол бойында азаматтардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін жинап келеді.
Алда – Астана! Асылбекке сәт сапар, қажымас қайрат тілейміз! 🚴♂️🇰🇿
Ақ жол!
Кандидат в Курултай от Демпартии «Ак жол» Александра Сергазинова (Костанай) - о реализации права граждан на участие в выборах
Свобода бизнеса или управление ассортиментом?
Кандидат в депутаты Құрылтая от Демократической партии «Ақ жол» Юрий Ли продолжает разбор программы партии Respublica.
На этот раз — предложение установить разные налоговые ставки для торговых сетей в зависимости от доли отечественных товаров на полках.
