en
Feedback

Don't get caught by a cheater! Telemetrio finds and tags such channels 👉 If you want to see the tag, subscribe

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍

Open in Telegram

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!

Show more
The country is not specifiedThe category is not specified
1 745
Subscribers
+124 hours
+37 days
+630 days
Posts Archive
Егер адам баласына рақымымыз түсіп, қандай да бір игіліктің дәмін таттырсақ, әрі содан кейін оны одан тартып алып қойсақ, ол бірден бар жақсылықтан күдерін үзген үмітсіз әрі алғыс айтуды білмейтін адам болып шыға келеді. («Һуд» сүресі 11:9)

#АллаһЕлшісі #салауат
+4
#АллаһЕлшісі #салауат

Ал енді осы садақаларды жасап алып, сосын бір нәрсе сіз қалағандай болмай қалғанда, соның бәрін теріп, есептеп, міндетсінуіңіз – сол жасаған амалдарыңызды жоқ қылады. Мен үйттім ғой, сүйттім ғой деп жақсы сөз, ісіңізді мақтап, үлкен көріп, ал басқа кісілерді жамандасаңыз, құнсыздандырсаңыз, міндетсінсеңіз, садақаңыз жойылды, күнә жазылды. Сол үшін амалдардың жасалуына ғана емес, сақталуына көбірек мән берейік🧡

Бұл аяттарды оқығанда ойымызға тек ақшалай берілген садақа не көрсетілген көмек келуі мүмкін. Бірақ, ұмытпаңызшы🧡 күнделікті сіздің отбасыңызға жымиып қарауыңыз – садақа, ата-анаңызды мұқият құртметпен тыңдауыңыз – садақа, үйдегілерге дәмді, пайдалы ас дайындауыңыз – садақа, балаңызбен ойнауыңыз, оның кей қылықтарына сабырлықпен, жұмсақтықпен, ұрмай, ұрыспай сабыр қылуыңыз – садақа, шаршап келген күйеуіңізді жылы қарсы алуыңыз – садақа, құрбы, досыңыздың жағдайын сұрап, жазуыңыз – садақа, терезеден далаға қарап, қандай керемет ауа-райы деп, жақсы сөз сөйлеуіңіз – садақа🧡 #садақа

Ибн Абу Хатим передал от Амра ибн Динара, что он сказал: «До нас дошло, что посланник Аллаха 🌱 сказал: «Самая любимая милостыня для Аллаха это доброе слово, разве вы не слышали, что Аллах сказал: (قَوْلٌ مَّعْرُوفٌوَمَغْفِرَةٌ خَيْرٌ مّن صَدَقَةٍ يَتْبَعُهَآ أَذًى) Речь добрая и прощение - лучше, чем милостыня, за которой следует обида».(وَاللَّهُ غَنِيٌّ) Аллах богат – т.е. не нуждается в Его творениях. (حَلِيمٌ) Кроток! – Он прощающий и снисходителен к творениям.

Бір ауыз жылы сөз, біреудің айыбын жасыру һәм қатесін кешіру – арты (қайыр-садақа алған адамды) ренжітуге ұласатын (міндетсініп берген) садақадан әлдеқайда жақсы. Аллаһ – Ғани (сендердің садақаларыңа да, құлшылықтарыңа да мұқтаж емес), Халим (құлын бірден жазаламай тәубеге келуін күтетін, өте жұмсақ, әрі сабырлы). («Бақара» сүресі 2:263)

Мал-пұлын Аллаһ жолында сарп етіп, соңынан бергенін міндетсінбейтін және (өзінен жәрдем алушыны) ренжітпейтін кісілердің Раббыларының дәргейінде алатын мол сауабы бар. Олар үшін (әсіресе ақиретте) ешбір қорқыныш жоқ һәм олар әсте мұңаймайды. («Бақара» сүресі 2:262)

Аллаһ Елшісі 🌟 айтты: «Сөзімді естіп, көңіліне түйіп және оны естігеніндей етіп жеткізген адамның жүзін Аллаһ жарық етсін»🤍✨ (Тирмизи 2658) #хадис #АллаһЕлшісі

Имам Ахмад Абу ад-Дардадан риуаят етеді: Аллаһ Елшісі 🌟 айтты: «Сендерге ораза (нәпіл), намаз (нәпіл) және садақадан да артық дәрежедегі нәрсені хабар берейін бе?» Адамдар: «Әрине, уа, Аллаһ Елшісі!» — деді. Сонда ол 🌟 жалғастырып: «Арадағы адамдардың қарым-қатынасын түзету (إِصْلَاحُ ذَاتِ الْبَيْنِ)». Ол тағы да былай деді: «Арадағы қатынасқа сызат түсіру (وَفَسَادُ ذَاتِ الْبَيْنِ) — бұзғыншылық». 📚 Бұл хадисті Әбу Дауд пен ат-Тирмизи жеткізген, ал ат-Тирмизи: «хадис жақсы әрі сенімді» деген. [[Муснад Ахмад (445–446 Халаби)]] #сүннет #хадис #қарымқатынас #көркеммінез

۞ لَّا خَيْرَ فِى كَثِيرٍ مِّن نَّجْوَىٰهُمْ إِلَّا مَنْ أَمَرَ بِصَدَقَةٍ أَوْ مَعْرُوفٍ أَوْ إِصْلَٰحٍۭ بَيْنَ ٱلنَّاسِ ۚ وَمَن يَفْعَلْ ذَٰلِكَ ٱبْتِغَآءَ مَرْضَاتِ ٱللَّهِ فَسَوْفَ نُؤْتِيهِ أَجْرًا عَظِيمًا Олардың оңаша күңкілдескен құпия жиындарының көбінде қайыр жоқ. Алайда, мұқтаждарға садақа беруді, ізгілікті, жақсылық жасауды және араздасқан адамдардың арасын жарастыруды бұйыратындардың оңаша бас қосып, өзара кеңес құрғанының жөні бөлек. Кімде-кім мұны Аллаһтың разылығына бөленуді қалап істесе, оны зор сауапқа (сый-сияпатқа) бөлейміз. («Ниса» сүресі 4:114)

#түс #сүннет #қарымқатынас #көркеммінез
#түс #сүннет #қарымқатынас #көркеммінез

Бір рет бір марафонымда тапсырма бердім қыздарға🌷жүректі күнде таңда, кешке тазалау сүннетіне амал ету оңай болу үшін. Ол тапсырма қысқаша-еске алу кімге қатысты 1-2% реніш бар, жақтырмау бар. Не үшін ойлану. Сосын себеп іздеу оған. Яғни оның сізге ұнамай қалған әрекеті не сөзіне не себеп болды? Оны түсінуге тырысу, ақтап алу. Сосын жақсылап дұға ету сыртынан, Аллаһтан ол кісі үшін сондай көркем қасиеттер сұрау🤍 Солай бір ханым жасады, солай түс көреді. Түсінде дәл Аллаһ Елшісі 🌟 сияқты айтады ғой, жақсылықтарын еске салады⬇️ #түс

Сол үшін тозақта көбі әйелдер болады, себебі-шүкірсізідіктен дейді…

Біз қандаймыз? Бір қателігіне бола 100 жақсылығын ұмытамыз да, сол 1 қателікті ойдан тастамай, жүректі ластап жүреміз…

«Бір күні Аллаһ Елшісіне (солляллаху алейхи уа саллям) бардым. Сәлем беріп, жағдайын сұраған соң: «Әкешім! Алидің үйінде бір түйір бидай жоқ. Бес күннен бері еш нәрсе жемеді. Малымыз да, тамағымыз да жоқ», – дедім. Аллаһ елшісі (солляллаху алейхи уа саллям) өзіне жақындап, қолымды өзінің қарнына тигізуімді сұрады. (Елестетейікші🤍)Айтқанын істеген кезде, асқазанына бір тасты байлап алғанын көріп, қатты қынжылдым. Ол: «Қызым! Менің үйімде де бір айдан бері тамақ піскен жоқ. Алидің мақамы мен дәрежесін білесің бе? Он екі жасында қасымда қызмет етті. Он алты жасында мені қорғау үшін қылыш сермеді. Он тоғызында жігіттерді жерге алып ұратын. Жиырма жасында мені қайғымнан арылтатын. Жиырмадан асқанда, Хайбар қамалының есігін жұлып алды, оған елу адам төтеп бере алмайтын». Әкесінің сөзінен соң әзірет Фатиманың радыйаллаху анха жүзі нұрланып сала берді. ✨✨✨✨✨Оның қуанышты жүзінен үйі нұрланғандай болды. Әзірет Али радыйаллаху анху: «Уа, пайғамбар қызы! Кеткен кезіңде мұндай емес едің. Не болды, нендей қуанышқа кенеліп қайттың?» – дейді. Әзірет Фатима радыйаллаху анха: «Аллаһ елшісі🌟 сенің ізгіліктеріңді айтты, қуанғанымнан орнымда тұра алмадым», – деп жауап береді.🌷🤍 Ма шаа Аллаһ🤍 Тауфиқ Әбу Илм, «Хазрети Фатима», 72-б #сүннет #АллаһЕлшісі #сира #көркеммінез #қарымқатынас

Сіздің танысыңыз келіп бір адамды жақтырмай, жамандаса не бір қателігі үшін ренішін айтып жатса, асықпай тыңдаңыз да, сол адамның жақсылықтарын есіне түсіріңіз. Солай татуласуға, жүрегін таза ұстауына көмек көрсетіңіз. Бұл-сүннет.🌟🌟🌟 #сүннет #қарымқатынас #көркеммінез

Сүннет бойынша біреуді ренжітіп қойсаңыз, осы дұғаны айтсаңыз жақсы🌿 اللّٰهُمَّ فَأَيُّمَا مُؤْمِنٍ سَبَبْتُهُ فَاجْعَلْ ذَلِكَ لَهُ قُرْبَةً إِلَيْكَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ «Аллааһуммә фә-әййумәә му˚минин сәбәбтуһу, фәж‘әл ǯәәликә ләһу қурбәтән иләйкә йәумәл-қийәәмәһ». «Я, Алла! Қайсыбір мүминге тіл тигізген болсам, осыны (яғни тіл тигізуімді) ол үшін Қиямет күні Өзіңе жақындау құралы ет!» (Бухари, Муслим) #сүннет #дұға

Аллаһпен қауышатындықтарына кәміл сенгендер: «Аллаһтың қалауымен қаншама аз қауым (саны жағынан) өзінен әлдеқайда қалың қауымды жеңген болатын. Аллаһ тағала сабырлылармен бірге», – деп асқан табандылық танытты. («Бақара» сүресі 2:249)

Шүбәсіз, Аллаһ – адамдарға көп жақсылық жасайтын шексіз шарапат иесі, бірақ адамдардың көбі шүкіршілік етпейді. («Бақара» сүресі 2:243)