🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Open in Telegram
«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 💗 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 💗🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 😊 жекеге шығу @ummkhammad Тек әйелдерге арналған канал!
Show moreThe country is not specifiedThe category is not specified
1 746
Subscribers
-324 hours
+57 days
+530 days
Posts Archive
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Шүкір ету-мұқтаждықты мойындаудың шыңы, шүкірі артқан құл өзінің қаншалықты Раббысына мұқтаж екенін жүрекпен сезіне бастайды
+1
Аллаһтың Мейірімі, Қамқорлығы🧡✨Әр жаңа апта жаңа мақсаттар қойып отырамын, жаңа ниет қойып. Өткен апта Рухани интеллект бойынша “Разы болу” мақсатын қойдым. Соған сай сынақтар да болды, разы бола аламын ба дәлелдеу. Және сол мақсатымды жеңілдететін даналықтар алдымнан шығатын, аяттар арқылы, жүрекпен болатын тафаккур, муроқаба арқылы. Осы аптаға кеше “тек Аллаһты көру, тек Аллаһтан сұрау, мунаджат” амалын ерекше фокусқа қойғым келді. Бұл бұрыннан жасап жүрген Аллаһтың берген сыйы. Бірақ, осы апта ерекше мән бергім келді. Соған қарай тағы аят, даналықтар Аллаһ кездестірді. Және бүгін осындай түс арқылы сол амалдың, жалпы тұрақтылықтың берекесін білдіруде🧡✨🤗Бұл жайлы толық жаңа “Тәтті өмір” марафондағы ханымдарға айтамын. Онсызда тапсырма ретінде бергім кеп жүрген құралдар бар еді, соған керемет шабыт беруші белгі болды🧡Аллаһқа шүкірлер!
#түс
#тұрақтылық
Repost from 🤍 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🤍
Маңыздылықты денемен жасайтын нәпілдердің өзіне емес, жүрекпен жасайтын үздіксіз құлшылыққа беру керек. Солай адам шынайы нәпсісін таниды, Раббысын таниды, шынайы ықыласты құлдардан болады.
مَّا يَفْعَلُ ٱللَّهُ بِعَذَابِكُمْ إِن شَكَرْتُمْ وَءَامَنتُمْ ۚ وَكَانَ ٱللَّهُ شَاكِرًا عَلِيمًا
Сендер (Аллаһқа) шүкіршілік білдіріп, иман келтірсеңдер, Аллаһ сендерді азаптап қайтеді?! Аллаһ – Шәкир (Өзіне шүкіршілік еткендердің қарымын еселеп қайтарып, қисапсыз нығметке, мол сауапқа бөлеуші) һәм Алим (барлық нәрсені, құлдарының жай-күйін жақсы білетін шексіз ілім иесі).
(«Ниса» сүресі 4:147)
ٱلَّذِينَ يَتَّخِذُونَ ٱلْكَٰفِرِينَ أَوْلِيَآءَ مِن دُونِ ٱلْمُؤْمِنِينَ ۚ أَيَبْتَغُونَ عِندَهُمُ ٱلْعِزَّةَ فَإِنَّ ٱلْعِزَّةَ لِلَّهِ جَمِيعًا
Олар мүміндерді былай қалдырып, кәпірлерді дос тұтады. Сонда олар кәпірлермен бірге болып, үстемдік пен ұлылыққа қол жеткіземіз дей ме?! Шынтуайтында, бар үстемдік пен ұлылық бір Аллаһқа тиесілі!
(«Ниса» сүресі 4:139)
Жаңа апта, жаңа трекер✨
🤎«Аллаһ Тағала әрбір істе көркемдікті (ихсанды) парыз етті...» (Муслим)
🤎«Аллаһ Тағала сендердің біріңнің бір іс істегенде, оны тиянақты (кемел) етіп атқаруын жақсы көреді»(Табарани)
#ихсан
#лайфхак
#жоспар
Сіз жәй ғана бірінші болып сәлемдесіп, халімен қызығу арқылы ол адамға өзін маңызды сезінуге себеп боласыз.✨Ал бұл – сүннет. Аллаһ Елшісінің 🌟 сахабалары Оның көркем мінезінен, көркем коммуникация құра алуынан өздерін ол 🌟 үшін ең сүйікт жан мен шығармын деп сезінетін, ойлайтын болған🧡
#АллаһЕлшісі
#көркеммінез
#махаббат
#қарымқатынас
Аллаһ Елшісі 🌟 махаббатты арттыратын нәрсе – сәлем жаю деп айтатын✨Сәлем жаю дегенді өткенгі посттарда “ол адамға жүрекпен сәлем тілеу, жақсылық қалау” жағын қарастырдық ия. Енді тағы бір әдемі қыры – бұл хадисте адам психологиясын ескеруі, заңдылығына сай мәміле жасауға шақыруы, насихаттауы бар. Ол – сәлем жаю арқылы, адамның ең үлкен қажеттілігі, өзін құнды, маңызды, қажет сезінуге деген мұқтаждығын қанағаттандыру. Кім сіздің қасыңызда өзін құнды, маңызды, қажет сезінсе, сізге қарай позитивті сезімдері күшейе бастайды. Соның бірі – сүйіспеншілік.
#хадис
#психология
#көркеммінез
#қарымқатынас
#махаббат
Repost from tagylym
Пайғамбарымыздың ﷺ бір күнде кейде жетпіс, кейде жүз рет истиғфар айтқаны риуаят етіледі. Осыған берілген түсіндірмелердің бірі мынау:
Ол үнемі рухани даму, үнемі жоғарылау үстінде болған. Оның бүгінгі күйі кешегіден өзгеше, ертеңі бүгіннен өзгеше, арғы күні одан да биік болатын. Сондықтан артына бұрылып, артта қалған рухани баспалдақтарына қараған кезде:
«Астағфируллаһ, мен қалайша сол деңгейде болғанмын?» – деп айтатын еді.
وَلِلَّهِ مَا فِى ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِى ٱلْأَرْضِ ۚ وَكَفَىٰ بِٱللَّهِ وَكِيلًا
Күллі аспан әлеміндегі һәм жердегі бар нәрсе бір Аллаһқа тиесілі. Аллаһ (Өзіне арқа сүйеп, сенім артқан құлдарына) қамқоршы һәм сенімді өкіл ретінде әбден жеткілікті.
(«Ниса» сүресі 4:132)
Аллаһ Елшісі 🌟 айтты:
«Сөзімді естіп, көңіліне түйіп және оны естігеніндей етіп жеткізген адамның жүзін Аллаһ жарық етсін»🤍✨
(Тирмизи 2658)
#хадис
#АллаһЕлшісі
Имам Ахмад Абу ад-Дардадан риуаят етеді:
Аллаһ Елшісі 🌟 айтты:
«Сендерге ораза (нәпіл), намаз (нәпіл) және садақадан да артық дәрежедегі нәрсені хабар берейін бе?»
Адамдар: «Әрине, уа, Аллаһ Елшісі!» — деді.
Сонда ол 🌟 жалғастырып:
«Арадағы адамдардың қарым-қатынасын түзету (إِصْلَاحُ ذَاتِ الْبَيْنِ)».
Ол тағы да былай деді:
«Арадағы қатынасқа сызат түсіру (وَفَسَادُ ذَاتِ الْبَيْنِ) — бұзғыншылық».
📚 Бұл хадисті Әбу Дауд пен ат-Тирмизи жеткізген, ал ат-Тирмизи: «хадис жақсы әрі сенімді» деген. [[Муснад Ахмад (445–446 Халаби)]]
#сүннет
#хадис
#қарымқатынас
#көркеммінез
