ch
Feedback
Ali Saǵatuly

Ali Saǵatuly

前往频道在 Telegram
1 779
订阅者
无数据24 小时
-17
-3330
帖子存档
Бір қиындық туа қалса болды: “Көз тиді...” Жұмысы жүрмей қалса “көз тиді”. Берекесі кетсе “көз тиді”. Тіпті ерлі-зайыптылар ажырасып кетсе де “көз тиді” дейді. Иә, көз тию – хақ. Бұған күмән жоқ. Бірақ болғанның бәрін көз тиюге жаба салу қателік және өзіңді әдемі алдау. Бәлкім берекені көз емес, күнә алып кеткен шығар... Бәлкім намазға немқұрайдылық әсер еткен шығар... Бәлкім Алладан алыстаған жүрек берекеден де алыстаған шығар... Бәлкім мәселе көзде емес, ер мен әйелдің арасындағы мінезде болған шығар… Ең әуелі “маған кімнің көзі тиді?” деп емес, “менің Раббыммен қарым-қатынасым қандай?” деп өзімізден сұрайық. Сосын барып көре жатарсың.

Балаларың сенің дастарханыңнан тамақ тауып, бірақ жүрегіңнен даналық таппайтын күннен қорық. Сен қазір күліп, ойнап жүргенде, олар өсіп ақыл мен өнегені өзгенің әкесінен іздеп кететін күннен қорық. Өйткені балаға ең қымбат мұра – байлық емес, әкенің даналығы. Ең үлкен жетімдік – әкесі тірі бола тұра, оның тәліміне сусындай алмау. Балаларың сенің сөзіңді емес, өзгенің өсиетін үлгі тұтатын күн келмесін. Бүгін уақытыңды ойын-сауыққа жұмсасаң, ертең өз балаңның жүрегіндегі орныңды білімді, көреген, тәрбиелі біреу иеленуі мүмкін. Сол күн келмей тұрып, балаңа дүние емес, бағыт қалдыр.

“Кофе ішкенше садақа бер, ақыретіңе сауап жина” деген науқастарға, медресе құрылыстарына сбор видеоны көріп, “манипуляция”, “психологиялық қысым” деп сөгіп жатқандар көбейіп кетті. Садақа бергің келмесе – берме. Ешкім сені күштемейді. Кофеңді де іше бер. Оған ешкімнің таласы жоқ. Бірақ садақаға үндегенді сөкпе. Өйткені садақа біреуге емес, ең алдымен өзіңнің ақыретің үшін. Берсең өз пайдаңа, бермесең өз таңдауың. Бүгін “жұрттан жинап жатыр, дінмен монипуляция жасап” деп сынаған адамның өзі ертең жақыны ауыр дертке шалдығып, емге жүздеген миллион қажет болғанда: “Құдай үшін көмектесіңіздерші…” деп халыққа жүгінері сөзсіз. Өмірдің сынағы кімнің басына қашан келетінін ешкім білмейді. Сондықтан қолыңнан келмесе үндемей өте шық. Қолыңнан келсе жәрдем бер. Ал қайырымдылыққа шақырған жанды жазғырудың қажеті жоқ.

Бұл жерде жалпы жақсылық пен көмектің барлық түрі жайында айтып отырмын. Біреу кезінде сізге көмектеспеген шығар. Елемеген де болар. Бірақ оған бас ауыртпаңыз. Өйткені сіздің мақсатыңыз – адамдардың разылығы емес, Алланың разылығы. Егер жүрегіңізде: “Мен бәрін Алла разылығы үшін істеймін” деген сенім болса, онда кеше сізді елемеген адамның бүгін көмек сұрауы сіздің ықыласыңызды өзгертпеуі керек. Шамаңыз келсе, көмектесіңіз. Ол үшін емес, Алла үшін. Ал ықыласыңыз өзгеріп кетсе онда бұл ықыласқа адамның разылығы араласа бастаған. Нағыз ықылас – адамның қарым-қатынасына емес, Алланың разылығына қарап амал ету. Міне, бұл нағыз жәннатқа лайық адамның сипаты. Алла разы болатын мүміннің сипаты да осы.

Жақсылық жасауға мүмкіндігі бола тұра сараңдық танытатын адамның мәселесі де түптеп келгенде ықыласқа келіп тіреледі. Өйткені ықылас әлсіреген сайын дүниеге деген байланыс күшейіп, адамның көзі дүниемен тұманданады. Сонда ол үлкен игіліктерден қалыс қалып, болмашы ғана жақсылығына мәз болып, өзін ізгі жан санап кетуі мүмкін.

Қазіргі таңда кейбір "оқымыстылар" шариғатта әйелге үй жинау, тамақ пісіру сияқты үй ішіндегі қызметтер міндетті емес деген пікірді насихаттап жүр. Алайда бұл мәселені дұрыс түсіну қажет. Фиқһ кітаптарында қазылық (соттық) тұрғысынан әйелді бұл істерге мәжбүрлеу қарастырылмағаны айтылғанымен, бұл Алла Тағала мен құлдың арасындағы діни міндет емес дегенді білдірмейді. Ханафи мәзһабының үлкен ғалымы Имам Кәсәни р.а былай дейді:
«Егер ер адам әйелін ай сайын белгілі бір ақыға өзіне үй қызметін атқаруға жалдаса, бұл дұрыс болмайды. Себебі үйдің ішкі қызметтерін атқару – әйелдің Алла Тағаланың алдындағы діни міндеті. Өйткені Пайғамбар ﷺ Әли мен Фатиманың (Алла екеуіне де разы болсын) арасындағы жұмыстарды бөліп берген: үйдің ішіндегі жұмыстарды Фатимаға, ал сырттағы жұмыстарды Әлиге жүктеген. Сондықтан міндетті болған іске жалдау дұрыс саналмайды.»
(Имам Кәсәни, «Бәдәәи' әс-Сәнәәи'», 4/192). Демек фиқһтағы «қазылық тұрғысынан міндетті емес» деген сөзді «діни тұрғыдан да міндетті емес» деп түсіну дұрыс емес. Бұл екеуі екі бөлек ұғым. Қазылық тұрғысынан – күйеуі әйелін сот арқылы үй шаруасына мәжбүрлей алмайды. Діни тұрғыдан – ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты. Үй ішіндегі қызметтерді атқару – әйелдің Алла алдындағы міндеттерінің бірі, егер маған міндетті емес деп орындамаған жағдайда күнә болады.

Әрбір қысылған жүректің түбінде Алладан алыстау жатыр. Алламен байланыс әлсіреген сайын, жүректегі бос кеңістік ұлғая береді. “Ал кім Мені еске алудан теріс бұрылса, расында оған тар (қысылған) тіршілік болады…” Таһа сүресі, 124-аят

photo content

Жалғасы: Жалпы өзім де бір кездері осындай қателікке, әдепсіздікке түсетін едім. Бір күні ойланып қалдым: мен 4-5 сыныпта жүргенде осы кісілердің кейбірінің уағыздарын тыңдап, кітаптарын оқитынбыз. Енді келіп аз ғана нәрсе біліп алып, біреуді “ол анадай, мынадай” деп менсінбей айтуым дұрыс па деп ойландым. Содан кейін өзімді тоқтататын болдым. Қате болса қатені айтуға болады, бірақ адамды төмендетіп, жапсырма тағу дұрыс емес. “Иә, ол кісіде мұндай қателік бар деп Муфтият тарапынан айтылады” деп әдеппен жеткізудің өзі жеткілікті.

Кеше ғана діни білімге келген кейбір жас бауырлармен әңгіме барысында: “Ол таза маска киген уахаббист”, нағыз адасқан модернист гүленші”, “Ол қатып қалған нұршы” т.б. деп, сол бір адамдарды жекіп, құны жоқ, қылмескерден бетер етіп, төмендетіп, толықтай жоққа шығарып, менсінбеушілікпен жермен жексен етіп жатады. Иә, егер ақидада қателік болса, белгілі бір топта(гүленші, сүлейменші, нұршы, сәләфи) болса, адамдарға зиянды түсінік таратып жатса оны айту керек. Хақты түсіндіру, қатені көрсету насихаттың бір бөлігі. Бірақ бір нәрсені ұмытпайық, бауырлар. Сол қателігі бар деп айтылатын адамдардың біразы білімімен танылған, халыққа еңбегі сіңгендер. Оны бәріміз білеміз. Сол бүгін менсінбей айтып отырған кейбір жастар өмірге келмей тұрып-ақ, әліппені қолына алмай тұрып дінді елге жеткізуге себеп болған, адамдарға Құранды үйреткен, мешітке жол көрсеткен, талай адамның дінге келуіне себепкер болған кісілер бар. Кейбірінің жазған кітаптары бүгінге дейін оқылып, пайдасы тиіп келе жатқандары бар. Бұл - олардың қателігін ақтау емес, керісінше сондай бір бауырларымды әдепсіздіктен сақтандыру. Ал ол адам үмметке қандай пайда келтірді деп! Сен қандай пайда келтірдің?! Айтқым келгені: иә, қатесі бар адамнан сақтандырыңыздар, бірақ әсірелеуден, менсінбеушіліктен және адамдарды бір ауыз сөзбен төмендетуден сақ болайық. Қанша жерден қателессе де, ол мұсылман адам. Әдептен аспайық. Білім бізге тек ақпарат емес, әдеп, әділдік және кішіпейілділік алып келсін. Неге білімнің шыңына жетіп сол адамдарға хақты жеткізбеске?! Алла елімізді барлық адастыратын жолдардан, әртүрлі елдердер келетін топтардан сақтасын.

Намаз адамды Аллаға жақындатса, сол жақындық оның мінезінен, ісінен және адаммен қарым-қатынасынан көрінуі тиіс. Әйтпесе, дін өмірдің мәніне емес, әшейін тек рәсімге айналып қалады.

Дінді тек ғибадатпен шектейтін намазхандар көбейіп барады: намазын қаза етпейді, алайда саудасында адалдықты, отбасында жауапкершілікті, сауда да адалдықты, ішкен асында халалдықты және мінезінде көркем ахлақты байқамайсың…

Емтихан деп жүріп, өзге каналдарды оқымақ түгілі өз каналым бар екенін де үнемі ұмытып кете беремін, басқа кезде де))😅
Емтихан деп жүріп, өзге каналдарды оқымақ түгілі өз каналым бар екенін де үнемі ұмытып кете беремін, басқа кезде де))😅

жалғасы: “Өз сөзіңмен дұға жасауға болмай ма?” деп сұрайтындар болады. Әрине, өз сөзіңмен де дұға жасауға болады. Бірақ мәселе онда емес. Мәселе Сүннетте келген дұғаларды ысырып қойып, дәлелі жоқ, әсіреленген “құпия әдістерді” діннің бір бөлігі сияқты көрсетуінде барлық проблема…

“Мына дұға потолок, өте тиімді дұға, ерекше дұға” деушілерге: Пайғамбарымыз ﷺ үйреткен дұғаларға қарасаң, адамның дүниесі мен ақыретін, денесі мен жүрегін, ризығы мен үмітін,отбасысы мен қоғамын түгел қамтиды. Сахабалар мен кейінгі көптеген ғұламалар осы себепті Құран мен Сүннетте келген дұғаларды ерекше қадірлеген. Кейбір даналар тіпті: “Пайғамбар ﷺ үйреткен дұғалар тұрғанда, өзімнен құрастырып дұға етуім ерсі” деген мағынадағы сөздер айтқан. Ал бүгін әлеуметтік желіні ашсаң, әртүрлі адамдар ноу-нейм дереккөзбен: “Дұғаны міндетті түрде осылай жасау керек, Мына сөзді 313 рет айтсаң болады, Мына тәсіл ең күшті дұға, Мына құпияны ешкім білмейді, Мына дұғамен бір күнде байыдым” деп айтып жарысуда. Қызығы, көп жағдайда олардың дәлелі де, ғылыми негізі де жоқ. Мұсылман үшін ең қауіпсіз жол ол Алла Елшісі ﷺ көрсеткен жол. Өйткені ол ﷺ Раббысын бәрінен жақсы таныды, дұғаның әдебін бәрінен жақсы білді және үмбетіне ең пайдалы сөздерді үйретті. Жаңа “формулаларды” іздеуден бұрын, өзіміз Пайғамбар ﷺ үйреткен дұғаларды толық меңгеріп алғанымыз жөн.

Аллаға мұқтаждықпен емес, махаббатпен жақындаушылардан болып үлгер🌱

Тіпті ондай Алланың ескертуіне мән бермейтін дәрежедегі адамдардың намаз оқуының өзі күмән тудырады. Бір жақта билеп, секеңдеп, ерсі қылықпен елдің назарын жинап, бір жақта намаз оқу – екеуі бір жүректе оңай тоғыса бермейді.

О Алла, жағамды ұстадым… Бір-екі хиджабтағы қыз TikTok-қа ерсі билеп видео салыпты. Астына біреу: “Нұр” сүресінің 31-аятындағы Алланың әмірі қайда қалды? деп жазған екен. Сосын әлгілер: “тебе что? и что? отвали” сынды сөздермен жауап беріпті. Алла сақтасын… Мұсылман адам Құран аяты айтылса, тым болмаса үндемей қалады. Тым болмаса ойланады… Тым болмаса қорқыныш оянады… Алланың аятынан келген ескертуді пысқырып та көрмеу тым қорқынышты.

Repost from Invintel
Ақпараттық кеңістікте кең тарап жатқан бір проблема бар. Ол проблема екі тараптан жасалуда. Бірі хайп қуып, актив көтеру үшін, әдейілеп, адамдар шыдай алмай пікір жазатындай контент ұсыну. Ол кез келген форматта болуы мүмкін. Негізгі мақсат — охват жинау. Екінші тарап – қарапайым халық. Жазғырудың түрлі формасынан бастап, мазақтап, үстерінен күлу, келемеждеу, сөгу. Біріншісі, өздерінің дүниелік мақсаттары үшін қоғамды бәлеге душар етіп жатыр. Ал екіншілері, өз бастарына бәле тілеп алып жатыр. Яғни, кісінің жеке басын мінеп-сынап, жазғыру арқылы өздеріне сынақ тілеп жатқандай. «Мен ондай болмаймын» деп вызов тастағандай көрініс. Өкінішке қарай, бұл істі халықтың тобырлық санасына сеніп тапсыруға болмайды. Сөзі өтетін, билігі жүретін топтың жөнге салғаны дұрыс. «Үндемеген үйдей бәледен құтылады» P.S. Күнәлі істің, күнәнің өзін сөгу керек. Бірақ адамның өзін сөкпеңдер. الله أعلم

Болмайтын сұрақ қоймаңыздар анонимный хатқа