cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

مشاركات الإعلانات
664
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
-67 أيام
-2630 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Бақытты едік. Ол бақытымызды өзгелердікімен салыстырдық. Енді бақытымыз қайғыға алмасты. Салыстырма. Бақытты өмір сүр.
إظهار الكل...
👍 20 6🔥 3
Photo unavailableShow in Telegram
👍 14
Repost from Orientalist's Notes
Денсаулық… бүкіл адам тілейді, тілімізде жүрген сөз ғой былайғы. Алайда шындап соның қадірін ойлап, бағасын біле бермейміз-ау…
Екі нығмет бар, адамдардың көбі қадірін білмейтін: денсаулық және бос уақыт. (с) Хадис
Олжас Ханафин ағамыздың ауырып қалғаны туралы біріңіз естідіңіз, біріңіз естімедіңіз… Бүгіндікке ой үстінде жүрмін. Ол кісіге қазір біздің салып жатқан тарихшаларымыз, анда жүрген, мұнда жүрген видеоларымыз, фотоларымыз, қандай да бір жетістіктер жасап жатқанымыз еш қызықсыз ғой деп пікірлеймін… рас, ә?! Дәл қазірдің өзінде қанша ойлансақ та, тап ол кісідей қиналмаймыз, себебі өз бойымызда сезе алмаймыз. Әлбетте, Алла саулық берсін, бірақ сәл-сәл кейде өзімізді өзгенің орнына қойып көре білуіміз ләзім. Өзіміз күліп-ойнап, ары қарайғы тіршілігімізді сүре береміз-ау, бірақ өмір атты сапарда сынаққа, қиындыққа тап болмауымызға ешкім кепіл емес. Өмір - өмір болған соң сынағымен келеді, тарам-тарам жолдарымен болады. Хайуани өмір көп насихатталып жатқан дәуірде адамшылығымызды жоғалтпасақ екен. Өзге мұсылман бауырымыз үшін алақан көтеріп бір дұға ете алмасақ, қиындыққа тап болғанында 5-10 тиынмен қолдай алмасақ, хәл-ақуалымыз тым мүшкіл екен. Бір күн кофе ішпей н/е бір күн тәтті жемей, сол қаржыны бауырыңызға жіберсеңіз, алдыңыздан қандай жақсылық боп шығарын білмейсіз… #ОлжасХанафинШипа
إظهار الكل...
9👍 7
Photo unavailableShow in Telegram
Барынша бөлісіп жіберсек, өте маңызды!
إظهار الكل...
15
Біреумен қарым-қатынасыңды үзсең, одан тіліңді де үз. Ол жайлы жаман нәрсе айтпақ түгілі, жаман кейіпте еске алма.
إظهار الكل...
👍 32 12🔥 3
Хадис: Мұсылман адамның көркем мінезінің бір бөлігі - өзіне қатысы жоқ нәрсемен айналыспау. Ғалымдар осы хадистің бір түсіндірмесінде былай дейді: дүниеде (дүние, мал-мүлік) біреумен жарысып, сонымен озуға тырыспау. Қаржылық мақсат қою - дұрыс✅ Оған талпыну - дұрыс✅ Өзіңді біреумен салыстыру - бақытсыздық❌
إظهار الكل...
27👍 6
Офистің жанында роддом бар да. Көп өтемін жанынан. Бөпелерін алып кетуге түрлі машина, музыканттармен улатып-шулатып тұрады. Жалпы жақсы шығар, бірақ ойлаймын да: аз да болса ол жерде нәрестесі шетінеп кеткендер бар, немесе олай алып кетуге шамасы жетпейтіндер бар, мүмкін ажырасып кеткендер бар, нәрестесі сырқат боп туылғандар бар. Солардың көзінше ойнап күліп шулатып кеткен дұрыс емес ау деймін. Олай болмағанның өзінде босанған әйел кісіге де, нәрестеге де дәл ондай у-шу керек емес дәл сол сәтте. Қайта мазаларын алып қоятын шығар. Ондай мейрамды үйге алып келіп ақ жасауға болады ғой. Сондай басқа да адамдардың жағдайын, көңілін ойлап тып-тыныш қана шығарып алып кетсе ештеңе бола қоймас. Тек жеке басымызды ғана емес айналамыздағы адамдарды да ойлай жүрейік, ең болмағанда осындай кішігірім қолдан келетін нәрселерде. Ойда жүрген еді, бөлістім.
إظهار الكل...
39👍 24👏 8
Керемет оқиға оқып шығыңыздар
إظهار الكل...
6👍 3
Ali Tantawi x kazakh lang.pdf3.03 MB
👍 5 5
ЖІГІТТІҢ ЕКІ СИПАТЫ Есегінен ез жігіт құлағанда, жұбатыңдар, аяңдар. Өйткені оның құм боп кетер жігері жылағанда. Тұлпарынан ер жігіт құлағанда, жұбатпаңдар! Ер адам от-жігерін намысына жаниды жылағанда. Мұхтар Шаханов
إظهار الكل...
11👍 8
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.