cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Orientalist's Notes

Автор: Arsen Shadi (Шығыстанушы-арабтанушы) Біз дүниеден өтіп кеткеннен кейін де адамдарға пайда беруін тоқтатпайтын арна болсын! #запискиВостоковеда 동양인의 메모 Бізбен байланысу: www.shadi-courses.kz

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
13 110
المشتركون
-324 ساعات
-507 أيام
-10430 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Үлкен қажылыққа аттанып бара жатқан жандардың ниеттерін, жасайтын құлшылықтарын Алла қабыл етсін. Өте қызығып қараймын! Түсінген адамға үлкен бақыт қой! 😍 Нағыз құлшылықтың вайбын, ауыртпалығын, ең маңыздысы - ләззатын сезетін кез. Ешқандай жұмыс, шаруа, алаңдататын іс болмайды. Тек құлшылықта боласың, жұмысың - тек құлшылық ету. Барып сторис түсіріп, күшті рилстар жасап қайтатын жер емес. Мүмкіндік болса, ешқайда салмаған, жарияламаған абзал. Қайбір жылы жақын досым үлкен қажылыққа барып келді. Үлкен қажылыққа барғанын келген соң ғана білдім. Құлшылықтың тағы бір ерекше дәмі де сол. Тағы бір жақын досымның әкесі осы жылы үлкен қажылыққа аттануда. 1 жыл бойы Дендросаябақта (Шымкентте) таң намазынан соң жаяу жүріп, жүгіріп, өзін рухани да, физикалық тұрғыдан да үлкен қажылыққа дайындады. Ерекше әсерлендім! Ғажап ұлы мақсат! Әрбір әрекетімізді үлкен ететін - артындағы ниетіміз, кім үшін және не үшін жасап жатқанымыз… 🤍🌙 #үлкен_қажылық
إظهار الكل...
112👍 17😍 7🥰 3😱 1
Ғажап пікірлер адамның ойлы екенін көрсетеді, ал үлкен істер оның кім екенін көрсетеді. (с) Теодор Рузвельт #ой_түймекке
إظهار الكل...
179👍 41🔥 8 6🥰 6🕊 3😍 3🤩 1💯 1
Метро. Еуропа тарапынан Азияға өтіп барамыз. Кезекті аялдамадан бір топ жігіт мінді. Қазақ па дедік, алайда қырғыз секілді немесе ұйғыр да болар, алайда көздерінен біз жақтардан келгені белгілі боп тұр. Осында хазырлык (Foundation) оқып жүрген студенттер-ау шамасы. Кенет метродағы бір түрік әйел “Осы ябанжылардан (‘шетелдік’ деген мағынада қолданылады, бірақ тіке мағынасы - ‘бөтен, чужой’) көз ашпайтын болдық” деп қойып қалды әлгі жігіттерді меңзеп. Әлгі жігіттер өзара сөйлесіп тұрған (өз тілдерінде), арасында “ябанжы” деген сөзді айтып қалды бірі, содан манағы түрік әйел айқайға басты: — Гері зекалылар (ақымақ), сендер мені талқылап тұрсыңдар ғой, не айтып жатсың, ябанжы?! Артық шаршадым осы шетелдіктерден. Түркия - түріктер үшін. Құрыңдар өз елдеріңе. Қонақжайлық пәлен-түген дегенді білмеймін, біздің елге келіп алып көз аштырмайтын болды ғой. Ана жақта трамвайға мінсең арабтан көз ашпайсың, мына жақта осылар… Жанымда келіншегім отыр, қатты намысына тиіп кетті-ау түрік әйелдің сөздері, маған қарап: “Жан-жан, ана жігіттерді қорғаңызшы, олардың түрікшелері жетпей тұр” деді. Бір уақытта вагондағы түріктің еркектері араласып, әлгі жас жігіттерге қарап “Не дедіңдер?” деп зіркілдей бастады. Ол байқұстар “Бір шей дейіл, бір шей дейіл (ештеңе емес)” деп жұтынып тұр. Анадолы түріктері - бауыр, бірақ Орта Азиялықтарға қаным қаттырақ тартып кетті де, алға шығып дауысымды максималды түрде жуандатып “Я, абилер, абла” деп тұрып майданға кірдім. — Сіз неге айқай салып жатсыз? Сіздердің бұл жас жігіттерде не шаруаларыңыз бар? Мен, ашығын айтқанда танымаймын бұларды, бірақ олай ырыкчылык (ұлтшылдық, расизм) жасаған мүлдем дұрыс емес. Түркия - түріктер үшін емес, бүтін әлем - адамзат үшін. — Айтпа маған ондайды, Түркия - түріктер үшін… — Аа, түрікшілік керек болса мен де түрікпін! Түрікпін мен! Тап-таза түрікпін! Фаркындайсаныз (біле-білсеңіз), таза түрікпін мен! — Сен түрік емессің! Шаршатып біттіңдер, ябанжылар! Арабы бар, түркімені бар, афғаны бар… — Я, аблажым, күфүретме! Затен, сенің үйіңе кіру үшін келдік пе? Малыңды алдық па? Ақшаңды тонадық па? Өз елімізде ақша табамыз, бұл жаққа тек білім алуға келдік. Мармарада магистрмін. Білім болмаса бір минут та қалмаймын мұнда. Вагондағының бәрі тынышталып қалған, бұл жолы абламыз бен абилер жұтынды. Капалы (хижаб киген), капалы емес әйелдер, құлағына сырға таққан, сырға тақпаған еркектердің баршасының назары бізде. Жаңағы жас жігіттерге зіркілдеп жатқан көке маған келіп: “Башла гөз үстіне, хақлысын! Ренжіме! Ол әйел делі (ессіз), көңіл аударма! Сен окумуш (оқыған) адамсың! Сендерді құрметтейміз!” деп өзгеше әңгіме айтты. Жанымызда отқан бір түрік еркек ‘👍🏻’ деп қояды. Жаңағы әйел әлі бұрқылдап отыр. Ендігі кезекте вагондағы басқа кісілер “Қойсаңшы” деп әйелге қарата тоқтау айта бастады. Ол әйел сол бұрқылдаған күйі метродан түсіп кетті. Басқа-басқа келіншегім мәз! Метродан түскен соң да біраз уақыт өз байымен қалай тамсанғанын ауыз толтырып айтып тауыса алмады. “Түрікше қырылуды қайдан үйреніп алғансыз?” деп прикол тастап қояды…😁 Әлгі метродағы жас жігіттердің бірі келіп көзі жасаурап алғыс айтты әрі кешірім сұрады. Жан-жақтан бәрі жабылып кеткен соң, олар да қобалжып кеткен ғой. Нақты қайдан екенін ұға алмадық, бірақ не де болса бізге жақын екенін түсіндік. Кез-келген жерде нан болмай, еркін жүре алуға адам баласы ретінде құқылымыз. Жоғарыдағы оқиғаны жинап, бір сөзбен атасақ - “Социология” деген атау аламыз. Біз өміріміздің бір бөлігін сүріп жатқан қоғам кейіпі осындай. #ШығыстанушыныңЖазбалары #запискиВостоковеда
إظهار الكل...
260👍 113👏 30💔 13🔥 5😍 5 3🤝 2🥰 1😢 1
Даст ба кор, дил ба йор. Қолыңыз әрекетте, жүрегіңіз Аллаға тәуекелде болсын. (c) Тәжік мақалы “Мен Аллаға тәуекел етіп жатырмын” деп әрекет етпестен жатуға болмайды. #ой_түймекке
إظهار الكل...
👍 146 79🔥 4 2
Өзіңіз, өзіңіздің иманыңыз үшін жасай алатын ең ұлы нәрсе - Аллаға Раббыңыз болғаны үшін құлшылық ету. Яғни, Ол сізге дүниелік бір нығметтер беретіні үшін емес, сізді жаратқан Раббыңыз болғаны үшін. Аллаға шарт қоймастан, құлшылық етуге лайықты Одан басқа ешкім жоқ екенін түсінген хәлде. (с) Azan.ru порталынан
إظهار الكل...
👍 194 124❤‍🔥 27💯 12🔥 3
“Бір кісі махрге кобальт (көлік) сұрапты”, “Бір қыз күйеуінен махрге айфон сұрапты, негізі қымбат, құнды нәрсе сұрау керек дейді ғой, иә?!” “Сіздің ойыңыз қандай?” — Менің ойым, әркім өзі біледі. Біреудің махрге не сұрағанын талқылау - төмен іс. Тәпішке сұраса да, көлік сұраса да бізге не?! Көлік сұрағандарды пікірлерде жарысып талқылап жатады адамдар. Әл.желі ашық боп, адамдар өзгелердің өміріне бас сұға алатын болған соң, жеке шекара қалмағандай. Негізі адамның жеке өмірі - қастерлі нәрсе. Әркімге бас сұққызбаған жақсы. Сондықтан алатын, беретін махрлеріңізді жарияға жар салмаған игі болады. #ой_түймекке
إظهار الكل...
👍 255 91💯 31👏 14🔥 7🏆 6🕊 4
Махаббаттың алдында жазда алыстан көзге шалынған таудай мұнартып, әрқашан екі мақсат тұратыны аян. Оның бірі табиғи тілек те, екіншісі сана мұраты болмақ. Табиғи тілек дегеніміз ұрық, ұрпақ қалдыру жөніндегі соқыр сезімнің жетегі екені түсінікті. Ол қыз бен жігіттің бір-біріне қызығып, құмартуы түрінде білінеді, нәпсіге тіреледі. Ал, сана мұраты жігіттің қыздан немесе қыздың жігіттерден өзімен ойы тең, ақылы сай, бір-бірінің қуаныш-реніштеріне өмір бойы ортақ болысып, мұң шағып, сыр шертіп, шер айтысатын, жанымен жаны үндес адам іздеуі, бірін-бірі шексіз сүйетін жан тауып, соған қосылып, қосылған соң бірін-бірі өле-өлгенше қадірлеп, құрметтеп өтуге ұмтылуы. «Кімнің жаны махаббаттан тән ләззәтімен қоса рухани ләззәт алуға ұмтылса, тек соны ғана адам деп бағалаймыз» дейтін Бальзак. (с) Әзілхан Нұршайықов, «Махаббат қызық мол жылдар» #кітап_нәр_тағылым
إظهار الكل...
199🔥 28👍 20👏 1
Еркектің бақыты да, тақыты да жақсы жар болады, шырағым. Саған айтар ақыл, берер кеңесім, қарағым: өзіңді тапқан анаңды сыйласаң – анау адал жарыңды сыйла. Сенің де анаң бір кезде осындай жас келін боп түсіп, жан ұшырып жүріп, сені дүниеге келтірген. Ана болғаннан кейін дана болған. Адамның екінші қымбаты – арыңды қадірлесең, жарыңды қадірле, қарағым. (с) Әзілхан Нұршайықов, “Махаббат қызық мол жылдар” #кітап_нәр_тағылым
إظهار الكل...
👍 234 117🔥 15 7😍 7❤‍🔥 2👏 2🕊 2💯 2
Бірнәрсе күтпесе өмірінен мән таба алмай кететін адамдар көп. Қазіргі өмірінің басты мәні – келесі айдағы чемпионат, финал, екі боксердің сайысы және т.б. Келесі айға дейінгі өміріндегі басты мән сол. – Не істеп жүрсің? – Сол бір матчты күтіп жүрмін. Оған дейінгі өміріңде еш мән жоқ па сонда…
إظهار الكل...
156👍 42💔 24🤯 9👏 5🔥 4🥰 3 2😱 2🤝 2🐳 1
Өмір бойы тек тұтынушы болып өтіп кетпе. Жаңа фильм қашан шығады, жаңа сериясын асыға күтіп жүрмін, жаңа киім коллекциясына аз қалды, жаңа тренд қашан шығады екен деп әйтеуір болмашы бірнәрсе күтіп өмірің босқа өтіп кетпесін. Тек тұтынушы емес, өндіруші болуға да талпын.
إظهار الكل...
👍 141 41🔥 17👏 10🤩 2🐳 2