cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

Swordsman's Notes

Автор - Kenenbayev Dias Swordsman's Notes Қылышшының жазбалары ملاحظات المبارز Записки мечника

إظهار المزيد
لم يتم تحديد البلدلم يتم تحديد اللغةالفئة غير محددة
مشاركات الإعلانات
264
المشتركون
لا توجد بيانات24 ساعات
لا توجد بيانات7 أيام
لا توجد بيانات30 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

Қазіргі сәт! Автобуста отырмын! Есіктен волонтёр (ерікті) кіріп қайырымдылық жасауға шақыруда. Қалтамдағы тиынымды берейін деп ол кісіге қарап қолымды ұсындым. Қасыма келіп жәшікке ақша салынған кезде маған қарап тұрып: - Сіз “project30” жүргізетін бала емессіз бе?,-деп нұрланған жүзімен қарады Мен еріксіз қуанып кеттім де “Иә” деп күлімсіреп жауап бердім! - “Мен сізге тіркелгенмін ғой” , - деп тағы да күлімдеп үн қатты Осы уақытта бойымда болған қуаныш сезімін айтып жеткізе алмаймын. Кішігірім нәрсе, бәлки қатты кішкентай дүние, бірақ мен үшін өөөтееее ерекше болды. Себебі бүгін көңіл күйім жоқ еді. P.s. Түйін Әрдайым күлімдеп, жүзімізден нұр шашып, тілімізден тек жақсы сөздер, көркем түрде шығып жүрсін. Кім біледі, мүмкін сізге қарап көңіл күйі болмай жүрген адам қуанып кетер… мен сияқты😁
إظهار الكل...
19👍 5🔥 2🥰 2
“Рухани қыр” бес уақыт намаздан бөлек, ең кемі: * Күніне 1-2 бет құран. (Егер түпнұсқада құран оқи алмасаңыз, үйіңізге ең жақын мешіттен құран үйреніп немесе YouTube желісінде тегін құран дәрістерін тыңдап, ұстазға тексертіп алыңыз. * Күніне ең кемі 70 истиғфар (“Астағфирулла” деген ғана сөз) * 10 салауат (Аллаһумма салли ғәлә Мухаммад) уақыт өте көбейте берсеңіз болады. * Бір күн дәріс, бір күн уағыз. Кезек-кезек. (Бір күн тәпсір-хадис яки фиқһ немесе сира сабағы болса, екінші күн уағыз) * Таңғы-кешкі зікірлер. (Бұларды ұмытсам күн-түнім берекесіз өтетініне көзім жетті. 100% гарантиямен айтамын) #рухани_қыр
إظهار الكل...
😍 12 4
Түк те жоспарым жоқ, не істесем болады дейтін бауырларға биылға жеңіл жоспар құрып берейін: * Күніне 15 минут кітап оқу. (Бір айда 450 минут. Бір жылда шамамен 100 сағат оқыған боласыз) * жаңа таныстықтарға жол ашу. (Даму жолындағы руханиятқа толы адамдармен танысу. Бір аптада бір адаммен таныссаңыз, бір жылда 52 рухани дамушы досыңыз болады. Оларды қайдан іздеу керектігін өзіңіз де жақсы білесіз) * Күніне 15 минут конспект жазу. Оқыған кітаптан, әлеуметтік желідегі оқыған жазбалардан, тыңдаған подкаст-уағыз секілді нәрселерге конспект жазу. Күніне 15 минут қана жазу – бір айда 300 беттік бір блокнотты тауысады. Бір жылда 10-ға жуық конспектке толы блокнот. Ал ол өз кезегінде сіз үшін ең құнды да маңызды ақпарат көзі. #тұлғалық_қыр
إظهار الكل...
😍 8
🏷️ Өзгерісті неден бастаймыз? 💡 Рағыд сүресі, 11-аят✓ Бір қауым өзін өзгертпейінше Алла оларды өзгертпейді. 💡 Әрдайым дәретпен жүру. Өмірімізге береке кіргенін қалайтын болсақ әрдайым дәретпен таза жүруіміз керек. Себебі, дәретпен жүріп тілеуіңді Алладан сұрасаң, дұғаның қабыл болу ықтималдығы өте жоғары. 💡 Миды, жүректі тыныштандыру. Өміріңдегі проблемаға негатив толған миыңмен шешім қабылдау 99% қате болады. 💡Жүректі тыныштандыру. Жүректі тыныштандыру үшін зәкір айтамыз. 💡 Шүкір етуді ұмытпау. Шүкір ету - бүкіл проблеманың кілті. 💡 Құран тыңдауды әдетке айналдыр. Шын мәнінде музыка тыңдауға барлығымыз құштармыз. Құранды тыңдағанда нәпсі қарсыласса да, біраз уақыт өткеннен кейін тыныштық табады. 🕋 https://t.me/maktubatkz
إظهار الكل...
🔥 6👍 3 3
Құрбан айт мейрамы құтты болсын
إظهار الكل...
6👍 1
Мен және ҰБТ (2 бөлім) Нәтиже мүлдем мен күткендей болмады. Настроение түскен күйде сыртқа шығып “Қай жерде қате бастым, қай жерде ағаттық жасадым, неге”деген сұрақтарға жауап іздеудемін. Не болсада Кінәні өзімнен іздеу керек. Телефонымды ашып барлық чаттарды архивке, әлеуметтік желілерді бөлек папкаға тықтым. Автобусқа отырып анама хабарластым. Нәтижемді айтқан кезде анам көзіне жас алып, ұрысты. Анаммен сөйлескен сәт болашағыма деген көзқарасты өзгерткен негізгі оқиға. Анамды жұбату үшін өзімнің сенімділігімді көрсеттім. Алдағы 2 айға дайындық жоспарымды айттым. Телефонда көп отыруды қойып, тек дайындаламын деп уәде бердім. Анам маған сенді. Бірақ оқуға ақша іздестіруді бастады. Менің қателігім әлеуметтік желілерді ҰБТ-ға дайындықтан жоғары қойғаным. Бұл қатені қайталамауға кеңес беремін. Ендігі кезекте соңғы мүмкіндігіме дайындығымды бастап кеттім. Негізгі дайындық алдыңғы система бойынша. Қосымша іздену және вниманиені көбірек ҰБТ-ға аудару. Екінші дата 16.06. Бұл жолы да без приключении не обошлось. 2 күн қалғанда қайтадан база ауысты. Қандай сезімде болғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Оқиғалар қайталанып жатқанына қуанып жатырмын😂😅. “Сенің жұлдызды сәтің”деген белгі деп түсіндім Мешіттен бесін намазын оқып, тестілеу орталығына бет алдым. Увереность зашкаливает. Тестілеуге кіріп орныма отырып, компьютерді қостым... Дәл осы сәт өмірімдегі ең бақытты сәттердің бірі болды. Барлығы жаттаған сұрақтарым. Белгілеп жатырмын, белгілеп жатырмын. Қуаныштан көзіме жас келді. 90% сұрақтың дұрыс жауабын нақты біліп отырдым. 30 минут қалғанда бітірдім де қалған уақытта жауаптарымды қарап отырдым. Күмәнданған жерлерді ойланып отырып дұрыс нұсқасын тауып алдым. Тесттің бітуіне 5 минут қалды. Уақытты санап отырмын. Жауаптарды айландырып тексерудемін. Соңғы 10 секундты үнсіздікпен өткізудемін… Уақыт бітті... Нәтижені көргенде эмоциямды байқамай сыртқа шығардым. 35/34 балл. Бұл мен күткен нәтижеден асып түсті. “Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар” Егер соңына дейін оқысаңыз 🔥 қойып кетіңіз
إظهار الكل...
🔥 28👍 4👏 1😢 1
#SBSIMPRO5 بسم الله الرحمن الرحيم Мен және ҰБТ 2020 жылдың күзі. 11 - сынып оқушысымын. Карантиндік жүйе жұмыс істеп тұр. Сабақ оқуды қойдым, хотя был отличноком. Бар ойым тренировка және жарысқа дайындық. ҰБТ деген оңай нәрсе еді. Ешқандай қорқыныш жоқ,режим пофигизма. Мен дене шынықтыруға түсемін деп шешім қабылдағанмын. Тапсыратыным 2 ақ пән : Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы. 140 балл емес, 35 балл. Сол үшін оңай еді. Анам “дайындал” деп көп айтты, ал мен уайымдамаңыз, Құдай қаласа грант деп жауап беретінмін. Күз өтіп қыс келді. Қыста платный ҰБТ өтті. Сұрақтарды көрген кезде қорқыныш сезімі пайда болды. Мен бұрын естімеген сұрақтар... Тарих есімнен шығып кеткенін, оқу сауаттылығы да қиындатып жіберілгенін түсіндім. Грантқа түсе алмай қаламын ау деген ойлар келе бастады. Егер грантқа түспесем анамның бетіне қарай алмайтынымды,менен қатты көңілі қалатынын, “Қәні кезінде балаң үздік еді, ҰБТ дан құлапт” деген әңгіме еститіні туралы ойлар көбейіп кетті. Алайда, ештеңеге қарамастан мен үмітімді үзбедім. Грантқа түспей қалатын вариант “жоқ”деп өзіме айттым. Қалайда түсетініме УВЕРЕН болдым... Неге? Себебі онсыз да қиналып жүрген отбасыма Алланың тағы бір сынақ салмайтынын , грантқа түсіп, степендия алып отбасыма көмектесу мүмкіндігінен айырмайтынын жүрегім сезіп тұрды. Сол сеніммен ҰБТ ға дайындықты бастадым. 1 ай курс оқып; Ютубтан “Dostyq bilim”каналынан; телеграмм каналдарынан дайындалдым. Ең қызығы ҰБТ ға 1 күн қалғанда басталды.Полный база ауысып кеткен, сұрақтар мүлдем басқа, “сливтардан”жаттаған сұрақтардан аз келіп, көп адамдар құлап жатыр.... Сол сәтте мен қателік жасадым. Бар сенімімді, бар үмітімді жоғалттым. Енді не болады деген ой келді. Но өзімді қолға алып, бұйырғанын көремін дедім Таң ертең қобалжу сезімімен ояндым. Таңғы ас ішіп, ҰБТ өтетін жерге бет алдым. Кіріп белгіленген орынға отырып,тестті бастадым... Білмейтін сұрақтар өте көп болды. Дұрыс ойлана алмай, жауабын біліп тұрған сұрақтарға жауап бере алмай қалдым. Уақыт келді, ҰБТ тапсырып шықтым и нәтиже ҚҰЛАДЫМ 26 БАЛЛ....
إظهار الكل...
👍 3😢 1
РАМАЗАНҒА_ЖОСПАР.pdf4.69 KB
17😍 3🔥 2
Іс бастар алдын қорқыныш тақырыбын бастаған кезде бастапқы ой - менің қорқынышым және менің тапқан шешімімнің айналысында өрбуі керек еді. Оқырман дұрыс түсінбейді деп тақырыптан ауытқып кеттім. Ұзақ ойланып, ниетімді дұрыстап бөлісуді шештім! Алланың қалауымен жазда Құранға толық түстім. Яғни Құранды арабша оқып үйрендім. (Қалай, қайдан, неге деген сұрақтар қазір ашылмайды) Арабша оқып үйренгеннен кейін Құранды хатым ету (арабша басынан соңына дейін оқып бітіру) керек. Бірақ мен қорықтым. Неден? - Оқып бітіре алмай қалсам ше? - жарты жолдан тастап кетсем ше? - Бақара сүресі ұзақ қой, соны бітіре аламын ба? - Қаншама ұзақ сүрелер бар Осыдан бөлек қаншама қорқыныш болды. Мен бұл ойдың өзін ойлаудан қорқатынмын. Солай 2-3 ай жүрдім. Дым өзгермеді. Маған бір нәрсені өзгерту керек екенін түсініп жүрдім, бірақ қолым бармайды ғой сол іске. Анау қорқыныштармен бетпе-бет келгім келмейді. Бір кезде Ниет етіп Алладан көмек сұрай бастадым. Өзіме бұлай болмайды дедім! Сол мезетте алдымнан уағыздар, хадистер шығады ғой😄😁 Құран хатым еткеннің пайдасы, сауабы, дәрежесі тағысын тағы. Солай иманым артып ұстазға барамын. Ниетімді айтып, көмек сұрадым. Сөйтсем оп-оңай екен ғой. Ұстазым күніне 2 беттен оқы деді. Үздіксіз, тастамай 2 - ақ беттен оқы деді. Ойлашы 2 - ақ бет. - Еее, осы ақ екен ғой деп, қуанып Құранды оқып бастап кеттім.... (жалғасы бар....)
إظهار الكل...
12👍 3
Телеграмм қалай өзі, пайдалы болып жатыр ма? Дұрыс түсінбей қалмаңыздар, просто реакция аз екен... 🧐(мүмкін бұл нормально) Осы постқа сәл пәл реакция тастап жіберіңіздер, бір көрейін
إظهار الكل...
🔥 43👍 11
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.