cookie

نحن نستخدم ملفات تعريف الارتباط لتحسين تجربة التصفح الخاصة بك. بالنقر على "قبول الكل"، أنت توافق على استخدام ملفات تعريف الارتباط.

avatar

📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА

@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады. 🔝 Канал - @maktubatkz 🔝 Чат - @maktubatchat 🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym

إظهار المزيد
مشاركات الإعلانات
15 516
المشتركون
+324 ساعات
+37 أيام
-10630 أيام

جاري تحميل البيانات...

معدل نمو المشترك

جاري تحميل البيانات...

​​🌙 АШУРА ОРАЗАСЫН НЕШЕ КҮН ҰСТАУ КЕРЕК? Биылғы Ашура күні мүфтият бекіткен күнтізбеге сәйкес 16 шілдеге сәйкес келеді. Осы орайда, мұсылмандар арасында “Ашура оразасын неше күн тұту керек?” деген сұрақ туындайтыны рас. Бүгінгі шағын жазбабымызда осы тақырыпқа қатысты шариғи дәйектемелерді талқылайтын боламыз. ⠀ Ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша, Ашура күні ауыз бекіту – мустахаб. (Бәдә'ис-сана', 2/79) ⠀ Оған дәлел ретінде, әбу Қатада (рахимахулла) жеткізген танымал хадисте Алла Елшісі ﷺ айтады: ⠀ وصيام يوم عاشوراء أحتسب على الله أن يكفر السنة التي قبله ⠀ "Ашура күнгі ораза өткен жылғы күнәлардың кешірімі болады деп Алладан үміт етемін." ⠀ Абдулла ибн Омар (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте Алла Елшісі ﷺ былай деген: ⠀ " إِنَّ عَاشُورَاءَ يَوْمٌ مِنْ أَيَّامِ اللَّهِ فَمَنْ شَاءَ صَامَهُ وَمَنْ شَاءَ تَرَكَهُ " ⠀ "Расында, Ашура Алланың күндерінен болған күндердің бірі. Кім қаласа ораза ұстасын, ал қаламаса, ұстамасын." (Мүслим, 1126) ⠀ Жалпы бұл күні ораза тұтуға қатысты үш түрлі көзқарас бар (Фатхул-Бари, 4/246): ⠀ 1) Тек қана Ашура күні ораза тұту. Ханафи мәзхабы ғалымдарының бір тобының көзқарасы бойынша тек қана Ашура күні ауыз бекіту - мәкруһ (тәнзиһән). (Дуррул-Мұхтар, 2/91). ⠀ Бұл пікірді имам Шурунбулали, Бадруддин әл-Әйни, ибн Әбидин, ибн әл-Хумам, имам Хаскафи (рахимахумуллаһ) сынды ханафи мәзхабының таңдаулы фақиһтары таңдаған. Сондай-ақ, атақты "Фатауа әл-Һиндия" (1/202) кітабында да осылай жазылған. ⠀ Олардың сүйенген дәлелі, Алла Елшісі ﷺ Ашура жайлы хадистерінің бірінде былай деген: ⠀ لئن بقيت إلى قابل لأصومن التاسع "Егер келесі жылы аман болсам, тоғызы күні де ауыз бекітемін." (Муслим, 1134) ⠀ صوموا التاسع وخالفوا والعاشر الیھود "Тоғызы және оны күні де ауыз бекітіп, яхудилерге ұқсамаңдар!" (Мусаннаф Абдурраззақ, 7839; Сунан әл-Кубра, 8404) ⠀ Екінші топ ханафи мәзхабы ғалымдарының пікірінше, тек қана Ашура күні ораза тұту мәкруһ емес. Себебі, бұл күні ораза тұтудың үкімі, жоғарыда баяндағанымыздай, мустахаб. Бұл пікірді ұстанғандар қатарына имам Кәсәни, Әнуар Шах Кашмири, Әбу Зафар Усмани, Абдул-Хақ Дәхләуи (рахимахумулла) секілді атақты фақиһтар мен мухаддистер кіреді. ⠀ 2) Ашураға кейінгі (тоғызы) не алдыңғы (он бірі) бір күнді қосып ұстау. ⠀ Бұл көзқарас яхудилерге ұқсамау туралы жоғарыда баяндалған хадиске негізделеді. Сондай-ақ, Алла Елшісіне ﷺ христиандар мен яхудилердің осы күнді құрметтеп, ораза тұтатыны айтылғанда: ⠀ فَإِذَا كَانَ الْعَامُ الْمُقْبِلُ - إِنْ شَاءَ اللَّهُ ⠀ "Алла қаласа, келесі жылы біз тоғызы күні де ораза тұтамыз" деген. (Муслим, 1134) ⠀ Ибн Аббас (радиаллаһу әнһума) Ашураға дейінгі немесе одан кейінгі бір күнді қосып ұстағаны жеткен, әрі сапарда болса да бұл амалын тоқтатпаған. (Табари, Тәхзиб әл-әсәр, 537) ⠀ 3) Үш күн қатарынан ауыз бекіту. Бұл ибн Хәжәр Әсқалани, ибн Қаюм әл-Джаузия (рахимахумуллаһ) сынды ғалымдардың көзқарасы бойынша, ең дұрыс пікір осы. ⠀ Оған себеп, адам Ашура күнін есептеу барысында жаңылып, бұл күннің сауабынан қол үзіп қалуы мүмкін. Ханбали мәзхабының ғұламасы ибн Қудама (рахимахуллаһ) имам Ахмадтың былай дегенін айтады: ⠀ "Кімде-кім ораза ұстауды қаласа, тоғызы және оны күні ауыз бекітсін. Ал, кім күн санаудан жаңылысса, үш күн қатарынан ауыз бекітсін" (әл-Муғни, 1/441). ⠀ Десе де, кейбір фақиһтар оны және он бірі күні ауыз бекіту бұдан абзал деп санаған. (Мирқат әл-Мәфәтиһ, 4/1412; Имдәд әл-Фәтәуә, 2/118) ⠀ Қорытындылай келе түйіндер болсақ, ⠀ Мүмкіндігінше, бұл күні үш күн қатарынан ауыз бекіткен абзалырақ болады, себебі, бұл ғалымдар таңдаған пікірдің ең дұрысырағы. Оған қоса, үш күн қатарынан ауыз бекіткен адам міндетті түрде Ашурамен кездеседі, әрі бірінші пікірде талқыланған келіспеушілікке ұрынбайды, сондай-ақ, кітап иелерінен өзгешелену туралы айтылған хадиске де амал еткен болып табылады, әрі хадистерде баяндалған сауапқа қауышады. ⠀ Алла Тағала тұтқан оразаларыңызды қабыл етсін!© Жазбаның авторлық құқығы сақталған @oraza_kz
إظهار الكل...
17👍 8
Photo unavailableShow in Telegram
😭 7 1
🌸 «Ашура күні ораза ұстаңдар. Яһудилерге ұқсамау үшін алдында бір күн және кейін тағы бір күн тұтыңдар», – деген. ✍️ имам Ахмад 🕋 https://t.me/maktubatkz
إظهار الكل...
16👍 1
АШУРА ЖАЙЛЫ АЛТЫ ХАДИС Ашура күні – Ислам күнтізбесіндегі таңдаулы даталардың бірі. Осы ретте сіздерге Ашура күнінің артықшылығы туралы алты хадис ұсынамыз. Жазба ұнаса лүпіл басып, достарыңызбен бөлісіңіз. 1️⃣ Әбу қатада Алла Елшісінен жеткізеді: "Ашура күнгі ораза өткен жылғы күнәлардың кешірімі болады деп үміттенемін" (Муслим, 2738) 2️⃣ Әбу Қатада Алла Елшісінен жеткізеді: "Ашура күнгі ораза жыл бойы тұтқан оразаға сай келеді" (Сахих ибн Хиббан, 3631) 3️⃣ Әбу Һурайрадан жеткен хадисте "Кімде-кім Ашура күні отбасына жомарттық жасаса, Алла Тағала жыл бойын оның отбасына береке, молшылық нәсіп етеді" (Шуғабул-иман, 3515; әт-Тарғиб, 2/115-116) 4️⃣ Жәбәлә жеткізеді: Бірде табиғин ибн Шиһаб әз-Зуһримен сапарда болғанымда ол Ашура оразасын ұстады. Жанындағылар "Сіз Рамазанда сапарда болсаңыз ораза ұстамайтын едіңіз ғой" – дейді. Сонда әз-Зуһри: "Себебі, Рамазан оразасы бірнеше күн, ал, Ашура олай емес" деп жауап берді (Шуғабул-иман, 3518; Сияр ғәләмин-нубәлә, 5/342) 5️⃣ Абдулла ибн Аббас айтады: "Алла Елшісінің бірде-бір Ашура оразасы секілді ораза тұтуға асыққанын көрмедім" (Бухари, 2006) 6️⃣ Сахаба Хазірет Әли айтады: "Егер сіз Рамазаннан кейін ораза ұстағыңыз келсе, Мухаррам айында тұтыңыз. Себебі бұл шын мәнінде, Алланың айы. Алла Тағала бұл күні бір халықтың тәубесін қабыл еткен еді, әрі басқа пенделерінің де тәубесін қабыл етеді." (Сунан Тирмизи, 741) 🩸Хафиз ибн Рәжәб осы хадиске қатысты бірнеше риуаяттарды келтіріп, бұл күннің Мухаррам айының 10-ы, яғни, Ашура күніне саятынын айтады. (Ләтәиф-мағариф, 104) Алла Тағала Ашура күнгі құлшылықтарымызды қабыл етсін! © Жазбаның авторлық құқығы сақталған @oraza_kz
إظهار الكل...
👍 21 16🔥 3
Photo unavailableShow in Telegram
Жазда ҚҰРАНҒА түс 🌸 ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ИНТЕНСИВ КУРС Курс жайлы толығырақ 👇 Дәрістер 2 бағытта болады 🌹 Бастауыш топ әріптерді жаттап, тәджуид ережелерін үйреніп, құранға толық түсесіз ☺️ және сізге құран кітап сыйлыққа беріледі 😍 Жалғастырушы топ толық тәджуид ережелерін үйреніп, сүрелерді жаттап шығасыз Аптасына 3 рет: ДҮЙСЕНБІ, СӘРСЕНБІ, ЖҰМА күндері 🌸 Уақыты таңда 1,5 сағат көлемінде өтіледі 🌸 Сіздерге НАДИРА ҰСТАЗ сабақ береді. (Нұр мубарак университетінің магистрі, Таугүл-3 мешітінің ұстазы) Төлем ақысы:34000 тг ✅ Тіркелу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз👇🏻 http://wa.me/77776018109
إظهار الكل...
8👍 1
📚 Алланың сендерге деген махаббаты мен назары сендердің Оған деген махаббаттарың мен зікірлеріңе байланысты. 📖«Сынық құмыра» кітабынан
إظهار الكل...
72😁 6🕊 4🔥 3👍 2
​​🌙 МҰХАРРАМ АЙЫНА ТӘН ТӨРТ ЕРЕКШЕЛІК Мұсылманша жыл басы Мұхаррам айы басталды! Осы орайда Мұхаррам айына тән төрт ерекшелікті назарларыңызға ұсынамыз. ⠀ 1️⃣ Мұхаррам - Құранда баяндалған қасиетті төрт айдың бірі. Алла Тағала Құранда айтады: ⠀ «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі (Зүлқағда, Зүлхиджә, Мұхаррам және Ражәб) құрметті айлар». (Тәубе сүресі, 36) ⠀ 2️⃣ Мұхаррам - Алланың айы әрі бұл айда тұтылған ораза - Рамазаннан кейінгі ең абзал ораза саналады. Сахаба Әбу Зарр жеткізген хадисте: «Түннің қайырлысы – ортасы, айлардың абзалы – Алланың айы болғандықтан мұхаррам» - делінсе, (Нәсәи, 4216) басқа хадисте "рамазан айынан кейінгі ең абзал ораза – Алланың айы мұхаррам айындағысы және парыздан кейінгі ең абзал намаз –  түнгі намаз” деп айтылған (Муслим, 1163) ⠀ 3️⃣ Мұхаррам айының атауы - ислами болып табылады. Имам Суютидің айтуынша, басқа айлардың атауы жәһилият заманында бар еді. Жәһилият заманында мұхаррам айы «сафарул әууәл», ал келесі ай «сафару сани» деп аталатын. Ислам келген кезде, Алла оны «мұхаррам» деп атады, міне, осы себепті бұл айды Аллаға жалғайды. (әд-Дибаж: 3/352) ⠀ 4️⃣ Мұхаррам айының 10-ы - Ашура күні. Бұл күні ораза тұтқан жанның өткен жылғы күнәлары кешірілетіні хадисте баяндалған. (Муслим, 1162) ⠀ ✏ Дайындаған: @oraza_kz
إظهار الكل...
👍 21 11
📚 Алдынан көсе-көлденең шыққан кесел-кесапаттарға қарсы тұрып: «Хасбуналлаһу уа ниғмал уакил», «Алла бізге жеткілікті, Ол қандай жақсы қамқоршы»?, - деп Аллаға сиыну өте маңызды. Сүннетке сай таңғы дұғаларымызда жеті мәрте «Хасбийаллаһу лә иләһә иллә һуә аләйһи тәуәккәлту уә һуә раббул аршил азим» дегенімізде күндіз кездесетін проблемаларды шешетін қамқоршылардың қамқоршысы-Ол екенін жар салып, кеш батқан кезде тағы да дәл сол сөздерді қайталау арқылы түнімізді де шексіз Мейірім Иесіне аманат еткендей боламыз. 📖«Сынық құмыра» кітабынан 🕋 https://t.me/maktubatkz
إظهار الكل...
39👍 19
📖 Социологтардың пайымдауынша ӨЗДІК білім алу уақыты аптасына кем дегенде 18-20 сағатты толтыруы керек. Сонда күндігіне 3 сағат кітап оқып, ілім ізденуді өзіңізден талап етуіңіз керек(:
إظهار الكل...
36👍 7🤯 7🥰 2
📖 Америка Құрама Штаттарының кітап оқу жөнін- дегі комиссиясы 1985 жылғы есебінде баланың білімді, ақылды болып өсуінің жалғыз жолы - ата-аналарының балаларға кітапты дауыстап оқуы деп көрсеткен. Дауыстап оқу жасы кіші балаларға тілдерін дамытуға және сауатты болуға үйретеді екен): 🕋 https://t.me/maktubatkz
إظهار الكل...
👍 44 11👏 4
اختر خطة مختلفة

تسمح خطتك الحالية بتحليلات لما لا يزيد عن 5 قنوات. للحصول على المزيد، يُرجى اختيار خطة مختلفة.