ar
Feedback
fincenter.kz

fincenter.kz

الذهاب إلى القناة على Telegram

✅ Официальный Telegram канал АО «Финансовый центр» ℹ️ Ссылки на наши социальные сети ⬇️⬇️⬇️ https://allmylinks.com/fincenterkz

إظهار المزيد
3 130
المشتركون
+724 ساعات
+557 أيام
+12730 أيام
أرشيف المشاركات
📢 Құрметті студенттер! 📩 Cіздердің стипендия туралы толассыз түсіп жатқан сұрақтарыңызға байланысты мынаны хабарлаймыз: Осы уақытқа дейін стипендия төленбей қалған жағдай болған емес. 🚫 ✅ Барлық төлемдер толық жүзеге асырылады. 📈 Бұл — тұрақты жұмыс істейтін жүйе және ол әрдайым нәтиже береді. 📊 Стипендия бір күнде түспейді: алдымен мәліметтер өңделеді, кейін қаражат бөлінеді, содан соң ғана төлем жіберіледі. ⌨️ Барлығының өз реті бар. Сондықтан күн сайын сұрау, жазу бұл процесті жылдамдатпайтынын түсінулеріңізді сұраймыз. 📆 Стипендия төлемдері әр айдың 30-ына дейін жіберілуі тиіс, бірақ, біз мүмкіндігінше сіздерге қаражатты ертерек жіберуге тырысамыз. ❣️Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет!

🎓 2026 жылғы түлектердің назарына❗️⚠️ «Қаржы орталығы» АҚ 1414 нөмірі арқылы жұмыспен өтеу міндетін мониторингілеуге қатысты
+1
🎓 2026 жылғы түлектердің назарына❗️⚠️ «Қаржы орталығы» АҚ 1414 нөмірі арқылы жұмыспен өтеу міндетін мониторингілеуге қатысты СМС-хабарламалар жібереді. 📅 Күн сайын шілде айы бойы🕒 15:00–19:00 СМС арқылы келісім берсеңіз:✅ Жұмыс орны туралы мәліметтер автоматты түрде алынады;✅ Қағаз құжаттарды тапсыру қажет емес;✅ Құжаттарды тұрақты түрде ұсынудан босатыласыз. ⚠️ Ескерту: «511» коды бойынша жауап беру уақыты – 15 минут. 🎓 Вниманию выпускников 2026 года❗️⚠️ АО «Финансовый центр» направляет СМС-сообщения с номера 1414 для автоматизации мониторинга исполнения обязательств по отработке. 📅 Ежедневно в течение июля 2026 года🕒 15:00–19:00 После подтверждения согласия через СМС:✅ Сведения о месте работы загружаются автоматически;✅ Предоставлять документы в бумажном виде не требуется;✅ Отпадает необходимость регулярно предоставлять документы. ⚠️ Важно: время для ответа по коду «511» — 15 минут.

photo content

📌БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ЖҰМЫСПЕН ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ 📌ПОЛНАЯ ИНФОРМАЦИЯ ОБ ОБЯЗАТЕЛЬНОЙ ОТРАБОТКЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ГРА
+9
📌БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ЖҰМЫСПЕН ӨТЕУГЕ ҚАТЫСТЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ 📌ПОЛНАЯ ИНФОРМАЦИЯ ОБ ОБЯЗАТЕЛЬНОЙ ОТРАБОТКЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ГРАНТА

Білімге бөлінген қаржы тиімді жұмсалып жатыр ма? Елімізде бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына ерекше мән беріліп келеді. Бұл мәселенің білім беру саласындағы өзектілігі орасан. Аталған бағытта жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен қолға алынған бастамалар жөнінде ҚР Қаржы министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Шолпан Утельбаевадан сұрап білген едік. «Бюджеттен бөлінген әр теңге адами капиталды дамытуға бағытталған жағдайда азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімі артады. Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы қаржы ресурстарын тиімді басқарудың мәні де осында. Ең алдымен тиімділік ұғымының мәнін айқындау қажет. Ол қаржыландыру көлемімен шектелмей, ақша айналымын тиімді басқаруды, қаражаттың уақтылы игерілуін және нәтижелердің өзара салыстырмалылығын қамтиды. Осыған байланысты бюджеттік шешім қабылдаудан бастап адамға әсер ететін түпкілікті нәтижеге дейінгі барлық кезеңнің ашықтығын қамтамасыз ететін жүйелік құрылымды қалыптастыру қажеттілігі туындайды», деді Шолпан Ануарбекқызы. Оның айтуынша, білім беру саласындағы қаржыландыру тиімділігі ең алдымен қаражат қозғалысының бүкіл жүйесін дұрыс түсінуден басталады. Айталық, міндеттемелердің қалыптасуы, мәліметтердің расталуы мен төлемдердің жүзеге асырылуы жеткілікті деңгейде айқын болмаса, бюджет процесінің ашықтығы мен болжамдығын қамтамасыз ету қиын. Макаланың толық нұсқасын Егемен Қазақстан газетінің, egemen.kz сайтынан оқи аласыздар. Сілтеме: https://egemen.kz/article/411964-bilimge-bolingen-qardgy-tiimdi-dgumsalyp-dgatyr-ma

Бүгін «Қаржы орталығы» АҚ-да Қоғамның жаңа қызметкерлерін таныстыруға арналған кездесу өтті. Біз үшін әрбір жаңа әріптестің алғашқы күндерден бастап өзін команданың бір бөлігі ретінде сезінуі, ортақ міндеттер мен құндылықтарды түсінуі маңызды. Мұндай кездесулер тек танысуға ғана емес, сонымен қатар ұжым ішінде ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді. Жаңа қызметкерлердің кәсіби тәжірибесі мен құзыреттері біздің командамызды нығайтып, Қоғамның әрі қарай дамуына өз үлесін қосатынына сенімдімін. Әріптестерге сәтті бейімделу, нәтижелі жұмыс және қойылған барлық міндеттердің жүзеге асуын тілеймін.

Сегодня мы провели стратегическую сессию с командой АО «Финансовый центр» по реализации разработанной нами концепции трансформации финансирования сферы образования. Сейчас моя задача как руководителя — не просто держать курс, а настраивать команду на реальную реализацию: через *новое* *мышление*, проактивность, готовность брать ответственность и искать решения там, где раньше казалось, что «это невозможно». Мы говорили о многом: о внутренних ограничениях, о привычке ждать, что кто-то соберёт, подскажет, решит. И о том, что новый этап требует другого качества работы — включённости, инициативы, умения думать шире и действовать быстрее. Отдельный акцент — на использовании ИИ в работе, на новых инструментах, на постановке задач и на моих ожиданиях от команды. Для меня важно, чтобы люди не просто исполняли, а мыслили, предлагали, собирали и усиливали общий результат. Потому что большая трансформация начинается не только с концепции. Она начинается с *команды*, которая готова в неё по-настоящему войти.

Бүгін біз «Қаржы орталығы» АҚ командасымен білім беру саласын қаржыландыруды трансформациялау тұжырымдамасын іске асыру бойынша стратегиялық сессия өткіздік. Қазір менің басшы ретіндегі міндетім — тек бағытты ұстап тұру емес, команданы нақты іске асыруға бейімдеу: жаңа ойлау, проактивтілік, жауапкершілік алу және бұрын «мүмкін емес» болып көрінген жерде де шешім таба білу арқылы. Біз көп нәрсені талқыладық: ішкі шектеулерді, біреудің келіп жинап береді, айтып береді, шешіп береді деп күтетін әдетті. Сондай-ақ жаңа кезеңнің басқа сапаны талап ететінін айттық — қатысушылықты, бастамашылдықты, кеңірек ойлауды және жылдамырақ әрекет етуді. Жеке назар — жұмыста ЖИ қолдануға, жаңа құралдарға, міндеттерді дұрыс қоюға және командадан күтілетін нәтижелерге аударылды. Мен үшін адамдардың тек орындаушы болуы емес, ойлай алуы, ұсыныс беруі, жинақтай алуы және ортақ нәтижені күшейтуі маңызды. Себебі үлкен трансформация тек тұжырымдамадан басталмайды. Ол оған шынайы енуге дайын командадан басталады.

«Қаржы орталығы» АҚ Басқарма төрайымы Шолпан Утельбаева Freedom Holding Corp. ұйымдастырған, цифрлық экожүйелердің болашағына арналған Freedom Inside форумына қатысты. Бір алаңда бизнес өкілдері, инвесторлар, технологиялық көшбасшылар мен акционерлер жиналып, экожүйелердің экономика мен күнделікті өмірді қалай өзгертіп жатқанын талқылады. Цифрлық инфрақұрылымды дамыту, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ тұрақты өсудің жаңа тәсілдері мәселелері қарастырылды. Осындай форумдарға қатысу тәжірибе алмасуға, өзекті күн тәртібінің ортасында болуға және алдағы дамуға деген көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бүгін бүкіл жүйе үшін маңызды бағыт — жоғары оқу орындарымен цифрлық өзара іс-қимыл бойынша жұмыс кеңесін өткіздік. Диалог мазмұнды, эмоцияға толы әрі шынайы өтті. Адамдар өз ісіне бейжай қарамаса, ол бірден сезіледі. Әсіресе, түрлі пікірлер мен талқылауларға қарамастан, біз ең басты мәселелерге тоқталдық: сапаға, шешімдердің жүйелілігіне және шын мәнінде жұмыс істейтін заманауи, түсінікті әрі қолайлы үдерістерді қалай қалыптастыру керектігіне назар аудардық.

Министерство финансов РК публикует открытые данные — информацию для свободного использования, анализа и создания сервисов. Сейчас доступно 86 наборов на data.egov.kz, которые регулярно обновляются. 🗓 С 6 по 16 апреля 2026 проходит опрос пользователей Примите участие: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=6983 Ваше мнение важно 💬

ҚР Қаржы министрлігі ашық деректерді — сервистерді еркін пайдалану, талдау және құру үшін ақпаратты жариялайды. Қазір data.egov.kz 86 жиынтық бар, олар үнемі жаңартылып отырады. 🗓 6 сәуірден 16 сәуірге дейін 2026 пайдаланушы сауалнамасы өтеді Қатысу үшін: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=6983 Сіздің пікіріңіз маңызды 💬

Бүгін Директорлар кеңесі комитетінің бетпе-бет отырысы өтті. Отырыс барысында "Қаржы орталығы"АҚ тұрақты және тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ішкі сипаттағы мәселелер қаралды. Қатысушылар ағымдағы ұйымдастырушылық аспектілерді талқылады, сондай-ақ жұмысты одан әрі дамытуға және жетілдіруге ықпал ететін бірқатар шешімдер қабылдады. Отырыс қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді іске асыру бойынша одан әрі қадамдар айқындалды.

Repost from Қаржы Channel
Қаржы министрлігінің алқалы жиынында бизнеске қолдау көрсету мен цифрлы шешімдерді енгізу жолдары талқыланды Қаржы министрліг
+6
Қаржы министрлігінің алқалы жиынында бизнеске қолдау көрсету мен цифрлы шешімдерді енгізу жолдары талқыланды Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп, оған ҚР Премьер-министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Қаржы министрі Мәди Такиев, ҚР ҚМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы Жақсыбек Күлекеев, сондай-ақ ведомствоның басшылық құрамы қатысты. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы цифрландыру, бизнесті қолдау және бюджет қаражатын тиімді басқару жөніндегі берген тапсырмалары мен міндеттерін іске асыру мәселелері қаралды. Толығырақ   🔹Telegram / Instagram / Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі