cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Спорт жайлы

Қазақстан және әлем спорты жаңалықтары! Жаңалық. Трансфер. Голдар! Жарнама бойынша - @ualikhan_kossanbay

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
3 974
Obunachilar
-7424 soatlar
+737 kunlar
+5830 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Photo unavailableShow in Telegram
🔥 Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалына шықты. 🇰🇿 Қазақстандық теннисші (#4) 1/8 финалда 🇷🇺ресейлік Анна Калинскаяны (#18) жеңді. Елена 6:3, 3:0 есебімен жеңіп жатқан болатын, ресейлік теннисші жарақатына байланысты жалғастырудан бас тартты. t.me/sportzhaily
Hammasini ko'rsatish...
5
Photo unavailableShow in Telegram
Ал, сүйінші 🔥 Мейрамбек Олимпиадаға баратын болды 🇰🇿 Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасында бақ сынайды. Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) Қазақстан ҰОК-ке жолдаған ресми хатында белгілі болды.  ✔️ Ресей балуандары Олимпиададан бас тартқан соң, жолдамалар қайта үлестірілді. Осылайша, қазақстандық Мейрамбек Қартбай Олимпиада жолдамасына ие болды.
Hammasini ko'rsatish...
👍 11🔥 3 1🥰 1👏 1
Photo unavailableShow in Telegram
57 килоның лицензиясы Мейрамбекке берілмейтін сияқты Ресей құрамасы Олимпиадаға қатыспайтын болғандықтан, 57 килоның жолдамасы Мейрамбек Қартбайға беріледі деп күтілген. Алайда бүгін ирандық Милад Вализадеге берілетіні жайлы ақпарат шықты. t.me/sportzhaily
Hammasini ko'rsatish...
👍 2
🏆 QFL Лига кубогының 2-турынан кейінгі турнирлік кесте. 💚 Қай клубқа жанкүйерсіз? 🗓 3-тур ойындары 19-21 шілде күндері өтеді. t.me/sportzhaily
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
🚨 "Тобыл" мен "Ақтөбе" жазаланды. ❤️ Ақтөбеліктерге 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, 3 ай сынақ мерзімінде көрерменсіз 1 матч өткізеді. ❎ Ақ-қызылдардың жанкүйерлері матч кезінде ресми тұлғаларға түрлі заттар лақтырып, қарсылас командасыға әдепсіз сөздер айтқан. 💚 "Тобылға" 221 520 теңге көлемінде айыппұл салынды. ❎ Ойынға Әлімжан Қалдияров қатысқаны үшін осындай жаза қолданылды. Егерде осылай тағы қайталанса командадан ұпай алынады. Естеріңізде болса Әлімжан Қалдияровқа бір жыл көлемінде матчтарға қатысуға рұқсат жоқ. t.me/sportzhaily
Hammasini ko'rsatish...
🔥 10👍 3 1
Photo unavailableShow in Telegram
Тағы бір жолдама! ✅ Еркін күрестен 57 келі салмақта өнер көрсететін Мейрамбек Қартбай олимпиада лицензиясын жеңіп алды. 🇰🇿 Еркін күрестен 4 жолдама болды: 57 келі: Мейрамбек Қартбай 86 келі: Азамат Дәулетбеков 97 келі: Әлішер Ерғали 125 келі: Юсуп Батырмұрзаев t.me/sportzhaily
Hammasini ko'rsatish...
👍 12🔥 1👏 1
🇰🇿Париж Олимпиадасына жеңіл атлетикадан қазақстандық спортшылар 8 лицензия жеңіп алды. 6 қыз, 1 ер қатысады. Дэйзи Джепкемей екі сында жүлдеге таласады. 1️⃣ Жанна Мамажанова - марафон 2️⃣ Нора Джеруто - 3000 метрге кедергілермен жүгіру 3️⃣ Надежда Дубовицкая - биіктікке секіру 4️⃣ Елизавета Матвеева - биіктікке секіру 5️⃣ Ольга Сафронова - 200 метрге жүгіру 6️⃣ Дэйзи Джепкемей - 3000 метрге кедергілермен жүгіру 7️⃣ Дэйзи Джепкемей - 10 км-ге жүгіру 8️⃣ Давид Ефремов - 110 метрге кедергілермен жүгіру Кімнен жүлде күтесіздер
Hammasini ko'rsatish...
👍 8
Photo unavailableShow in Telegram
⚡️ Қазақстан боксы IBA-дан кетуі керек – Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, танымал боксшы Геннадий Головкин Қазақстан бокс федерациясының Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) құрамынан шыққанын қалайды. Бұл туралы Reuters-ке берген сұхбатында айтқан. ⚠️ IBA ұйымын қазір ресейлік Умар Кремлев басқарады. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) бұл ұйымды парақорлық пен кей әрекеттері үшін айыптап, ресми серіктес деп танымайды. 2020 жылдан бастап олимпиадалық іріктеу мен жарыстарды өздері ұйымдастыра бастады. ⛔️ Осы жылдың мамыр айында ХОК IBA жарыстарына қатысатын елдің құрамалары 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатыстырылмайды. 📌 Геннадий Головкин Қазақстан бокс федерациясына IBA-дан шығып, ХОК ресми ұйым ретінде тануға шақ тұрған World Boxing құрамына қосылуға кеңес береді.
«Біз өз тарапымыздан ҚБФ-ны World Boxing ұйымына кіруге үгіттейміз, ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бірақ, ҚБФ-ның таңдау құқығы бар. Шешімді өздері қабылдайды. Құқықтық тұрғыдан мен оларға қысым көрсете алмайм», - деді Головкин.
Бүгінде World Boxing ұйымына Аустралия, Аргентина, Барбадос, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Гондурас, Дания, Доминика Республикасы, Канада, Моңғолия, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Панама, Перу, Сингапур, АҚШ, Франциялық Полинезия және Швеция кіреді. t.me/sportzhaily
Hammasini ko'rsatish...
👍 10🔥 3👏 2
Photo unavailableShow in Telegram
🗣️“Франция Еуропа чемпионы атанады” - Черчесов Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Станислав Черчесов Еуро ойындарына болжам жасады.
Финалға Франция мен Англия құрамалары шығады. Француздар чемпион атанады, - дейді ресейлік маман Матч ТВ-ға берген сұхбатында.
🏆 Жартылай финал ойындары: 🇪🇸 Испания – Франция 🇫🇷 ⏰ 00:00 | 09.07. 🇳🇱 Нидерланд – Англия 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 ⏰ 00:00 | 10.07.
Hammasini ko'rsatish...
😁 13👍 4🔥 1
Photo unavailableShow in Telegram
🏆 Еуроның жартылай финалистер белгілі болды: 🇪🇸 Испания – Франция 🇫🇷 ⏰ 00:00 | 09.07.2024 ж. 🇳🇱 Нидерланд – Англия 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 ⏰ 00:00 | 10.07.2024 ж. t.me/sportzhaily
Hammasini ko'rsatish...
Boshqa reja tanlang

Joriy rejangiz faqat 5 ta kanal uchun analitika imkoniyatini beradi. Ko'proq olish uchun, iltimos, boshqa reja tanlang.