cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Тиімді Қазақстан

Күнделікті шығындар мен бюджетті үнемдеуге сауатты көзқарас қалыптастыратын арна. Ең қажетті ақпараттар бекітілген жазбада.

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
1 971
Obunachilar
-124 soatlar
+57 kunlar
+25230 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Жөндеу жұмыстарын бастап жатқандар болса, біздің арнада пікірлер бөлімінде оқырмандарымыз өз тәжірибелері мен ұсыныстарымен бөліскен 3 пайдалы сауалнама бар. • Жалпы кеңестер: дүкендер, бригадалар, жиһаздар, техника. Оқу. • Пәтерді жөндеуге қанша ақша бөлу керек? Оқу. • Заманауи жөндеудегі тиімсіз шешімдер. Оқу. Осы жазбарың астына да кеңестеріңізді қалдыра аласыздар👇
Hammasini ko'rsatish...
👍 12🔥 5🥰 1
Жалға берілетін электросамокаттарға шолу (оқырманымыздың жеке тәжірибесі): JET + Автотұрақ көп; + Бір күндік тиімді тариф (40 минуттан 15 сапарға 5490₸); + Самокаттары жаңа (сондықтан қымбат сияқты); + Шамы жақсы; + Қолдау қызметі уақытылы жауап береді; + Кейде жазылымдарға жеңілдіктер болады. Минустары: - Қосымшада ақау жиі болып тұрады (сондықтан минуттар босқа кетуі мүмкін); - Минуттық тарифі қымбат; - Ақшаны бір минутқа ерте есептейді (яғни, 02:01 3-ші минут болып саналады, бұл — 135₸) - Сапар үшін депозит (сондықтан аяқталуы ұзақ); - Төлем Kaspi арқылы болмаса, депозитті қайтару ұзақ уақыт алуы мүмкін; - Сақтандыру сомасы шағын ғана (денсаулыққа келтірілген зиян үшін 400 000₸ дейін). Рейтинг (менің пікірім): 4,5/10. _____________________________ WHOOSH + Ең арзан минуттық тариф (30-35₸); + Депозитсіз; + Сақтандыру сомасы үлкен (денсаулыққа келтірілген зиян үшін 2 000 000 ₸ дейін, 3-ші тұлғаға мүліктік зиян үшін 600 000 ₸ дейін); + Қосымшасы жақсы жұмыс істейді; + Адалдық бағдарламасы бар (кешбэк 2-4-7-10% және жазылымдар сыйлыққа беріледі) + Жазылымдары ең төмен бағада; + Ақшаны бір минутқа ерте есептемейді (02:59 әлі де 2 минут болып саналады, яғни — 60-70₸). + 60 минуттық пакеті Jet-тен арзанырақ. Минустары: - Jet-ке қарағанда тұрақ саны аз; - Jet-пен салыстырғанда шам қуаты әлсіз; - минуттық пакеттері қолайсыз; - Жүру аймағы Jet пен Яндекске қарағанда кішірек. Қорытынды: ең арзан самокат, жиі қолданамын, көңілімді қалдырған кезі болған емес. 8/10ірім): 4,5/10. ____________________Яндекс + Жүру аймағы үлкен; + Самокаттар саны көп; + Жоғары сапалы самокаттар; + Депозит жоқ; + Қосымшада ақаулар жоқ; + Сақтандыру сомасы ең қомақты (денсаулық бойынша 2 000 000 ₸ дейін, басқаның мүлкіне зиян келтіру бойынша 1 200 000 ₸ дейін); + Яндекс ұпайларын жинап (5%), сонымен төлеуге болады; + 490₸ тұратын ай сайынғы жазылым бар (20% жеңілдік). Jet-тен арзанырақ шығады; Минустары: - Минуттық тарифі ең қымбат (жазылымсыз); - Минут пакеттері қымбат; - Jet сияқты ақшаны бір минутқа ерте есептейді. Қорытынды: жиі қолданбаймын, бірақ керек кездерде көмегі тиеді. 6,5/10. Бұл алматылық оқырманымыздың тәжірибесі. Жазылғандармен келісесіз бе? Сіздің жеке рейтингіңіз қандай?
Hammasini ko'rsatish...
👍 17🆒 2👎 1🔥 1
Естеліктер көзіме түсіп кетті 👀 Менің балалық шағымдағы Fairy жарнамасы. Эээх, қазір мұндай жарнама таппайсың ғой 😢 Ал сіздің есіңізде қандай жарнама қалды?
Hammasini ko'rsatish...
😁 16👍 2 1🔥 1🥰 1
👍 6🔥 2
Тұрмыстық тауарлар мен жеке гигиена тауарларын сатып алудың тиімді жолы 👇 Өткен жұмада арнада Procter&Gamble ұсынатын науқан жайлы жазба болған еді, біз науқан аяқталды деп ойлағанбыз (түрлі тауарларға 50-100% кешбэк). Көптеген тауарлар бойынша науқанды 30 маусымға дейін созған екен. Бірден лайфхактарға көшсек: аталмыш тауарларға промокодтар арқылы онлайн супермаркеттерден тапсырыс берсеңіз, қосымша 20-50%-ға арзанырақ болмақ. Оған қоса карталар бойынша кешбэк бар. Сонда үш есе пайда табуға болады 🔥 1-қадам. Кешбэкті балансыңызға алу (барлық қалалар): • Кез келген Ariel кір жуғыш ұнтағы — 50% (макс. 6500₸). Толығырақ. • Кез келген Tide кір жуғыш ұнтағы — 50% (макс. 6500₸). Толығырақ. • Gillette Mach3 Charcoal ұстарасы (көмір) — 50% (макс. 5500₸). Сыртқы түрі қандай? • Әк қағын немесе майды кетіруге арналған Mr. Proper спрейі — 100% (макс. 2000₸). Нақты қайсысы? • Naturella төсеніштері — 100% (макс. 3000₸). Нақты қайсысы? • Төсек жабдықтарына арналған Lenor мата жұмсартқыштары — 50% (макс. 1450₸). Толығырақ. • Ыдыс жууға арналған Fairy құралы — 30% (макс. 600₸). Нақты қайсысы? • Едендер мен қабырғаларды жууға арналған бардық Mr. Proper сұйықтықтары — 50% (макс. 1000₸). Түбіртекті жіберу. Ережелер: Түбіртекті сатып алғаннан кейін 14 күн ішінде жіберу керек. Әр тауар үшін тек 1 рет кешбэк алуға болады. Бір түбіртекте бірнеше науқандық тауарлар бола алады (түбіртекті тек бір рет жіберіңіз, барлығы үшін бірден есептеледі). Оқырман кеңестері 👉 мына мақалада. 2-қадам. Аталмыш тауарларға онлайн супермаркеттер арқылы тапсырыс береміз (Алматы, Астана, Шымкент, жеткізу тегін): • Arbuz.kz (Алматы, Астана) — F-291424 промокоды бойынша 11 000₸ басталатын бірінші тапсырысқа 3000₸ жеңілдік + тегін жеткізу. Қатардағы қолданушылар үшін nazarbekova2024 промокоды арқылы 10 000₸ басталатын тапсырысқа -2000₸ жеңілдік. • Airba Fresh (Алматы) — 7SK7 промокоды бойынша 10 000₸ жоғары бірінші тапсырысқа -4000₸. GSQ2 промокоды 10 000₸ басталатын кез келген тапсырысқа 2000₸ жеңілдік береді. • ryadom.kz (Алматы) — PF-YBBSSSBK промокоды бойынша 4000₸ басталатын бірінші тапсырысқа -2000₸. Қатардағы пайдаланушылар үшін PC-AJF69MR промокоды бойынша 4000₸ басталатын тапсырысқа 1000₸ жеңілдік. • Small (Алматы, Астана) — Wolt арқылы 8500₸-ден басталатын кез келген тапсырысқа 30% жеңілдік. KAZFREE1 промокоды жаңа пайдаланушыларға 1500₸ жеңілдік береді (500₸-ден 3 рет). Forte карталарымен төлесеңіз, тағы +5% кешбэк. Сондай-ақ Kaspi-дегі «Науқандар» бөлімінен жекеленген ұсыныс бар-жоғын тексеріп көру керек: Kaspiдүкен арқылы Magnum-нен 10 000₸ басталатын тапсырыс беру кезінде 2 немесе 3 мың бонус беріледі (Алматы, Астана, Шымкент) . Барлық супермаркеттердегі электронды түбіртекті «тапсырыстар тарихы» бөлімінен жүктеп алуға болады. 3-қадам (барлық қалалар): супермаркеттер мен жеткізу кезінде тиісті карталармен төлем жасау арқылы картаға тағы 5-10% кешбэк алуға болады. Толығырақ. 4-қадам (барлық қалалар): аталмыш әдістерді 18 жастан асқан отбасыңыздың басқа мүшелері пайдалана алады. https://t.me/tiimdiqazaqstan
Hammasini ko'rsatish...
14👍 9👌 1
Біздің чаттағы осындай хабарламалар үлкен көлемде өшірілуде. Бір қарасаң, тиімді ұсыныс сияқты, бірақ шындап келгенде, бұл Telegram-аккаунтты тартып алудың жаңа әдісі. 1 тәсіл: "тегін курстарға" қолжетімділік алу үшін сізге сайтқа сілтеме жібереді, онда телеграм арқылы тіркелу керек. Сіз келген кодты енгізгеннен кейін аккаунтыңыз алаяқтардың қолына түседі. 2 тәсіл: сізге "курстары" бар деген желеумен ішінде зиянды файлдар бар zip-папка жібереді. Дәл осындай хабарламаларды басқа TG-арналардың чатынан да таптық.
Hammasini ko'rsatish...
👍 22🔥 3
Онлайн шағын қосымша табыс Біздің модератор телефон теңгерімінде 3500₸ алған 👆Яндекс Іздеуде рефералды жүйе пайда болды — әркім өз сілтемесін достарына жіберіп, әр жолдама үшін балансында 500₸ ала алады (досы да 500₸ алады). Рефералдардың санына қандай да бір шектеулер жоқ. Нұсқаулық: Алдымен 👉 мына сілтеме бойынша балансыңызға 1200₸ ала аласыз. Ол бір апта ішінде түседі, бастысы бәрін дұрыс жасап, іздеу жүйесін пайдалану керек. Қажет болса, біздің Instagram-да екі бейне нұсқаулық бар: Android үшін | iOS үшін. Бұрын осы немесе басқа бонус алған болсаңыз, бұл қадамды өткізіп жіберсеңіз болады. Әрі қарай өз рефералды сілтемеңізді алыңыз. Ол үшін: 1. https://yandex.kz/ сайтына кіріңіз (компьютерден немесе телефоннан, айырмашылығы жоқ) 2. Телефон нөміріңіз бойынша тіркеліңіз («Профиль» батырмасын басыңыз). 3. Өз профиліңізге өтіңіз 4. «Іздеу серіктесі (Партнер Поиска») басыңыз → Сілтеме → Көшіру. 5. Нені басу керектігін таппасаңыз, бірінші пікірге скриншоттар жібердік. Пікірлер бөлімінде өз сілтемелеріңізбен бөлісе аласыздар 👇 Маңызды ақпарат: досыңызға да, сізге де 500₸ түсуі үшін ол бір апта бойы іздеу жүйесін пайдалануы керек. https://t.me/tiimdiqazaqstan
Hammasini ko'rsatish...
👍 23 3 1👎 1
Temu-ды ары қарай зерттеудеміз. 8187₸-ге 7 тауар 👍 Сыйлықтар жайлы: қосымшаны жүктегеннен кейін сізде басты бетте «Сізге арналған 3 тегін сыйлық (3 бесплатных подарка для вас)» бөлімі болады. Оның мәні мынада, сізге 7 тауар таңдау керек, ал оның 3-і 0₸ болмақ. Тек ұсынылған тізімнен таңдауға болады. Алдымен сыйлықты таңдайсыз, сосын себетке тағы 6 зат қоссаңыз, соның жалпы 3-еуі тегін болады. Біз тауарлардың бір бөлігін көрсету үшін экран жазбасын жасадық. Мысалы: сыйлыққа алдымен ас үй шаңсорғышын (вакууматор) таңдадым, сосын себетке рюкзак, триммер, маникюр жинағы, смарт-білезік, 30х60 см көлеміндегі көліккк арналған үлкен микроталшық шүберек, 10 жұп шұлық салдым. Сосын білезік пен шүберек 0 теңге деп шықты. Толық себеттің құны 8187₸-ге шықты. Әрі жеткізу тегін. Қосымшаны жүктеп алғаннан кейін 24 сағат ішінде тапсырыс беру керек. Temu-ды ары қарай зерттейік пе? 🔥 — кеттік 🌚 — жеткілікті
Hammasini ko'rsatish...
🔥 52👍 2
Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Temu-ға шолу дайындап келдік 🔥 Ол туралы не білдік: бұл PDD Holdings компаниясына тиесілі қытайлық маркетплейс. Штаб-пәтері АҚШ-та болса да, барлық өнімдер Қытайда өндіріліп, қапталып, жөнелтіледі. Яғни, нақтырақ айтқанда бұл Pinduoduo сияқты, бірақ сыртқы нарыққа арналған маркетплейс. Ерекшелігі мынада, маркетплейс арзан тауарлар сатуға арналған: шағын электроника, киім, аксессуарлар, тұрмыстық заттар және т.б. — 90% заттардың құны 20$-дан төмен. Бағалары қандай: біз Temu-дағы 6 ҮЗДІК-тауарды алдық және оның 4-еуі Pinduoduo-да арзанырақ болды, тіпті жеткізу құнын есептеген күннің өзінде де. Temu-да бағасы арзан болған екі зат жаппай сатылымда тұрған еді. Сондықтан, PDD-да үнемі арзан деуге келмес, бірақ көп жағдайда солай. Бір қызығы мынада: қосымшаның жаңа пайдаланушылары 45 000₸-ге купондар ала алады (сілтеме мында). Олардың бірі 50% жеңілдік береді — 24 000₸ тапсырыс берген кезде себет 12 000₸ тұрады + жеткізу тегін (қосымшаны жүктеп алғаннан кейін алғашқы 24 сағатта тапсырыс берсеңіз). Осыны ескере отырып, тапсырыс Pinduoduo-дан арзанырақ немесе дәл сол бағамен шығуы керек. Сондай-ақ жаңа пайдаланушыларға кейде сәттілік дөңгелегін айналдыру ұсынылады. Бізге 7 затқа тапсырыс берсек, 3 тегін сыйлық беретін тұсы түсті. Сыйлықтар тек тізімнен: төсек-орын жабдығы, қуаттағыштар, киім және т.б. Егер себетке арзан заттар салсаңыз, тиімді шығады. Артықшылықтары: • Пайдалану ыңғайлылығы (интерфейсі орыс тілінде), біздің нөмірлер арқылы тіркеліп, ҚР карталарымен төлеуге болады. • 139express курьерлік қызметі арқылы 2500-5000₸ басталатын тапсырыстарға есікке дейін тегін жеткізу (14-25 күн) • Тапсырыстар расымен жеткізілді, соңғы сауалнамада алаяқтық туралы шағымдар болған жоқ. Кемшіліктері: • PDD-ге қарағанда ассортименті аз. Біз Deerma шаңсорғышы мен Soocas суарғышын таппадық. • Неге екені белгісіз тапсырыс бергенде ЖСН сұрайды. • Көптеген тауарлар арзан болғандықтан, сапасы да соған сәйкес. Сондықтан рейтингі жақсы, пікірлері бар тауарларды ғана алған дұрыс (кемінде 4,5). Қорытынды: алғашқы ретке тапсырыс беріп көруге болады деп ойлаймыз, өйткені жаңа пайдаланушылар үшін тиімді науқандар бар. Әсіресе, Pinduoduo-ны меңгермеген болсаңыз. Арзан бағадағы көптеген ұсақ-түйектерге тапсырыс берсеңіз, тиімді болмақ . Қолданбаны жүктеу |
Hammasini ko'rsatish...
👍 19🔥 7
👍 8🆒 2👏 1