cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Аударгазм

Ағылшын, орыс тілдерінен қазақшаға аударудың сәтті мысалдары

Ko'proq ko'rsatish
Qozog'iston3 527Qozoq1 464Toif belgilanmagan
Reklama postlari
760
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
Ma'lumot yo'q7 kunlar
Ma'lumot yo'q30 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Гитараны 90-жж. көшеде жүріп, братандардан үйренгендердің соңғы буыны мен болармын. Ескі жаңқа гитараларды дыңғырлатып жүріп, ең алғаш Нұржан деген 1974-ші жылғы марқұм көрші братан бар еді. Сол "турникмен", "стритворкаут" деген сәнді сөздер шықпай тұрып-ақ, турниктің құлағында мықты ойнайтын, "силовойға" қарғып мініп, айнала ойқастағап, айнала шұбырған майдапаш бізді тәнті ететін. Қарулы, әрі әнге жақын, Нұржан аға деп барсаң, ешқашан кішісініп кет демейтін, өзі музыка мен балаға үйірсек, жігіт болды. Сол маған КСРО құлдыраған кезеңде жұлдызы жанған Игорь Тальков, А-студио, Евгений Куликовтар мен бірге қазақтың көше әндерін қатар үйретті. Қазір қазақшаға ағылшын қосу сән болса, "Американ бой, уеду с тобой", "Рашн гёл, рашн гёл", "Фортуна дай мне шанс прошу, еврибади данс виз ми энд ю" - деп қойып Ағылшын тілінде бір-екі ауыз сөз қосып айту мәдениет сахнасындағы жаңа төңкерісті, темір перденің қақырап тұрып жыртылғанын айшықтаған басты нышандар еді. Сондай әндердің бірі —мен гитарамен сүйемелдеп үйренген алғашқы ән, — Куликово" тобының "My little girl" атты әні еді. https://youtu.be/y4Lebr13sSE
Hammasini ko'rsatish...
Евгений КУЛИКОВ и группа Куликово поле "My little girl"

Евгений КУЛИКОВ и группа "Куликово поле" "My little girl" (Моя маленькая девочка) муз. Василий Фигаровский, сл. Евгений Куликов Фрагмент сольного концерта Театр Эстрады (1993 г)

Hammasini ko'rsatish...
Евгений КУЛИКОВ и группа Куликово поле "My little girl"

Евгений КУЛИКОВ и группа "Куликово поле" "My little girl" (Моя маленькая девочка) муз. Василий Фигаровский, сл. Евгений Куликов Фрагмент сольного концерта Театр Эстрады (1993 г)

Photo unavailableShow in Telegram
Күшті ғой иә?
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Помню обсуждалось еще 13 лет назад приветствие "I see you". " Сені көріп тұрмын" .В первом фильме сами На'ави используют его как нейтральное приветствие. Қазақша "сені жақсы көрем" - что угодно, но не приветствие. В сиквеле продюсер устами Джейка Салли (который полуамериканец) говорит сыну "I see you", но уже в значени англоязычного мира: "вижу твои намерения/понимаю тебя", тем самым объединяя наавийское значение с английским, приближая условных "туземцев" к американцу и придавая выражению универсальность. Снимаю шляпу перед группой лингвистов за эту филигранную игру слов. Но наш "жақсы көру", все же, не используется для приветствия, ни позитивного, ни, тем более, нейтрального. И вот интересный факт: приветствие на языке Зулу "Савубона", дословно — "я вижу вас " (или "я и мои предки видят тебя и твоих предков). Зулусы верили в дух леса, что объединяет живых и мертвых. Думаю, в основу приветствия На'ави легла именна эта фраза, учитывая духовную связь всего живого на Пандоре. #аватар_2 #iseeyou
Hammasini ko'rsatish...
Көптілді қазақтарға, бастауыш аудармашылар мен тілмаштарға үндеу 1. Қазақ тілінің құдәретіне шәк келтірме. 2. Қазақша нашар аударма көрдің бе, мазақ қылмай тұрып, қалай аударар едім деп ойлан. 3. Дұрыс ой келмеді ме, қазбала, сөздік ақтар, түсіндірме сөздіктерді мүжі, қазақша классиктерді оқы, кітап кемір білмейм, не істесең оны істе, бірақ қазақ тілінің әлеуетіне күмәнің болмасын. Еш уақытта. Бүкіл Дешті Қыпшақ даласының лингва франкасына айналып, тамыры бөлек, нәсілі бөлек ұлыстардың басын біріктірген тілдің мұрагерінен ешуақытта күдер үзбе! "Мен өзім қазақпын, ауыл қазағымын, қазақша оқыдым деп өзіңді ақтама, болсаң қайтейін? Қазақша қосымша кітап оқы. Әлдебір тіркесті аударуға қиналсаң, "қазақ тілі" емес, "өзімнің тілім жетпеді" деп айтуды санаңа сіңіре бер осы бастан. 4. Біз орыс тілінің зор ықпалына ұшыраған, ұшырап келе жатқан елміз, тіліміздің мәртебесі империялардың лингвистикалық үстемдігі емес, сойылынан, техникасы мен ғылымынан ығып қалғанымызды ұмытпа! Орыс тілі — великий и могучий болса, қазақ тілі "гибкий и живучий". "Великий могучий" болған жалғыз орыс тілі емес, марқұм, латын тілі де сондай болған. Эволюция тұрғысында өміршеңдік маңыздырақ! Қазақ тілі өзге елдерден басым деп астам сөйлеуден аулақпын. Әрбір тілдің өзіне тән ғасырлар бойы жиған күші бар. "Сүю" мен "жақсы көрудің" айырмашылығын, мәселен, ағылшынша да, орысша да екі сөзбен жеткізе алмайсың. Тек итальянша "amare" және "volare bene" деп дәл түсесің. "Жүзу", "малту" мен "қалқудың" анық айырмашылығы бар. Оны да орысша жеткізе алмайсың. Тек "sail", "swim", "float" деп ағылшынша дәл түсесің. Ал оны қазақша білмейтінге ұқтырам десең: "А в русском языке плыть могут и корабль, и человек, и листик, упавший в воду. В английском языке есть слова swim, sail и float, которые переводятся как «плавать/плыть». Однако используются эти слова по-разному. В статье я расскажу вам, как выбрать нужное слово"- деп көлдей мақала жазып, ит әуреге түсесің. Сондықтан "Гибкий и живучий" деп пафос үшін айтпаймын. I've spent days and months and years studying the history of all three languages. And when I say "Kazakh is one of the most flexible and resilient languages out there", I know what I am talking about. It is only fragile when we kazakh speakers deminish and belittle its power and potential. Когда мы видим непонятное русское слово, что мы делаем? Мы ищем его в словаре Ожегова, Ушакова и прочее. When we face an English word that does not seem familiar to us, what do we do? First thing we do is we look it up in allmighty Google search. Қазақтардың көбі өзі естімеген сөзді көрсе, ернін сылпитып, "масқара, мынаусы нес" деп ыржаққа салады (оқулықтан 'шешенсіген" деген сөзді көріп, бөрінің көтіндей шулап, байбалам салғандар есіңде ме? Бәр нәрсені мойындайық, қанша жерден қазақша білім алсақ та, бәзге ықпал ететін тілдердің екпіні біз ойлағаннан зор. Сондықтан, қазақшаның жілігін шағып, майын ішкен болсақ та, оның көлемі санамызға әр үтіктен шабуылдаған басқа тілдер ықпалының шаңына да жуымайды. Ауыруын мойындау — айығудың алғашқы қадамы. Ауылдың қазағы, қазақша оқыған қазақ болу аздық қылатынын мойындасақ, біз де кез-келген күмәнді жағдайда қазақшалығымызды алға тартып, дауласа кетпес бұрын, қазақтың түсіндірме сөздігіне жүгінуді әдет етеміз. Соның артынша қазақ тілінің де қадіріне жетіп қалармыз. Әзірге, peace! #flexible_language #kazakh_linguistics #қазақша "Гибкий и живучий" деп қазақшаны пафос үшін атаған жоқпын. I know what the fuck I am talking about.
Hammasini ko'rsatish...
Голос 002-1.m4a8.60 KB
Голос 001.m4a6.89 KB
Аудио от Askar
Hammasini ko'rsatish...
AUD-20221211-WA0030 (1).6.89 KB
Дауыс шынықтырудың бірінші күніндегі дауысым (ағылшынша мәтін оқыдым) :
Hammasini ko'rsatish...
ДАУЫС ШЫНЫҚТЫРҒЫШ Бір аптадай болды пайдалы қолданбаларымның қатарына "Voice Image" қосылды. Қолданбаның ағылшынша, орысша нұсқалары бар. Қазақша дикциямды түзеу үшін, жақсыдан үйрен дегендей, Қуат Ахметжановтың телеграм арнасындағы аудиоларын "жаңғырық" боп қайталаймын. "Қуаттың аудиолары эталон емес" дейтіндерің, өз нұсқаларыңызды бөліссеңіз болады. Әзірге қол жеткені сол. Синхроншылар аудармаға қатысты толып жатқан техникалармен қатар, жалпы сөйлеуге де қатысты дағдыларды игеруге тиіс. Себебі, тыңжаушының ең біріші еститіні һәм бағалайтыны аудармашының даусы екенін аңғардым. Даусы әлсіздеу тілмашқа бұл әділетсіз көрінер. Түптеп келгенде біз диктор не әртіс емеспіз ғой. Бірақ статистика "қажет" десе, дауыс ырғағымызды ретке келтіріп алғаннан зиян болмайды д.о. Voice image -ге келсек төменде жаттыққанға дейін һәм одан кейінгі дауысымнан үзінді болады. Жарнама емес, қосымша керек болса, тауып аларсыз гуглдан. Бұдан басқа да білетін амалдарыңыз болса, бөлісе отырыңыздар. #дауыс #тренинг #жаттығу #аударма #синхрон
Hammasini ko'rsatish...