cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

PARANOIA.KZ

Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.

Ko'proq ko'rsatish
Reklama postlari
11 664
Obunachilar
-724 soatlar
-107 kunlar
+1630 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Photo unavailableShow in Telegram
БАҚ: Венгрия премьері Орбан Украинаға Ресеймен келіссөз бастау үшін ұрыс қимылдарын тоқтатуды ұсынды.
Hammasini ko'rsatish...
🖕 180🤡 31🤝 6😡 6🥴 4 3🤣 2
Repost from N/a
Сандарды сөйлетіпті. Соғыстан кейін не болмақ? Ресей экономикасына қалай әсер етеді? Толығырақ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5520
Hammasini ko'rsatish...
Сарапшы: Соғыстан кейін зауыттар тоқтайды, ал халық жұмыссыз қалады

Ресейдің Украинаға басып кіруі әлемдік саясаттағы милитаризмді күшейтті. Әлем елдері

👏 66👍 10🤬 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қырғызстанға БҰҰ Бас Хатшысы Антонио Гуттериш келді. Ол Орталық Азияға ШЫҰ саммитіне келген болатын. Садыр Жапаров Гуттеришпен кездесу барысында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелері қатарына Қырғызстанды алуда қолдау күтетінін айтты. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануда Қырғызстанға басты қарсылас Филиппин елі болуы мүмкін.
Hammasini ko'rsatish...
👏 53🤣 17👍 8🤝 7🤨 3 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанға Қытай төрағасы Си Цзиньпин келді. Ол ШЫҰ саммитіне және Қазақстан-Қытай арасындағы келіссөзге қатысады. Қытай өткен жылы Қазақстанның басты сауда серіктесіне айналды. Осылайша Бейжің бұл көрсеткіште Ресейді екінші орынға ысырып тастаған. 2023-те 41 млрд долларға жуық тауар айналымы болыпты. Қытайдың басты қызығушылығы Қазақстан арқылы ЕО-ға тауар тасу дейді мамандар. Теңіз арқылы тауар тасу қиындай түскен, ол оңтүстік-шығыс Азиядағы геосаяси жағдайларға және Қызыл теңіздегі хуситтер әрекетіне байланысты болып отыр. Сол себепті құрлық жолына көбірек акцент беруге ниетті екені айтылуда. Ол Орталық Азия арқылы өтеді, оның ішінде Қазақстан басымдыққа ие. Теңіз жолы Қытай саудасында әлі де 90 пайыздан асады, ал құрлық жолы арқылы тауар тасу ақырындап, мысықтабандап алға жылжуда. Қытай Қазақстандағы теміржолдар мен көлік жолдарының дамуына инвестиция құюға ниетті екенін айтуда. Ал халықаралық негізде Транскаспий бағытына серпін беретін Зангезур дәлізінің ашылуын құп көретінін білдіруде.
Hammasini ko'rsatish...
🤔 49👏 26🖕 23👍 12🥴 2 1
00:24
Video unavailableShow in Telegram
Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның “Миргород” әуежайына “Искандер-М” зымыран кешенімен соққы жасаған видеоны жария етті. Ресейлік тарап соққыдан Украина кемі 5 ұшағын жоғалтты дейді. Украина ақпарат көздері соққыдан бір ұшақ жойылып, бір ұшақтың зақымданғанын, ал қалған ұшақтар әскери макет екенін жазуда. Киев АҚШ-тан Ресейдің аумағындағы ATACMS жететін әскери әуежайларды атқылауға рұқсат сұрауда.
Hammasini ko'rsatish...
IMG_5276.MP46.71 MB
🤬 95👍 40😡 5🙊 2🤨 1
Photo unavailableShow in Telegram
Германияның Rheinmetall қорғаныс өнеркәсіп кешені 3,5 млрд еуроға тапсырыс алды. Тапсырыс барысында компания Германия әскеріне 6500 әскери жүк тасушы көлік жасауы тиіс. Оның 250 данасын 2024 жылы. Ал қалғанын алдағы жеті жылда жеткізуі қажет.
Hammasini ko'rsatish...
👍 102👏 8🔥 2😱 2😁 1🤔 1
Repost from N/a
Ресей ұшақтары тонналаған бомбаларды өз территориясына тастауды жиілетті. Толығырақ⬇️ https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=5515
Hammasini ko'rsatish...
Ресей ұшақтары өз аумағын өздері бомбалауда

Moscowtimes электронды басылымының ақпаратынша Ресей ұшақтары соңғы уақытта ауыр бомбалард

👏 87👍 2🔥 2😍 2🤣 1
Photo unavailableShow in Telegram
Иран: Израиль “Хезболлаға” қарсы жаппай соғыс бастайтын болса, біз “Хезболланы” барынша қолдайтын боламыз. BILD: Израиль билігі Хезболлаға қарсы операцияны шілденің екінші жартысында бастамақ. Оған қатысты тиісті дайындықты жүргізуде.
Hammasini ko'rsatish...
🤣 53👍 29 14🤬 9🔥 4🤔 3🖕 2😁 1🦄 1
Photo unavailableShow in Telegram
Украинаға араға 12 жыл уақыт салып Венгрия премьері Орбан келді. Ол Зеленскиймен кездесіп, ашық және жабық форматта кездесу өткізбек. Сарапшылар Орбан Украинадағы санкция салынған Венгрия банктері мен компаниялары және соғысты тоқтату жолдары жайлы айтады деп болжауда. Венгрия Украинаға Еуропалық бейбітшілік қоры тарапынан берілуі тиіс 6,5 млрд еуроны бұғаттап келеді. Аталмыш кездесуден кейін Орбан ойын өзгертуі мүмкін дейді сарапшылар.
Hammasini ko'rsatish...
🤔 85👍 36👏 5🤡 1
Photo unavailableShow in Telegram
WSJ: НАТО елдері Украинаға көмек көрсетуге қатысты жаңа жоспарларды жасауда. Жоспардың бірі Трамп билікке келсе де көмекті жалғастыруды қарастырады. Сонымен бірге НАТО Германияның Висбаден қаласында тағы бір басқару штабын құрып, Киевке берілетін көмекті координациялау жұмысымен айналысады. Ал НАТО саммитінен кейін Украинаға арнайы шенеунікті жөнелтіп, оған Украинаға берілетін көмекті бақылаумен айналысу міндетін жүктемек.
Hammasini ko'rsatish...
👏 115👍 47🔥 5 1
Boshqa reja tanlang

Joriy rejangiz faqat 5 ta kanal uchun analitika imkoniyatini beradi. Ko'proq olish uchun, iltimos, boshqa reja tanlang.