ArshatGo
Kanalga Telegram’da o‘tish
Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ. ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын
Ko'proq ko'rsatish790
Obunachilar
-124 soatlar
-67 kun
-430 kun
Postlar arxiv
790
Фарер БАқына шолу:
Егемен Фарер: Фарер футболының фиаскосы
Торньюс: Футбол ергежейлілерін тағы да жеңе алмадық
Фаринформ: Қазақтарға тағы да ұпай сыйладық
ФТК: Фарер футболына реформа қажет
Жас викинг: Футбол біздің не теңіміз?
Фарермедиа: Ел бюджетінен футболға биыл қанша бөлінді?
24FR: Ұлттар Лигасында үмітіміз үзілді
Farsport: Жеңіліспен бірдей тең ойын
790
Ninety one тобына қатысты бір естілегімді айта кетейін.
2016 жылы Қазақ радиосында "Онлайн FM" деген ІТ жаңалықтары туралы бағдарламамыз болды.
91-ге қарсы хейт сұмдық болатын қоғамда. Радио басшысынан рұқсат сұрадым үзілычте солардың әндерін қоюға. "Оларды көп адам тыңдайтын болса, неге қоймайсыңдар?" деді.
Сөйтіп Қазақ радиосында алғаш рет Ninety one қойдық.
"Қайтадан" әні болатын...
790
Repost from NoFake
‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️‼️
Түпнұсқа ма, клон ба: жалған сайтты қалай анықтауға болады?
Қазақстанда танымал ұйымдар мен компаниялардың атын жамылған клон сайттар мен парақшалар жиілеп келеді. IT-маман Аршат Ораздың айтуынша, жалған сайтты сыртқы көрінісіне қарап анықтау қиын. Сондықтан доменнің қашан тіркелгенін, оның атауын және сілтемелердің қайда бағыттайтынын тексеру қажет. Ал браузердегі HTTPS немесе құлып белгісі сайттың ресми екенін білдірмейді.
«HTTPS негізінен сіздің браузеріңіз бен сайттың сервері арасындағы байланысты шифрлайды. Бірақ бұл сервердің иесі адал адам деген сөз емес. Алаяқ кез келген доменге заңды SSL-сертификат орната алады. Сондықтан HTTPS дегенді “бұл ресми сайт” деп емес, “менің осы сайтпен байланысым шифрланған” деп түсінген дұрыс», – дейді Аршат Ораз.Толығырақ сайтта. #NoFakeKZ #Қазақстан #Фишинг #Киберқауіпсіздік #ЖалғанСайт
790
ЖИ өнімдерден жиіркенетін болдыңыз ба?
Теп- тегіс беті бар адам, жып-жылтыр инфографика, идеал мәтін, ЖИ акцентті әнші, тым сапалы видео...
Адамды шаршатып, құсқың келетіндей сезім болады ғой? Бұның да аты бар екен.
Жалпы Slop дейді мұндай өнімдерді. Слоп қазақша айтқанда - жуынды. Яғни қоқыс өнім. Лайк, қаралым үшін жасалатын ЖИ өнім.
АІ Аверсия деген де бар. Ол жалпы осындай нәрселерден жиіркену, қажу, шаршай немесе жәй ғана зайбал шығу ұғымы
790
Repost from N/a
Сәлем, әлем!
Қайта оралдық. Бұрынғы жазбаларды архивке сақтап, жаңасын аштық.
Бұрынғыдай жас емеспіз. Енді айтар ойымыз, жазар нәрсеміз, бөлісер тәжірибеміз мол.
Қазақ блоггингін қайта жандандырайық.
Жаңа адресіміз: https://kerek.info
Ескі архив: https://kerek.info/archive
Қазіргі нұсқаға жаңадан тіркелу керек. Бұрынғы жазбаларды ескі юзернейммен немесе пост атымен іздеуге болады.
Бөлісейік, достарды шақырайық, қайтадан ескі жаңа орта құрайық 👍
790
Қазір өсіп жатқан Альфа ұрпағы, яғни 2010-нан бергілер алғыр, ақылды, білімді болады.
Олардың секуляр бөлігі жартысынан көп болады деп күтіледі.
Сондықтан балаларға барынша қазақы, әмбебап, бейтарап есімдер қойған дұрыс-ау?
790
Баланың жоғары интеллекті әріп-сандарды білуі емес дейді мамандар.
Бала сізді күлдіруге тырысса, алдаса, фокус көрсетсе - сол баладағы интеллект екен.
Яғни, интеллект деген әзіл
790
Chatgpt арқылы кез келген кейіпкер, образда сурет жасау промты:
1. Өзіңе ұнаған бір фотоны жүкте де астына мына промтты жаз:
Осы фотоның json дизайн кодын бер2. Кодты көшіріп ал, өз фотоңды жүкте, астына кодты жабыстыр 3. Шыққан фотоны сақтап ал
790
⚽️ ЧЛ Fantasy басталды!
Жыл сайынғы фентези дәстүріміз жалғасады. Биыл да өз лигамызды құрып бақ сынасамыз.
Формат: тек лига фазасының 8 туры
Жарна: 10 000 ₸
🥇 1-орын — 50% · 🥈 2-орын — 30% · 🥉 3-орын — 20%
Қатысушы көп болған сайын жүлде де үлкен.
Қалай қосыласың:
UEFA Gaming қосымшасынан €100 млн бюджетке 15 ойыншы жинайсың, сосын лига кодымен бізге қосыласың. Бәрі 10 минуттық жұмыс.
Дедлайн: 8 қыркүйек, сейсенбі, 21:45 (Астана уақыты)
Футбол сарапшысы болудың қажеті жоқ. Кейде интуиция статистиканы жеңіп кетеді — ойынның қызығы да сонда.
Достарыңды, әріптестеріңді шақыр.
Лига коды мен сұрақтар чатта:
👉 https://t.me/+Kr9_HVg5KUpkMWYy
790
Мындай таргет жүр Фейсбукта. Нақты Қазақстан аудиториясына арналған.
Бұл тыл емес, кәдімгідей соғысқа айдайды.
Пиздец шығар...
790
ТГ каналдарда сауалнамаларда бір қатені жиі байқаймын: бірнеше жауап таңдау нұсқасы қосылып тұрады.
Баптауларында соны алып тастау керек. Ондай тек бірнеше нұсқалы сауалнамаларда болу керек
790
Қазір жаңа буын футболшылар қалыптаса бастаған кезде бізге нидерланд футбол стилі қолайлы болуы мүмкін. Тек нәтиже үшін уақыт керек. Мүмкін жаңа бапкер жаңа стиль қоя алатын болар?
https://sportm.kz/2026/08/09/jana-dauir-bastala-ma-djon-van-t-shkip-futboly-qazaqstan-quramasyn-ozgerte-ala-ma/
790
Грант тізімі шыққаннан кейін Астана мен Алматыда үй бағасы көтеріле ме?
Өйткені сұраныс көбейген кезде солай болуы заңды. Бұл нарықты бақылап жүргендер бар ма?
Қазір рахат, жұрт 1-курс баласына үй алып береді.
Соған қарағанда жағдай дұрысталған ба деймін. Бұрын ипотекаға әзер ілігетін едік...
790
Атамның соғыс күнделігі енді ағылшын тілінде
Нағашы атам Қайыржан Мұхтаров 1941 жылы соғыстың нақ бірінші күні майданда болған, Минск түбінде. Сол күннен бастап Венаға дейін төрт жыл бойы соғыста жүріп, қолындағы кішкене дәптерге күнделік жазып отырған.
Соғыста күнделік жазған сарбаз некен-саяқ, мүмкін ол жалғыз қазақ та шығар? Түпнұсқа дәптер қазір Ұлттық музейде сақтаулы.
Мен сол күнделікті ағылшын тіліне аударып, кітап қылып шығардым. Кітапта:
- Атамның өз сөзі, әр жазбаға тарихи түсініктеме
- Минскден Венаға дейінгі толық соғыс жолының хроникасы
- Соғыс кезіндегі фотолары
- Түпнұсқа дәптердің беттері (өз қолжазбасы)
- Соғыстан кейінгі өмірінен, отбасынан фотолар
Атам соғыстан кейін ауылға оралып, өмір бойы математика мұғалімі болды, бес бала өсірді. Кітаптың атауы да содан: «A Teacher's Voice from the Front» (Майдандағы мұғалімнің үні).
Енді бұл құнды тарихпен бүкіл әлем таныса алады.
Электронды нұсқасы - $7
Қағаз кітап - $13 (әлемнің кез келген жерінен тапсырыс беруге болады)
https://www.amazon.com/dp/B0HBN6CJ84
Өтінішім: бұл постты АҚШ, Еуропа, шетелдегі ағайын-туыс пен ағылшын тілді достарыңызға бөлісіп жіберсеңіздер екен. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихына, мемуарларға қызығатын адамдарды тегтесеңіздер тіпті тамаша.
Сатып алып, мүмкіндік болса Amazon-да ағылшын тілінде қысқа пікір қалдырсаңыздар, кітап іздеу нәтижесінде жоғары көтеріледі. Жаңа кітап үшін алғашқы пікірлер алтыннан қымбат. Бәріңізге алдын ала рақмет!
